Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мұғалімнің сабаққа дайындалуы





Әр сабақтың өткізілуі мұғалімнен мұқият дайындықты қажет етеді.

Сабаққа дайындық келесі кезеңдерден тұрады:

1. оқу материалын іріктеу;

2. әдістерді таңдау;

3. сабақ құрылымын анықтау;

4. көрнекі құралдарды дайындау;

5. жоспар немесе конспект жазу.

Мұғалім сабақтың ғылыми мазмұнын кең білу керек және мектеп оқулығын сынмен ұғынуы керек.

Мұғалімнің міндеттері:

I міндеті – мол ғылыми ақпараттың ішінен керек материалды қатаң іріктеу.

II міндеті – оқыған ақпаратты шығармашылық педагогикалық сіңіру (қайта қарау): негізгі сұрақпен қосымша сұрақтарды белгілеу, баяндау логикасын ойластыру, негізгі бөлімдердің мазмұнын, олардың көлемін ойластыру; сабақ үстінде тәрбие жұмысын белгілеу.

Мұғалім осы сабақта қандай ұғымдарды құрып, бұрынғы тақырыптардан қандай білімді әрі қарай дамыту керегін анықтайды.

Бұл дайындықта мектеп оқулығы мұғалімге салмақты көмек көрсетеді, бірақ білім көзі ретінде қызмет атқара алмайды.

Сабақтың сәтті өтуі мұғалімнің жақсы дайындығына байланысты.

Әр биологиялық курс логикалық кезекте орналасқан тақырыптардан құралады. Бағдарламаның әр тақырыбы логикалы байланысқан сабақтардың жүйесі болып саналады.

Жылдың басында бүкіл курсқа арналған кіріспе сабағы өткізіледі.

Көлемі үлкен тақырыптарда 3 түрлі сабақтарды айыруға болады:

1. кіріспе

2. тақырыптың мазмұнын ашатын

3. қорытынды сабақтар.

Көлемі шағын тақырыптарда мұғалім бірінші сабақта кіріспені өткізіп, ақырғы сабақтың аяғында қорытынды жасайды.

Сабақ мазмұнына толық тексерілмеген ғылыми фактілермен және тақырыппен аз байланысқан мәліметтерді енгізуден сақтану қажет.

Сабақтың шамадан артық деректі материалмен жүктеу оқушылармен түсіндіру және жалпылау жұмыстарын өткізуге мүмкіндік бермейді.

Курсты көңілдегідей оқыту үшін үлестіріп берілетін материалдар (құрғақ және кептірілген күйде) қажет; бұл материалдың көбін қай мектеп болса да, өз күштерімен дайындай алады.

Оқушылардың өздеріне көрнекі құрал жасатуға ерекше көңіл бөлу керек. Оқушылардың экскурсияда жинаған материалдарынан таблицалар, гербарийлер, коллекциялар жасауға болады. Мектепте оқу – тәжірибе участогы болса, жыл сайын биология кабинетіне жаңа материалдар қосылады, оларды гербарий, таблица және коллекция етіп жасауға болады. Мысалы, “Дарвин участогындағы өсімдіктер түрлерінің тұқымдары”, “Өзгергіштік”, “Өсімдіктер дүниесіндегі бейімделушілік”, “Қолдан сұрыптау” және т.б..

Көрнекі құралдарды, үлестіру материалды және тәжірибе жұмысына қажет жабдықтарды сабақ қарсаңында дайындап қою керек.

Жаңа мұғалімге сабақ қарсаңында өзі құралды жинап, тәжірибені өткізіп жаттығып алған дұрыс. Алдын ала тәжірибені көрсеткенге, микроскоптарға ыңғайлы орындар белгілеп алу керек.

 

 

Сабақты жүргізу. Сабақтың жоспары жақсы құрылған болса да, оны сыныпта өткізген жағдайда, егер де уақыттың тәртібі бұзылатын болса сәтсіздікпен аяқталуы мүмкін. Сабақты жүргізуге 45 минут беріледі, оған жоғары педагогикалық нәтижесін пайдалану қажет. Сондықтан сабақтың барлық бөліктерін жүйелеу және оны белгілі ырғақпен өткізу керек.

Сабақтың басында «ұйымдастыру сәтіне» көп уақыт бөлмеу керек. Мектептерде бірыңғай талап етуіне байланысты балаларды 1 сыныптан бастап сабаққа дайындауға үйретеді. Сабақты жүргізу кезінде жаңа материалмен танысып, дереу кірісу керек. Ең алдымен тақырыпты қысқа айтып кету керек және мазмұнындағы сұрақтар немесе мәселелерді қою қажет. Көбінесе сабақтың басында оқушылардың үй тапсырмасын тексереді, оған сабақтың жартысындай кетеді. Мұғалім тақтаға шығарылған оқушымен әңгімелеседі, ал сынып оқушылары бұл уақытта бос отырады. Бұл мұғалімнің үлкен қатесі. «Мұғалім еш уақытта ұмытпауы қажет, алдында сынып оқушылары бар екенін. Мұғалім әрқашанда, бүкіл сынып оқушыларының жұмыс істеп отырғаның қадағалау керек және бүкіл сыныпты мұғалім қызықтыру керек, балалар жақсы білім алу үшін» - В.В Половцов айтуы бойынша.

Оқушылардың білімін тексеру сабақтың басында қоймау керек, жаңа материалмен байланыстыру керек. Оқушылардың сабақтағы рөлін анықтау ең маңызды болып келеді. Олардың сабақтағы жауаптары сыныптың дамуына әсерін тигізеді, алдұрыс емес жауаптарын оқушылар түзетуге, сынауға тырысады.Сабақтаоқушылар жауаптар мен мәліметтерді қолданады, үй тапсырмасына қажет қызықты материалы бойынша алдын-ала дайындалады. Әсіресе маңызды мәліметтерге байқаулар мн көрсету тәжірибелері оқушылардың экскурсия немесе кластан тыс уақытта, үйде өткізілгені бойынша болады. Бұл жағдайда оқушылар танымдық рөлін өткізеді бұл білімнің көзі болады.

Оқушылар сабаққа қосқанда жан-жақты болады.

Ұйымдастырылған ассистенттер мұғалімге көмектеседі.

1) Көрсету құралы – кинофильмдерді, диапозитивтерді көрсету.

2) Практикалық жұмысты өткізу – құралдарды көрсету, материалдарда, нәтижелер мен құралдарды жинау.

Сабақтың мазмұны бойынша

Ауызша:

1) Әңгімелескенде (жеке оқушымен)

2) Қысқаша докладтармен

Көрнекілік:

1) Модельдер мен кестелер, гербарий

2) Тақтадағы схемалар

3) Жануарлар мен өсімдіктерге жасалған тәжірибелер

Тәжірибелік – мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқушыларға тәжірибелік жұмысты жүргізу.(байқау, анықтау, қысқа мерзімді эксперимент)

Білімді тексеруде (жауаптарда):

1) Ауызша

2) Көрнекілік құралды қолдануға

3) Практикалық жұмысты жасау

Мұғалім мұндай оқу әдістемесімен байланысты басқа факторларды әрқашан білу қажет. Әрбір сабақтың бөліктері қорытындыны қажет етеді.

Мұғалім сабақты жүргізу барысында құралдар мен аппаратураны іздеумен алаң болмау керек. Сонемен қатар ол сабақтың алдында дайындап қойғанына қарамастан биология мұғалімінде 2 ассистент болуы қажет.(өз еркімен немесе 1-2 айда ауыстырылған) сабақтың барысында көмектесетіндер. Олар құралдарды тәжірибелік жұмыстың алдына әкеліп қояды. Сабақтың алдында әкелінген материалдар оқушылардың назарын аударады. Ассистенттер терезелерді қараңғылатып, диапозитивтер мен фильмдерді көрсетеді. Ассистенттердің көмегі уақытты үнемдейді, және мұғалімге сабақты жүргізуге мүмкіндік береді, ассистенттердің өздерін тәрбиелейді және бүкіл сыныпты.

Мұғалім сабақты жүргізу барысында бақылау қажет, мазмұны мен жүргізу әдістің бөліктері орындалуы керек.Мұғалім әрқашан да қосымша материалды пайдалануға дайын тұру қажет. Оқушылардың сұрақтарына жауап беру қажет.

Date: 2015-06-11; view: 7834; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию