Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мір деген не?





Өмір, дүние дегенің,

Ағып жатқан су екен.

Жақсы – жаман көргенің,

Ойлай берсең, у екен. Абай

Өмір... деген – ғарыштағы барлық байлық пен қуаттың және тағы басқалардың анықтауышы, осы сөзде барлық даму жолдары шоғырланған. Бір жасаушада, дәндегі сияқты барлық мүшелер бар. Осы дәнді егіп, суарып, күтіп-баптап барып жемісін жинаймыз. Тірі жасаушада келешектегі жан иесінің дамуы, өсіп-жетілуі өз уақытын күтіп бұғып жатыр. Өмірдің ғажайыбы да, құпиясы да, тылсым сыры да осы.

Адамның денесі – ғаламшардың кішкентай көшірмесі, ал ғаламшар – алып адам. Ғарышта болатын ағымдар, біздің тәнімізде де болып жатыр.

Бастапқыда – өмір. Тіршілік иелерін бақылаңызшы: олар дүниеге келеді, уақыт өте келе санасы біртіндеп оянып қоршаған ортаны сезіп, соған байланысты ойланып әрекет ете бастайды.

Біз кімбіз? Тән, жан немесе одан да жоғары бірдемеміз бе? Осыны біз білеміз бе, немесе білеміз деп қана ойлаймыз ба? Осы соншалықты маңызды ма? Біз қасіретті өмір сүріп барып өлу үшін тудық па? Неге біз шексіз бақытқа, сыңғырлаған денсаулыққа, молшылық пен байлыққа, ләзаттануға т.б. құштармыз? Адамның бастауы – осындай ойлар адамды мазалап, ақылын түртпектей бастаған кезде басталады.

Ақыл мен жан – мен өзім, тән менікі,

«Мені» мен «менікінің» мағынасы – екі.

«Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,

«Менікі» өлсе өлсін, оған бекі. Абай

 

Пәншіл (материалистік) қоғам адамның нақ өзінің «менін» анықтауға, зерттеуге, айқындауға, зерттеп білуге қатаң тиым салды. Оның орнына қымбатты уақытымызды тәнімізді күтуге шығындаудамыз. Біз өзімізді «өркениеттің жетістіктерімен» қоршап алдық, бірақ бақытты бола қойған жоқпыз. Адамның осы тұйық шеңберден шығатын жолы бар екенін білген жөн: ол рухани ілім.

Жоғарыда данышпан Абай: «ақыл мен жан – мен өзім» деп адамның көзге көрінбейтін бөлшегі – жаны мен нәзік денесін (ақыл, ой, сезім) айтып отыр, себебі адамның осы бөлігі өлгеннен кейін: рухы,жаны мен нәзік денесі бірігіп әруаққа айналады, менікі деп айтып отырған «тәні» бастапқы заттық қалпына (топырақ, су, от, ауа, эфир) қалпына келеді. Немесе: бар нәрсе жоғалмайды, жоқтан бар пайда болмайды, бір күйден екінші күйге айналады. Данышпанның «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан дегені: жанымыз (әруақ) мәңгілік, ал «Менікі» өлсе өлсін, оған бекі дегені: шыбын жаның ұшып әруаққа айналып кеткенде, тәнің өзінің бастапқы заттық (топырақ, су, от, ауа, эфир) қалпына айналады, ендеше бұған неге қайғырасың, неге жылайсың, көп ұзамай өзің де, солардың соңынан ілесіп, әруаққа айналып сонда барасың ғой! Сол кезде бүкіл ата-бабаңмен, туған-туыс, құда-құдағиларың, жора-жолдастарыңмен қайта қауышасың ғой, қайғыратын не бар?! Сен пенденің бар істейтінің, Алланың алдына баруға дайындық, ол үшін Халықаралық «Ата жолы» қозғалысында – Алланың жебеуімен, киелі аталар әруақтарының көмегімен имандылық жолына түсіп, жүрегіңнің кірін аршу. Түп Иең Аллаға қайту. Бұл туралы хакім Абай:

Мекен берген, халық қылған Ол ләмәкән

Түп Иесін көксемей бола ма екен? –

Және Оған қайтпақсың, оны ойламай,

Өзге мақсат ақылға тола ма екен?

 

Бұл жерде: «Мекен берген, халық қылған Ол ләмәкән» дегенде: «Ол» деп Алланы, ал «ләмәкән» деген сөздің мағынасы – бұл әлемде мекенсіз дегенді білдіреді. Оның мекені – рухани әлемде. Ал « Түп Иесін көксемей бола ма екен?», – біздің жанымыз өзінің жаратушысы бір Алланы сағынады, көксейді, іздейді. Бұл жерде: «Түп Ие» деп Алланы айтып отыр. «Және Оған қайтпақсың, оны ойламай» дегенде, біздің баратын жеріміз Алланың алды екенін меңзейді, бұл жерде: «Оған» деп Алланы айтып отыр. « Өзге мақсат ақылға тола ма екен?» дегенде: фәни өмірге келген адамның алдында бірақ мақсат болу керек: ол Алланың алдына шамаң келгенше жүрегіңнің кірін аршып, имандылық жолмен қайтуың керек екенін айшықтайды. Өкінішке орай көпшілік пендеде бәрі керісінше! Қандай болмасын пендеден сұраңызшы, сенің осы фәни өмірге келгендегі мақсатың не деп? Ол пенденің: біреуі дүние, біреуі мәнсап, енді біреуі атақ, тағы біреуі қатынын, келесісі жанұясын айтып шатып-бұтып сандырақтап кетеді. Тек қана есіне түспейтіні – Түп иесіне яғни Аллаға имандылық жолымен қайту. Осы пендені имандылық жолға салатын халықаралық «Ата жолы» қозғалысы, Алланың құдіретімен киелі ата бабалардың әруақтары екенін көпшілік білмейді, себебі, осы шарасыздықтан шығатын жол іздеп мешітке барып Алланы сүюге тырысады, бірақта Жаратушы туралы білімі жоқ болғандықтан бұл іс-қаракеті іске аспайды. Алла сондай алыста, Ол қайда? Біз Алла туралы түк те білмейміз, өйткені теологиядан (Тео-Құдай, логия-ілім) хабарымыз жоқ, мешіттерде осы туралы айтса да қабылдай алмаймыз. Өйткені қазіргі таңда осыны толықтай түсіндіріп айта алатын дін өкілдері өте сирек. Ал халықаралық «Ата жолы» қозғалысында – Алланың рұхсатымен, киелі ата-бабалардың әруақтары осының бәрін соқырға таяқ ұстатқандай айтып, түсіндіріп, жүрегіңе ұялатып, санаңа сіңіріп береді.

 

Date: 2015-07-22; view: 989; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию