Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ІІІ курсы. Тақырып: «Гломерулонефриттің әр түрлі түрлерін дәрімен емдеудің қағидалары»





Тақырып: «Гломерулонефриттің әр түрлі түрлерін дәрімен емдеудің қағидалары»

 

 

Құрастырушы:

Жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының

доценті, м.ғ.к., __________________Сеилханов С.К.

 

Қазақ тіліне аударған:

Жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының

оқытушысы__________________ Қожекенова Л. Ғ.

 

Семей – 2009 ж.

 

1.ТАҚЫРЫП: «Гломерулонефриттің әр түрлі түрлерін дәрімен емдеудің қағидалары»

2.МАҚСАТЫ:

Үйрету:

· тақырып бойынша оқытылатын дәрілік заттардың әртүрлі дәрілік формаларына рецепттер жазу

· тақырып бойынша оқытылатын дәрілік заттардың дәрілік формасын және қолдану әдісін таңда

· оқытылатын препараттардың әсерін олардың әсер ету механизмі мен локализациясы, фармакологиялық қасиеттердің жиынтығы негізінде сараптау.

· оқытылатын дәрілік заттарды организмнің мүшелері мен жүйелерінің қызметін белгілі бір бағытта өзгерту үшін таңдау

· сырқаттар мен синдромдарды білу, науқастың жеке ерекшеліктерін есепке алу, дәрілік заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық сипаттамаларын білу негізінде препараттарды таңдау

· патологиялық синдромға сәйкес оқылатын препараттарды тиімді қолданудың қағидалары және ережелерімен (мөлшерлеу реті) таныстыру

3. ОҚЫТУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

Студент білуі тиіс:

· оқытылатын дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтары

· оқытылатын дәрілік заттардың жіктелуі

· оқытылатын дәрілік заттардың әсер ету механизмдері

· оқытылатын дәрілік заттардың жағымсыз және жанама әсерлері, олардың алдын алу және пайда болғанда жою

Студент істей алуы тиіс:

· оқытылатын дәрілік заттардың әр түрлі дәрілік формаларына рецепттер жазу: (нефритикалық және нефротикалық синдромдарда қолданылатын – антиагреганттар (дипиридамол), антикоагулянттар (гепарин), глюкокортикоидтар (преднизолон, дексаметазон), цитостатиктер (циклофосфамид, циклоспорин), микробтарға қарсы заттар (бензилпенициллин, амоксициллин, цефотаксим, эритромицин, азитромицин))

· дәрілік заттарды тиімді таңдау мен дұрыс мөлшерлеу

· оқытылатын дәрілік заттардың мөлшерін және концентрациясын есептеу

· оқытылатын препараттардың енгізілу жолдарын таңдау

· оқытылатын препараттардың жағымсыз әсерлерін түзету қағидаларын білу және олрды улануларлы емдеуде қолдана білу

· жеке препараттардың жағымды әсерлерін күшейту не жағымсыз жақтарын жою үшін дәрілерді тиімді үйлестіру

· ғылыми әдебиетті пайдалану және фармакологияның аталған бөлімі бойынша өз бетімен білім алу дағдыларын меңгеру

· алынған білімді келешек кәсіби қызметте пайдалану

 

4. ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:

1.Нефрологияда қолданылатын, қанның ұю жүйесіне әсер ететін дәрілік заттар.

2.Тура әсерлі антикоагулянттар (гепарин), антиагреганттар (аденозиндезаминаза ингибиторы - дипиридамол). Әсер ету механизмі, қолданылу көрсетімдері, қолдануға қарсы көрсетімдері, жанама әсерлері, жасқа байланысты қолданылу ерекшеліктері.

3.Глюкокортикоидтар (преднизолон) және цитостатиктермен (циклофосфамид, хлорамбуцил, циклоспорин) иммуносупрессивті терапия. Пульстерапия туралы ұғым, қолданылу көрсетімдері.

4.Глюкокортикоидтар мен цитостатиктерді бірге қолдану. Әсер ету механизмі, қолданылу көрсетімдері, жанама әсерлері, жасқа байланысты қолданылу ерекшеліктері.

5.Созылмалы гломерулонефритті үйлесімді емдеу. Үш компонентті (цитостатиктер не глюкокортикоидтар, антиагреганттар, гепарин) және төрт компонентті (глюкокортикоидтар, цитостатиктер, антиагреганттар, гепарин және кейін фенилин) нұсқаларды тағайындау.

6.Нефрологияда қолданылатын микробқа қарсы заттар. Нефролитикалық синдромды емдеу үшін қолданылатын микробқа қарсы заттарды таңдау критерийлері.

7.Гломерулонефритті емдеу үшін қолданылатын микробқа қарсы заттардың әсер ету спектрі, фармакокинетикалық қасиеттері және жанама әсерлері.

 

5.САБАҚ БЕРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ:

· гломерулонефриттің әр түрлі түрлерін дәрімен емдеуде қолданылатын препараттарға рецепттер жазу

· гломерулонефриттің әр түрлі түрлерін дәрімен емдеудің тиімді жолын таңдау бойынша жағдайлық есептерді шешу

· дискуссия ־ ауызша талдау

· тест тапсырмаларын орындау

· кіші топтарда жұмыс істеу

· РЛЗФ Д.А. Харкевич 2005 ж. бойынша тапсырмаларды орындау

· Фармакотерапиялық алгоритмдерді құру:

Date: 2015-07-01; view: 602; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию