Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Зертханалық зерттеуге сынама алу





Ауру малдан тірі кезінде балау қою үшін(шошқадан басқа)қаны алынады (әдетте құлақтан). Оның алынатын жерін мұқият дезинфекциялап,сосын тамырын кесіп,қанның қалың тамшысын заттық шыныға салады. Ол алдын ала залалсызданады.Айта кететін жайт,қан тамшыларын кантрафинадқа да салуға болады. Қанды алғаннан кейін тамырдан қанның шығуын тоқтатады.Қанды күре тамырдан да алуға болады.Қолданылған құралдар залалсызданады.

Көптеген зерттеушілердің есептеуінше,сібір жарасы қоздырғышын қаннан тек малдың өлуіне бірнеше сағат қалғанда ғана анықтауға болады.

Өлгеннен кейінгі балау үшін патологиялық материалды өлекседен алады.Бірақ та,қоршаған орта инфекциямен залалдау мақсатында өлексені жарып соймаған жөн.Өлген малдан да қан алады (шошқалардан басқа). Оны құлақтан немесе басқа жердің перифериялық тамырдан алады.Мұнда қан алу әдісі жоғарыдағыдай.Егер қажетті мөлшерде қан алынбаса немесе өлексе іріпөшіріп бастаса,құлағын кесіп алады. Оны өлексе жатқан жағынан алған жөн.

Шарасыздан сойылған немесе сібір жарасына күдікті болғанда жарып-сою кезінде сақтықпен талақ,бауыр,өзгерген лимфа түйіндерінің бөліктерін алады.Шошқалардан қанды зерттеуге жіберілмейді,тек терінің кескінін, ісіктенген жерден қабынған ұлпа тілімдерін, жұтқыншақ лимфа түйіндерін алады. Алынған потологиялық материал жедел түрде зертханаға жіберіледі. Материал балауса күйінде жеткізілуі тиіс,өйткені іріп-шіріген ұлпада сібір жаралы бациллдар ериді.

Қоршаған орта обьектілерін зерттеу үшін 1л. мөлшерде шайындылар жасалады.Жүнін,түгін және қылдарын түрлі жерден алады. 2-3г мөлшерде 5 сынама.

Озықтардан сынама алу зертханаға орташа сынама жіберіледі. Ол партияның біріншілік сынамаларынан құралады;орташа сынаманың массасы 500г астам.

Судан сынаманы алу. Табиғи және жасанды суаттардан су сынамасын беткейінен алады.Әрбір сынама көлемі 0,5л кем емес, жалпы көлемі 1л. Кем емес болуы тиіс.Су құбырынан сынама алғанда құбырды ыссы спиртті тампонмен күйдіреді.

Топырақтан сынама алу. Ол үшін зерттелетін территорияны 10-16м мөлшердегі аудандарға бөледі. Топырақтан сынама алу барысында стерилділік міндетті емес,өйткені топырақтың өзіндегі микроорганизмдер мөлшері соншалық, тіптен ауадан түсетін инфекцияның еш маңызы жоқ.

Кейбір зерттеушілердің пікірінше, топырақ сынамасын полиэтилен пакетке не ауа кірмейтін ыдысқа салу жөнсіз.Өйткені,топырақта мұндай орамда сібір жарасы қоздырғышына теріс әсер ететін актиномициттер тез дамиды.

Топырақ сынамасы алынған құралдарды дезинфекцияланады.

Балау,дифференциялдық балау.

Сібір жарасын балау қиынға соғады, әсіресе түсікпен өткенде, атипиялық көрініс тапқанда және аурудың жергілікті формаларында. Клиникалық белгілері мен паталогоанатомиялық өзгерістер әртүрлі және ондай белгілер көптеген жұқпалы және жұқпалы емес ауруларға тән келеді.Осыған байланысты тәжірбиелік жағдайларда біріншілік балау көп жағдайда дұрыс қойылмайды.

Сібір жарасына диагноз қойғанда өте мұқият болып, аурудың көрініс ерекшеліктерін ескеру қажет. Балауды эпизоотиялық мәліметтер, клиникалық белгілер,патологиялық өзгерістер мен зертханалық зерттеулер нәтежелеріне негізделініп қойылады.

Сібір жарасын балаудың негізгі әдісі-бактериологиялық. Ол үшін ауру малдан немесе өлекседен құлақ,құйрықтың қантамырларынан қан алып,заттық шыныда жуан жағындылар дайындайды. Жағындыларды ауа да кептіреді де алдымен таза қағазға, сосын полиэтилен пленкаға орап, байлайды.

Сібір жарасын кейбір жіті өтетін індеттік аурулардан ажырату қажет:мүйізді ірі қара мен қойларда-жіті пастереллезден, эмфизематозды карбункулдан, пироплазмидоздан; жылқыда-инфекциялық анемиядан, пироплазмидозадан, т.б.

Пастереллез. Бұл аурумен сібір жарасының жалпы ортақ белгілері көп,әсіресе жіті формасында. Басқа белгілерімен қатар (жоғары температура,т.б) тері асты клетчаткасында, ауыз қуысы мен жұтқыншақтың кілегей қабаты астында ісіктер табылады. Бірақ қараталаққа қарағанда пастереллез кезінде қозу мен қорқыныш күйі, болмайды, олар жітілеу формасында байқалады.

Қатерлі ісік клиникалық белгілері бойынша сібір жарасына ұқсас, бірақ та жарақатты инфекция түрінде дамиды.

Эмфизематозды карбункул кезінде ісінулері бар жерлерді сипап қарағанда крепитация естіледі,алперкуссиялағанда тимпаникалық дыбыс шығарады. Ісікті кескенде лайлы-бурыл түсті, лайдың иісі бар сұйықтық ағады, қаны күрең-қызыл, ұйыған.

Қойдың брадзоты клиникалық көріністері жағынан қараталақпен ортақ.Мал брадзотпен өлгенде,жүні тез сыпырылады.Сібір жарасында бұл байқалмайды.Сондай-ақ брадзотқа құрсақта,диафрагма мен плеврада нүктелік қан құйылулар тән. Жітілеу өткенде кілегей қабаттары сарғыш тартып,дененің кейбір жерінен жүні түседі. Сібір жарасында мұндай байқалмайды. Брадзоттан өлген малдың екі не бір бүйрегі консистенциясы ботқа тәріздес болады,талағы өзгермеген. Ал топалаңда бүйректер консистенциясы өзгермейді де,ал талағы әдетте айтарлықтай ұлғайған.

Шошқаның обасы да бұл ауруға тән белгілерге ие.Мәселен,лимфа түйіндерінің 2-3 есе ұлғаюы, қабынған, шырынды, сарғыш түсті сияқты көріністер шошқа обасына да тән. Дене қызуының жоғарылауы, кейде талақтағы инфарктілер де табылады.

Ал жылқының африкалық обасының клиникалык симптомдарын мұқият зерттегенде ғана айырмашылықтарын табуға болады. Мысалға, азық қабылдауының төмендеуі, жануар тұмсығын шелек түбіне дейін жеткізіп түсіреді, су ішкісі келеді, бірақ суы аузынан ағып кетеді. Сібір жарасында бұл көріністер орын таппайды.

Инфекциялық анемия өте жіті өткенде сібір жарасына тән көрініс береді. Аурудың жіті өтуінде жүректің жиілігі нәтежиесінен қарын аумағында іркілмей ісіктер табылады. Дамуына байланысты көздің,мұрынның, ауыздың, биелерде-қынаптың кілегей қабаттары бозғылт тартып, ісініп, майланады, жиі көптеген нүктелік қан құйылулар табылады. Сібір жарасында бұл белгілер тек жітілеу өткенде ғана байқалады.

Патогенез, клиникалық белгілері. Қоздырғыштар денеге тері, тыныс алу жүйесінің шырышты қабаттары, асқазан ішек жолдары арқылы түседі. Инфекция дамуы үшін, қоздырғыштар макрофогтарға еніп, көбейіп оны ыдыратуы қажет.

Клиникалық белгілері әртүрлі жіті және созылмалы түрде өтеді. Көбіне тері түрінде өтеді, абецесс, флегмона, остеомиелит болуы мүмкін. Сирек респираторлы және обдиминалды сепсис түрінде өтеді.

Инкубациялық кезеңі-1-7 күн.

Диагностикасы.

1. Бактерологиялық, бактериоскопиялық әдіс.

2. Биологиялық сынама.

3. Сериологиялық әдіс- ГАТЕР- антиделер титрінің өсуі.

Алдын-алу шаралары ветериналық қызметкерлермен бірігіп жасалуы қажет: ауру және күдікті жануарларды ерте анықтау емдеу; жұқтыру жағдайын және себептерін анықтау; ауылшаруашылық жануарларына ауылдын ала егулер жасау; дератизация, мал қораларын, қоланатын заттарын, қызметкерлердің киімін дизенфикциялау; малды сою, мал өнімдерін өңдеу, тасымалдау, сақтау барысында санитарлық-ветеринарлық таоаптардың орындалуын қадағалау.

Медициналық-санитарлық шаралар:ауылшаруашылық жануарлар және құстармен жұмыс істейтін қызметкерлердің жеке бас гигенасын сақтауын қадағалау, мал өнімдерін өңдеу мекемелерінде санитарлық-ветеринарлық талаптардың орындалуын қадағалау, санитарлық ағарту жұмыстарын жүрізу, әсіресе қол гигенасына, кесу, тілу, жарақаттануды алдын-алуға назар аудару, арнайы киімдермен қамтамасыз ету.

Маңызды және тиімді шаралардың, бірі – малдарды белсенді түрде иммунизациялау. Егу үшін тірі және өлі вакциналар қолданады.

Шұғыл алдын-алу ретінде қожалықтарда пастереллез ауруы тіркелгенде малдарға иммундық сарысу егіледі, жас малдарға-10-30 мл; ірі малдарға 30-40 мл. Енжар иммунитет 2 аптаға дейін сақталады.

Иерсиниоздар

Иерсиниоз- нәжіс-ауыз механизмімен берілетін, табиғи антропургиялық, бактериалды, зоонозды инфекциялық ауру, интоксикация, қызба, бөртпе, асқазан-ішек, сүйек-буын жүйелерін зақымдаумен сипатталады, созылмалы түрде өтеді.

Ииерсиниоздар тобына 2 бөлек иозологиялық түріндегі аурулар кіреді:

1. Ішек иерсиниозы;

2. Жалғантуберкулез.

иерсиниозы

Қоздырғышы Yersinia enterocolitica – грамтеріс, жылжымалы, аэробты таяқша. О- және Н- антигендері бойынша 50 серовары және 5 биовары анықталған. Сыртқы ортаны химиялық және физикалық факторларының әсеріне төзімді, жемістер мен тағамдар да ұзақ сақталады. Төменгі температурада көбеюі де мүмкін. Y.pestis оба ауруының қоздырғышы.

Инфекция көзі жабайы және синантропты кеміргіштер. Ауылшаруашылығы жануарларынан ірі қара мал, шошқа, ит, мысық, құстар. Өте сирек инфекция көзі адам болуы мүмкін. Беріліс механизмі – нәжіс-ауыз механизмі. Негізгі таралу жолы – тағам арқалы (ет, сүт тағамдары, жеміс-жидек). Тамақ өнімдерінде қоздырғыштар көбеюі мүмкін. Жанасу жолымен азық-түлік дүкендері, тағам өнімдері мен жемістерді сақтайтын қойма қызметкерлері лас қол арқылы жұқтырады. Кеміргіштердің нәжісі, зәрімен ластанған су арқылы да таралады. Қоймаларда ұзақ саақталатын картоп, сәбіз, орамжапырақтың 20% көктемде қоздырғыштармен ластанған болады, алма, цитрустар- 9% қондырғылар мен еден, сөрелер- 9- 10%.

Иерсиниоздың әртүрлі клиникалық түрлерінде – асқазан-ішек, жіңішке ішек, бауыр, сүйек – буындарды зақымдайтын және сепсис аллергосепсис түрінде өтеді. Инкубациялық кезеңі- 1-6- күн.

Эпидемиологиялық ерекшеліктері:

- Сырқаттанушылық жеке түрінде немесе топтасқан түрде кездесді;

- Көбіне мал қожалықтары, ет комбинаттары, дүкен, қойма қызметкерлері ауырады;

- Барлық жерде бірдей таралған, бірақ экономикасы дамыған елдерде жиі кездеседі;

- Көбіне қала халқы жиі ауырады, оның себебі көпшілік тамақтандыру мекемелерінің тағамдарын жиі қолдануында;

- Жыл бойы ауру тіркеледі, қазан-қараша айларында сырқаттанушылық көбейеді;

- Жіті жедел түрдегі ауру 3 айға дейін созылады;

- Созылмалы түрде 6 айға дейін өте созылмалы түрде 2 жылға дейін жағасады.

 








Date: 2015-07-01; view: 1200; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.009 sec.) - Пожаловаться на публикацию