Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Маны ветеринарлық-санитарлық сараптау





Аурудың жергілікті формаларын анықтау үшін лимфа түйіндері мен паренхиматозды мүшелерде болуы мүмкін өзгерістердің барлығын нақты білу қажет.Лимфа түйіндері физиологиялық қызметіне байланысты етті санитарлық бағалауда негізгі объект ретінде қарастырылады.Сібір жаралы қоздырғыш негізінен лимфа түйіндерін зақымдайды.

Өңдеуіш мекемелерде, сойыс пунктерінде, ветеринарлық- санитарлық сараптау зертханаларында сібір жарасы анықталса ұманы жояды.

Ет өңдейтін мекемеге жіберілген әрбір мал партиясына ветеринарлық куәлік беріледі,ал жеке адамдармен сайысқа әкелінген малға белгіленген тәртіппен ветеринарлық анықтама қағаз беріледі.Сол мекеменің малдарын жануар партиясы келген бойда ветеринарлық құжаттардың дұрыс толтырылғандығын тексеріп,жеке малды немесе таңдаулы қарау жүргізеді,қажет болғанда малдың термометриясын жүргізеді.Сойысқа тек сау мал жіберіледі.

Егер тасымал жолында малдың партиясын ауруға шалдыққан немесе содан өлген мал болса,онда ет комбинатына келісімен бұл партияны карантиндеп,оларды күнделікті қарап,термометрлейді.Сібір жарасына қарсы сарысу еккеннен 3-5 тәулік өткен соң қалыпты температуралы жануарларды сойысқа жібереді.

Сібір жарасына күдікті малды оқшаулап, сібір жарасына қарсы сарысумен және антибиотиктермен емдейді.Қалыпты температураға келген күннен 14 тәулік өткен соң малды сойысқа жібереді.

Ет комбинаттарында ұманы бөлетін жер болмаса, басын, талағы мен өкпе басқа мүшелерді үстел үстіне жаяды. Ұма мен ішкі мүшелерді қарау жері жақсы жарықтанған,кез-келген өзгерістерді анықтауға қолайлы болуы тиіс.

Шошқада сараптау аяқталғанша басын бөлмейді. Тілін кесіп алып өкпе-бауырымен бірге қалдырады. Бөліп алынған өкпелерді трахеямен бірге, журек пен бауыр ветеринарлық қарау аяқталғанша, бір-бірімен табиғи қалыпты байланыста болып лимфа түйіндері сақталынуы тиіс.

Ұманы ісіктерге, карбункулдерге, басқа да патологиялық өзгерістерге көңіл аудара отырып,беткі және ішкі жақтарын қарайды.

Ұма мен ішкі мүшелерді зерттеудің нәтежиелері бойынша ет комбинаттарында, сойыс мекемелерінде сібір жарасы кезінде шошқада негізінен жақ асты,жұтқыншақ және мойынның лимфа түйіндерінің зақымдануымен жүретін геморрагиялық лимфаденит тіркеледі. Ішкі мүшелердің басқа лимфа түйіндерінде патологиялық өзгерістер сирек кездеседі. Сондықтан ең алдымен жақ асты,жұтқыншақ және мойынның лимфа түйіндерін,қажет болғанда қалғандарын жарып сояды.Құлақ қасындағы лимфа түйіндерін,кеңірдектің кілегейін, миндалиндерді қарап,тілді ұстап қарайды.Қарап болған соң талағын кесіп паренхимасын қарайды да,лимфа түйіндерін ашады.Өкпесін пальпациялап,бронхиалді лимфа түйіндерін (оң,сол жақ,ортаңғы) кеседі. Бауырдың диафрагмальді және висцералді жақтарын қарайды.

Қарын, өңеш, жүректі қарағаннан кейін, айналасындағы лимфа түйіндерін ашады.Ішекті сірлі қабығы жағынан қарап, бірнеше шажырқай лимфа түйіндерін кеседі. Бүйректерін капсуласынан бөліп алып қарап,ұстап қарайды. Патологиялық өзгерістер табылса тіліп, сол кезде бірге лимфа түйіндерін де алады.

Лимфа түйіндерінен сібір жарасының созылмалы формасына тән некротикалық фокустар табылса,сойысты тез арада тоқтатады.Зақымдалған ұманы конвейерден түсіріп, оқшаулайды. Сібір жарасына анықталған жағдайда ұманы өртейді.Қан төгілген жерді,құралдарды,мал дәрігерінің киімін дезинфекциялап, содан кейін малдың сойысын жалғастырады.Ұманы жарып сойғаннан кейін сібір жарасы табылса, ауру қоздырғышының таралуының алдын алатын барлық шаралар қолға алынады.

Базарда сатылуға жіберілетін ет өнімдері міндетті түрде мемлекеттік ветеринарлық сараптау зертханаларында тексерістен өтуі тиіс,тіпті егер олар базарда қаралған болса да,ұмадан бөлек әкелінген ішкі мүшелер мен субөнімдер сатылуға жіберілмейді.

Date: 2015-07-01; view: 1504; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию