Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Географияны оқыту формалары. Сабақ ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабақ классификациясы





БИЛЕТ

Географиянгы және экологияны оқыту әдістемесі объекті, пәні, қызметтері және міндеттері. Әдістеме – оқу пәнінің мазмұнын, оқыту, тәрбиелеу формаларын, әдісін, оқу жұмысына қажетті құрал – жабдықтарды анықтайды, қарастырады. Яғни, географияны неліктен оқиды, қалай оқиды деген сұрақтарға жауап береді.

Пәні – географияны оқыту процесі.

Географияны оқыту мақсаттары

-оқушының дүниетанымын дамыту

-географиялық білім, тәрбие беру

-ғылыми тұрғыдан дамыту, ғылыми ұғымдарды, түсініктерді игеру.

Міндеттері:

-географиялық білім бер Жердің пішіні, құрамы, құрылысы, процесстер туралы білім беру.

-географиялық қабықта өтетін табиғи, жкономикалық, әлеуметтік, саяси, геосаяси, экологиялық т.б. процесстер туралы түсінік беру.

-өз өлкең Қазақстан, дүниежүзі туралы білімді меңгеруді қамтамасыз ету.

-қоғам мен табиғат арасындағы қазіргі кездегі арақатынастың дамуын көрсету.

Географияны оқытудың мынандай заңдылықтары бар. Ол нақты объектілерді, карта және картографиялық білімдерді қолданады. Сабақты өту барысында срамандық жұмыстарды, көрнекілік әдістерін пайдаланады.

Географияны оқыту әдістемесінің міндеттері үш бөлімнен тұрады.

1. Оқушыларға негізгі физикалық және экономикалық географиядан, картографиядан, геологиядан басқа да географиялық ғылымдардан нақты білім беру. Экономикалық, экологиялық білім беру. Картаны қолданумен, анықтаманы пайдаланумен, өз бетімен оқумен таныстыру.

2. Оқушыларға экологиялық эстетикалық тәрбие беру, еңбекқорлыққа тәрбилеу.

3. Оқушыларды географиялық білімдер арқылы проблемалық жағдайларға қызықтыру, оқушыларды ұқыптылыққа, ойлауға, есте сақтауға, бақылай білуге үйрету. Оқушыларды картамен жұмыс істеп, өздері қорытынды жасай білуге үйрету.

БИЛЕТ

10, 11 сыныптардағы география сабақтарының құрылымы және оқыту технологиясы. 10-шы сыныпта “Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы” курсы оқытылады. Бүл курс оқушыларда қоршаған әлемнің біртұтастығы (яғни жер шарының халқы және шарушылығы өзара байланыста) туралы көзқарас қалыптасуын қамтамасыз етеді. Мұнда Жер шары халқының өсуіне баса назар аударылуы керек. Түрлі елдер арасындағы экономикалық байланыстардың күшейе түсуі ауқымды коммуникациялар желісінің аса кеңеюіне әкеліп соғады

Бұл деген пәннің мәдени-гуманистік бағытының күшеюіне алып келеді, себебі әлем халықтары географиясын, діндерді, тілдерді, мәдениеттерді т.б. оқытуға бөлінген уақыт көбейеді. Онда жеке елдер туралы материалдар қысқартылған, себебі осыдан бастап ол материалдар негізінен аймақтық шолу ретінде оқытылатын болады. Сонымен қатар адамзаттың глобальдық проблемалары мен Қазақстанның әлемдік саясат пен экономикадағы орны мен ролін көрсетуге баса назар аударылуы тиіс. Осылайша құрылуына байланысты, бұл курс елтанушылық курсынан жалпы экономикалық географиясы бар экономикалық- географиялық елтану курсына айналады.

11-сыныпта “Жалпы география” (табиғатты пайдалану аспектілері) курсы оқытылады. Оны оқытудағы негізгі мақсат: оқушылардың әлемнің географиялық сипаты туралы білімін қалыптастыруды аяқтау. Ол қоғам мен табиғаттың өзара ықпалы, халықтың көбеюі мен таралуы, әлемдік шаруашылық және географиялық еңбек бөлісуі, дүние жүзінде және жеке аймақтарда туындайтын ауқымды және аймақтың экологиялық- географиялық проблемаларда анықтау туралы теорияны түсіндіруге сүйенеді.

Бұл курста қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану проблемалары туралы білімді жинақтаушы әрі дамытушы болып табылатын табиғат пайдалану аспектілеріне баса назар аударылуы тиіс.

Кең мағынада қарастырылуға тиіс физикалық және экономикалық, географиялық біліммен қатар оқушылар тарапынан биология, химия, физика және өзге де мектеп пәндерін оқу кезінде табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау проблемасынан алған білімдерін дамытуды ойластыру.

БИЛЕТ

Географияны оқыту формалары. Сабақ ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабақ классификациясы

Географиядан оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ. Сабақта оқушылар мұғалімнің басшылығымен мемлекеттік бағдарламаға сәйкес теориялық, практикалық білім алады. Өзінің жеке басының жан- жақты дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту мен тәрбие берудің де негізгі принциптері сабақ беру кезінде қалыптасады. Сондықтан сабақтың мазмұны оқушыларға ғылыми тұрғыдан жетік тілімен түсіндіріліп диалектикалық, материалистік көзқарас қалыптасатындай болып құрылуы керек. Жаңа сабақтың материалы бұрын оқылған материалмен тығыз байланыста түсіндіріледі. Сабақ үстінде оқушылар алдымен жеке фактімен танысады, біртіндеп қортынды шығарады.

Мынандай сабақтың типтері ажыратылады:

Кіріспе сабақ (оқу жылының басында немесе бағдарламаның үлкен тарауының басында). Сабақтың мақсаты – оқушыларды пәнге немесе белгілі тақырыпқа қызықтырып әкету, оқушылардың шығармашылық қызығушылығын тудыру, осы курстың немесе бағдарлама тарауының мазмұнымен, құрылысымен таныстыру. Әдетте мұндай сабақта мұғалімнің атақты саяхатшылардың және зерттеушілердің шығармаларын алып қатыстырған жалынды және бейнелі материалы басым болады.

Сабаққа өз көзімен көрген адамның әңгімелерін қатыстыру мұғалімді табиғатты бағындырушы және қайта жасаушы адамдардың шабытты еңбегінің айқын суретін бейнелеуге жәрдемдеседі.

Аралас (синтетикалық) сабақ барлық құрылым бөліктерін құрайды: білімді қайталау және тексеру, жаңа материалды оқу, алынған білімді бекіту, үйге тапсырма беру. Аралас сабақтар құрамдас бөліктерінің ара- қатынасына және құрылымына қарай айырылуы мүмкін. Мазмұнына байланысты кейде сабақ жаңа білімді хабарлаудан басталады да, қайталау мен тексеру сабақтың соңына қалдырылады; кейде сабақтың соңындағы жалпы қорытындылаудың орнына, мұғалім баяндау барысында материалды жеке бөліктері бойынша қорытындылап және бекітіп отырады. Аралас типті сабақтарда сабақтың алдында тұрған мақсаттарға байланысты оқушылардың өз бетімен істейтін жұмыстары мұғалімнің түсіндіруін алдын-алуы, қосарлауы және қорытуы мүмкін.

Жаңа білімді оқып білу сабағы. Сабақтың мақсаты – оқушыларға белгісіз, жаңа географиялық ұғымдар, құбылыстар, процесс туралы біртұтас түсінік беру. Мұндай сабақтарда түсіндіру және оны қосарлайтын оқушылардың өз бетімен істейтін жұмыстары басым болады.

Даладағы және сыныптағы практикалық жұмыс сабақтарында, далада түрлі өлшем жұмыстарын, карталар, статистикалық таблицалар және т.б. бойынша жаттығулар жүргізу оқушыларды іскерлікке, дағдыларға төселу мақсатын көздейді.

Қайталау және кеңейту сабақтары әдетте бағдарламаның ірі тарауларын өткеннен кейін немесе бірнеше тақырыптан соң, сондай – ақ бүкіл курстың аяғында өткізіледі. Сабақтың мақсаты - оқушылардың білімі мен іскерлігін бекіту және тереңдету, оларды талдап қорытуға және жүйеге келтіруге жәрдемдесу. Сонымен бірге қайталау процесінде оқушылардың білімін тексеру және бағалау іске асырылып отырылады. Қайталау сабақтарының құрылымында жаңа материалды дербес құрылым элементі ретінде хабарлау жоспарланбаса да, мұғалім дегенмен қайталау барысында оқушыларда жаңа пікірлерді тудыратын жаңа фактілерді қосып отыруы тиіс.

Сабақтың әдістемелік тұрғыдан талдауын дайындағанда студент сабақта бірнеше сұрақтарға жауап беріп, сабақтың мақсатын айқындауы керек, олар: сабақта мағлұматтарды мұғалімнің хабарлауы, ал оқушылардың ұғып алуы керек. Сабақ қандай тәрбиелік нәтиже беруі керек, оқушылардың өз беттерімен қорытынды жасауына ынталандыратын оқыту процесі қандай болуы тиіс, сабақта қандай іскерлікті сіңіруі керек. Қандай материалды қайталау және бекітуі керек. Сабақта және үйде өз бетімен істейтін қандай жұмыс болуы керек. Дидактикалық мақсаттың айқындығы құрылудың дәлдігін, яғни сабақтың типін, айтарлықтай дәрежеде анықтайды.

Географияны оқыту үлгілері. (формасы)

Ең негізгі формасы сыныпта өткізілетін сабақ. Толықтырылатын формалары – үй тапсырмасы, топсеруен, практикалық сабақ, сабақтан тыс тапсырмалар, оқу дала практикасы жатады.

Сабаққа қойылатын талаптар.

Сабақта түсіндірілетін материал ықшамды, сабақтың әдісін алдын – ала қарастырылады. Сабақта теориямен практика ылғида байланыста берілуі тиіс. Жаңа материалды оқушылардың өткен сабақта алған білімдерімен тығыз байланыста беріледі. Әр сабақта міндетті түрде көрнекілік принципіне қорытынды жасалып, оқушылардың ойлауына көңіл бөлінеді. Сабақ үстінде мұғалім оқушыларды көбірек өздігінен жұмыс орындауға баулу керек.

БИЛЕТ

Географияны оқытудың әдіснамалық негіздері Әдіс дегеніміз – мүғалімнің білім беру тәсіліне оқушылардың сол білімді меңгеру тәсілін айтады. Әдістер туралы өте көптеген әдіскерлер өз ойларын айтқан. Әдістерді классификациялау туралы орыс ғалымы Б.Е. Райков (1947-1960 жж) өз ұсынысы бойынша 3-ке бөлген:

1. Баяндау 2. Көрнекілік 3. Моторлық

Б.В. Всесвятскийдің жүйелеп ұсынуы бойынша: әдістерді

Баяндау Өзіндік жұмыс Оқулықпен жұмыс

1. Түсіндіру 1. Бақылау 1. Оқулықпен жұмыс істеу

2. Әңгіме 2. Эксперимент

3. Лекция 3. Дене еңбегі

Көптеген ғалымдар бірігіп әдістерді жүйелеуі бойынша 5 әдісті ұсынады:

1. Түсіндіру – көрнекілік әдісі.

2. Үлгі әдісі.

3. Мазмұндамалық әдісі.

4. Ізденіс әдісі.

5. Зерттеу әдісі.

1. Түсіндіру – көрнекілік әдісінің бағыты - оқушылардың білімін меңгеруін ұйымдастыру. Мұғалім оқушыға дайын мәліметті қабылдатуы тиіс. Бұл үшін мұғалім нақты мәліметті, жалпы ұғымды алады, ол үшін картаны, суреттерді т.б. құрал жабдықтарды пайдаланады. Бұл үшін мұғалім нақты деректі терең меңгерген, білімді болуы тиіс.

2. Үлгі әдісінің бағыты - оқушыларға таныс және үлгі білімімен қаруландыру. Мұғалім бұл бағыт бойынша оқушыларға өздігінен жұмыс істеуді үйретеді, жалпы өткен тақырып бойынша тапсырмалар береді.

Мысалыға: табиғаттың жеке компоненттеріне мінездеме беру, территория-ларға жалпы физикалық – географиялық мінездеме беру, жеке объектілер-ге экономикалық- географиялық (қала,өндірістер) мінездеме беру, экономикалық аудандар мен елдерге мінездеме беру, ауыл шаруашылығна мінездеме беру.

Мысалыға, жеке бір территорияға, климатқа анықтама беру керек, ол үшін мынандай жоспар құрады: 1. Территорияның географиялық орналасуы.

2. Қаңтар мен шілденінің орташа температурасы. 3. Маусым бойынша бұлттардың орналасуы 4. Жаз бен қыстың ұзақтығы 5. Климатқа әсер етуші факторлар.

Бұл әдіс бойынша оқушылар картамен жұмыс істеу арқылы географиялық координатаны, қашықтықты, бағытты анықтайды.

3. Мазмұндамалық әдістің бағыты - оқушыларға шешілген проблемалардың үлгісін көрсету, ауыр жолдың шындығын көрсету.

Мұғалім бұл әдісті қолданғанда алдымен өзі шешіп, анықтап алып сосын оқушыларға береді. Ғылыми білімнің үлгісін көрсетіп, ғылыми тұжырым жасатады және де айналаны қоршаған ортаны қорғау сұрақтарына жауап бергенде физикалық экономикалық білімдерін байланыстырып жауап береді. Мысалы: Волга өзеніне басқа өзендердің қалдықтары қосылатын болса, табиғатта қандай өзгерістер пайда болады, бұл проектінің қандай маңызы бар, осы сұрақтарға оқушы өзі ойланып жауап беруі үшін қосымша жер бетіндегі климаттың өзгеруі, мәңгі тоңның қалыптасуы жайлы түсінік беру керек.

4. Ізденіс әдісінің бағыты – оқушыларды біртіндеп шығармашылық еңбекке баулиды. Бұл үшін оқушылар белгісіз әдіспен шығармашылық тапсырмаларды, проблемаларды шешеді. Бұл әдісте мұғалім тапсырманы дайындап береді. Осыдан кейін тапсырманы бірнеше сұрақтармен беруге болады. Оқушылар берілген тапсырманы, сұрақтарды өз бетінше шешеді, бірақ мұғалім үнемі бағыт беріп отыруы керек. Мұғалім кейбір тақырыптар бойынша оқушылармен әңгіме, сұрақ – жауап ретінде әңгіме өткізуі тиіс, кей жағдайда мұғалім оқушыларға алдын ала тапсырманың жоспары мен жасалу жолдарын түсіндіруі керек.

5. Зерттеу әдісінің бағыты – бойынша оқушыларға өздігінен толық жұмыс істеуге мүмкіншілік беріледі. Практика жүзінде бұл әдіспен өлкетану бағыты жұмыс істеп келді. Сабақта аздап түсінік беріледі де, қалған тапсырманы оқушылар әдебиеттерден іздестіреді.

1. Әңгіме әдісі – мұғалімен оқушылардың белсенді қатысуымен болады. Әңгіменің нәтижесінде мұғалімнің басшылығымен оқушылар өз білгендеріне қорытынды жасайды. Әңгіме әдісінің негізгі элементі – мұғалімнің қойған сұрағы. Әңгіме әдісінің тиімді болуы мұғалімнің ізденушілігініне, дайындалуына байланысты.

Әңгіме – айтылайын деп тұрған сабақтың мазмұнын оқушыға бұрынан азды көпті таныс болған жағдайда қолданылады. Сонда ғана нәтиже береді. Әңгіме әдісін – қорыту, шолу, жаңа сабақты қорыту түсіндіру өткен сабақты мазмұнымен салыстыру кезінде қолданыламыз.

Түсіндіру әдісі.

Оқушының белсенді түрде тыңдау мен мұғалімнің жүйелі, түсінікті, жатық тілімен баяндауына негізделген. Бұл әдіс оқушыларға таныс тақырыпты өткенде қолданылады. Түсіндіргенде – бір сыдырғы оқушыларды жалықтырып отырғызып қоймай, арасында сұрақ беріп, оқушыларды қатыстыру керек.

Лекция әдісін – көбінесе жоғарғы сыныптарға қолданылады, ұзақ уақытқа бөлінеді және жоспарланады. Уақыты 25 – 23 мин созылады.

Көрнекілік әдісі – оқушының сабаққа белсенділігін, ойлау қабілетін арттырады. Көрнекілік әдісін көрнекі-құралдармен шатастыруға болмайды. Көрнекі – құралдар мұғалімнің сөзін дәләлдеу үшін көрсетіледі.

Көрнекілік әдісін қоданғанда негізгі рольді мұғалімнің сөзі емес, кинофильм, таблицалар, карталар, глобустар атқарады.

Көрнекілік әдісінің түрлері:

1. Тәжірибені демонстрациялау, көрсету.

2. Табиғи объектілерді көрсету.

3. Бейнелеуші құралдарды көрсету.

Практикалық әдіс.

Бұл әдіс – сөз көрнекілік және практикалық жұмыстың бір-біріне әсерінен туады. Практикалық әдіске табиғат объектілерін тани білу, анықтау, эксперимент жұмыстары жатады.

1Табиғат объектілерін анықтау кезінде оқушылар үлестірілетін объектімен жұмыс істейді. Мысалы: жергілікті жердің бейнесін көрсететін, тау жотасы, теңіз жағасы, орман, саванна т. б.географиялық объектілердің жинақтап көрсететін панораманың макетін жасауға болады.

Табиғи объектіні тани білу экскурсия кезінде қолданылып, оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады.

Бақылау әдісі – табиғат құбылыстарын табиғи жағдайда ерекше сезіммен қабылдау қорғау, аялай білу қабілеттерін дамытады. Бақылау әдісі – түсіндіруді алдына мақсат етіп қояды, ол оқушылардың өзі жүргізуін, қорытынды шығаруын талап етеді.

БИЛЕТ

Мектепте өтілетін топсеруен - оқу тәрбие жұмысының бір түрі. Топсеруен бағдарлама бойынша жүргізіледі. Мұғалім алдын-ала топсеруеннің тақырыбын, өтілетін орнын, мерзімін анықтап, өзінің жылдық жоспарына енгізеді. Топсеруен оқу тәрбие жұмысының бір түрі болғандықтан, оқушылар іс-әрекеттерді табиғатта жайлы жағдайда, далада, мұражайларда, өзен аңғарында т.б. өткізеді.

Топсеруеннің маңызы:

1. Топсеруен оқушылардың білімін тереңдетіп, ой-өрісін кеңейтеді.

2. Оқушылырды іздемпаздыққа талпындырады.

3. Оқушылардың іздемпаздығын арттырады.

4. Өлкесін тануға, табиғатты зерттеуге талпындырады.

5. Оқушылар заттарға дұрыс қарауға, адамның еңбегін бағалауға дағдыланады.

Топсеруен кезінде оқушылар табиғат туралы, оның дамуы және шаруашылықта пайдалануы туралы білім алып қана қоймай, сонымен қатар, болашақтағы еңбек жолын және политехникалық оқытудың міндеттерін шешу үшін зор маңызы болатын өздігінен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді.

Топсеруенге шығудың бірнеше түрлері бар:

1. Табиғатқа топсеруенге шығу.

2. Мұражайға, ботаникалық баққа, зоологиялық паркке, географиялық кешенге.

3. Табиғи – аймақтық кешендерге.

Тақырып бойынша жұмыс істей отырып, мына ережелерді есте сақтау керек.

1. Нақты физикалық-географиялық кешендерді таныстырып, тәрбиелеу.

2. Табиғи-әкімшілік кешенді оқып үйренуді бірте-бірте - кезеңдер бойынша жүзеге асыру.

3. Топсеруенде бақылау жасау, географиялық қабықта болып жатқан оқушыларға әлі белгісіз, құбылыстар мен процестерді түсіндіру кезінде салыстыру қажет.

4. Табиғатты зерттеудің практикалық маңызы бар, ол балаларды табиғатқа мұқият қарап, оның байлықтарын қорғауға тәрбиелейді.

Топсеруен кезінде оқушылар табиғат туралы, оның дамуы және шаруашылықта пайдалануы туралы білім алып қана қоймайды, сонымен бірге болашақтағы еңбек жолы және политехникалық оқудың міндеттерін шешу үшін зор маңызы болатын өздігінен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді.

Топсеруеннің әдістемелік жоспарын мынандай үш кезеңге бөліп жасайды:

1. Әзірлік

2. Оқушылардың қатысуымен әдістемелік жоспар бойынша топсеруен өткізу.

3. Топсеруенге қатысушылардың қорытынды есебін дайындау.

Әр түрлі тақырыптарға және жергілікті жерлерге топсеруен өткізуге арналған әдістемелік талдауларды жасаған кезде табиғи кешендерді зерттегенде географиялық ғылымның логикасымен анықталатын белгілі бір дәйектілікті сақтау қажет.

 

ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРДЕГІ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ.

1. Онда жергілікті жердің геологиялық құрылымына, тау жыныстарының орналасуы мен құрамының сипатына, олардың құрылу жағдайына, жер бедерінің формаларына ықпалына тоқталған жөн.

2. Минералогиялық коллекцияны жинауды және қалай ресми қағаздандыруды көрсету.

3. Жергілікті жерді геологиялық зерттеуден кейін, оқушылар қорытынды жасауы тиіс.

4. Оқушылардың есебіне қандай материалдар керектігін қарастыру.

5. Топсеруен алдында қажетті жабдықтың тізімін әзірлеу.

ЖЕР БЕДЕРІНІҢ ФОРМАЛАРЫН ЗЕРТТЕУ.

1. Зерттелетін жердің жалпы суреттемесін, нақты мысалдар арқылы жер бедерінің қалыптасуына, осы заманғы факторлардың ықпалын атап өту.

2. Жер бедерінің жиі кездесетін формаларын атап өту және оларды баяндап жазу (биіктігі, төбелері, олардың ұзындығы, бағыты т.б.)

ӨЗЕН АҢҒАРЫН ЗЕРТТЕП ҮЙРЕНУ.

1. Өзен туралы қысқаша мәлімет әзірлеу (ағып шығуы, сағасы, ағыс сипаты), өзен аңғарының пайда болуы туралы айтып беру.

2. Эклиметр мен рулетканың, барометр, анероид, нивелирдің көмегімен өзен аңғарының кесе көлденең профилін салуды үйрету.

3. Өзен аңғарын зерттеп үйрену нәтижесінде қорытынды жазуға үйрену.

ӨЗЕН АҢҒАРЫН ЗЕРТТЕП ҮЙРЕНУ НӘТИЖЕСІНДЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУ.

1. Өзендегі өлшеу жұмыстарын жасату (ені тереңдігі, ағыстың беткі жылдамдығы).

ӨСІМДІК ДҮНИЕСІН ЗЕРТТЕП ҮЙРЕНУ.

1. Зерттеліп отырған жердің өсімдік дүниесінің сипатын, оның топыраққа, климатқа әсерін зерттеу.

2. Гербарийдің жасалу жолын үйрету.

3. Өсімдіктерді оқыту нәтижесінде оқушылар қандай қорытынды шығарады.

ТОПЫРАҚТЫ ЗЕРТТЕП ҮЙРЕНУ.

1. Топырақтың түзілуіндегі климаттың, жер бедерінің, өсімдіктердің ықпалы.

2. Топырақ қиындысын жасап, зерттеу.

3. Жүргізілген жұмыс нәтижесіне қорытынды жазу.

ТОПСЕРУЕНДЕ ЖОЛ-ЖӨНЕКЕЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ.

1. Топсеруеннің басы мен аяғындағы күннің биіктігі.

2. Күн тәулігінің уақытына қарай ауа температурасының өзгеруі.

3. Ылғалдылығына, түсіне, механикалық құрамына қарай топырақ температурасының ылғалдылығын анықтау.

4. Өзендегі, ескі арнадағы жылғадағы, су қоймаларындағы температура өзгерісін өзара ауаның температурасымен салыстыру.

5. Салыстыру кезінде және түрлі табиғат обьектілерінің үстіндегі батпақ, орман т.б. бұлттылық өзгерісін бақылау.

ТОПОГРАФИЯ ЖӨНІНДЕГІ ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР.

1. Топографиялық жұмыстарды қайталау.

2. Көзбен өлшеп түсіруді үйрету.

3. Есеп беруге материалдар дайындау.

Топсеруенді жүргізу әдістемесі мынандай болады:

Алдымен топсеруенге қатысушылар жота – қырдың үстінен зерттеп үйреніп, белгіленген жерді қарайды, мұғалімнің кіріспе әңгімесінің көмегімен, әрі өзінің байқауларында осы жер және табиғат компоненттерінің өзара шатастығы туралы жалпы ұғым алады. Шағын маршрутта - 1км-ден аспайтын экскурсияға барлық қатысушылар оны бастапқы нүктесінен соңғы нүктесіне дейін жүріп өтеді, жол бойы мұғалім түсінік береді, әр бригаданың жұмыс орнын көрсетеді, әр маршрут бойынша орналасқан нақтылы табиғат обьектілеріне көңіл аударуды ұсынады.

Маршрутпен бара жатқан жолда топсеруенге қатынасушылардың барлығы тау жыныстарының үлгілерін, өсімдіктерді жинайды, ауа, су, топырақ температурасын өлшейді. Суреттеме, фотосуреттер жасайды. Топсеруеннің соңында қорытынды конференция – көрмелер өткізіп, басқа оқушылар қатысуын қарастырады.

БИЛЕТ

Бүгінгі Қазақстанға қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешім қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл адамдар қажет. Сондықтан сабақтарда білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырған жөн. Ол үшін сабақтарда түрлі қызықты ойындар, ойын-есептер, шығарым-тапсырмалар, логикалық жаттығулар пайдаланудың мәні зор.

Бастауыш мектеп жасындағы танымдық іс-әрекеті оқыту үрдісінде жүзеге асады. Осы жаста қарым-қатынас шеберінің кеңеюінің маңызы артады. Баладағы өтіп жатқан осы өзгерістер педагогтерден бүкіл оқыту-тәрбиелеу жұмысын нақты мақсатқа бағыттауды талап етеді. Негізгі іс-әрекет түрі – оқу. Осы оқу арқылы олардың таным үрдісі (қабылдау, зейін, ес, қиал, ойлау) дамиды. Бастауыш сынып оқушысының қабылдауы тұрақсыз және ұйымдастырумен ерекшеленеді, сонымен қатар оларда «білуге құмарлық, әуестік те» байқалады. Олар өздеріне күнделікті жаңа бір нәрсені ашып отыратындықтан қоршаған ортаны қызығумен қабылдайды.

Олардың зейіні де еріксіз, тұрақсыз болып келеді. Сондықтан бастауыш мектепте балаларды оқыту мен тәрбиелеу үрдісі, негізінен, зейінді тәрбиелеуге бағытталады. Мектеп өмірі балалардан ерікті зейінін жаттықтыруды, назарын бір орталыққа біріктіру үшін ерік күшін жинақтау талап етеді. Балалардың ерікті зейіні оқу мотивтерімен бірге дамиды (оқу іс-әрекетінің табысты болуына деген жауапкершілік).

Мектеп құрамындағы оқушылардың мінез-құлықтары әр түрлі болғандықтан педагогтармен жұмыс жасағанда келіспеушілік жағымсыз қатынастар пайда болуы мүмкін. Мұғаліммен қарым-қатынас сипаты оқушының әсіресе жеткіншек оқушының психологиялық келбетінің қалыптасуына, мектепке бейімделуіне, әлеуметтенуіне, оқушылармен қарым-қатынасы орнауына, іс-әрекеттерге қатысты қалыптасуына ықпал ететін басты факторлардың бірі деп кезінде Д.Н. Исаева көрсеткен.

Педагогтың балаға жағымсыз қатынасын айтпастан бұрын, педагогтың жеткіншек оқушыны бағалауы жөнінде сөз қозғау қажет. Үлгерім жөніндегі баға туралы айтылып жатыр. Бұдан туатын заңды сұрақ: бағамен не бағаланады? Оқушы жауабының деңгейі ме, әлде қандай амалмен болса да алынған бақылау жұмысының сапасы ма? Негізінен әрбір жауап үшін емес, өткен сабаққа қарағандағы жетістігі үшін қойылған дұрыс еді. Балалар психиатриясы оқулығының авторы Р. Лемп былай деп айтқан: «Әдеттегі бестігін алған оқушыға қарағанда, екіге оқитын оқушының үштік бағаны алуы оның ілгері қадам жасауы. Дегенмен үштік баға төрттік бағасына қарағанда бағалау иерархиясында төмен тұрғандықтан бағаны жақсартудың нақтылы эффектісі төмендеп өзіндік бағасын жоғалтады»

Педагог-психологтар оқушылар мен педагогтардың арасында осындай келіспеушілік жағдайын тудырмау үшін және оқушылардың мінез-құлықтарына, өзіндік ерекшеліктеріне байланысты кеңес беру жұмыстарын атқарады.

Педагогикалық-психологиялық қызыметте кеңес беру бағыты бойынша қызыметкерлер нақты мынадай міндеттерді шешеді:

1. Оқу-тәрбие мекемелерінің әкімшілігіне, мұғалімдерге, тәрбиешілерге,

ата-аналарға, мастерлерге балаларды оқыту мен тәрбиелеу және бірлесіп жұмыс істеу мәселесі бойынша кеңестер береді.

2. Балаларға оқу, жетілу, өмірлік және кәсіби өз-өзін анықтау,

ересектермен және құрбыларымен өзара қарым-қатынас, өз-өзін тәрбиелеу және т.б. мәселелері бойынша жеке және топтық кеңес беріледі.

3. Жеке және топтық кеңес беру арқылы педагогикалық кеңестерге,

әдістемелік бірлестіктерге, жалпы мектептік және кластық ата-аналар жиналысына қатысып, дәріс оқу арқылы педагогтардың, ата-аналардмастерлердің, қоғамдық өкілдердің психалогиялық мәдениетінің жоғарлауына септігін тигізеді.

4. Бала тағдырында мүмкін болатын өзгерістерді (арнайы оқу-тәрбие мекемелеріне жіберу, ата-ана құқығынан айыру, бала асырап алу және т.б.) анықтауға байланысты сәйкес инстанциялардан дұрыс шешім шығару мақсатында, халықтық соттың, қамқорлық көрсету ұйымдарының сұранысы бойынша баланың психикалық даму ерекшеліктері туралы сұрақтар бойынша шешім қабылдаған кезде кеңесші-сарапшы ретінде кеңес береді.

5. Өзін - өзі басқаруды ұйымдастыру сұрақтары бойынша нақты балалар мекемесіндегі тәрбиелеу жағдайларын балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріп, педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерінің негізінде оқу-тәрбие шараларын жоспарлауға кеңесші ретінде қатысады.

Сонымен қатар педагог-психологтар Жетілдіру және педагогикалық-психологиялық түзету жұмыстары да атқарады.

Бұл бағыт баланың жеке тұлғалық және даралық қалыптасу процесіне педагог-психологтың белсенді әсер етуін білдіреді. Оның міндеті әр баланың жас ерекшелік нормативтерінің сәйкестілігін қамтамассыз ететін, балаларды жеке оқытып, тәрбиелеуде, олардың қабілетін, бейімділігін дамытуда педагогикалық ұжымға көмек беретін педагогикалық қызмет бағыты болып табылады. Бұл бағытта балалардың мінез –құлқындағы және оқуындағы өзгерістер мен бұзылуларды, дамуындағы ауытқуларды түзету жұмыстары ерекше орын алады.

Психологиялық талдау барысында анықталған және қатаң индивидуальды, нақты өзгешелігі бар баланың жас ерекшелік және дара ерекшеліктері бойынша жетілдіру және педагогикалық- психологикалық зерттеу жумыстарының бағдарламалары мен жоспарлары құрылады.

1. Баланың әр жас ерекшелік кезеңінің дамуын есепке алғанда, психикалық дамудың бөлек жақтарын және жеке тұлғаның толықтай дамуына бағытталған бағдарламаларды өңдеп жүзеге асырылады.

2. Психолог баланың психикалық дамуында ауытқуларды болдырмау бағытында түзету бағдарламасын өңдеп жузеге асырады.

3. Жетілдіру және педагогикалық- психологикалық түзету жұмыстарының бағдарламасына психологикалық және педагогикалық бөлімдері кірістіріледі. Психолог психологикалық бөлімді жоспарлап, жүзеге асырады. Педагогикалық бөлімді мұғалімдермен, тәрбиешілермен, ата-аналармен бірігіп өңдейді және оны психолог көмегімен жоғарыда аталған адамдар орындайды. Жұмыстың бөлек формаларына ересек балаларды, қоғамдық өкілді және т.б. адамдарды кірістіруге болады.

4. Жетілдіру және педагогикалық- психологикалық түзету жұмыстарын төмендегі бағыттар бойынша кірістіруге болады:

- жеке балалармен арнайы жумыс жургізу процесінде;

- балалар тобымен арнайы жумыс жургізу процесінде;

- тәрбиелік іс-шаралар бағытында;

- баланың ата-анасының және басқа туыстарының қатысуын қажет ететін формада өткізуге болады.

Ауытқулармен бұзылулар орталық жүйке жүйесінің немесе психологикалық аурулардың ағзалық зақымдануы болып табылмайтын жағдайда ғана педаго гикалық- психологикалық түзету жұмыстары жүзеге асырыды және саралау диагностикасының барысында белгілі болатын әкімшілік – тәрбиелік сипаттағы қатаң шараларды қолдануды талап етпейді. Айқын ауытқулар кезінде, көбінесе патопсихологикалық, дефектологиялық жақтары жақтары немесе ашық байқалғанда және де психолог хабардарлығының шекарасынан асып кеткен жағдайда ол тек сарапшы немесе кеңесші ретінде сәйкес салалардағы мамандармен тартылады.

Мектептегі педагогикалық-психологиялық қызыметтің бірі-баланың психикалық саулығына яғни, жандүниелік, физиологиялық дамуына және ортада қолайлы микроклимат қалыптастыру. Бастауыш мектептен 5-сыныпқа өткенде, орта буын сыныбындағы дағдыға бейімделу кезінде балада дағдарыс сипаттары болады. Орта буын оқуындағы өзіндік қиындықтар, шәкірт психикасының өзгеруіне, эмоционалдық сферасын игерудегі қиналыстар, оқу үлгеріміне, психикалық саулығының төмендеуіне әсер етеді. Әр түрлі ұстаздардың дәріс жүргізу әдіс-тәсілдерінің түрліше болуы, мектеп ережесіне үйренуі, оқу үлгерімінің төмендеуі салдарынан ата-аналарының баланың жас ерекшелігіндегі құбылыстарын ескерместен наразылық тудыруы; бала болмысында аффектілі мінездердің көрініс беруі, қарым-қатынас барысында эмоциялық реакцилар, невротикалық күйзелістер байқалады. Бейімделу кезеңіндегі баланың дағдарыстан шығу жолдарын зерттеудің бір объектісі – отбасы болып табылады. Баланың жалпы интеллектісінің арнайы, шығармашылық қабіллетінің дамуында жанұяның микроортасы негізгі фактор болады.

Мектептегі педагог-психологтың қызметін атқару үшін жан-жақты білімі бар сол кәсіпті бірінші өзі жете түсінуі қажет,сол кәсіп жайында мағлұматтары болып кәсіби даярлығы болуы керек. Себебі педагог-психолог маманының адаммен қалай жұмыс жасау керектігін қыр сырын түсінген бойында адаммен тіл табыса білу қабілеті, қалай жұмыс жасай білу шеберлігі, сөйлесу мәдениеті, өзін-өзі ұстай білу және адамдармен араласқанда орларды өзіне қарата алушылық және сол сөзіне иландыра алу, ұйымдастырушылық қабілеті болуы керек.

 

БИЛЕТ

Мұғалімнің сабаққа дайындығы 2 бөлімнен тұрады – пәнді оқытуға жалпы дайындық және әрбір сабаққа дайындық.
Пәнді оқытуға жалпы дайындық оқу жоспарын, бағдарламасын оқып-үйреніп, күнпарақтық-тақырыптық жоспар жасаудан және сабақтың материалдық-техникалық базасын – оқу бөлмесін, көрнекі құралдар, ОТҚ, құрал-саймандарды, приборларды т.б. реттеуден тұрады (құралады). Бұл дайындық, әрине, оқу жылы басталмай тұрып жасалады.

Мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жұмыс. Оқу материалының мазмұнын ойластыру дайындықтың алғашқы бөлігі болып табылады. Мұғалім бағдарламаның өткен, алдағы және одан кейінгі сабақтарға қатысты бөлігін, олардың арасындағы байланыс пен дәйектілікті орнату үшін талдау керек. Осы сабақта алдына қойып отырған нақты педагогикалық міндеттер мен мақсаттарды жақсылап ойластыру – сабаққа дайындықтың өте маңызды бөлігі болып табылады. Содан кейін оқулықтағы (немесе бірнеше) оқу материалының жазылуын – қандай тезистер мен негіздемелер берілгенін, материалдың оқушыларға түсінікті болуын, мысалдардың тақырыпқа сай болуын, тақырыптардың жүйелілігін мұқият оқып-үйрену қажет. Сұрақтар мен тапсырмалардың оқушыларға түсініктілігін, олардың орындалу жүйелілігін, маңызын талдау қажет. Еске түсерлік сұрақтарды танымдық сұрақтармен, үйреншікті тапсырмаларды ізденісті қажет ететін, келелі тапсырмаларға алмастыру қажет. Жеке және ұжымдық ойлану қызметін ұйымдастыруға ықпал ететін іскер ойынның элементтерін (немесе толығымен сценарийін), өндірістік жағдайлардан мысал келтіре отырып, сүйеніш білімнің белсенділігін арттыратын сұрақтарды ерекше ойланып, дайындауы қажет. Мұғалім сабақ үстінде оқушылардың дүниетанымының, білімге құштарлығының, қисынды ойлауларының азаматтық тұрғыдан қалыптасуы – тәрбиелеуге өте көп көңіл бөлуі қажет.
Сабаққа дайындық негізгі оқулықпен танысып қоюмен шектелмеуі тиіс. Мұғалім материалды білуі, кеңінен, тереңінен түсінуі қажет. Бұл оған сабақты басқаруға, материалды оқулықтағыдан басқаша түсіндіруге, оқушылардың танымдық және ақыл қабілеттерін белсендетіп, өз беттерімен шығармашылық жұмыс істеуге үйретуге, тапсырманы ілгерілеу әдісімен беруге мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде сабақта қолданылған әдістемелердің нәтижелілігі туралы тұжырымдауға мүмкіндік береді.
Мұғалімнің шеберлігі, біріншіден, сабаққа дайындығы мен жаңашыл әріптестерінің тәжірибесін пайдалана алуымен тікелей байланысты. Ол үнемі және мақсатты түрде өз білімін, өз тәжірибесін жұмыстың жаңа тәсілдерімен толықтырып отыруы керек.
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы, педагогикалық еңбегін Ю.А.Львова нақты сипаттап көрсеткен. Ол мұғалімнің сабаққа дайындалуына көмектесетін, педагогтың шығармашылық жұмысын ұйымдастыратын ұтымды ұсыныстар жасады:
1. Бағдарламаның осы сабаққа қатысты бөлімін ұғына оқы.
2. Осы бөлімнің материалдарын, тақырыптарын, сұрақтарын оқып біл.
3. Осы сабақта неге жетуім қажет деген сұраққа жауап бере отырып, сабақ мақсатын жаз.
4. Осы топтық ұжымды көз алдына елестетіп, жеке оқушыларды еске ал. Олардың психологиясын ойша еске түсіріп, педагогикалық түрлену өнерін қолдана отырып, олардың алға қойған мақсатқа жету жолдарын белгілеуге тырыс.
5. Осы материалға және осы оқушыларға тиімді әдістемелік тәсілді таңдап ал.
6. Таңдалған әдісті өз мүмкіншілігіңмен салыстыр, сабақтағы өз іс-әрекетіңді ойша салмақта.
7. Сабақ құрылымын ойластырып, «тапқаныңның» барлығын жоспар-конспектіге жаз.
8. Көрнекі және оқу құралдарын дайында, тексеріп, реттеп, әзірлеп қоюды ұмытпа, приборлар мен жабдықтарды, есептеу техникаларының дұрыстығын жұмыс үстінде тексер. Көрнекі құралдарды көрсету тәртібін ойластыр.
9. Қойылған мақсатқа жетуге көмектесетін көрнекіліктерді көзбен шолу құралдарын ғана қолдану қажет. Егер олар көп болса, оқушылардың назары соған ауады.
10. Жоспардың негізгі тұстарын қайтала (оқу материалының).
11. Өзіңнен сұра:
– Сен сабаққа дайынсың ба?
Бұл ұсыныстардағы педагогикалық іс-әрекеттер тиімді, өйткені осылардан сабақ туындайды, сабақты ойластырудың үлкен шығармашылық еңбек екендігі айқындалады. Ал осыған сабақтың тиімділігі мен нәтижелілігі байланысты.

 

БИЛЕТ

Географияны оқытудың психологиялық негіздері дамыған оқыту теориялар идеяларында жатыр, бұл Песталоцци, Дистервега және Ушинскийдің жұмыстарынан бастау алады. Ушинский оз жұмысында дидактикалық жүйені құрастырған, онда баланың ойлаушылық даму ерекшеліктерін ашқан. Ол оқушыға білім беру ғана емес, сонымен қатар оның білім алу үшін өздік қабілетін артқысы келді.

Түйсік – адамның және басқа жан иелерінің жан қуатынан туындаған танымдық сезімі. Түйсік айналадағы нәрселердің сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, олардың жеке қасиеттерінің санада таңбалануы. Түйсік заттардың түр-түсін, ыстық-суығын, дәмін, иісін, т.б. сипаттары мен қасиетін ажырататын дүниетанудың алғашқы сатысы. Адам түйсігінің негізгі заңдылықтары 19 ғасырдың орта шеніндегі эксперименттік психологияда зерттелген. Түйсік жүйке жүйесінің қызметімен тығыз байланысты, адамның тіршілік-тынысында үлкен рөл атқарады. Ш.Құдайбердіұлы: “Тән сезіп, көзбен көрмек, мұрын – иіс, тіл – дәмнен хабар бермек. Бесеуінен мидағы ой хабар алып, жақсы-жаман әр істі сол тексермек.” деп түйсік процесін сипаттайды.

Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен қүбы-лыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады. Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері

А) Қабылдаудың тутастыгы

Қабылдаудың объектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке бөліктерден тұрғанымен, біз оларды бүтіндей, тұтастай қабылдаймыз.

Ә) Қабылдаудың магыналылыгы

Бүл ерекшелікте қабылдаудың түйсіктерден негізгі айырмашылығын жақсы көрсетеді. Ол объектілердің мазмүнын жақсылап түсінбейінше, белгілі түжырымдар мен сөз арқылы аталмайынша, ол толық қабылданбайды.

Б) Қабылдаудың таңдамалылыгы

Толып жатқан объектілердің ішінен біреуін іріктеуіміз (оның қасиетін, сапасын) қабылдаудың тацдамалылыгы делінеді. Мөселен, кітап оқығанда ондағы бірер соз қате жазылған болса да байқамай оқып кете береміз. Егер кітапта "университет" деген соз "унверситет" деп қате жазылса да, біз оны "университет" деп дұрыс оқимыз. Кітап оқығанда оның мазмұнына ерекше коңіл болінетіндіктен, мұндай қателер козге түспей қалады. Ал жеке создерге, жеке өріптерге шүқшия көз салған жағдайда (мәселен, корректорлар) текстің мазмүны үғылмай, күңгірт қалып қоятын кездері болады.

В) Қабылдаудың турақтылыгы (константтылыгы)

Қабылдаудың константтылыгы деп сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан, заттардың кейбір қасиеттерінің бір қалыпты болып қабылдануын айтады. Мәселен, біздің алдымыздағы телеграф баларының бір-бірінен қашықтығы көздің тор қабығында бірдей сәулеленбейді. Сонда да біз олардың шамасын бір-біріне тең деп қабылдаймыз. Өйткені олардың шындықтағы қалпы осындай. Осы заңдылықты түсіндіретін мысалдар толып жатыр. Мәселен, ақ қағаз жасыл лампочканың жарығы түссе де, қызыл лампочканың жарығы түссе де бәрібір ақ болып қабылдана береді.

Г) Қабылдаудагы иллюзия41

Әрқашан да қабылданатын затқа, не қүбылысқа қабылдау сәйкес келе бермейді. Түрлі себептерге байланысты шындықты бүрмалап, теріс қабылдайтын кездер де болады.

Д) Апперцепция

Қабылдаудың адамның жалпы психикалық түрмысы мен өткен тәжірибесінің мазмүнына байланыстылығын апперцепция дейді. Апперцепция түрақты және уақытша болып екіге бөлінеді. Түрақты апперцепция адамның қызығуы мен мамандығы, білімі мен дүниетанымына. байланысты болып отырады. Мәселен, "түбір" деген сөзді эр адам түрліше қабылдауы мүмкін.

Ойлау– объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Адамның ой-әрекеті әсіресе тұрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді. Ойлау формасы болып табылатын ұғымдар, категориялар, идеялар мен теориялар танымның субъектісі мен объектісінің арасын байланыстырып тұрған қоғамдық тәжірибенің негізінде, қоғамдық-тарихи процесте қалыптасып дамиды және заттар мен нәрселердің сезімдік таным формаларында (түйсік, қабылдау, елес) берілмейтін мәнді байланыстары мен қатынастарын өрнектейді.

Сөйлеу орыс. речь, говорение — адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, адамныңпсихикалық қабілетіне, қоғамдағы пікір алмасу тәжірибесіне сүйенеді. Сөйлеу процесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына (пікірді ауызша не жазбаша айту,диалог түрінде айту, көпшілік алдында айту, тындаушының білім дәрежесін, жас мөлшерін ескеру т. б.) сай түрліше құрылады. Сондықтан Сөйлеудің коммуникативтік жағдайға сай стилі қалыптасады. Сөйлеу мен тіл бір емес. Егер тіл қарым-қатынас құралы болып табылса, Сөйлеу сол құралдын нақты қолданыста көрінетін түрі болып табылады. Сөйлеуге тән қасиеттер: дауысталу, тембрлік сипат, артикуляциялық анықтық, темп, акцент т. б. Сөйлеу тілі — күнделікті қарым-қатынаста пайдаланатын әдеби тілдің бір түрі. Сөйлеу тілі белгілі бір жағдайда ауызба-ауыз тікелей жалғанатын қатынас тілі болғандықтан, ол сөйлеудің ауызша формасымен тығыз байланысты болады. Ал ауызша сөйлеуде еркіндік басым келеді, яғни үйреншікті жағдайда адамдар емін-еркін сөйлейді. Сондықтан онда сөйлеу тақырыбына сай күнделікті тұрмыста жиі жұмсалатын дағдылы сөздер мен сөз тіркестері қолданылады.

Қиял — сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады.

Ес— адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте сақтау қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады. Ертедегі грек философы Аристотель әр түрлі нәрселер мен бейнелердің есте әсерлену (яғни сақталу) сипаттарын үш топқа бөледі:

· а) әсерленген нысанның белгілі бір кеңістік пен уақытқа ұштаса қабылдануы;

· ә) әсерленген нысанның басқа бір нысанға өзара ұқсастығы;

· б) олардың бір-бірінен айырмашылығы мен қарама-қарсылығы.

Ес түрлері үш негізгі белгіге байланысты бөлінеді:

1. Психикалық белсенділікке қарай:

· 1) Қозғалыс есі - еңбек әрекетіне байланысты қимыл-қозғалыстарды есте қалдырып, оны қайта жаңғырту есі;

· 2) Сезімдік ес - бұл адамның басынан өткізген сезімдерін есте қалдыру;

· 3) Бейнелі ес - заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін есте қалдырып және қайта жаңғырту;

· 4) Сөз логикалық ес - бұл адамның ойының түрлі формаларын есте қалдыруды айтамыз.

2. Мақсатқа қарай:

· 1) Ырықты ес – түрлі мәліметтерді есте сақтауға саналы мақсаттың қойылуы;

· 2) Ырықсыз ес – адамның мақсат қоймай материалды есте сақтауы.

3. Материалды есте сақтау ұзақтығына қарай:

· 1) Қысқа мерзімді есте қалдыру;

· 2) Ұзақ мерзімді есте қалдыру (ұзақ мерзімді ес);

· 3) Оперативті ес - өзімізге керекті материалдарды дер кезінде еске түсіру, есте сақтау және қайта жаңғыртуды айтамыз.

БИЛЕТ

Дағды – автоматтандырылған біліктілік. Дағды дегеніміз алғашқы саналы орындауды қажет ететін әрекеттердің жаттығуы нәтижесі. Умение усвоено, если ученик:

1. знает область применения умения или навыка, понимает особенности источников географических знаний – карты, текста, учебника;

2. знает содержание и последовательность дествий, план работы;

3. практически пользуется этими действими в любо учебной ситуации, в том числе новой.

Баға - Адамның әлеуметтік позициясымен, көзқарасымен, мәдени деңгейімен, интелектуалды және ізгілікті дамуымен анықталады. Басқа жағынан алып қарасақ, жеке тұлғаның мінез-құлық жүйесіндегі түрткілерді, мақсаттарды, әрекет құралдарын, олардың шарттарын, орынын есепке алу - дұрыс бағалаудың қажетті шарттары. Бағалау дегеніміз білім, іскерлік және дағдыларды оқу программасында көрсетілген эталондармен (өлшеуіш) салыстыру. Баға дегеніміз бағалаудын балл формасында көрініс тапқан сан жағынан өлшемі.

 

БИЛЕТ

Принциптер мен ережелер туралы ұғым. принцип - латын сөзі, қазақша негіз деген сөз. Оқыту принциптері - мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер. Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту принциптеріне сәйкес оқытуға қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды орындаған мұғалім өз еңбегінде жақсы табыстарға жетеді.
Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған Я.А.Каменский. Ол адам табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оқыту да табиғат пен адам тәуелді болатын заңдарға байланысты екенін дәлелдейді. Сондықтан оның пікірінше, оқытудық ең басты принципі - табиғатқа сай болу принципі. И.Г.Песталоцци оқытудың көрнекілік принципін ерекше бағалап, оны логикалық ойлауды дамытатын маңызды құрал деп санаған. К.Д.Ушинский оқытудық халықтық сипатына баса назар аударып, оқытудың принциптерін психологиялық тұрғыдан қараған. Ы.Алтынсарин оқыту ережелерін қазақ мектептеріндегі білім берудің ерекшеліктеріне байланысты қолдану керектігін айтқан.
1927 жылғы педагогикалық энциклопедияда педагогика ғылымы мен мектептің жетістіктері жинақталып, "принцип" сөзіне анықтама берілді: мақсаты, құралды таңдауға негіз болатын ой.
А.П.Пинкевич ұсынған принциптер: оқытудық өмірмен және қоғамдық еңбекпен байланысы; жас ерекшелігі принципін сақтау; оқытудық белгілі бір жас кезеңіндегі оқушылардың даму деңгейіне сәйкес болуы (оқушылардың күш жігерін дамуға жұмсау, жұмыстың жүйелілігі, шығармашылық - қызығушылықтың басты негізі); пән мазмұнының ерекшеліктерін, әдістерін аньщтау. Ол "Оқыту принципін дидактиканың түғырлы ережелері, оқыту процесіне қойылатын негізгі талаптар" - деп тұжырымдалады.
Н.Медынский ұсынған принциптер: ғылым негіздерін жүйелі меңгеру; білімді саналы меңгеру; теорияның тәжірибемен байланысы; тәрбие беретін оқыту; оқыту әдістерінің алуан түрі; жалпы және политехникалық білімі.

Date: 2016-07-05; view: 2122; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию