Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жатыр түтігінің жарылуы бойынша үзілген түтіктік жүктілік





Жатырдан тыс жүктілік

Жатырдан тыс жүктілік деп — жатырдан басқа жерде орналасқан ұрығы бар кез келген жүктілік.

Жатырдан тыс түтікшелі жүктлік дегеніміз — жатырда емес, түтікшеде орналасып, дамып келе жатқан жүктілікті айтады.

Ұрықтың имплантациялану орнына қарай түтіктік жүктілікті бөледі:

§ Жатыр түтігінің ампулярлы бөлігінде;

§ Жатыр түтігінің истмикалық бөлігінде;

§ Жатыр түтігінің истмика-ампулярлы бөлігінде;

§ Жатыр түтігінің интерстициальды бөлігінде.

 

Түтіктік жүктіліктің ағымы бойынша ажыратады:

 

§ Үдемелі түтіктік жүктілік;

§ Жатыр түтігінің жыртылуы бойынша үзілген түтіктік жүктілік.

§ Ішкі ұрыққапшығының жыртылуы бойынша үзілген түтіктік жүктілік (түтіктік түсік)

Этиологиясы:

Келесі қауіп қатер топтарын ажыратады:

1. Түсіктер;

2. ЖІС қолдану;

3. Нейроэндокриндік бұзылыстар;

4. Психоэмоционалдық жүктеме.

Клиникалық көрінісі:

Жатырдан тыс жүктілікпен ауыратын науқастардың негізгі шағымдары:

§ Етеккір циклының кешігуі;

§ Жыныс жолдарынан қанды бөліністер ағу;

§ Әр түрлі сипатты ауру сезімі;

§ Жүрек айну.

§ Жартысынан көп жағдайларда бұл белгілер бірінші триместрінде болады.

Демелі түтіктік жүктілік.

Жатырдан тыс жүктілік кезінде қалыпты жатырлық жүктілікте сияқты әйел организмі өзгерістерге ұшырайды: етеккірдің тоқтауы, сүт бездерінің дөрекіленуі, уыздың пайда болуы, жүрек айну, тәбеттің бұрмалануы кездеседі. Қынаптың және жатыр мойнының кілегей қабатының цианозы анықталады. Жатыр үлкееді және жұмсарады. Жатырдың кілегей қабаты децидуальды қабатқа айналады. Анабездерде жүктіліктің сары денесі түзіледі. Жүктіліктің иммунологиялық реакциясы оң болады.

 

Жатыр түтігінің жарылуы бойынша үзілген түтіктік жүктілік.

Ұрық жатыр түтікшесіне еніп, өскенде, белгілі бір мезетте оның жарылуы болады, содан соң іш қуысына массивті қан кетіп шокқа алып келеді. Бұл кезде жедел клиникалық көрінісі болады: науқаста физикалық күш түскенде немесе дефекация акті кезінде кенеттен іштіңөменгі жағының жедел ұстама ауырсынуы, ауру сезімінің тік ішекке берілуі болады. Салқын тер, бозару, аз уақыт естен тану, АҚ төмендеуі байқалады. Пульс әлсіз, жиі болады. Френикус симптомы оң мәнді, егер іш қуысында 500 мл қан болса іш қуысының тітіркені белгілері байқалады. Іштің бүйір жағын перкуссиялағанда дыбыстың тұйықталуы байқалады. Іштің бұлшықеттерінің керілуі және іштің төменгі жағының ауырсынуы болады.

 

Date: 2015-07-02; view: 1405; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию