Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Информатика» пәнінен оқу бағдарламасы





Түсінік хат

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

2. Оқытудың мақсаты информатика және қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйелеу арқылы ақпараттық құзіреттілікті қалыптастыру, әр түрлі ақпараттарды өңдеудің қарапайым бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдылары, алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін дамыту, программалау тілдерінің бірімен, модельдеу қағидаларымен танысу болып табылады.

3. Оқыту міндеттері:

1) ақпарат туралы түсінікті қалыптастыру;

2) есептеу техниканың және телекоммуникацияны негізгі құрылғылары пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

3) ақпараттық модельдеу, модельдеу әдістерін қолданатын негізгі салалар туралы мағлұмат беру;

4) программалау тілінде негізгі базалық алгоритмдік құрылымдарды пайдалана білуге үйрету;

5) ақпараттарды өңдеу бойынша ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуге дағдыландыру;

6) жобалық іс-әрекетте ақпараттық технологияларды пайдалану тәжірибесін алу;

7) алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы оқушылардың логикалық, математикалық, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

8) қауіпсіздік техника ережелерін, ақпараттық этика және құқық нормаларын сақтау дағдыларын қалыптастыру;

9) оқушыларды ақпараттық мәдениетке және техникаға ұқыпты болуға тәрбиелеу.

4. Информатика пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1) 5 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

2) 6 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

3) 7 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

4) 8 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

5) 9 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

5. Информатика курсын оқыту үдерісінде басқа оқу пәндерімен пәнаралық байланыстар жүзеге асады.

6. Математика пәнімен пәнаралық байланыс:

1) сандық, мәтіндік және графикалық ақпараттарды кодтау жасағанда сандық деректер типі туралы мағлұматты пайдалану;

2) калькулятор арқылы есептеулер жүргізу;

3) графикалық редактор және электрондық кесте арқылы функциялардың графиктерін салу.

7. Алгебра пәнімен пәнаралық байланыс:

1) үдерістерді автоматтандыру үшін функция, формулалар, салыстыру операцияларын пайдалану;

2) электрондық кесте арқылы есептеулер орындағанда математикалық білімдерін пайдалану;

3) стандартты функциялармен амалдар орындағанда әртүрлі есептеулер ережелерін пайдалану;

4) кестелік процессорда графиктерді салғанда координаталық жүйені пайдалану;

5) есептер шығарғанда қолданылатын амалдарды іске асыру мақсатында негізгі кезеңдерді анықтау үшін математикалық логика элементтерін пайдалану;

6) математикалық объектілерді зерттегенде ақпараттық көзқарасты пайдалану;

7) программалау тілінде суреттерді салу үшін координаталық жүйені пайдалана отырып алгоритмдерді өндеу.

8. Геометрия пәнімен пәнаралық байланыс:

1) векторлық графика объектілерін құруда геометриялық фигуралармен жұмыс істеу тәсілдерін қолдану;

2) әртүрлі құрылымдағы алгоритмдерді программалауда планиметрия формулаларын қолдану;

3) геометриялық объектілерді модельдеу, геометриялық композицияларды құру.

9. Физика пәнімен пәнаралық байланыс:

1) компьютердің архитектурасын, ақпаратты кодтау, санау жүйелерін, логика элементтерін қарастырғанда электр тоқ саласынан білімге тірек жасау;

2) дыбыстың, бейненің және графиктің физикалық мәніне бағдар жасау;

3) физикалық үдерістерді модельдеу үшін ақпараттық технологияларды және программалау тілдерін пайдалану;

4) алгоритмдерді өндеуде физикалық есептерді қарастыру;

5) дербес компьютердің құрылымының жұмыс істеуінің физикалық принципі.

10. Қазақ, орыс және шетел тілдерімен пәнаралық байланыс:

1) информатика терминдерімен сөздік қорды байыту;

2) мәтіндік материалдарды рәсімдегенде орфография және пунктуация ережелерін пайдалану;

3) мәтіндік процессормен жұмыс істегенде ұлттық халық ауыз әдебиетімен байланысты мәтіндерді пайдалану;

4) жоба қорғау барысында, жарыс сөздер және ауызша жауаптарда сөйлеу мәдениетін дамыту;

5) операциялық жүйелерді және программалау тілін меңгеру барысында ағылшын тілін пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

6) программалау тілінің синтаксисін түсіну, компьютерлік технологияларды меңгеру, кең таралған әдебиеттерге еркін қол жетімдік;

7) телекоммуникациялық ресурстар ағылшын тілін меңгеру құралы ретінде қарастыру.

11. Биология пәнімен пәнаралық байланыс:

биологиялық үдерістерді кестелік процессор және программалау тілі арқылы модельдеу.

12. Химия пәнімен пәнаралық байланыс:

химиялық үдерістерді кестелік процессор және программалау тілі арқылы модельдеу.

13. Тарих пәнімен пәнаралық байланыс:

дербес компьютердің құралдарының дамуы мен шығуы және ақпараттарды өндеу әдістері.

14. Бейнелеу өнері пәнімен пәнаралық байланыс:

1) жалпы ақпараттық мәдениет элементі ретінде эстетикалық көзқарасты қалыптастыру;

2) мәтіндік және графикалық редакторларын оқу барысында қазақ және басқа халқының бейнелеу өнерінің элементтерін пайдалану.

15. Сызу пәнімен пәнаралық байланыс:

мәтіндік және графикалық редакторларын оқығанда ұлттық және басқа халқының бейнелеу өнерінің элементтерін пайдалану.

16. Технология пәнімен пәнаралық байланыс:

1) есептеулерде және шамаларды өлшегенде алгоритмдерді пайдалану;

2) ақпараттық іс-әрекет технологиясын меңгеру.

ИНФОРМАТИКА

5-сынып (барлығы 34 сағ, аптасына 1 сағ)

Тақырыптар атауы Сағат саны Мерзімі
  Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.    
Ақпарат және ақпараттық үдерістер (3 сағат)  
  Информатика. Ақпарат.    
  Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері. Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі    
  Ақпаратты өңдеу. Практикалық жұмыс.    
Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы (11 сағат)  
  Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері    
  Пернетақта. Пернелер тобы.    
  Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі    
  Операциялық жүйе ұғымы    
  Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері.    
  Файлдар, бумалар және белгішелер.    
  Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту    
  Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою.    
  Алмасу буфері. Практикалық жұмыс    
  Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.    
  Жарты жылдық бақылау жұмысы    
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (19 сағат)  
  Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау.    
  Графикалық редактордың сурет салу құралдары.    
  Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс.    
  Графиктік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау), баспаға дайындау. Баспадан шығару.    
  Графикалық редактормен жұмыс. Практикалық жұмыс    
  Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі.    
  Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту.    
  Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу.    
  Мәтінді редакциялау және пішімдеу    
  Мәтін үзінділерімен жұмыс.    
  Мәтінмен жұмыс. Практикалық жұмыс    
  Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу.    
  Практикалық жұмыс. Аралас құжаттарды құру.    
  Сандық ақпаратты өңдеу. Калькулятор.    
  Дыбыстық ақпаратты өңдеу. Фонограф. Ойнатқыш.    
  Сандық ақпараттармен жұмыс. Практикалық жұмыс    
  Жобалық іс-әрекет    
33-34 Жылдық бақылау жұмысы    

ИНФОРМАТИКА

6-сынып (барлығы 34 сағ, аптасына 1 сағ)

 

Тақырыптар атауы Сағат саны Мерзімі
  Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.    
Ақпарат және ақпараттық үдерістер (4 сағат)
  Информатика. Ақпарат. Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері    
  Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі. Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпарат қасиеті.    
  Ақпаратты сығу. Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар    
  Практикалық жұмыс    
Компьютер (2сағат)
  Есептеу техникасының даму тарихы    
  Электронды-есептеуіш машиналардың кезеңдері;компьютерлік техниканың даму үрдісі.    
  Алгоритмдеу және модельдеу (8 сағат)  
  Алгоритм және оның атқарушылары    
  Алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар.    
  Алгоритм типтері. Сызықтық алгоритмдер    
  Тармақталу алгоритмдер    
  Циклдік алгоритмдер    
  Модель, нақты объектің қасиеттерін бейне ретінде көрсетеді.    
  Модельдер түрі.    
  Жарты жылдық бақылау жұмысы    
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (15 сағат)
  Мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі, құжаттарды құру және сақтау, мәтінді пішімдеудің негізгі әдіс-тәсілдері;    
  Қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар;    
  Нөмірленген және маркерлеген тізімдер;    
  Бағандар, беттердің параметрлері, жиек, алдын ала қарау, құжатты баспадан шығару;    
  Кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау    
  Кесте ішіндегілеріне енгізу және пішімдеу;    
  Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру;    
  Суреттер мен жазуларды пішімдеу;    
  Практикалық жұмыс    
  Программа интерфейсімен танысу, презентациялар;    
  Мультимедиялық презентациялардың конструкторы;    
  Презентацияларды құру, безендіру шаблондары,    
  Мәтінді құру, кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру;    
  Анимация әсерлерін баптау, презентацияларды көрсету.    
  Практикалық жұмыс    
Телекоммуникация (2 сағат).
  Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Ауқымды ақпараттық желілер.    
  Интернетте ақпаратты іздеу. Электрондық пошта.    
Жобалық іс-әрекет (2 сағат)
  Қорытынды жобаларды әзірлеу    
  Жылдық бақылау жұмысы    

Сынып

(барлығы 34 сағ, аптасына 1 сағ)

Тақырыптар атауы Сағат саны Мерзімі
  Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру    
  Ақпарат және ақпараттық үдерістер (3 сағат)  
  Ақпарат. Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері. Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі. Ақпарат қасиеті. Әлемнің ақпараттық бейнесі.    
  Компьютерде ақпараттарды ұсыну тәсілдері.    
  Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау. Кодтан шығару.    
       
  Компьютер (3 сағат)  
  Компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі. Жады    
  Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі. Операциялық жүйе ұғымы және оның атқаратын функциясы.    
  Есептеу техникасының даму тарихы. Электронды-есептеуіш машиналардың кезеңдері.    
  Алгоритмдеу және программалау модельдеу (9 сағат)  
  Программалау – алгоритмді формальды жазу тәсілі. Алфавит.    
  Программалау тілінің синтаксисі    
  Айнымалылар типтері. Программа құрылымы.    
  Арифметикалық өрнектерді жазу ережесі    
  Сызықтық алгоритмдерді программалау    
  Енгізу және шығару операторлары    
  Меншіктеу операторы    
  Практикалық жұмыс    
  Жарты жылдық бақылау жұмысы    
Ақпараттық модельдеу (2 сағат)
  Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті    
  Әр түрлі білім салаларының мысалдарында модельдерді зерттеу    
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (14 сағат)
  Компьютерлік графика түрлері    
  Векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу бойынша программалары, графикалық файлдардың пішімі    
  Векторлық графика    
  Векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі    
  Фигураларды салу, векторлық объектілермен қарапайым амалдар қисықтарды редакциялау    
  Мәтін, мәтіндік блоктар құру    
  Растрлық графика    
  Растрлық графиканы өңдеу бойынша программа интерфейсі    
  Растрлық бейнелердің параметрлері    
  Растрлық бейнелермен жалпы жұмыс жасау тәсілдері    
  Түстер, салу құралдары, аймақтарды ерекшелеу    
  Ерекшеленген аймақтармен жұмыс    
  Қабаттар, мәтінмен жұмыс    
  Практикалық жұмыс    
Жобалық іс-әрекет (2 сағат)
  Қорытынды жобаларды әзірлеу    
  Жылдық бақылау жұмысы    

Сынып

(барлығы 34 сағ, аптасына 1 сағ)

Тақырыптар атауы Сағат саны Мерзімі
  Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру    
Ақпарат және ақпараттық үдерістер (7 сағат)
  Санау жүйелері (екілік, сегіздік, ондық, он алтылық)    
  Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне аудару    
  Екілік арифметика    
  Логика және логикалық операциялар    
  Ақиқат кестелері    
  Компьютердің логикалық негіздері    
  Практикалық жұмыс    
Компьютер (2 сағат)
  Қазіргі заманғы дербес компьютердің архитектурасының даму үрдісі.    
  Компьютердің қосымша құрылғылары, қосымша құрылғыларды орнату, драйверлер    
Алгоритмдеу және программалау (10 сағат)
  Тармақталу операторлары    
  Күрделі шарттар    
  Шартты көшу операторлары. Шартсыз көшу операторлары    
  Циклдік алгоритмдер    
  Жарты жылдық бақылау жұмысы    
  Циклдік алгоритмдерді программалау    
  Тура және кері есепшоты бар циклдер    
  Циклдің алғы шарты    
  Циклдің ілесу шарты    
  Практикалық жұмыс    
Ақпараттық модельдеу (2 сағат)
  Компьютерде модельдерді зерттеу    
  Модель жасаудың негізгі кезеңдері    
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (8 сағат)
  Электрондық кестелер    
  Кестелік процессордың терезе интерфейсі, электрондық кестелердің негізгі ұғымдары    
  Деректерді енгізу    
  Редакциялау және пішімдеу, толтыру маркері, формулаларды енгізу    
  Абсолюттік, салыстырмалы және аралас сілтемелер    
  Функциялар, стандартты функцияларды пайдалану    
  Диаграммаларды құру, кестені баспаға дайындау    
  Практикалық жұмыс    
Телекоммуникациялар (2 сағат)
  Компьютерлік байланыстың міндеті, компьютерлік желілердің негізгі ұғымдары, жергілікті желі, ауқымды компьютерлік желі    
  Интернет ресурстарына қол жетімдік, Интернет қызметтері    
Жобалық іс-әрекет (2 сағат).
  Қорытынды жобаларды әзірлеу    
  Жылдық бақылау жұмысы    

Сынып

(барлығы 34 сағ, аптасына 1 сағ)

Тақырыптар атауы Сағат саны Мерзімі
Кіріспе  
  Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру    
Ақпарат және ақпараттық үдерістер (2 сағат)
  Компьютерлік желілерде ақпараттық қауіпсіздік    
  Ақпаратты қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы.    
Компьютер (1 сағат)
  Қазіргі заманғы программалық қамтамасыз етулер және оның даму үрдісі. Қызметтік программалар    
Алгоритмдеу және программалау (16 сағат)  
5-6 Алгоритм, блок-схема, алгоритм типтері.    
7-8 Көмекші алгоритм    
9-10 Программалау тілі    
11-12 Стандартты функция.    
13-14 Тармақталу операторы    
15-16 Салынған циклдер.    
  Символдық жолдар    
  Символдар бойынша жолдарды өндеу    
  Символдық жолдармен жұмыс істеуге арналған функция.    
  Тест жұмысы    
Ақпараттық модельдеу (3 сағат)
  Компьютерлік модельдеу, есептеу эксперименті    
  Программалау тілі арқылы модельдер жасау    
  Сынақ жұмысы    
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (9 сағат)
  Деректер қоры, деректер қорының құрылымы, деректер қорының кестесі    
25-26 Кестелік процессор құралдарымен деректер қорының кестесін құру, іздеу амалдары. Сұрыптау. Қорытынды мəнін шығару.    
  Видео ақпаратты өндеу, видео файлдардың пішімі.    
  Видеоны құру жəне өңдеу бойынша программалары. Программа интерфейсі.    
  Жобаны құру, ашу, сақтау, фильмді көрсету.    
  Видео монтажы.    
31-32 Анимациялар жəне визаулды əсерлер.    
Жобалық іс-әрекет (2 сағат)
  Қорытынды жобаларды әзірлеу    
  Жылдық бақылау жұмысы    

 


 

Date: 2016-07-22; view: 860; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию