Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырып 6 Өсімдік организмінде өтетін физиологиялық процестерді оқыту сабақтарының әдістемесі





Экологиялық эксперименттерді сабақта қолданудың әртүрлі әдістемесі. Мектеп экспериментінің техникасымен қолдану әдістемесімен меңгеру бойынша практикалық жұмыстар (өркеннің қоректенуі, өсіп келе жатқан тұқымның тыныс алуы, фотосинтезді анықтау).

 

Сынып жетекшісінің жұмысы:

Сынақтан өтуші жас маман жетекшісінің жұмысын атқаруға міндетті.

Бұл үшін сынақтан өтуші:

· Сыныптың құрамын (құжаттарды,ата-аналар құрамын және т.б,)

және оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеп,сыныптың психологиялық-педагогикалық мінездемесін құрастырып,оны өз жетекшісіне ұсынады.

· Сыныптың құрамын зерттеу негізінде мұғалімдер мен ата-аналардың тарапынан оқушыларға деген бірегей педагогикалық талапты қамтамасыз етеді.

· Психологиялық және педагогикалық жас ерекшеліктерін есепке ала отырып балалар ұжымын ұйымдастырады,оқушылардың шығармашылығын,белсенділігін,ынтымақтығын арттырады.

· Топтардың жиналысына қатысып,сынып жиналыстарын өткізеді

· Оқушылардың денсаулығын нығайтып және мәдени ой-өрісін кеңейту үшін(театрға,мұражайға,көрмелерге орманға серуендеуге т.б.)іс-шараларын ұйымдастырады.

· Оқушылардың қоғамға пайдалы еңбегінің(оқушылардың өндірістік бригадалары қызметіне,студенттік құрылыс жұмыстарына қатысуын,аудандық,қалалық көлемдегі іс- шараларға)түрлі нысандарын ұйымдастырады.

· Оқушылар арасында кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдастырып,өзі де тікелей қатысады.

· Оқушылардың ата-аналармен жұмыс жасап олармен байланыста болады,ата аналар жиналысын өткізеді,ата-аналарға арнап педагогикалық тақырыптарда дәрістер оқиды.

 

 

Жас маманға сабаққа дайындаларда берілетін кеңестер

1. Сабақта өтетін бағдарламаның тарауын мұқият оқыңыз

2. Осы бөлімді жадыңызға берік ұстаңыз

3. Оқу материалын талдаңыз

4. Сабақтың мақсатын белгілеп алыңыз.Сабақ нәтижесінде неге жетпек ойыңыз бар деген сауалға жауап беріңіз.

5. Сынып ұжымын,жеке оқушыларды елестетіңіз,олармен сабақ мақсатына жету жолдарын қарастырыңыз.

6. Берілген сынып оқушыларына ең нәтижелі әдіс тәсілдерді таңдап алыңыз.

7. Таңдаған тәсілдеріңіз бен өз мүмкіндіктеріңізді келістіре отырып,сабақтағы өзіңіздің іс-әрекеттеріңізді анықтаңыз.

8. Сабақтың құрылысы мен барысын ойластырыңыз.

9. Барлық дайындықтарыңызды жоспарға немесе конспектіге жазып алыңыз.

10.Іштей немесе дыбыстап жоспардың түйінді жерлерін қайталаңыз.

11.Өзіңізді тексеріңіз.

а/сабақта қандай деректер, жалпы түсініктер,себеп-салдарлық байланыстар болу керек;

 

ә/берілген сабақта қандай білім қалыптасады;

 

б/қандай әлемдік көзқарастағы түсініктер, саяси, адамгершілік және эстетикалық бағалауларды қалыптасады;

 

в/берілген материалды оку барысында окушылардың бойында қандай сезім-күй тудыру керек.

 

1. Кабинетке қоңыраудан сәл бұрын келіңіз. Кабинеттің сабаққа дайындығын жиһаздын дұрыс тұрғанын, тақтаның таза екенін,

ТОҚ, көрнекіліктердің дайындығына көз жеткізіңіз.

Сыныпқа соңғы болып кіріңіз. Барлық окушының ұйымдаса карсы алғанын талап етіңіз. Сыныпқа көз жугіртіп, әсіресе тәртібі нашар окушыларға міндетті түрде көз салыңыз. Оқушыларға ұйымдасқан сабақтың көркемдігін көрсетуге тырысыңыз, тек бұған уақытты бірте – бірте аздатыңыз.

 

2.Сынып журналынан өз пәніңізді іздесуге уақыт жұмсамаңыз. Оны қоңырауда дайындап қоюға болады. Кезекшілерді мұғалімнің үстеліне сабаққа келмегендердің аты-жөні жазылған парақты калдыруға үйретіңіз.

 

3.Сабақты батыл бастаңыз. Оқушыларға: кім үй тапсырмасын жасамай келді? деген сұрақты қоймаңыз. Бұл сауал үй тапсырмасын орындамауды күнделікті іс сияқы қылып көрсету мүмкін. Сабақ балалрдың сабақ басынан аяғына дейін жұмыспен шұғылданып отыратындай құрылуы тиіс. Үзілістер, баяулық, әрекетсіздік – тәртіп бұзушылар екенін ескеріңіз.

 

4.Оқушыларды мазмұны қызық материалдармен, ой салумен баулып, сабақты бақылып, үлгірімі төмен балалардың өз күшіне сенуіне көмек беріңіз. Сынып түгелдей көзден таса қалмасын. Әсіресе назары тұрақсыз, әлденемен айналысып кететіндерді назардан тыс қалдырмаңыз. Жұмыс тәртібін бұзушылардың алдын алыңыз.

 

 

5.Сабақ үстінде өзге жұмыспен айналысатын оқушыларға көбірек сұрақтар қойып, зейінін өзіңізге аударыңыз.

 

6. Оқушы білімін бағалауда өз сөзіңізді іскерлік және қызығушылық қабілетімен ұштастырыңыз. Оқушының немен жұмыс керектегіне нұсқау беріп,аталған тапсырманың орындалуын қадағалаңыз. Бұл еңбекке деген жауакершілікке үйретеді. Оқушы мұғалімнің тапсырмасын міндетті түрде орындау керектігіне үйретеді.

 

7. Баға қою үшін оқушының ынтасы мен тәртібін ескеріп, оқушының білімін объективті түрде бағалаңыз.

 

8. Сабақты сыныптың жалпы бағалаумен және жекелеген оқушылардың біліміне баға қоюмен аяқтаңыз. Оқушылар сабаққа деген өз еңбектерінің нәтижесін сезініп, шаттыққа бөленсін. Тәртібі нашар оқушылардың жұмыстағы оң нәтижесін ескеріңіз,дегенменде бұндай іс-әрекетпен болмашы жетістікті бағалауда жиі қайталамауға тырысыңыз.

 

9. Сабақты қоңыраумен аяқтаңыз. Кезекшіге өз міндетін ескертіңіз.

 

10. Орынсыз ескерту жасаудан аулақ болыңыз.

 

11. Басқалардың көмегіне сүйеңбеніз. Педагогикалық практикада тәртіпке шақыру – мұғалімінің пайдасына шешілмейтін ескертіңіз. Көмекке оқушыларды шақырыңыз. Сынып оқушылары тәртібі нашар оқушыларды қолдамаған жағдайда мәселені шешу оңай.

 

12. Сыныптын бөлігімен немесе тұтас сыныппен келіспеушілікке жол бермеңіз, егерде осындай жағдайға тап болсаңыз мәселені оңды шешу жолын қарастырыңыз.

 

13. Мұғалімнің қылығының дұрыстығына күмән туып, тіпті оның кінәсі сөзсіз дәлелді болса, келіспеушілік оқушылардың пайдасына шешілу керек екенін ескеріңіз.

 

14. Н.А.Добролюбованың ”Оқушылардың көз алдында ақталған мұғалім- бұл әділ мұғалім” деген сөзін есте сақтаңыз.

 

Date: 2015-06-11; view: 1180; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию