Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Лсе өлер табиғат, адам өлмес





 

Абайдың «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан» деген жанның мәңгiлiк екенiн айтқан данышпандық сөзiне көңiл аударатын болсақ, жанның ешуақытта өлмейтiнiн, ендеше ешуақытта тумайтынын сезiнемiз. Өлмейтiн мәңгiлiктi нәрсе, тумайды да. Өлмеу жоқ болса, оған қарсы ағым (процесс) өлім де жоқ. Егер ол туатын болса, онда ол мәңгiлiктi емес, яғни өлуi де керек. Бұл табиғат заңдылығы. Ендеше, туатын және өлетiн – жан емес, ол – тән. Бiрақ жанның мәңгiлiктi қасиетiн бiлмейтіндер және өмірін тән құмарымен өткізетіндер өлудi басқаша түсiнедi. Бұл туралы Абай былай дейдi:

 

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,

Ол бiрақ қайтып келiп, ойнап-күлмес.

«Менi» мен «менiкiнiң» айрылғанын

«Өлдi» деп ат қойыпты өңкей бiлмес.

 

Бұл өлеңде Абай тәнді – «табиғат» деп, ал жанды – «адам» деп атап отыр. Данышпан сөзі бойынша, сонда жан мен тәннің айрылғанын өлді деп атау білместік болады. Жанның сапасы Жоғары Жанмен ұқсас, өзгермейтін мәңгілікті. Ал дене табиғат болғандықтан үнемi өзгерiп отыратын уақытша. Дененiң өзгергіш екенiн медицина ғылымы да құптайды. Әр сәт сайын мыңдаған жасаушалар (клеткалар) өлiп, олардың орнына жаңалары туып, адам денесi өзгерiп, жеті-сегіз жылда тән толық өзгеріп, адам жаңа дене алады екен. Бала туғаннан кейiн есейiп, жасөспiрiм, бозбала, жiгiт, еркек, жасамыс адам, кәрi адам болып өзгеретiнi белгiлi. Қандай жан иесi болса да, осындай жалпы алты үздiксiз өзгерiстен өтедi. Дене анадан туады, өседi, артына ұрпақ қалдырады, бiраз уақыт әрекет етiп өмiр сүредi, бiртiндеп кәртейедi, ақырында жоғалады. Бiрақ жан ешқандай өзгерiске түспейдi. Сондықтан ол өлмейдi, өлмегендiктен тумайды. Оның бүгiнгiсi, өткенi және келешегi де жоқ. Ол мәңгiлiктi, әрқашан да болады, кәртеймейдi. Сондықтан кәрi адамдар өздерiн бала кезiндей жас сезiнуi мүмкiн. Қазақ халқының «Адам қартайғанымен көңiлi жас» дейтiнi сондықтан.

Өзгеріске түспейтiн болғандықтан, жан өзiнен ештеңенi бөлмейдi, яғни оның баласы жоқ. Ал тән өзгергіш болғандықтан, ол өзінен көптеген бөліктерді бөледі. Бала деген ерлi-зайыпты адамдар арасындағы тән жақындығы нәтижесiнде өмiрге келген перзент, олардың махаббаты берген өмiрлерiнiң жалғасы, солардың тәндерінің бөлігі. Баланың әке мен шешесіне ұқсас болатыны да сондықтан. Абай Алла тағала «Махаббатпен жаратқан адамзатты» дейдi. Алла тағаладан шығатын махаббаттың шапағаты арқылы жан әке арқылы ана құрсағына барып түсiп, әрi қарай өзiне тиесiлi дене алып, бала болып дүниеге келедi. Бала – тәндегi бөлек жан. Өмiрге келген соң ата-анасының баласы ретiнде өмiр сүредi.

Date: 2015-07-22; view: 1181; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию