Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ырық құлақ» симптомын немесе феноменін анықтау





Мақсаты- мойын жалғығын зерттеу, әйел организімінің гормондық қаныққандығын анықтау.

Көрсетулері- етеккірлік циклдің бұзылысы, бедеулік.

Қарсы көрсетулері- етеккір.

Мүмкін болатын асқынулары - жоқ.

Ресурстары- гинекологиялық орынтақ, бір рет қолданатын қынаптық айналар, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, жарық түсіретін шам, анатомиялық пинцет, заттық әйнектер, микроскоп, сабын, орамал, жаялық.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге осы зерттеуді жүргізу қажеттілігін түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз. 2. Әйелдің астына бір рет қолданатын жаялықты жайып, оны гинекологиялық орынтаққа жатқызыңыз. 3. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. 4. Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз. 5. Жеткілікті жарық түсіруді қамтамасыз етіңіз. 6. Қынапқа бір рет қолданатын айнаны енгізіңіз. 7. Айнамен жатыр мойынынын қараңыз. 8. Жатыр мойнының каналына анатомиялық пинцетті 0,5 см тереңдікке кіргізіңіз

және жалғықты алыңыз. 9. Алынған жалғықты заттық әйнекке жұқа қабатпен жағыңыз. 10. Үшбалды жүйе бойынша 10х10 үлкейту кезінде микраскоппен бағалауды

жүргізіңіз.

11. Қынаптан айнаны шығарыңыз. 12. Қынаптық айнаны және анатомиялық пинцетті КҚҚ салыңыз. 13. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды КҚҚ салыңыз. 14. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз. 15. Құжаттарға жазба қалдырыңыз.

 

Ескерту. «Қырық құлақ» симптомы немесе феномені (арборизация тестісі)- мойын жалғығын кептіру кезінде кристалдар пайда болу қабілеттілігіне негізделген. Кристалданудың себебі жалғықтың физико-химиялық қасиеттерінің өзгерістерін эстрогендердің әсерінен деп санайды (натрий хлоридтің полисахаридтермен, коллоидтармен және муцинмен, жалғықтың рН-мен қарым-қатынасы).

 

Тест үшбалды жүйемен бағаланады:

1) 1 балл (+) - ұсақ кристалдар анық емес суретімен жеке сабақтар күйінде;

2) 2 балл (++) - ашық суретімен анық көрінген жапырақ;

3) 3 балл (+++)- «қырық құлақ жапырықтарына» салынған тармақтары 90о бұрышқа қарай қалың сабақтарымен таралған қатқыл кристалдар.

Қырық құлақтың ашық симптомы немесе феномені овуляция фазасында эстрогендердің ең көп өнімімен байланысты. Циклдің лютеинді фазасында бұл симптом немесе феномен бірте-бірте жоғалады, етеккір алдында жалғықтың кристалдануы болмайды- 0 балл (-).

 

 

Date: 2015-07-01; view: 1426; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию