Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Физикалық география 6 класс 2 page





Билет

Принциптер мен ережелер туралы ұғым. принцип - латын сөзі, қазақша негіз деген сөз. Оқыту принциптері - мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер. Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту принциптеріне сәйкес оқытуға қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды орындаған мұғалім өз еңбегінде жақсы табыстарға жетеді.

Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған Я.А.Каменский. Ол адам табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оқыту да табиғат пен адам тәуелді болатын заңдарға байланысты екенін дәлелдейді. Сондықтан оның пікірінше, оқытудық ең басты принципі - табиғатқа сай болу принципі. И.Г.Песталоцци оқытудың көрнекілік принципін ерекше бағалап, оны логикалық ойлауды дамытатын маңызды құрал деп санаған. К.Д.Ушинский оқытудық халықтық сипатына баса назар аударып, оқытудың принциптерін психологиялық тұрғыдан қараған. Ы.Алтынсарин оқыту ережелерін қазақ мектептеріндегі білім берудің ерекшеліктеріне байланысты қолдану керектігін айтқан.

1927 жылғы педагогикалық энциклопедияда педагогика ғылымы мен мектептің жетістіктері жинақталып, "принцип" сөзіне анықтама берілді: мақсаты, құралды таңдауға негіз болатын ой.

А.П.Пинкевич ұсынған принциптер: оқытудық өмірмен және қоғамдық еңбекпен байланысы; жас ерекшелігі принципін сақтау; оқытудық белгілі бір жас кезеңіндегі оқушылардың даму деңгейіне сәйкес болуы (оқушылардың күш жігерін дамуға жұмсау, жұмыстың жүйелілігі, шығармашылық - қызығушылықтың басты негізі); пән мазмұнының ерекшеліктерін, әдістерін аньщтау. Ол "Оқыту принципін дидактиканың түғырлы ережелері, оқыту процесіне қойылатын негізгі талаптар" - деп тұжырымдалады

Н.Медынский ұсынған принциптер: ғылым негіздерін жүйелі меңгеру; білімді саналы меңгеру; теорияның тәжірибемен байланысы; тәрбие беретін оқыту; оқыту әдістерінің алуан түрі; жалпы және политехникалық білімі.
В.Е.Гмурман ұсынған принциптер: оқытудық саналылығы және белсенділігі; оқытудық көрнекілігі; оқытудық жүйелілігі; ғылым негіздерін берік меңгеру

Талданған оқытудық принциптері оқушыларға берік, жүйелі білім беруге бағытталды.

Оқыту принциптерін аталған педагогтардан басқа М.А.Данилов, М.Н.Скаткин зерттеді.

Зерттеу қорытындылары бойынша И.П.Подласый, Т.Сабыров, т.б. оқыту принциптерінің шарттарын анықтады.
Қазіргі оқытуда саналылық, белсенділік, көрнекілік, жүйелілік, бірізділік, беріктік, түсініктілік, ғылымилық, теория мен тәжірибе бірлігі сияңты принциптер кең қолданылады. Принциптердің талаптары мұғалімнің түрлі ережелерді қолдануы арқылы орындалады

Ережелерде мұғалімге нақты нұсқаулар беріледі. Оларды ғылым жетістіктеріне, өмір талабына сай толықтыруға және түзетуге болады. Принциптер педагогикалық процесті реттеп отырады. Олардың талаптары ережелер арқылы жүзеге асады.

Оқыту принциптері – жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу мақсатына сәйкес, оқыту сипаттарын белгілейтін негізгі жетекші ережелер. Негізгі оқыту принциптері: теория мен практиканың байланысы; тәрбиелік; ғылымилық; жүйелілік; саналылық пен белсенділік; көрнекілік; түсініктілік: Ережелер — белгілі бір мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін жалпы принциптерге негізделген педагогикалық іс-әрекет бейнесі. Әдетте, оқыту ережесі қандай да бір оқыту принципін жүзеге асырудың жекелеген жақтарын ашып көрсететін жетекші қағидалар болып табылады. Оқыту ережелері педагогиканың теория иерархиясында төменгі сатыда орналасады. Бұл теориядан практикаға өтетін бөлік болып табылады. Ережелер оқыту принциптерінен шығады. Принциптер оқыту ережелері арқылы жүзеге асырылады. Ежелден-ақ педагог-ғалымдар ұстаным барысында жоғары және берік нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін оқытудың жалпы принциптерін аныктауға ұмтылды.

Саналылық және белсенділік принципі. Өз бетімен меңгерілген білім санаға жақсы сіңеді. Білімді саналы меңгеруге оқу желісі, өз бетімен жұмыс, белсенділік, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқушының танымдық іс-әрекетін басқару, мұғалімнің әдіс-құралдары көмектеседі. Оқушының өзінің танымдық белсенділігі оқытура аса қажет жағдай және оқу материалын терең және берік түсінуге орасан зор ықпал етеді.
Шарттары:
• жұмыстың нақты мақсаты мен міндеттерін білу;
• түсінікті етіп оқыту;
• танымдық іс-әрекеттің барлық түрлерін қолдану;
• талдау, жинақтау, индукция, дедукция, салыстыру әдістерін қолдану;
• аналогияны жиі қолдану;
• бастауыш сыныпта оқытуды индукциядан бастау;
• оқушыларға әр сөздің, сөйлемнің, ұғымның мағынасын түсіндіру;
• оқушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйену;
• оқушылардың бірін-бірі оқытуы. Дұрыс жауапты бәрі бірігіп табуы, себебі бала өз жолдасының айтқанын жақсы түсінеді. Сондықтан жақсы оқитын оқушыларға сабақ бергізу;
• белгілі мәліметтерді белгісіздерімен байланыстыру;
• ең бастысы, сіз оқытатын пән емес, пән бойынша атқарылатын жұмыстар;
• оқушы факті мен білім арасындағы айырмашылықты көретіндей етіп оқыту;
• әрбір ережеге мысал келтіру;
• негізгіні түсіндіруге назар аудару, қолданылатын мысалдардың санын анықтап алу;
• тек қана беделмен оқыту жеткіліксіз;
• сезімге, ақылға әсер ететін дәлелдермен оқыту;
• оқушыға оқу-танымдық іс-әрекеттің тиімді тәсілдерін үйрету;
• әрбір ережеге мысал келтіру;
• негізгіні түсіндіруге назар аудару;
• оқушыларды сабақтан алаңдататын жағдайларға жол бермеу;
• "Неге?" деген сұрақты көп өойып, оқушыны дамыту;
• дәйекті дәлелдермен оқыту;
• дұрыс оқыту баяндап беру емес, білімді тәжірибеде қолдану;
• оқушылардың қызығушылықтарын зерттеу, дамыту;
• білім-сенімге айналып, іске басшылық ететіндей етіп оқыту;
• баланы өз бетімен ойлауға, жұмыс істеуге үйрету;
• түрлі мәселелерді талдату арқылы шығармашылықты дамытып, танымдық міндеттерді бірнеше тәсілдермен орындату. Шығармашылық тапсырмаларды жиі беру;
• оқушыларға сұрақ қойып, жауаптарын мұқият тыңдау;
• зат құбылыстарды, оқушыларға бақылатып, оларды өз бетмен меңгерулеріне жағдай жасау;
• дидактикалық ойын, пікір талас, ұжымдық шығармашылық істі қолдану.

Билет

Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы курсы – мектептегі аймақтық елтанудың алғашқы курсы. Оқушылардың бастапқы сыныптарда география сабағынан алған біліміне сүйене отырып, құрылықтардың халқы, саяси картасы мен физикалық географиялық ерекшеліктері туралы білім қалыптасады. Бұл курсты оқыту нәтижесінде оқушылар табиғат байлықтарының алуан түрлілігі, жер шарының барлық бөліктеріндегі халықтардың тіршілік жағдайларындағы өзгешіліктерінің себептері туралы білім алады. Сонымен қатар, материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы курсы – оқушыларды түрлі арнайы жалпы географиялық карталармен толықтырады, олармен жұмыс істей білу қабілеттілігін қалыптастырады және арттырады.

Жер бедері, құрылықтағы пайдалы қазбалар және жер қыртысының құрылымы туралы түсініктер жүйесі. Оқушылар әрбір жеке құрылық бетінің жалпы және оның ірі аймақтарының құрылымы, жер шарындағы негізгі бедер нысандарының және материктер мен мұхиттардың бедерінің даму заңдылықтары туралы түсінік болуы керек.

Материктер мен мұхиттар географиясы пәні жер табиғатының жалпы сипаттамасы: мұхиттар, құрылықтар атты тараудан тұрады. Құрылықтар географиясы туралы білім оқушыларға әр алуан елдердің халықтарының өмір сүру ерекшеліктерін, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды түсінуге, білуге көмектеседі. Мысалы, оқушылар Африка материгінің жер бедері туралы өтіп жатқанда, оның Оңтүстік Америка жер бедерінен ерек-шеленуін салыстырмалы ретінде білуіне көмегін көрсетер еді. Материктер мен мұхиттар географиясы курсы – физикалық-географиялық бастауыш курсының логикалық жалғасы болып табылады, Қазақстанның физикалық географиясы курсына табиғи түрде өтеді қамтамасыз етеді.

Жер табиғатының жалпы сипаттамасы. Литосфера жер бедері. Атмосфера және климат. Адам мен табиғат арасындағы өзара ықпал.

1. Табиғаттың адам өмірі мен шаруашылық әрекетіндегі маңызы.

2. Адамның шаруашылық әрекетіне байланысты табиғаттың өзгеруі.

3. Табиғатта адамның өмір сүру жағдайына әсері.

4. Жер табиғатын игеру мен қорғауда халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігі.

5. Жер табиғат кешендері.

6. Географиялық қабықтың құрылымы мен қасиеттері.
Мұхиттар

Аттары, шекаралары, өлшемдері. Мұхитты зерттеудің тарихы. Географиялық орны, жағалаулар, теңіздер, аралдар және олардың пайда болуы. Мұхиттың іргелес жатқан құрылық бөліктерімен өзара ықпалы. Мұхит табиғатының өзге де ерекшеліктері. Шаруашылық игерілуі, Мұхиттың минералды байлықтары. Мұхит суын ластаудан қорғау. Келешекте мұхит суын игеру.
Материктер.

Материктердің физикалық-географиялық орнына сипаттама. Еуразия, Солтүстік және Онтүстік Америка, Африка, Австралия, Антарктида.

- материктердің ашылуы, зерттелу тарихы;

- материктік жер бедерінің қалыптасуы, құрылымы пайдалы қазбалары;

- материктің климат ерекшеліктері, климат түзуші факторлар;

- материктің ішкі сулары; басты өзен және көл жүйелері;

- материктің табиғат зоналары, органикалық әлемі. Материктің ендік зоналылығы және биіктік белдеулігі;

- табиғат қорғау проблемалары;

- халық шаруашылық әрекеті;

1. Материктік және мұхиттық жер қыртысының қасиеттері.

2. Жер бедерінің жер қыртысының құрамына тәуелділігі.

3. Материктегі табиғат зоналарының орналасуы.

4. Табиғат кешендерінің қалыптасуындағы климат пен жер бедерінің ролі.

5. Табиғат кешені, табиғат зонасы, ендік және биіктік зоналығы туралы мәліметтер.

6. Материктің ашылу және зерттелу тарихының негізгі мәліметтері.

7. Ірі өзендер мен олардың климат пен жер бедеріне тәуелділігі.

8. Материктің органикалық дүниесінің өзгешелігі.

9. Халықтың этникалық құрамы және орналасуы.

10. Материктің негізгі климат қалыптастырушы факторлары.

11. Климаттың жер бедері мен ауа массаларының қозғалысы мен байланысты ерекшеліктері.

12. Материктегі ендік зоналық пен биіктік белдеулігінің көрініс ерекшеліктері.

13. Материкті мекендейтін халықтар мен тұрғылықты халықтардың жағдайы.

14. Адам тіршілігі нәтижесі дәрежесіндегі материктегі табиғаттың өзгеруі.

15. Мұхиттардың физикалық – географиялық орнының олардың табиғатына әсері.

16. Мұхиттардың зерттелу тарихы.

17. Әлемдік су айналымы.

18. Дүние жүзілік мұхиттың органикалық әлемінің ерекшеліктері.

19. Дүние жүзі мұхит суының температурасы, тұздылығы, таралу ерекшелігі.

20. Дүние жүзілік мұхит суын қорғаудың қажеттілігі.

Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясынан ұғымдарды қалыптастыру.

Оқып үйренудің тиімділігін арттырудың аса маңызды шарты терең де тиянақты білім беруге, оқушыларды дамыту және тәрбиелеуге – ұғымдарды қалыптастыруға назар аударылуына жету. Ұғымдар кез келген ғылым білімінің, оның ішінде география ғылымы білімнің негізгі бөлігін құрайды. Физикалық география негізін игеру дегеніміз - ең алдымен осы ғылымның ұғымдарын игеру деген сөз. Ұғымдарды білмейінше, обьективті шындықта орын алып отырған байланыстарды, географиялық қабықтың, ірі территориялық табиғат комплекстерінің пайда болуы және даму заңдылықтарын ашуға болмайды, ғылыми көзқарасты қалыптастыруға, оқушылардың курстың негізгі идеясын түсінуіне жетуге болмайды.
Оқу процесін барынша тиімді ұйымдастыру үшін қандай ұғымды, қандай жүйемен ұйымдастыру керектігін және олардың арасында қандай байланыстар және өзара тәуелділіктер болатынын айқын білу керек. Материктер географиясы курсы беретін білім құрамы сан қилы. Негізгі мектепте оқып үйренілетін физикалық географияның жеке салаларына сәйкес, оған жалпы жертану, дербес физикалық-географиялық (геоморфологиялық, климатологиялық және басқалар), физикалық – географиялық елтану, картографиялық ұғымдар системасы енгізілген. Жеке-дара алынып отырған білім системаларының әрқайсысының ұғымдарды түсіндіруінде өзіне тән жолы бар.

Ұғымдар осы системалардың қайсысына жатсын, бір-бірімен белгілі бір қатынаста болады. Сондай-ақ түрлі жүйеге жататын ұғымдар да өзара байланыста болады. Сондықтан да, ұғымдардың меңгерілуіне қарай топтарға бөлінетіндігін ескеру маңызды іс. Ұғымдарды тектік – жетекші меңгеруші ұғымдар; түрлік – бағынышты ұғымдар деп ажыратуға болады. Сондай-ақ мысалы, климатологиялық ұғымдар жүйесінде жетекші ұғымға климатты түзуші факторлар және климат типтері жатады. «Климат түзуші факторлар» ұғымына «Күн радиациясы», «Атмосфера циркуляциясы», «Жер беті төсеніші», «Рельеф» ұғымдары бағынышты болады.

Сонымен қатар, климат түзетін факторлардың әрқайсысына жататын ұғымдарды екінші қатардағы бағынышты ұғымдарға бөлуге болады. Мәселен «Атмосфера циркуляциясы» ұғымы «Атмосфералық қысым белдеуі», «Ауа массалары», «Үстем (аймақтық) желдер» ұғымдарын қоса қамтиды. Екінші қатардағы ұғымды үшінші қатардағы ұғымға да бөлшектеуге болады, мысалы, «Үстем желдер» ұғымы «Пассаттар», «Батыс қоңыржай ендік желдері», «Биік белдеулердің шығыс бағыттағы желдері» дегендерге бөлінеді. Аймақтық желдер турасындағы бұл ұғымдар бағынышты ұғымдарға жатады, өйткені оларды «Үстем желдер» деген бір ұғым біріктіріп тұр. Білімде көрініс тапқан объектілер мен құбылыстарды қамту арқылы ұғымдар жалпы (мысалы, тау) және жеке – регионалды (мысалы, Килиманджаро тауы) ұғымдарға бөлінеді.
Сөйтіп, ұғымдарды мазмұнына, тәуелділігіне және қамтыған объектілеріне, сондай-ақ басқа да белгілеріне қарай, мысалы, қалыптасу дәрежесіне, күрделілігіне қарай бөлуге болады. Осы топтардың бәрін бірдей ескерудің ұғымдарды қалыптастырудың неғұрлым тиімді жолын анықтау – көрнекі құралдарды іріктеу, баяндау үшін зор маңызы бар.

Оқу танымында сезіну мен қабылдау ғылымдағы сияқты бастапқы форма болып саналады, олардың негізінде түсінік болып қалыптасады. Географиялық елес – бұл бір кезде қабылданғанымен қазіргі сәтте сезім мүшелеріне әсер етпейтін географиялық объектілер мен құбылыстардың бейнесін көз алдына елестету. Елестер есте сақталатын және қиялдау елесі болып бөлінеді. Көбін оқушылар өз көзімен көре алмайтын географиялық объектілер мен құбылыстарды оқып үйрететін материктер географиясы курсы үшін қиялдаудың маңызы зор, оқыту процесінде оған ерекше назар аударған жөн.
Материктер географиясы курсындағы елес системасы географиялық қабықта болып жататын объектілер мен процестерді білдіретін жетекші ұғымдармен айқындалады. Ондай жетекші ұғымдар болып: географиялық қабық, табиғат компоненттері, түрлі дәрежедегі территориялық – табиғат кешендері саналады. Жеке материктердің географиялық қабығының түзілуі және даму ерекшеліктерін түсіну үшін оқушылар жинақталған және жеке елесті алуы керек.

Мектеп географиясында негізінен географиялық объектілер мен құбылыстардың орналасу мәселелеріне көңіл аударатын картографиялық елестің маңызы зор. Сондай ақ, уақыт пен мөлшер жөніндегі елестің де маңызы үлкен.

Жаңа географиялық объектіні немесе құбылыстарды елестету үшін оны сол қалпында немесе картадан, диапозитивтен, кескіннен, кинофильмнен т.б. көрсету керек. Географиялық бейнені әсерлі сөз, тартымды әңгіме, географиялық объектілерді суреттеп сипаттау арқылы жасауға болады. Өзінің сезіну тәжірибесін келтірудің, қабылданатын объектіні оқушылардың бұдан бұрын алған түсінігімен, өмір тәжірибесімен салыстырудың маңызы зор.

Картографиялық елестерді қалыптастыру кезінде оқушылардың ақыл қабілетінің барлық түрін – есту, көру, қозғалыс, сөйлеу-ойлау қабілеттеріне сүйенудің маңызы зор және сонымен бірге бұл тәсілдерді түрлі байланыста пайдалану керек, мысалы, объектіні картадан және глобустан көрсету, дидактикалық материалдарды қолдану: картаға шартты белгілерді шаншып қою, бағдармен, сызықшамен көрсету, картинада бейнеленген объектінің картадағы орнын анықтау, кескін картамен жұмыс істеу, объектілердің өзара орналасуын көрсететін кескіндер жасау, объектінің географиялық орны сипатын көз алдына елестету және дауыстап айтып беру, мәселен, мұғалім материктің жер бедерін оқыту кезінде картаға теріс қарап тұрған оқушыға материкте қандай тау, жазық, таулы үстірт бар және олардың материкке қарағандағы орнын, өзара орналасуын айтып беруді ұсынады. Географиялық диктант өткізгенде объектілердің өзара орналасуын түсіндіретіндей сұрақтарды, мәселен, мынадай сұрақтарды көбірек қойған жөн: Бразилия таулы үстірті материктің қай бөлігінде орналасқан? Оңтүстік Америкада экватор қай ойпатты кесіп өтеді? Гвиан таулы үстірті экватордан қай бағытта орналасқан? Елестету көбіне географиялық объектілердің және құбылыстардың сыртқы көрінісі туралы білім береді де, олардың мәнін әрдайым көрсете бермейді. Географиялық заттар мен құбылыстардың елеулі белгілерін немесе тән сипаттарын айқындау ұғымды қалыптастырудың және тұтастай алғандағы оқу процесінің негізгі мақсаты. Ұғымның елеулі белгілерін айқындау және оларды елеусіз белгілерден ажырату, сондай ақ олардың ұғым ретіндегі анықтамасын белгілеу, оқушылардың белсенді ойлау әрекеті арқылы жүзеге асырылады да, логикалық таным құрайды. Ұғымның жасалуы кезінде сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді, сондай-ақ бұрын қалыптасқан тірек ұғымдарды өңдеу жүзеге асырылады. Осыған орай, ойлау құбылыстардың жалпы елеулі қасиеттерін ажыратуға және оларды абстракциялауға, ішкі байланыстарын айқындауға, географиялық процестердің өзгерістері мен дамуын ашуға бағытталады. Алайда, логикалық таным әрқашан нақты сезім танымымен ұштаса отырып, жүзеге асырылады. Ол оқушылардың ойлаудың күрделі операцияларын – талдауды, синтездеуді, абстракциялауды талап етеді.

Материктер географиясы курсында оқытудың мақсаттарына қарай жеке ұғымдармен қатар көптеген жалпы ұғымдар да қалыптасады. Жалпы және жеке ұғымдар біртұтас байланыста қалыптасады. Жалпы ұғымдарды қалыптастыру кезінде жеке ұғымдар жинақталған елестерді қалыптастыру және ұғымның елеулі белгілерін ажырату үшін нақты сезім негізі ретінде пайдаланылады. Оқушылардың ұғымының елеулі белгілерін жақсы меңгеретінін, ал ажыратып түсіндіргенде – елеусіз белгілерін де меңгеретінін психологтар дәлелдеп берді. Мәселен, «тропиктік шөлдер және шөлейттер» ұғымы үшін елеулі белгілерге: температураның жоғарылығы, әсіресе жазда, ауаның тым құрғақтығы, соның салдарынан тұтас өсімдік жамылғысының болмауы, осыған орай өсімдіктер мен жануарлардың шөл климатына бейімделуі, топырағының нашар дамуы, физикалық үгілудің басым болуы жатады. Осы ұғымның елеусіз белгілеріне өсімдік және жануарлар дүниесінің өкілдері: финик пальмасы, кенгуру, түйе, оазистер және басқалар жатады. Елеулі және елеусіз белгілерді ажырату тәсілін алғашқы рет Е.Н. Кабанова-Меллер енгізді және ол бөлшектеуіш абстракция тәсілі деп аталынды. Елеулі және елеусіз белгілерді жинақтау мұның алғашқысын жақсы меңгеруге және елеуліні елеусізбен шатастырмауға мүмкіндік берді.

Ұғымды қалыптастырудың негізгі жолы – индуктивті (жалқыдан жалпыға көшу) және дедуктивті (жалпыдан жалқыға көшу). Мектеп практикасында индукция мен дедукция таза күйінде сирек қолданылады. Көбіне бұл екі тәсіл қатар қолданылады да, оқу материалының мазмұны және педагогикалық жағдайларға байланысты, индукция не дедукция басым түсіп отырады.

Ұғымды қалыптастыру – бұл ұзақ та күрделі жол, ол мұғалімнің басшылығы және оқушылардың өздерінің зор ынтасы арқылы іске асады. Ғылыми таным процесі тәрізді оқушылардың білімді меңгеруі білмеуден білуге қарайғы дәл емес, толық емес білімнен дәл де толық білімге қарайғы қозғалыс болып табылады.

Жалпы ұғымдарды қалыптастыру процесін бірнеше кезеңге бөлуге болады. Материктер географиясы курсы үшін ұғымдарды қалыптастырудың үш кезеңі қарастырылған. Кезеңдерді белгілегенде ұғымдардың сырын ашу дәрежесі, мұғалімнің және оқушылардың іс-әрекеті, қайсы бір оқу жұмыстары тәсілдерінің басым болу жағы, ұғымдарды қалыптастыру жолдары, сондай-ақ ойлау қызметінің тәсілдері ескеріледі.
Бірінші кезең – жаңа ұғымды енгізу, яғни оның елеулі белгілерін ашу. Оқушылардың іс-әрекеті ұғымдардың елеулі белгілерін саналы түсінуі және оны соған ұқсас келетін жағдайда қолдана білу арқылы сипатталады. Мәселен, Африка табиғат зоналарын оқыту кезінде айқындалған тропиктік шөлдер ұғымының елеулі белгілері материктің табиғат аймақтарын қарастыру кезінде қайталанып, пысықталады. Бірінші кезеңде қалыптасқан ұғымды алғашқы ұғым деп есептеуге болады, өйткені қорытынды бір материктің шөлдері жөнінде ғана жасалады және оның белгілері әлі де болса, елеулі және елеусіз деп бөлуге келмейді.
Екінші кезең – ұғымының аумағын кеңейту және ұғымның мазмұнын тереңдете түсу. Бұл кезең келесі материктерді оқып үйренгенде жүзеге асырылады. Бұл бірінші кезеңге қарағанда ұғымдарды ұқсас жағдайларда және жаңа жағдайларда әлдеқайда кең және саналы түрде қолдану арқылы сипатталады.
Әдетте ұғымды қалыптастыру кезінде дедуктивті жол басым болады. Басқа материктердің шөлдерін оқып үйренгенде жүзеге асырылады. Топырақтың ерекшеліктерін және өсімдіктер мен жануарлар дүниесінде орын алған маусымдық өзгерістерді оқушылардың өздері сипаттайтын болады. Өсімдіктер мен жануарлардың түр құрамы жөнінде мұғалім өзі айтып береді. Әрбір материк шөлдерінің ортақ белгілерімен қатар, өзіне ғана тән белгілері болатынына өсімдік пен жануарлардың түрлері басқа, олардың таралу шекарасы өзгеше болатынына оқушылардың көзі жетеді. Бүкіл жер шары шөлдерін салыстыра отырып, оқушылар елеулі және елеусіз белгілерін ажыратады және талдап қорытады. Осыған орай олар жалпы ұғымның елеусіз белгілері жеке ұғымдар үшін елеулі белгілері болатынына көзін жеткізеді. Екінші кезеңде әрқайсысы өткендегіге қарағанда, әлдеқайда жоғары ғылыми дәрежеде бірнеше жалпы қорытынды жасайды, бұл жалпы ұғымның байи түсуіне себін тигізеді.

Date: 2016-07-05; view: 705; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию