Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жағынан аппликациялы 1 page





! Үшкіл нервтің невралгиясында дәрігер өткізгіштік жансыздандыру жүргізді ине шаншылған аймақ трагоорбитальды сызықтың ортасына сына тәрізді сүйектің қанатша өсіндінің сыртқы пластинкасына жеткеннен кейін иненің ұшын 1см артқа бұрды. Төменде көрсетілген тесіктің қайсысында нерв блокадасы болды?

* Дөңгелек

* Жыртылған

* +Сопақ

* Шүйде

* Үлкен таңдай

! Үшкіл нервтің невралгиясында дәрігер өткізгіштік жансыздандыру жүргізді ине шаншылған аймақ трагоорбитальды сызықтың ортасына сына тәрізді сүйектің қанатша өсіндінің сыртқы пластинкасына жеткеннен кейін иненің ұшын 1см алға бұрды. Төменде көрсетілген нервтердің қайсысын дәрігер блокадалады?

* Қанатша таңдай

* Көзасты

* +Жоғарғы жақ

* Төменгі жақ

* Жоғарғы артқы жүйке өрімін

! Төменде көрсетілген нервтердің қайсысынан қанатша таңдай түйіні вегетативті симпатикалық иннервацияны қабылдайды?

* Үшкіл нервтің екінші тармағынан бет сүйек нерві түрінде

* Үшкіл нервтің екінші тармағынан көзасты нерві түрінде

* Үшкіл нервтің екінші тармағынан қанатша таңдай нерві түрінде

* Бет нервінің тізе түйінінен үлкен тасты нерв түрінде

* +Ішкі ұйқы артериясының өрімінен терең тасты нерв түрінде

! Төменде көрсетілген нервтердің қайсысынан қанатша таңдай түйіні вегетативті парасимпатикалық иннервацияны қабылдайды?

* Төменде көрсетілген нервтердің қайсысынан қанатша таңдай түйіні вегетативті парасимпатикалық иннервацияны қабылдайды?

* Үшкіл нервтің екінші тармағынан бет сүйек нерві түрінде

* Үшкіл нервтің екінші тармағынан көзасты нерві түрінде

* Үшкіл нервтің екінші тармағынан қанатша таңдай нерві түрінде

* +Бет нервінің тізе түйінінен үлкен тасты нерв түрінде

* Ішкі ұйқы артериясының өрімінен терең тасты нерв түрінде

! Өткізгіштік жансыздандыруда ауыз сыртылық әдіспен теріден құлақ кекілінен 2см алға, бет доғасынан төмен ине шаншыды.2 -3,5см тереңдікке егізінді.Көрсетілген жансыздандыру тәсілдердің қайсысына жатады.Дұрысын көрсетіңіз?

* Вайсблат бойынша

* +Берше-Дубов бойынша

* Ментальды ауыз сыртылық

* Көзасты ауыз сыртылық

* Мандибулярлы ауыз сыртылық

! Хирург-стоматолог 4.7 тісті жұлу үшін, аподактильді ауыз ішілік мандибулярлы жансыздандыру жасауға бағыт болатын анатомиялық аймақты тапты. Дұрысын көрсетіңіз?

* Өтпелі қатпар;

* Самай бұлшықет қыры;

* +Ретромолярлы кеңістік;

* төменгі жақ тесігі;

* қанатша төменгі жақ қатпары.

! 62жастағы әйелде үшкіл нервтің 2 тармағының невралгиясы бар. Вайсблаттың тәсілі бойынша блокада жасау үшін орталықтан жансыздандыру қажет болды. Осы тәсілге көрсетілгендердің қайсысы бағыты ретінде қолданылады?

* Буын төмпешігі

* Қанатша-таңдай шұңқыры

* Дөңгелек тесік

* Бет-альвеолды қыры

* +Трагоорбиталды сызықтың ортасы

! Төменде көрсетілгендердің қайсысы жоғарға жақтың үлкен азу тістерін нервтендіреді?

* кіші таңдай нерві;

* көзұя астылық нерв;

* кіші қазтабан;

* +жоғарғы артқы альвеолярлы нерв

* жоғарғы ортанғы альвеолярлы нерв;

! Төменгі көрсетілгендердің қайсысы қатты таңдай шырышты қабатының 2/3 бөлігін жанысдандырады?

* мұрын таңдай нерві;

* көзұя астылық нерв;

* кіші қазтабан;

* +үлкен таңдай нерві;

* жоғарғы артқы альвеолярлы нерв

! Төменгі көрсетілгендердің қайсысы қатты таңдай шырышты қабатының алдыңғы бөлігін жанысдандырады?

* +мұрын таңдай нерві;

* көзұя астылық нерв;

* кіші қазтабан;

* үлкен таңдай нерві;

* жоғарғы артқы альвеолярлы нерв

! Құлақ кекілінен көздің сыртқы шекарасына дейінгі жүргізілген сызық қалай аталынады?

* шекараның төменгі қырымен;

* +трагоорбитальді сызық;

* иектік тесіктің проекциясы;

* көзұя астылық тесіктің проекциясы.

* төменгі жақ тесігінің проекциясы.

! 37 жасар ер адамның 4.8 тісін жұлу үшін дәрігер инені қанатша төменгі жақ қатпарының сыртқы шетінен, жоғарғы және төменгі азу тістерінің ортасынан шаншыды. Бұл жансыздандырудың қай түріне жатады?

* Торусальды жансыздандыру

* Мандибулярлы жансыздандырудың саусақты тәсілі

* Мандибулярлы жансыздандырудың ауыздан тыс, сыртқы тәсілі

* Ментальды жансыздандырудың ауыз ішілік тәсілі

* +мандибулярлы жансыздандырудын аподактильді тәсілі

! Жансыздандырудың қай түрінде ұрттық жүлгенің бойымен жоғарғы азу тістен 0.5 см төмен ине шаншылады?

* +Торусальды жансыздандыру

* Мандибулярлы жансыздандырудың саусақты тәсілі

* Мандибулярлы жансыздандырудың ауыздан тыс, сыртқы тәсілі

* Ментальды жансыздандырудың ауыз ішілік тәсілі

* мандибулярлы жансыздандырудын аподактильді тәсілі.

! Қандай жансыздандыру жасаған кезде бір уақытта тілдік, ұрттық және төменгі ұяшық нервтері жансызданады?

* Берше бойынша;

* иектік;

* +торусальді;

* мандибулярлы;

* инфильтрациялық.

! Төменде келтірілгендердің қайсысын жасағанда төменгі жақ нервімен тіл нерві жансызданады?

* Берше бойынша;

* иектік;

* торусальді;

* +мандибулярлы;

* инфильтрациялық.

! Жансыздандыру жасар алдында дәрігер көбінесе неге көңіл бөлу қажет?

* +енгізетін ерітіндінің атына, пайызына, мөлшеріне;

* Жансыздандырудың дұрыс жасалуына;

* Анастетикке адреналин қосуға;

* Жүрек гликозиттерін енгізуге;

* Науқастың жынысына.

! Жансыздандыру жасалғаннан кейін пайда болатын ауру сезімі неге байланысты?

* +анестетиктің көп мөлшерін сүйек сырты қабығы астына енгізгенге;

* анестетикті жұмсақ тіндерге енгізгенде;

* амидтер тобының анестетигін қолданғанда;

* күрделі эфирлі анестетикті қолданғанда;

* құрамында қан тамырларын тарылтатын заттар болса.

! 28 жастағы ер адамға туберальды жансыздандыру жүргізген кезінде қанатша көктамыр өрімін жарақаттап алды, бетсүйек доғасының үстінде ісіну байқалды. Қан ағуын тоқтату үшін төменде көрсетілген манипуляциялардың барлығы дұрыс, ТЕК біреуінен басқасы, соны көрсетіңіз:

* Викасолды енгізу

* Гематома аймағына мұз қою

* +Өтпелі қатпардан тілік жасау

* Қан қысымын өлшеу

* Гематома аймағын жұдырықпен басу

! Төменде көрсетілген іс-шаралар жансыздандыруда ағзаның улануына қарсы қолданылады, ТЕК біреуінен басқасы, соны көрсетіңіз:

* Аллергологтың кеңесі

* +Аспирациялы сынама жүргізу

* Ауыру сезімін басатын ертінділерді баяу енгізу

* Анестетиктің терапиялық мөлшерінен асырмау

* Жеке дара анестетикке сынама жүргізу,патологиялық фонға байланысты

! Таңдай тесігіне жансыздандыру жүргізген кезде төменде көрсетілген нервтердің блокадаға ұшырайды?

* Мұрын-таңдай

* Қанатша таңдай

* +Кіші таңдай

* Ментальды

* Орталық жоғарғы нерв өрімі

! Төменде көрсетілген қай жансыздандыруда жоғарғы артқы альвеола

нерві блокадаланады?

* Таңдай

* Күректіс

* +Туберальды

* Көзасты

* Берше-Дубов

! Қай тесік көзасты қырынан 0,5-0,75см төмен және жоғарғы жақтың бет өсіндісі мен бет сүйегінің жоғарғы жақ өсіндісінің біріккен жерінде орналасқан?

* Дөңгелек

* Сопақ

* Бет сүйек-беттік

* Бет сүйек-самай

* +Көзасты

! Үшкіл нервтің невралгиясында дәрігер өткізгіштік жансыздандыру жүргізді, ине шаншылған аймақ трагоорбитальды сызықтың ортасына сына тәрізді сүйектің қанатша өсіндінің сыртқы пластинкасына жеткеннен кейін инені 1см алға бұрды. Төменде көрсетілген тесіктердің қайсысының қасына дейін дәрігер ине шаншыды?

* +Дөңгелек

* бұғаналы;

* Сопақ

* шүйде;

* Үлкен таңдай

 

! Үшкіл нервтің невралгиясынан дәрігер өткізгіштік жансыздандыру жүргізді ине шаншылған аймақ трагоорбитальды сызықтың ортасына сына тәрізді сүйектің қанатша өсіндінің сыртқы пластинкасына жеткеннен кейін инені 1см артқа бұрды. Төменде көрсетілген нервтердің қайсысын дәрігер блокадалады?

* Қанатша таңдай

* Көзасты

* +Төменгі жақ

* Жоғарғы жақ

* Жоғарғы артқы жүйке өрімін

! Үшкіл нервтің невралгиясынан дәрігер өткізгіштік жансыздандыру жүргізді ине шаншылған аймақ трагоорбитальды сызықтың ортасына сына тәрізді сүйектің қанатша өсіндінің сыртқы пластинкасына жеткеннен кейін инені 1см алға бұрды. Төменде көрсетілген нервтердің қайсысын дәрігер блокадалады?

* Қанатша таңдай

* Көзасты

* Төменгі жақ

* +Жоғарғы жақ

* Жоғарғы артқы жүйке өрімін

! Трагоорбиталды сызық ауыз сырты жансыздандырудың қай түрінде анықталады?

* +Вайсблат бойынша

* Берше-Дубов бойынша

* Ментальды ауыз сыртылық

* Көзасты ауыз сыртылық

* Мандибулярлы ауыз сыртылық

! 30 жастағы ер адамға 4.4 тісті жұлу тағайындалды. Тіс сауыты бұзылған,бұрын емделген. Оперативті ем жүргізуде ауыру сезімінсіз болу үшін төменде көрсетілген жансыздандыру әдісін қолдануға болады, ТЕК біреуінен басқасын:

* +Берше тәсілі бойынша жансыздандыру

* Ментальды жансыздандыру

* Торусальды жансыздандыру

* Ауыз сыртылық мандибулярлы жансыздандыру

* Ауыз ішілік мандибулярлы жансыздандыру

! Ер адамда 4.6 тістің созылмалы периодонтиті асқынумен тісін жұлуға келді. Анамнезінде: тамаққа аллергиясы бар. Төменде көрсетілген іс-шаралардың барлығы анафилактикалық шокктың алдын алуына қолданылады, ТЕК біреуінен басқасы:

* Аллергологтың кеңесі

* +Аспирациялы сынама жүргізу

* Ауыру сезімін басатын ертінділерді баяу енгізу

* Анестетиктің терапиялық мөлшерінен асырмау

* Жеке дара анестетикке сынама жүргізу,патологиялық фонға байланысты

! Ер адамның 3.7 тісін жұлғаннан соң үш күннен кейін ол ауыз

ашылуының шектелуіне шағымданып келді. Қарап тексергенде:жұлынған тіс ұяшығы ұйынды қанға толы, ауыз ашылуының ІІ дәрежедегі шектелуі анықталды, қабыну белгілері жоқ. Осы жағдайда қандай ем жүргізудің ЕҢ тиімдісін көрсетіңіз?

* +Механотерапия

* Новокаинмен блокадалау

* Антибактериальды терапия

* Десенсибилизациялаушы терапия

* Антисептиктермен ауызды булау

! Ер адамда 1.3 тісті жансыздандыру кезінде диплопия байқалды. Төменде көрсетілген жансыздандырудың қайсысынан кейін осы асқыну болады?

* Таңдайлы

* Күректіс

* Туберальды

* +Инфраорбитальды

* Инфильтрациялы

! Туберальды жансыздандыру кезінде науқаста жергілікті асқыну

болды. Көбіне қандай асқыну болуы мүмкін?

* мимикалық бұлшық еттердің парезі

* неврит;

* +гематома;

* тістің шығуы;

* контрактура.

! 50 жастағы ер адамға туберальді жансыздандыру кезінде кан тамыр жарақаттанып, гематома пайда болды. Осы жағдайда қандай шара қолдану керек?

* ЛФК;

* механотерапия;

* витаминотерапия;

* өтпелі қатпардан тілік жасау тиіс;

* +гематома пайда болған аймаққа қолын жұдырықтап басу тиіс.

! Науқастың төменгі жақ сүйегіне өткізгіштік жансыздандыру

жасағаннан кейін иек аймағының сезімталдығы бұзылғандығы байқалды. Бұл жағдайда қандай емдеу шараларын жүргізу қажет?

* +физиоем;

* механотерапия;

* новокаинмен блокада;

* сорылтатын терапия;

* бактерияға қарсы терапия.

! 21 жастағы жігіт, хирург стоматологқа ауру сезіміне, аузының шектеліп ашылуына, жұтынғанда ауыратынына шағымданып келді. Аурудың пайда болғанана үш күн өтті. Рентген суретінде 3.8 тісі көлденең жатыр. Осы тісті жұлу үшін жансыздандырудың қай түрі ЕҢ тиімді болады?

* Берше-Дубов тәсілі бойынша;

* Ментальды жансыздандыру

* Туберальды жансыздандыру;

* Инфильтрациялық жансыздандыру;

* +Торусальды жансыздандыру.

! 3.7 тісті жұлу үшін дәрігер мынандай жансыздандыруды жасады:

ауызды барынша ашқызып, инені оң жақ ауыз бұрышына енгізді. Ине қанатша төменгі жақ қатпары мен жоғарғы үшінші үлкен азу тістің шайнау бетінен 0,5 см төмен шырышты қабатқа шаншыды. Ине және шприц бір жазықтықта орналасқын. Инені сүйекке дейін жылжытып, анестетикті жіберді. Тісті жұлу ауру сезімсіз өтті. Төменде көрсетілген жансыздандырудың қайсысын дәрігер жүргізді?

* ментальді;

* +торусальді;

* интралигаментарлы;

* мандибулярлы (саусақты әдіс);

* мандибулярлы (саусақсыз әдіс).

! 30 жасар ер адамға протездеу мақсатымен бұзылған тістерін жұлу тағайындалды. Хирург-стоматолог науқасты қарап-тексеріп, 3.5, 3.6 тістердің түбірлерін жұлу керек деп шешті. Төменде көрсетілген жансыздандырудың қай түрі ЕҢ ТИІМДІ?

* ментальді;

* +торусальді;

* туберальді

* Берше-Дубов бойынша;

* инфильтрациалық

! 29 жасар ер адам стоматолог–хирургқа төменгі оң жағының ауру сезіміне шағымданып келді. Қарап–тексергенде: аузы шектеліп ашылады, 3.8 тісі интакты, қиғаш ұрт бағыттта орналасқан, гиперемияланған шырышты қабатпен жабылған, тістің перкуссиясында ауру сезімі жоқ. Қандай нервке жансыздандыру жүргізген ЕҢ ДҰРЫС?

* +Тілдік жіне төменгі ұяшықты нерв;

* Ментальді және ұрт нервісі;

* Ұрт және жоғарғы альвеолярлы нерв;

* Медиальді және латеральді қанатша нервісі;

* Меншікті шайнау және самай нервісі.

! 29 жастағы ер адам стоматолог–хирургқа төменгі сол жақтағы тістің ауыру сезіміне шағымданды. Объективті: 3.4 тіс толық бұзылған, қағып тексергенде ауырады. Төменде көрсетілген жансыздандыру әдістерінің қайсысы ЕҢ тиімді?

* туберальная жансыздандыру;

* +мандибулярная жансыздандыру;

* үшкіл нервтің екінші тармағын орталық жансыздандыру;

* инфильтрациялық жансыздандыру;

* интралигаментарлық жансыздандыру.

! 60 жастағы ер адамның 4.5 тісін жұлу үшін дәрігер екі жақтан инфильтрациялы жансыздандыру жүргізді. Тісті жұлу кезінде аздап ауырды. Ауыру сезімі болғандықтан жұлу кезінде кедергі болып, тіс түбірі сынды. Екінші рет жансыздандыру жүргізілді. Бастапқы кезде қандай жансыздандыру жасау қажет еді?

* +Торусальды

* Туберальды

* Аппликациялы

* Берше

* Интралигаментарлы

! 22 жастағы ер адам дәрігер хирург- стоматологқа жұтынудың

қиындауына және үш күн бойы ауыз ашылуының шектелуіне шағымданды. Объективті: сипап тексергенде жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған, ауырады. Ауызы 1 см ашылады, ауыз қуысын қарап тексеру мүмкін емес. Ауыз қуысын қарап тексеруге және операциялық кірісулерді жасау үшін қандай жансыздандыру жүргізу қажет?

* +Берше-Дубов бойынша;

* Вейсбрем бойынша;

* Ауыз сырытылық туберальды;

* Ауыз ішілік мандибулярлы;

* Үшкіл нервтің екінші тармағына орталық жансыздандыру

! Қандай анатомиялық түзіліс төменгі жақ денесінің негізінен 12-13 мм жоғары төменгі кіші азу тіс деңгейінде немесе бірінші және екінші кіші азу тістердің альвеола аралық қалқанда орналасқан?

* Самай айдаршығы;

* Төменгі жақ торусы;

* Ментальды тесік;

* Төменгі жақ тілшігі;

* Төменгі жақ тесігі;

! 56 жастағы ер адам төменгі оң жақтағы тістегі ауыру сезіміне, тістеген кезде үдейтініне шағымданады. Анамнезінде: тіс тісжегінің асқынуынан бірнеше реет емделген.Объективті: 4.4 тіс түгел бұзылған, перкуссияда ауырады, 4.4 тістің вестибулярлы бетіндегі шырышты қабат қызарған,ісінген. Тісті жұлу үшін қандай жансыздандыру жүргізу ЕҢ мақсатты?

* ментальды;

* аппликациялы;

* үшкіл нервтің екінші тармағына орталық жансыздандыру;

* инфильтрациялық;

* интралигаментарлық.

! 67 жастағы ер адам төменгі сол жақтағы тістегі ауыру сезіміне, тістеген кезде үдейтініне шағымданады. Анамнезінде: тіс созылмалы периодонтиттен бірнеше реет емделді. Объективті: 3.4 тіс түгел бұзылған, перкуссияда ауырады, 3.4 тістің вестибулярлы бетінен шырышты қабық қызарған,ісінген. Төменде көрсетілген нервтердіңтің қайсысын блокадалау керек?

* таңдай;

* мұрын-таңдай;

* төменгі альвеола;

* медиальды қанатша;

* латеральды қанатша.

! Қандай өткізгіштік жансыздандыру кезінде жансыздандыру аймағы

болып: төменгі ерін және иекиің жұмсақ тіндері, кіші азу тістер, сүйір, күрек тістер, альвеола өсіндісі, аталған тістер аймағындағы вестибулярлы бетінен шырышты қабық болып табылады?

* ментальды;

* торусальды;

* Вейсбрем бойынша;

* мандибулярлы;

* Берше-Дубов бойынша.

! Қандай жансыздандыру әдісін жүргізгеннен кейін жансызданады: сәйкес келетін жартысына дейін барлық төменгі жақтың тістері,альвеола өсіндісі, альвеола өсіндісінің вестибулярлы және тілдік бетінен шырышты қабық тіл асты аймағының шырышты қабығы және тілдің алдыңғы 2/3, төменгі ерін және иек терісі?

* ментальды;

* торусальды;

* Вейсбрем бойынша;

* мандибулярлы;

* Берше-Дубов бойынша.

! 36 жастағы әйелге мынадай жансыздандыру жүргізді,жансызданған

аймақ: сәйкес келетін жартысына дейін барлық төменгі жақтың тістері,альвеола өсіндісі, альвеола өсіндісінің вестибулярлы және тілдік бетінен шырышты қабық тіл асты аймағының шырышты қабығы және тілдің алдыңғы 2/3, төменгі ерін және иек терісі,екінші кіші азу тіс деңгейінде вестибулярлы беттің шырышты қабығы және бірінші,екінші үлкен азу тісті санамағанда. Қандай жансыздандыру жүргізілді?

* ментальды;

* торусальды;

* Вейсбрем бойынша;

* мандибулярлы;

* Берше бойынша.

! Төменгі жаққа инфильтрациялы жансыздандыру жүргізген кезде аз әсер етуінің ЕҢ сәйкес келетін себебі:

* Жақтың қозғалмалылығы;

* Қанның көп ағуы;

* кортикальды пластинканың қалың болуы;

* лимфа жүйесінің жақсы дамуы;

* төменгі жақ аймағында массивті бұлшықеттің болуы

! Төменгі жаққа инфильтрациялық жансыздандыру жасағанда әсері ұзаққа созылмады,себебі?

* Жақсүйектің қозғалмалылығы;

* Обильді қанмен қамтамасыз етілуі;

* Лифа жүйесінің жақсы дамуы;

* Табиғи тесіктердің санының аз болуы;

* төменгі жақ айналасындағы үлкен массивті бұлшық еттердің болуы

! Мандибулярлы жансыздандыру жасаған кезде төменде аталғандардығ ішінен қайсысы жансызданады?

* ұрттық;

* тілдік;

* иектік

* төменгі жақ;

* жақ тіластылық

! Туберальной анестезия жасаған кезде қай нерс жансызданады?

* Жоғарғы артқы ұяшық;

* иектік;

* төменгі жақ

* жақ -тіласты

* медиальді қанатша

! Торусальді анестезия жасаған кезде қайсы нерв жансызданады?

* тілдік;

* иектік;

* төменгі жақ

* жақ -тіласты

* медиальді қанатша

! 20 жастағы науқасқа жансыздандыру жасалынды. нәтижесінде: жоғарғы жақтың бірінші, екінші, үшінші үлкен азу тістері, альвеола өсіндісінің беткей сүйегі, вестибулярлы жағынан жауып жатқан шырышты қабаты, жоғарғы жақ қуысының сыртқы артқы қабырғасы. Сіздің ойыңызша дәрігер қандай жансыздандыру жасады?

* таңдайлық;

* күрек тістік;

* туберальді;

* көз асты;

* инфильтрациялық.

! 40 жастағы ер адам стоматологиялық поликлиникаға протездеу алдында ауыз қуызын санациялау үшін келген. 1.1,1.2 тістері интактті, III дәрежелі қозғалмалы, натіс түбірінің 1/3 бөлігі жалаңаштанған. тісті жұлу үшін өандай нервті жансыздандыру керек?

* Жоғарғы артқы альвеолалы;

* Жоғаоғы ортанғы альвеолалы;

* Жоғарғы алдыңғы альвеолалы;

* Жоғаоғы ортанғы альвеолалы және таңдайлық;

* Жоғарғы артқы альвеолалы және күрек тістік;

! 70 жастағы науқасқа дәрігер екі жансыздандыру жасады: сол қолының сұқ саусағымен көз ұясының төменгі қырын сезінді, одан төмен қаоай 0,75 см қашықтықтан нысананы көздеп алды. Сол қолының бірінші саусағымен жоғарғы ерінді көтерді, 1.2 ижәне 1.1 тістердің өтпелі қатпарына инені енгізді,жансыздандырғыш ерітіндіні жіберді. Дәрігер төменде аталған жансыздандырудың қайсысын орындады?

* Күрек тістік;

* Вайсблат бойынша;

* туберальді

* инфраорбитальді;

* инфильтрациялық.

! 2.2 тісті жұлу үшін науқасқа жансыздандыру жасалды. 2.1 тістің вестибулярлы жағынан инені енгізді (иненің қыры сүйекке қараған), инені 2..3 тіске қарай жылжытып жол бойы ерітіндіні жіберіп отырды. Сосын 2.2 тіс түбірінің таңдай жағынан ине шаншыды да инені жылжытпай ерітіндіні жіберді. Дәрігер қандай жансыздандыру жасады?

* Күрек тістік;

* Вайсблат бойынша;

* туберальді

* инфраорбитальді;

* инфильтрациялық.

! 40 жастағы ер адам стоматологиялық поликлиникаға протездеу алдында ауыз қуызын санациялау үшін келген, 1.1,1.2 тістері интактті, III дәрежелі қозғалмалы, натіс түбірінің 1/3 бөлігі жалаңаштанған. Хирургиялық көмек көрсету үшін қандай жансыздандыру жасау керек?

* Күрек тістік;

* Вайсблат бойынша;

* туберальді

* инфраорбитальді;

* инфильтрациялық.

! 45 жастағы науқастың объективті көрінісі: 2.7. тісі толығымен бұзылған, 2.7 тіс түбірінің вестибулярлы амағында жыланкөз анықталды. Тісті жұлу үшін төменде көрсетілген жансыздандыру әдістерінің қайсысын жасау керек?

Date: 2015-07-01; view: 690; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию