Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сипаттама. №1- суретке қара. Майлау майы майлау сүзгісінің сыйымдылығынан қозғалтқыштың бос жағындағы





№1- суретке қара. Майлау майы майлау сүзгісінің сыйымдылығынан қозғалтқыштың бос жағындағы қаптама арқылы, майлау құбырына және дизель блогы ішіндегі тармақталған май жүру каналдарына түседі. Осы жерден иінді біліктің барлық түпкі подшипниктеріне және үлестіргіш біліктің төрт подшипнигіне беріледі.

Май иінді білікке бұрғыланған май жүру каналдары бойымен түпкі подшипниктерден келіп түседі және әрі қарай бұлғақтар мойындарына негізгі шатундардың подшипниктеріне келеді. Май осы шатундар подшипниктерінен негізгі шатундардың үстімен тіркеме шатундардың саусақтары мен ішпектеріне келіп түседі.

Содан кейін май жүру каналдары бойымен негізгі және тіркеме шатундардың бұрғыланған тесіктерімен поршень саусақтарына және поршень саусақтарының төлкесіне келіп түседі. Май одан әрі поршендерге, поршень қақпағының төменгі қуысын салқындату үшін келіп түседі. Май поршень қақпағынан тиісті саңылау арқылы өздігінен ағып, картерге қайта құйылады.

Үлестіргіш біліктің төрт подшипнигіне келіп түсетін майлау майы осы біліктердің барлық секцияның ұзындығы бойынша өтеді. Май білік секциясындағы радиалды саңылаулар бойымен қалған барлық подшипниктерге келіп түседі. Үлестіргіш біліктің подшипниктерінде сақиналы каналдары болып, дизель блогындағы май жүру каналдарымен бірігіп, май каналдары арқылы жанармай сораптарының клапандары мен сырғымаларына беріледі. Май жүру каналдары арқылы үлестіргіш біліктің R 7/8 подшипнигіне және майлау жүйесінің манометрі мен датчигіне беріледі.

Май ағыны одан кейін клапандар итергіші арқылы цилиндрдрлердің жоғары бөлігіндегі механизмдеріне қарай бағытталады. Майдың кері қарай жылжуы үшін клапандар итергішінің ішіндегі қуыс қызмет етеді. Май осы жолда жұдырықшаларды және жұдырықшалар роликтерін жуып өтіп, әрі қарай өздігінен ағып қайта картерге келіп құйылады. Май білікті бұру механизміне дизель блогының ішіндегі бұрғыланған май жүру каналдары бойымен келіп түседі, сонымен бірге осы құрылғыны майлауға арналған.

Май білікті бұру механизмінен ішкі канал бойымен картерге қайта құйылады. Үлестіргіш біліктің шестернялары мен ажырайтын жетек шестернялары қозғалтқыштың майлау құбырынан келетін май түтіктері мен жиклері арқылы майды тозаңдату жолымен майланады.

Май және су сорабтарының жетек шестернялары подшипниктері дизелдің бос жағындағы қаптамадағы май резеруарының жұмысы кезінде майға жартылай батыру жолымен майланады.

Сурет.

Типтік дизельді қозғалтқыш двигатель 7FDL (көлденең кесін

Қозғалтқыштың ішкі су мен салқындату жүйесі контуры.

Түсінік

1-сурет. Су сорабы қозғалтқыштың енгізу су құбырына салқындатылған суды береді, сол жерден су әр бір цилиндрге келіп түседі. Енгізу су кұбырындағы салқындатылған су цилиндрлерді салқындату үшін пайдаланады. Су қабылдау саңылауы арқылы, қысым астында цилиндр рубашкісіне беріледі, цилиндр гилзасының жоғары бөлігін шайып өтіп, содан кейін бұрғыланған каналдармен цилиндр гилзасының жоғарғы бөлігіне ағып келеді. Су цилиндр гилзасының жоғарғы бөлігінен, клапанды қорабының қуысына келіп түседі. Су клапанды қорабты салқындатып, клапанды қорабтың жоғары бөлігіндегі шығару саңылауы мен цилиндр рубашкісінің жоғары бөлігіндегі ішкі каналдармен су бұру кұбырына келіп түседі.

 

Қозғалтқыштың ішкі жанармай жүйесі контуры.

Жанармай төмен қысымдағы екі параллел жанармай шлангісі мен әр бір жоғары қысымды жанармай сорабының кіре берісіне беріледі. Үлестіргіш білік пен қозығалықа келетін сорабтар, айдау жағына 18 фунт/кв дюйм (124,105кпа) жоғары қысымды құрады. Жанармайды бүркуді электронды басқару жүйесіндегі компютердің сигналы бойынша электронды түрде басқару нәтиежесінде жоғары қысымды жанармай сорабтарына орнатылған барлық соленоидты клапандар ашылады және жабылады. Соленоидты клапан ашылғанда, жанармай жоғары қысыммен форсункаға келіп түседі. Форсунканың шыға берісіндегі микроскопия лық саңылау, жанармайды тозаңдатып беруді және осы күйінде жану камерасына түсіуін қамтамасыз етеді.

Негізгі жанармайды беру каналдарына қосымша жоғарыда келтірілгендей, әр бір жоғары қысымды жанармай сорабтарында төмен қысымды жанармай каналдары бар. Осы каналдар екі мақсатта қызмет етеді:

1. Әр бір жоғары қысымды жанармай сорабтарының ішкі тетіктері мен тораптарын майлау

2. Жоғары қысымды жанармай сорабтарын, жанармай жүйесіндегі шамадан тыс жоғары қысымнан қорғайды. Жоғары қысымды жанармай сорабтарынан артып қалған жанармай төмен қысымдағы кері қайтару линиясы бойынша жанармай жүйесінің сыртқы бөлігіне келіп түседі

 

Қозғалтқыштың ішкі жануға ауаны беру жүйесі контуры.

Date: 2015-07-01; view: 1248; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию