Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Түсініктеме хат





Көшетжай орналастыратын ауданның климаттық жағдайы

Көшетжайға орналасқан ауданың сипаттамасы

Балкашино — ауыл, Ақмола облысы Сандықтау ауданының орталығы. Облыс орталығы Көкшетау қаласынан оңтүстікке қарай 108 км жерде, Жабай өзенінің оң жағалауында, қоңыржай-агроклиматтық белдемде орналасқан.

 

Жер бедері

Рельефтің күрделілігі, геологиялық құрылым, ағаш-бұталы өсімдіктердің біркелік болмауы және басқа да факторлар әртүрлі топырақ жамылғысының болуын көрсетеді.

Қарағайлы ормандардың астында қоңыр орман топырақтары кеңінен жайылған, ұсақтопырақты-тасты және граниттің жел қаққан қатты-тасты құмды, кварцитті-сортаңды және басқа да көне жел қаққан қабаттарынан орын алған. Қоңыр орман топырақтары үшін генетикалық қабатында әлсіз түрленген, қуаттылығы аз 20-40 (80) см, қоңыр түсі және топырақ құрушы түрлерінен қалған қасиеттері бар. Ұсақ таулы тастардың болуы және механикалық құрамының жеңіл болуы жоғары су өткізгіштік қасиет береді сонымен қатар ауамен тыныс алуы да жоғары. Қарағай алқаағаштары астындағы органикалық заттардың шіруі және қара топырақтануы арқасында қуаттылығы аз, 3-5 (10) см гумусты қабатты орман төсенішінің құрылуына себеп болады. Зерттелетін аймақтың қоңыр орман топырақтарындағы басты топырақ құрушы көзі болып күлгіндену және сұрлану жағдайы жатады, олар әсіресе кварцитті-сортаңды және көне жел қаққан қабатында байқалады.

Көкшетау обл. Сандықтау ауд. қара топырақтар үлкен кеңістікті алып жатыр, олардың қалыптсуы тік белдеуге байланысты. Таулы жоталардың ормансыз аумақтары және ұсақ шоқылы төбешіктерде жартылай дамыған қара топырақтар алып жатыр.

Қарағайлы-қайыңды ормандардың астарында қою-сұр орман топырақтары кездеседі. Олар әсіресе Көкшетау тау жотасының жел қаққан көне қабаттың қуатты делювиалды саздақты шөгінділерінде кездеседі. Қою-сұр орман топырақтары қарағай, қайың және балқарағайдың өсуі үшін жағымды топырақтар болып саналады.

Шоқы аралықтарындағы кеңістіктің топырақтары сортаңды кешенмен жайылған. Орманнан шыққан топырақтарда орманның жаңғыруы болмаса далаға айналу нәтижесінде шымның қалыптасу үрдісі күшейеді және олар өзінің орман өсу жағдайы бойынша орман топырақтарынан ерекше болады.

Орманның ойдағыдай өсуі үшін топырақтың ылғалы жеткілікті болуы шарт. Бірақ топырақ ылғалы артық та, кем де болмай, біркелкі болғаны дұрыс. Топырақ ылғалы тым артық болса, ол орманға су зиянды ықпалын тигізеді, егер орманға су тұрып қалып, ұзақ мерзімге дейін кеппей тұрса, жас ұрықтар өнбей қалады, ал өнгенінің тамырлары мезгілсіз шіріп кетеді. Топырақ тым құрғақ болса, ағаштың тамыр жүйесі ылғалға зәрулік етеді. Мұндай топырақта күл элементтері мен азот мол болғанымен ағаш тұқымдары қурап кетеді. Топырақтың ылғалы кенет өзгеріске ұшыраса, орманның өсуіне зиянды әсерін тигізеді, кейде орман ағаштарының құрып кетуіне әкеліп соқтырады.

Әр түрлі ағаш тұқымы ылғалды әр түрлі мөлшерде қажет етеді және топырақ ылғалында болған өзгерісті бірі тез, екіншісі баяу сезеді. Қандай ағаш тұқымы болмасын, өскен топырағының ылғалының аз – көбіне үйлесіп кетпесе жақсы өспейді, кейде тіпті құрып кетеді.

 

Ауа-райы

Бұл ауданның ауа-райы континентальды – қысы ұзақ әрі суық және жазғы уақытын ыстық күндері қысқа. Ауа райының сипаттамасын келесі кестеден көруге болады (1-кесте):

Кесте 1 – Ауа райының көрсеткіштері.

Реттік Саны Көрсеткіштердің атаулары Күндері және көрсеткіші  
     
  Ауаның температурасы: орташа жылдық абсолюттік жоғары абсолюттік төмен   +2,20С шілдеде + 410С қаңтарда - 510С
  Жыл сайынғы жауын-шашын мөлшері  
  Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы 131 күн
  Көктемдегі кеш үсіктер 18 мамыр
  Күздегі ерте үсіктер 27 қыркүйек
  Көлдердің қатуының орташа көрстекші 15 қараша
  Су еруінің басталуы 10 сәуір
  Қар жамылғысы: қуаттылығы пайда болу уақыты ормандағы қар кету уақыты   32 см 15 қазан 15 сәуір
  Топырақтың қату тереңдігі 192 см
  Желдердің басымдылығының көрсеткіші қыста көктемде жазда күзде   ОБ ОБ ОБ ОБ
  Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 55-82 пайыз (мамыр-маусым)

 

Ауа температурасының жылдық амплитудасы орташа есеппен 80-900С құрайды. Шілдеде температура +410С дейін көтерілуі мүмкін. Ал ең суық күні кейбір жылдары - 510С дейін төмендейді. Жылына 379 мм жауын-шашын түседі, оларды ең басым мөлшері биік таулы аудандарға келеді. Топырақтың көктемде және жаздың басында тез құрғап кетуі жауын-шашынның аз түсуі және құрғатқыш желдердің көп болуына байланысты. Күзгі уақыттарда жауын-шашын аз болса және қар аз болған уақыттарды аяздан топырақтардың жарықшағы пайда болуы мүмкін.

Орташа жылдық ауа температурасы 0,8 ден 2,20С-ға жетеді. Қысы қарқынды аязды ауар райымен ерекшеленеді. Ең суық айларының орташа температурсы – қаңтар мен ақпанда -18,4 -17,40С-ді құрайды. Температураның ең төменгі көрсеткіші - 510С-ға дейін. Қысқы айларының орташа температурасы тұрақты емес, кейбір жылдары өз нормасынан ауытқуы да болуы мүмкін, олардың ауытқуы кейде ± 7-80С жетуі мүмкін. Кей уақыттары оңтүстіктен келген жылы ағымдарының әсерінен температураның көтерілуі байқалады, соның әсерінен қысқы уақытта жылыну құбылысы байқалуы мүмкін. 00С-ден өтудің орташа мерзімі көктемде 7-12 сәуір, күзде 21-25 қазан. Алғашқы үсік күзде орташа есеппен 21-27 кыркүйекте байқалады, ал соңғы үсік 18 маусымда. Жылы күндерінің орташа ұзақтығы 111 күннен 131 күнге дейін созылады ең жылы айы шілде, бұл айда ең жоғарғы температура 40-410С жетуі мүмкін. Салыстырмалы ылғалдылықтың ең төменгі көрсеткіштері мамыр –маусым айларында (54-56 пайыз) байқалады, ал ең жоғары көрсеткіштері қысқы уақытта: 83-84 пайыз. Ылғалдылығы 30 пайыздан төмен күндерінің саны жылына 30 күнге жетеді.

Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 379 мм құрайды. Ауа-райы және табиғат жағдайына Көкшетау обл. Сандықтау ауд. Балкашино басым әсер етеді. Бұл жағдай абсолютті биіктік қана емес рельефінің бөлшектеліп орналасуынан да туындайды. Жауын-шашынның басым бөлігі (78-81 пайызы) жылы мерзімде – сәуір мен қазан айларының арасында түседі ең жоғары көрсеткіші шілде айына келеді. Жауын шашын күндерінің жалпы саны 10-12 күнді құрайды, кейбір жылдары айына 20-25 күнге жетуі мүмкін. Жазда жауын-шашын нөсерлетіп жауады және найзағай және градпен ұласуы мүмкін.

Қар жамылғысы ашық жерлерде де орманда да біркелкі жайылмайды. Алғашқы қар әдетте қазан айының екінші декадасында түседі, бірақ жылудан тез еріп кетеді. Қалыпты қар жамылғысы алғашқы қар түскеннен кейін 20-25 күннің ішінде қалыптасады. Орташа есеппен 7-14 қарашада, орташа тәуліктік температура - 50С жеткен кезде қалыптасады.

Қар жамылғысы Көкшетау обл. Сандықтау ауд. Балкашино ауылы аймағында орташа есеппен 32 см, ал кейбір жылдары 53 см. дейін жетуі мүмкін. Көктемдегі қар еру суық мерзімде де жүре береді (орташа тәуліктік - 100С болғанда), бірақ алғашында баяу ериді.

Жел режимі жыл бойына оңтүстік-батыстан басым соғып отырады (52 пайыз), желдің орташа жылдық жылдамыдығы 3,2-5,3 м/с. Қысқы уақытта желдің соғуы орташа жылдық соғыуына қарағанды жоғары болуы мүмкін (20 пайызға дейін), ол боранның соғуына әкеліп соғады (30-40 күндей). Ақпан мен наурыз айларында боранның ең басым соғу уақыты анықталған (99 пайызы).

Бұл уақытта желдің соғуы көбіне 15 м/с асып түседі, кейде 30 м/с жетуі мүмкін. Жылы кезеңде құрғақ желдердің жылдамдығы 6-10 м/с байқалады және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 20 пайыздан кем емес. Жазғы уақытта буланыдың мөлшері жауын-шашынның мөлшерінен асып кетеді. Құрғақ уақыттың тағы бір жағымсыз әсері қуыңшылықтың болуы, құм-шаң дауылдар топырақты құрғатып жіберуі мүмкін.

Жалпы алғанда ауа-райы жағдайы ағаш-бұталы өсімдіктерінің өсуі үшін қатал болып саналады.

 

Date: 2016-07-05; view: 910; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию