Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жалпы ауданы: 20,12 га





 


1.2.1 Питомниктің пайдалы ауданын есептеу

 

 

Питомниктің пайдалы ауданы өндірістік бөлімдерден – сеппе, тікпе, аналық плантация, кесінділерді тамырландыру бөлімдерінен және т.б парлы танаптар мен сидертты танаптардан тұрады.

Ауыспалы егіс таңдағанда көшет материалын аз ауданда өсіретін схема таңдаған жөн. Сондай-ақ пар, шөптесін, ауыл шаруашылық дақылдар алатын танаптардың көлемі пайдалы ауданның 50%-дан артық болмауы тиіс.

Ауыспалы егістер жай немес шөпті болады. Саны бойынша ауыспалы егістер 3- 4-тен бастан 10-12 танапты болауы мүмкін. Бір танаптың көлемі өндіруші ауданды бөлу арқылы (кесте 1 және 2) таңдалған ауыспалы егіс схемасында өсірілетін өнімдер танап бойынша анықталады.

Пардан кейін әдетте қылқандылардан – қарағай, шырша, балқарағай, сондай ақ – жапырақтылардан – қайың, жөке, яғни алғашқы өсу жылында әлсіз және ұсақбекінетін және құнарлы топырақты қажет ететін түрлер себіледі.

Сеппе, тікпе және басқа да бөлімдердің пайдалы аудандарын есептеу түрлі схемалар бойынша келтіріліп, таңдау туралы қорытынды жасалады.

 

Сеппе бөлімінің пайдалы ауданын есептеу

 

1 мысал. 7 танапты парлы жүйені пайдаланып, сеппелер келесідей орналастырылады

-1 танап –пар

-2 танап – үшқат 1ж

-3 танап – үшқат 2ж

-4 танап – шөптанап (жоңышқа)

-5 танап – шөптанап (бедеге)

-6 танап – к.қарағай 1ж +қайың 1ж

-7 танап – к.қарағай 2ж + қайың 1ж.

Осындай ауыспалы егіс схемасы бойынша бір танап ауданы 1 және 2 жылдық сеппелердің алып жатқан барлық өндіруші ауданын 2 танапқа бөлу арқылы анықталады (1 кестенің 8 бағаны) (4 га: 4 = 1 га).Бұл жағдайда 1 жылдық сеппелер (долана) 2 жылдық сеппелермен бірге орналастырылады. Сеппе бөлімнің пайдалы ауданы 1га х 8 = 8 га-ды құрайды.

 

Тікпе көшеттер және тікпе кесінділердің пайдалы ауданы

 

Аталған бөлімде топырақ күту жұмыстары сирек жүргізіледі, топырақ құрылымы аз зақымдалғандықтан жай парлы ауыспалы егістер қолданылады. Бір танап парға бөлініп, қалғандары өсіру жылдары бойынша көшеттер өсіруге бөлінеді. Әдетте тікпе бөлімде танап көлемі жыл сайын отырғызылатын ауданға (10 кестенің 2-ші бағаны) тең, ал танаптар саны көшет өсіру жылынан 1 танапқа көп.

Осылайша, № 3 ағаш түріне парлы ауыспалы егіс енгізгенде тікпе бөлімдегі пайдалы аудан көлемі 0,84 · 4 = 3,36 га-ды құрайдв, ал № 6 ағаш түрінің тікпе кесінділері үшін – 0,21 · 3 = 0,63 га-ды құрайды.

Курстық жобаның берілген тарауында тікпе бөліміндегі бір танап және пайдалы аудан тек осы схемамен көрсетіледі: «№ 6 ағаш түрінің тікпе кесінділер бөлімі үшін жай танапты ауыспалы егіс таңдалды: 1 –ші танап – пар; 2-ші танап – көшеттердің 1-ші жылы; 3-ші танап – көшеттердің 2-ші жылы. Бір танап көлемі – 0,21 га. Пайдалы аудан – 0,21 х 3 = 0,63 га».

 

Тамырланған кесінділер бөлімінің пайдалы ауданы

 

Жай парлы ауыспалы егіс схемасы қолданылады. Бір танаптың көлемін есептеу үшін жыл сайын кесінділер отырғызу ауданын (2-ші кестенің 10 бағаны) кесінділер орналасқан танаптар санына бөлу керек (3 танапты парлы ауыспалы егісте -2; 4 танаптыда - 3). № 3 ағаш түрінің пайдалы ауданын біздің мысалымызда 0,84х4 = 3,36 га құрайды, ал № 5 а тікпе кесінділердің пайдалы ауданы - 0,42 х 3 = 1,26 га.

Кесінді тікпелерді өсіру жылы 2 болғандықтан, жай парлы ауыспалы егіс қабылданған: 1 танап – пар, 2 танап – 1 жылдық көшет, 3 танап –2 жылдық көшет. Бір танаптың алатын көлемі - 0,42га, пайдалы аудан – 0,42х3 = 1,26.

Орман питомниктерінде ағаш өсімдіктер мектебі, тікпе кесінділер, кесінділер бөлімдері өз алдына жеке бола алады. Бір ауыспалы егіс жүйесіне біріктірілуі мүмкін. Біздің мысалымызда біріктірілген 4 танапты ауыспалы егістің схемасы:

1 танап – №3 ағаш түрінің 1 жылдық көшеттері (0,84 га), № 5 ағаш түрінің кесінді 1 жылдық көшеттер (0,21 га); № 5 тамырланған кесінді көшеттер (0,26 га)

2 танап – №3 ағаш түрінің 2 жылдық көшеттері (0,84 га); № 5 ағаш түрінің кесінді 2 жылдық көшеттер (0,21 га); № 5 тамырланған кесінді көшеттер (0,26 га)

3 танап – №3 ағаш түрінің 3 жылдық көшеттері (0,84 га); № 6 тамырланған кесінді көшеттер (0,21+0,26=0,47 га);

4 танап – пар (1,31 га).

Аталған ауыспалы егіс бойынша танап көлемі 1,31 га, ал пайдалы аудан – 1,31 х 4 = 5,24 га. Көрсетілген бір танап көлемі топырақ дайындау, отырғызылатын көшет материалдарына күтім жасау жұмыстарын жүргізуге ыңғайлы болғандықтан кейінгі есептер үшін осы ауыспалы егістің пайдалы ауданын 5,24 га қолданған жөн.

 

Терек пен талдың кесінді-аналық плантациясы

 

Әдетте плантацияның пайдалы ауданы 4-5 учаскеге бөлінеді, біреуі кесінді дайындау үшін шыбық кесуден демалады. Сондықтан плантацияның барлық ауданы кесілетін ауданнан (3-ші кестенің 10 бағаны) 1/3 немесе ¼ үлкен болуы тиіс. Плантация 5 учаскеден ұйымдастырғанда бір танаптың ауданы 0,26:4 = 0,06 га, ал пайдалы аудан – 0,06 х 5 = 0,30 га құрайды.

Егер плантацияны 4 учаскеден ұйымдастырғанда ауданы 0,26: 3 х 4 = 0,344 га.

Кейінгі есептеулерде аналық плантацияның ауданы 5 учаске, бір танап - 0,06 га, біздің мысал үшін пайдалы аудан- 0,30 га,

 

Питомниктің барлық пайдалы ауданын есептеу

 

Барлық пайдалы аудан пайдалы ауданның барлық өндіруші аудандарын қосқандағы суммасы болып табылады.

Біздің мысалымызда пайдалы аудан:

Сеппе бөлім – 5,54 га,

Тікпе көшеттер және тікпе кесінділер,тамырланған кесінділер– 14,28 га

Аналық плантация ауданы – 0,30 га.

Барлық пайдалы аудан – 20,12 га.

Мәліметтер 4 –ші кестеге толтырылады.

 

Date: 2016-07-05; view: 1010; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию