Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сипаттама. Тиісті майлау бекіту бөлшегін, белгіленген шамадағы моментпен тартып қысу кезінде қысудың талап етілген күшін жасау





Тиісті майлау бекіту бөлшегін, белгіленген шамадағы моментпен тартып қысу кезінде қысудың талап етілген күшін жасау үшін қажет. Қысу күші бекіту бөлшектерін тартып қысу және керу арқылы бөліктерге түсірілетін күш ретінде анықталады.

Бұранда тартып қысу кезіндегі қысу күшінің құрылуы тек тартып қысумен ғана емес, бекіту бөлшектерінің керілуімен де қамтамасыз етеді. Бастапқы ұзындығының қайта қалпына келу үрдісіндегі бекіту бөлшегі бекітілетін бөліктерге ықпал ететін қысу жүктемелерін құрайды.

«Техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықта» келтірілген көрсеткіштерге сәйкес, бұрандарды олардың бұрандаларына алдын ала Lubriplate, Molykote, Dag 210 немесе, егер келісілсе, -желінуге қарсы құрамдағы майлар жағылып, орнатылуға тиісті. Әрқашан қосылыстар бұрандасын да, бұрандалардың, тегірлердің және тығырықтардың да оң бетін майлау керек.

Жұмсалған моменттің ең жоғары тиімділігіне қол жеткізу үшін бұранданы, бұрандалар басының төменгі бетін лас заттардан, тоттанулардан және жылумен өңдеу барысында пайда болатын қабыршақтардан тазартылуға тиіс.

Ескерту: Сондай-ақ біріктірілетін бөліктердің физикалық жағдайы тартып қысу моментінің шамасына да әсер етуі мүмкін. Әрбір нақты жағдай үшін Техникалық қызмет көрсету нұсқаулықтарынан тартып қысу моментінің тиісті мәнін таңдап алу керек.

 

Техникалық қызмет көрсету кезінде қолданылатын тарту моменттері кестесінің мәндерімен танысу

Техникалық қызмет көрсету операцияларын орындау кезіндегі тарту моменттері

Ескерту: ағымдық ТҚ операцияларын орындау кезіндегі бұрандарды тарту моменттерінің төменде келтірілген мәндері тек үлгі ретінде қызмет атқарады. ТҚ орындау кезінде тарту моменттерінің қажет мәндері Сіздердің тепловоздарыңызға арналған құжаттамада болады.

1 .Дизельді қозғалтқыш

(А) Дизель блогы

Кесте.

Позиция Фунт- к (Н.м.)
Дизель блогы:  
Цилиндрлерді бекітуге арналған тұғырлы бұрандалар 375-400(508-542)
Негізгі мойынтіректердің қақпақтарын бүйірінен бекіту бұрандалары 365-375 (494-508)
Негізгі мойынтіректердің қақпақтарын бекітуге арналған бұрамасұққыштар 0.032 – 0.035 дюйма (0,813-0,889 мм)

(В) Жинақтағы цилиндр

Кесте.

Позиция Фунт – к (Н.м.)
Жинақтағы цилиндр:  
Цилиндрді бекіту бұрандалары 1300-1400(1763-1889)
Жоғары қысымды отын сорғысының орнату бұрандары (отынды бүркудің механикалық басқару жүйесі)     55-60 (75-81)
Жоғары қысымды отын сорғысының орнату бұрандалары (отынды бүркудің электронды басқару жүйесі)     83-90(113-126)
Бүріккіштердің соплоларын бекітуге арналған бұрамасұққыш   55-60 (68-75)
Отынды бүрку бүріккіштерінің соплоларын бекітуге арналған бекіту тегірлері   30-35 (41-47)
Қарсытегірлер, клапан итергіштері 50-55 (68-75)
Тегірлер, отын берудің жоғары қысымды желісі 140-150 (190-204)
Отын бүркуге арналған сорғыға бекітілетін бимешік бұрандары   125-130 (169-179)
Отын келтеқұбырына бекітілетін шланг тегірлері   70-75 (95-102)
Қысымды азайту бейімдегіші 60-65 (81-88)
Қысымды азайту тығыны 20-25 (27-34)
Қысымды азайту бейімдегішінің қондыру бұрамалары   15-20 (20-27)

(С)Жинақтағы бұлғақ

Кесте.

Позиция Фунт – с(Н.м.)
Жинақтағы бұлғақ:  
Бас бұлғақ қақпағын бекіту бұрандалары 400-420 (542-569)
Тіркеме бұлғақ саусағының төлкесіндегі қамытты тарту бұрандары   35-40 (47-54)
Тіркеме бұлғақтың саусақтарын бекіту бұрандары   450/375 (610/508)*
Піспек саусақтарын бекіту бұрандары 400/250 (542/339)*
*Алдын ала және соңғы тартудың моменті

 

Ескерту: Тіркеме бұлғақ саусақтары мен поршень саусақтарын бекіту бұрандарын тарту моменттері бойынша алдын ала және соңғы тарту моменттерінің мәндері келтірілген (*) жұдызшамен таңбаланған. Сіздер бұл жағдайда алдын ала тарту моменттінен асып кететінін көресіздер. Қолданылатын процедураға сәйкес бекіту бөлшегі алдына тарту моментімен тартылады, одан кейін бекіту бөлшегі түсіріледі де, оған соңғы тарту моменті жалғастырылады. Бұл маңызды бұрандық қосылыстардағы екі бұранданы іліктіру үшін жасалады.

 

 

(Д) Жинақтағы үлестіргіш білік

Кесте.

Позиция Фунт – с(Н.м.)
Жинақтағы үлестіруші білік:  
Үлестіруші біліктің қондырма сұққыштарының тегілері   80-90 (108-122)
Қондырма білікті бекіту бұраны (отынды бүркудің электронды басқару жүйесі бар қозғалтқыштар)   90 (120)
Тіреу мойынтіректің қондырма бұрандары 25-30 (34-41)
Жетекті тістегеріштерінің қондырма бұрандары   95 (128)
Мойынтіректің қондырма бұрандары (отынды бүркудің электронды басқару жүйесінсіз қозғалтқыштар)   40-45 (54-61)
Мойынтірек түйінін бекіту бұрандары (отынды бүркудің электронды басқару жүйесінсіз қозғалтқыштар)   35-40 (47-54)

 

2. Жабдықты орнату

(А) Жабықты орнату

Кесте.

Позиция Фунт – с(Н.м.)
Жабдықты орнату:  
Сығымдағыштың қондырма бұрандары (1,0-8х4,25 дюйм)   400-450 (542-610)
Жабдықты салқындатуға арналған желдеткіштің қондырма бұрандары (№2 шеті)   290 (393)

(В) Қозғалтқыш және жинақтағы генератор

Кесте.

Позиция Фунт – с(Н.м.)
Қозғалтқыш және жинақтағы генератор:  
Негіздің қондырма бұрандары (бас генератор жағы)   600-650 (814-882)
Негіздің қондырма бұрандары (бос жағы) 600 (814)

(С) Қозғалтқышты бас генератормен қосу

Кесте.

Позиция Фунт – с(Н.м.)
Қозғалтқышты бас генератормен қосу:  
Бас генератор мен дизель блогының қаңқасын қосу бұрандары   625-675 (848-915)
Роторды иінді білікке қосуға арналған тығырықты бұрандар   1040-1160 (1410-1573)

 

3. Электржабдық

(А) күштік қыспақтары

Кесте.

Позиция Фунт – с(Н.м.)
Күштік кабел қыспақтары:  
5/16-18 бұрандары 12-14(16-19)
3/8-16 бұрандары 26-29(35-39)
1/2-13 бұрандары 55-62(75-83)

(В)Айнымалы токтың тартымдық электрқозғалтқышы

Кесте.

Позиция Фунт – с(Н.м.)
Айнымалы токты тартымдық электроқозғылтқышы:  
/U-тәрізді келтеқұбырды электроқозғалтқышқа қосу   1250-1400 (1694-1897)
Редуктордың картерін электроқозғалтқышқа қосу (U-тәрізді келтеқұбырға)   1250-1400 (1694-1897)
Редуктордың ажырама каретін жартықаңқаларын қосу 80-90 (109-122)
Редуктор картерін бақылауға арналған люк қақпағының қондырмасы   55-61 (75-81)
Электроқозғатқышты іске қосуға арналған люктің қақпағы   56-60 (76-81)
Жылдамдық датчигі сезгіштік элементін орнату   10-12 (14-16)

(С) Тұрақты токты тартымдық электрқозғалтқышы

Кесте.

Позиция Фунт – с(Н.м.)
Тұрақты токты тартымдық электрқозғалтқышы:  
/U-тәрізді келтеқұбырды электроқозғалтқышқа қосу   890-990 (1207-1342)
Редуктор картерін орнату. (картерді рамаға бекіту)   685-735 (929-997)
Редуктордың ажырама картерінің жартықаңқаларын қосу (3/8дюйм бұрандары)     30-36 (41-49)
Позиция Фунт – с(Н.м.)
Редуктордың ажырама картерінің жартықаңқаларын қосу (3/4 дюйм бұрандары) 285-315 (386-427)
Қозғалтқышқа жету люктерінің қақпақтарын орнату.   55-60 (75-81)
шотка ұстағыштың қыспақтарын орнату 240-260 (325-353)
Жылдамдық датчигі кабелінің қамыттарын тарту   55-60 (75-80)
Жылдамдық датчигі сезгіш элементтерін орнату   12-14 (16-19)

Тарту үдерісі

Кіріспе

Бұрандарды тарту моментін қосудың соңғы нәтижесі көптеген өзгерістерге байланысты болады. Олардың кейбіреулерінің әсері тиісті процедурасын сақталуы және дұрыс таңдап алынған саймандардың қолданылуы арқылы ең төменгі шегіне дейін кетуі мүмкін.

Бұранды тарту

Барлық бұрандалық қосылыстардың қанағаттанарлық жұмысын қамтамасыз ету үшін, момет бойынша шектелген жаңа калибрленген тегірлі кілтті пайдалану қажет. Тарту кезінде тиісті нұсқаулықтарды сақтаудың маңызы өте зор.

∆ Сақтандыру: Бұранды тарту кезінде төмендегі аспектілерді ескерту қажет.

Момент бойынша шектелген гайка кілттері ақаулық көзі болып табылуы мүмкін, сондықтан оларды жиі тексеру керек. Егер ақаулық 5%-дан асатын болса, кілтті мөлшерлеу керек.

Құрғақ (майланбаған) гайканы құрғақ бұранға бұрау кезіндегі тарту моментінің шамасының 20%-ға дейін көбеюіне себеп болуы мүмкін. Егер бұранда лас заттардан тазартылмаса, көбею шамасы одан да артуы мүмкін. Нақты операцияны орындауға қажетті майлау жөніндегі нұсқауларды Техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтан қараңыздар.Сонымен қатар барлық зақымдалған бекіту бөлшектерді алмастыру керек.

Бейімдеуді пайдалану

Бейімдегіштер шектелген моменті бойынша қол жеткізу қиын бұрандармен және гайкалармен жұмыс істеу кезінде гайка кілтке қосымша ретінде қажет. Бейімдегіштері пайдалану кезінде кілт межесіндегі көрсеткіштер, әдетте, нақты түрде бекіту бөлшегіне қоса берілген моменттен төмен болады. Олай болу себебі, бейімдеу кілттің ұзындығын арттырып, оператор сол моментті құру үшін күшті аз жұмсай алады. Межеде бейнеленген және гайкаға немесе бұранға іс жүзінде түсетін моменттен артық шама төмендегі факторларға байланысты:

1. Бейімдеудің ұзындығы.

2. Бейімдеу кілті аралығындағы бұрыш.

3 – сурет. Бейімдеу ұзындығы (А)

Модуль

Дизелді қозғалтқышты тексеру және реттеу жұмыстары.

Кіріспе

Біз 2 деңгейдің «7FDL дизельді қозғалтқышын тексеру және реттеу жұмыстары» модулін үйренуге кірісеміз. Осы модуль 7FDL дизельді қозғалтқышына қажетті бақылау және мерзімдік күйін тексеру және реттеу жұмыстарын орындау процедураларын қамтиды

Бөлімдері:

1 Бөлім: Қозғалтқыштың картеріндегі жағармайдың деңгейі.

2 Бөлім: Картерді бақылау люктері қақпақтары

3 Бөлім: Қозғалтқыштың жылдамдығы

4 Бөлім: Жанармайдың берілуін бақылау терезесі

5 Бөлім: Сақтандырғыш клапан және жанармай жүйесіндегі қысымды реттеу

клапаны

6 Бөлім: Жанармайды бүркуші жабдықтары

7 Бөлім: Цилиндрлер клапандарындағы стержендері мен итергіштердің арасын-

8 дағы саңылау

9 Бөлім: Цилиндрдің енгізу саңылауы

10 Бөлім: Иінді біліктің төзімді мойынтіректерінің саңылауы

11 Бөлім: Сораптардың және тісті берілістің жетек муфтасы

12 Бөлім: Үлестіргіш біліктің шестернялар блогы

13 Бөлім: Ысыраптар (утечки), шуыл және шығу газдары

Мақсаты:

Осы модулді оқып үйренгеннен кейін:

● 7 FDL дизелді қозалтқышқа тиісті техникалық қызмет көрсетуді қажет

ететін реттеу және тексеру операцияларын түсіну керек.

Қозалтқыштың картеріндегі жағармай деңгейі.

Түсінік.

Қозғалтқыштың картеріндегі жағармай деңгейін талапқа сай деңгейде ұстап тұру қажет. Өте төмен немесе өте жоғары деңгейде болуы тепловоз қозғалтқышының бірқалыпты жұмыс жасауына кері әсер етеді. Майдың талап етілген деңгейінде болуы General electric компаниясының 7 FDL дизелді қозғалтқыштың жұмыс жасау мерзімін ұзартады. Жағармайдың деңгейі қозғалтқыштың бос жүріс кезінде тексеріледі. Қозғалтқыштың бос жүрісі кезінде майдың деңгейін өлшеу үшін шуптардың бірін суырып алып, қарап, оны тазартып, қайта тексеріп көреді. Шуптар қозғалтқыштың бос жағында қаптаманың екі жағында орналасады. Картердегі майдың деңгейін өлшеу үшін шупты қайта орнына орнатамыз. Деңгейін қарау үшін шупты шығарып көрсеткішін көреміз. Оның көрсеткішіндегі FULL жоғары деңгей және LOW төменгі деңгей, егер май шуптың төменгі деңгейі белгісінде болса, онда май құятын ернегіндегі тығынды алып, үстемелеп май құйып толықтырамыз. Май құю ернегіндегі тығынды орнатып бұрап бекітеміз.

Картерді бақылау люктері қақпақтары

Картердегі майдың қысымын бірқалыпта ұстап тұру және картерден майдың ағып кетуін болдырмау үшін картердегі майды бақылау люктерге техникалық күтім қажет. Дизелді қозғалтқышқа күнделікгі тексеру процессінде майдың ағып тұрғанын анықтау және оны қалпына келтіру талап етіледі. Қозғалтқыштың ұзақ уақыт жұмысынан кейін және қайсы болсада бір люктің қақпағын ашпас бұрын (картердегі майды тексеру үшін) дизель блогының екі жағында тексеріп, онда май ағып тұрған ізі бар - жоғына көз жеткізу керек. Картерді қарайтын люк қақпағы мен төсеніштің арасын және дизель блогының жоғарғы бетін тексеру керек.

Дизелді тоқтатқаннан кейін, көп ұзартпай, қай жерден болсын майдың ағуын тоқтату қажет (немесе қалпына келтіру). Ол үшін картердегі люк қақпақтарын ашып, ондағы зақымданған төсенішті, нығыздаушы сақинаны алмастыру қажет.

Қозғалтқыштың жылдамдығы

Қозғалтқыш жылдамдығының аймағы тепловоздың техникалық сипаттам- аларында көрсетіледі. Осы аймақты анықтау үшін тепловозға тиісті техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулыққа қараңыз. Егер тепловоз диогностикалық ақпарат дисплейімен жабдықталған болса, онда қозғалтқыштың жылдамдығы туралы деректерді тікелей тепловозда тексеруге болады. Ол үшін төмендегі іс-әрекеттерді орындау қажет:

1. Егер диогностикалық ақпарат дисплейі 2-деңгейде қолданса, онда тышқанмен F-5 батырмасын басып, «ets» менюін таңдау қажет. Бұл монитор опцийға кіруге жол ашады

Сурет

 

2. Монитор режимінің белсенділігін арттыру үшін монитор (F 1) батырмасын басу керек («Монитор»)

Сурет

3. Параметрді (өлшемдерін) анықтау үшін «Specif» батырмасын басу керек

(техникалық сипаттамсы) (F 5).

Сурет

4.«2005» - қозғалтқыштың жылдамдығы жайлы деректерді қарап шығуға мүмкіндік беретін параметр. Процедураны жалғастыру үшін «2005»-ті теріп,

«Enter» батырмасын басамыз.

Сурет

 

5. Мәліметтер жолы өзгеріп, онда қозғалтқыш жылдамдығының мәні шығады.

Сурет

Егер тепловоз, тепловоз параметрлерін бақылау мониторымен (LDM) жабдықталған болса, онда қозғалтқыштың жылдамдығын келесі тәртіппен тікелей тепловозда тексеруге болады. Ол үшін төмендегі іс-әрекеттерді орындау қажет:

1. Қозғалтқыштың жылдамдығын тексеру үшін монитор режимінің белсенділігін арттыру қажет, ол үшін менюдің батырмасын «Тепловоз мониторы» (F1) батырмасын басу қажет:

Сурет

2. Қозғалтқыштың жылдамдығы туралы деректер экранның оң жағында

«Engine RPM» («Скорость двигателя об/мин) жазуының астынан шығады.

Сурет

Қозғалтқыштың жылдамдығы туралы стандартты деректер төменде келтірілген, бірақ бұл сіздің тепловозыңыздың техникалық сипаттамаларына байланысты, келтірілген деректерден өзгеше болуы мүмкін.

11-сурет

Жанармайдың берілуін бақылау терезесі.

Қозғалтқышты іске қосу постының қасында орналасқан жанармайдың берілуін бақылайтын бақылау терезесін төмен қысымды жанармай жүйесінің күйін анықтау үшін қолдануға болады.

Жанармайдың берілуін бақылау терезесі, жанармай тұтыну өлшеуіш орнына қолданылатын, жанармайдың берудің нұсқағышы болып табылады. Артық жанармай, қысымы төмен жанармай жүйесінен реттеуші клапаны арқылы бақылау терезесіне келіп түседі. Содан кейін жанармай багіне қайта құйылады

Бақылау терезесі арқылы көрінетін жанармай ағыны, жанармайды қозғалтқышқа жіберетін сорап, тиісті ретпен жұмыс істеп тұрғанын дәлелдейді. Бақылау терезесі әсіресе жанармайдың азайғанын анықтау үшін ыңғайлы.

 

Қозғалтқыш жанармай сорабы мөлшері ақаулығы Мүмкін себептері
Cөндірілген Cөндірілген Жанармай жоқ    
Cөндірілген Жұмыс істейді Қалыпты ағын Жанармайда көбікшелер бар Сору жағынан ауаның сорылуы
Жұмыс істейді Жұмыс істейді Жанармайда көбікшелер бар    
· Көбікшелердің саны немесе көбіктердің жасалуы қозғалтқыштың айналу жылдамдығы мен жүктемесінің өсуіне қарай көбейіп отырады.

 

Қозғалтқыш сөндірілгенде, бақылау терезесінде пайда болған жанармай, диаметрі 3/8 дюйм болатын, жанармай багіне дренажды тізбекпен қайта оралады.

Ескерту: Қозғалтқыш өшіріліп тұрған кезде жанармайды айдау сорабын қосу үшін машинист кабинасындағы дигностикалық ақпарат дисплейдегі 2- деңгейде TEST (проверка) режимін жандандыру кажет. MANUAL функциясын таңдап (РУЧНОЙ ВВОД) содан кейін SELFTEST 006: FUEL PUMP RELAY (FPR) «САМОПРОВЕРКА 006: РЕЛЕ ТОПЛИВНОГО НАСОСА (FPR)») опциясын таңдау қажет. Сорап іске қосылып, өзін - өзі тексеру уақыты аяқталғанша немесе SELFTEST 006: «САМОПРОВЕРКА 006: опциясынан шыққанда жанармай сорғысы релесінің түйіспелері ажыратылмағанша, шамамен 30 минуттай жұмыс істейді.

 

Жанармай жүйесіндегі сақтандырғыш және қысымды реттеу

Date: 2015-07-01; view: 1129; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию