Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Азақстан және интеграциялық үдерістер





 

Интеграциялық үдерістер - егеменді мемлекеттердің өзара келісіммен, бір-бірін қолдау, бір-бірінің өндірісіне, сауда айналымына кең рынок ашу үшін, яғни жан-жақты дамуына жол ашатын өте тиімді амал ретінде бүгінгі күні кеңінен қолданылып отырған құрылымдар. Өйткені, мемлекеттер қазіргі заманда бір-бірімен ынтымақтасу арқылы ғана даму жолында жақсы табыстарға жете алады. Интеграция қатысушы елдердің ішкі және сыртқы дамуына экономикалық, әлеуметтік, мәдени мүмкіншіліктер тудырады. Соны алдымен экономикасы да, мәдениеті де озық Еуропалық одақ елдері түсінді.

Бүгінгі таңда әлемде 20-ға жуық халықаралық, аймақтық экономикалық бірлестіктер бар. Солардың ішінде Батыс Еуропада құрылып, бүгінгі күні құрлықтың негізгі аумағына тарап отырған Еуропалық одақты (ЕО) және Еуропа Еркін сауда ассоциациясын (ЕСЕА), Солтүстік Америкадағы - Солтүстік Америкалық Еркін сауда ассоциациясын (НАФТА), Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдердің Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығының ассоциациясын (АТЭС), Азиядағы - Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоциациясын (АСЕАН), Латын Америкасындағы - Латын-америкалық Интеграция ассоциациясын (ЛАЙ) және «Меркосур», т.б. озық интеграциялық құрылымдар деп атауға болады.

Осы экономикалық интеграция бұрынғы мемлекетаралық экономикалық ынтымақтастықты адамзат тарихының жаңа кезеңінде ғылыми-техникалық прогрестің негізінде тереңдеткен үдеріс болды. Оны Еуропалық экономикалық одақтың үлгісінен жақсы көріп отырмыз. Онда халық пен мемлекет өмірінің барлық салалары бұрын ешқашан болып көрмеген көлемде интеграцияланып отыр. Оларда өзара кеден түгіл шекаралық кедергілер де жоқ. Мәселен, Шеген аумағының бір мемлекетіне кірсеңіз, сол аймаққа енетін барлық елдерді еш кедергісіз аралап шығуға болады.

Посткеңестік елдер басшылары арасында оның бүгінгі кезеңдегі дамуға аса қажетті үдеріс екенін ең алғашқы болып көре білген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев болды. Еліміздің Тәуелсіздік алғанына екі жарым жылдай ғана уақыт өткен 1994 жылдың наурыз айындағы Мәскеуге барған ресми сапарында Елбасы Мәскеу мемлекеттік университетінің оқытушыларымен және студенттерімен кездескен еді. Сонда ТМД елдерінің одан әрі дамуы үшін өзара интеграциялық үдерістерді жүргізуі керектігі жөніндегі идеясын алғаш рет айтты. Посткеңестік кеңістіктің дамуы алдағы уақытта екі үрдіспен анықталады деп айтуға болады. Біріншіден, ұлттық мемлекеттің қалыптасуымен және екіншіден, ТМД елдерінің интеграциясымен. Осының бәрі де заңдылық. Ғылыми-техникалық прогрестің қатты дамып, тұтыну рыногы үшін жанкешті талас болып тұрған жағдайда тек бірлесе отырып қана өмір сүруге болады. Қараңыздар: көпғасырлық мемлекеттік тарихы бар Батыс Еуропа елдері бірігіп жатыр. Олар әлемдік рыноктың Солтүстік Америка, Жапония, қала берді азиялық «жас жолбарыстардың» арасында қатты бөлініске түскенін көріп отыр, - деген еді Н.Назарбаев. Елбасының өміршең идеясы нақты нәтижелерге ұласа бастады. Бұл бастаманың оңайлықпен жүзеге аспағаны бесенеден белгілі. Кедергілер аз болған жоқ. Алайда, Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси ерік-жігерінің арқасында бүгінгі заманда интеграцияға еш балама жоқтығына көзіміз жетті. Ендігі қадам – тарихи қадам. Өйткені, үш мемлекет – Ресей, Беларусь және Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) құру туралы келісімге қол қойды.

Еуразиялық экономикалық одақ құруда әңгіме тек экономикалық интеграция жөнінде болып отырғанын Елбасы Н.Назарбаев әлденеше рет мәлімдеді. «...Біздің интеграциялық бірлестікте саяси егемендік тұрақты, бұл – аксиома. Оның есесіне экономикалық интеграция ұлттық мемлекеттілікті нығайтуға, экономиканы дамыту арқылы оны неғұрлым орнықты етуге мүмкіндік береді. Одаққа кіретін әр елдің егемендігі толық көлемде, соның ішінде халықаралық деңгейде тек нығайып, өркендейді», - деді Президент Мәскеуде 2013 жылдың 24 желтоқсанында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде.

ЕЭО сияқты интеграциялық бірлестіктер шеңберінде шешім қабылдағанда Қазақстанның құқықтары шектелмейді. Еуразиялық экономикалық комиссиядағы шешімдер қабылдау механизмі Кеден одағына мүше қандай да бір елдің басымдыққа ие болуына жол бермейді. Негізгі шешім алқа шеңберінде білікті көпшіліктің үштен екісінің қалауымен қабылданады. Сонымен қатар, Кеңес мүшелері ұлттық мүддеге қайшы келетін кез-келген шешімге қарсылық танытып, оны шешімдер тек өзара бәтуаластықпен қабылданатын үкімет басшыларының немесе мемлекет басшыларының деңгейіне шығара алады. Мұндай ұстаным, шешім қабылдарда барлық тараптардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге жол ашады.

Еуразиялық интеграция - ол, ең алдымен, саяси егемендікке ешқандай нұқсан келтірместен, тауарлардың, қызметтердің, инвестициялардың, еңбек ресурстарының, кәсіпкерлік белсенділіктің алға басуы үшін кедергілерді алып тастау мақсатын көздейтін экономикалық бірлестік. Әрине, бұл интеграциялық құрылым туралы кереғар пікірлер де айтылып қалып жатады. Оған себеп кейбір ресейлік саясаткерлер мен журналистердің бұл құрылымды Ресей империясын қайтадан қалпына келтіру жолындағы әрекет деп бағалауында. Мұндай пікірлердің болуы заңды, өйткені, Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің өзара ынтымақтастықты күшейтіп, экономикалық тұрғыдан биік нәтижелерге жетуіне іштей қарсылар да жоқ емес. Олар бұл құрылым тек экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге қызмет етеді деген оның негізгі постулатын қасақана теріс бұрып, оны саяси құрылым деп бағалауға құштар.

Кеден одағының экономикалық тиімділігі айдан анық. Мәселен, Кеден одағы құрылмай тұрған 2009 жылы үш мемлекеттің арасындағы өзара тауар айналымы 47 млрд. 135 млн. АҚШ доллары көлемінде болса, Кеден одағы құрылған бір жылдан кейін ғана бұл көрсеткіш 33,9 пайызға артып, 63 млрд. 101 млн. долларға жетті. Ал, 2012 жылдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналымының көлемі 68 млрд. 582 млн. доллар болды.

Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдер - Қазақстан, Белоруссия, Ресейдің аумақтық көлемі әлемнің 15 пайызын қамтып, жер шарындағы халықтың үш пайызын, әлемдік ауыз су мен пайдалы ресурстардың 20 пайызын, мұнай қорының 7-8 пайызын, астық өндірудің 5,9, темірдің 5,1, электр қуатын өндірудің 5,5 пайызын құрайды екен. Аталмыш экономикалық одақ әлемдік ішкі өнімнің 4,5 пайызына ие болып отыр.

Орталық Азиялық Ынтымақтастығы Түрлі деңгейдегі және көпсатылы аймақтық интеграция түрлерінің бірі болып саналатын Орталық Азиялық Ынтымақтастық (ОАЫ) Ұйымы Орталық Азиядағы тағы бір интеграциялық құрылымы болып табылады. Ұйымды құру туралы Шартқа 2002 жылдың 28 ақпанында Алматы қаласында қол қойылды. Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы оның мүшелері болып табылады.

ОАЫ 1994 жылы құрылған Орталық-Азиялық Экономикалық Қауымдастықты қайта құру жолымен өмірге келген.
ОАЫ іс-әрекеттері аймақтағы тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қажетті интеграциялық үдерістерді дамытуға, ең бастысы экономика саласында оптималдық өзара тиімді байланыстарды дамытуға, алдағы ішкі реформалар үшін қолайлы сыртқы орта жасауға бағытталған. Әскери-саяси салада ұйымдасқан қылмыспен, терроризммен, экстремизммен заңсыз қару-жарақ, есірткі айналымымен, экономикалық саладағы қылмыстармен күрес жүргізудегі ынтымақтастықты жалғастыруды қалайды. Бұл жерде өзара іс-әрекеттердің нақты формалары қарастырылған, атап айтқанда тергеу жұмыстарын және арнайы шараларды бірлесіп өткізу. ОАЫ қатысушылар «Центразбат» бірлескен әскери батальон құрған, есірткенің заңсыз айналымымен күресу бойынша іс-әрекеттерді үйлестіру үшін есірткелік психотроптық заттарды және прекурсорларды бақылау бойынша Мемлекетаралық Комиссия құрылған.

Бірегей экономикалық кеңістік туралы Шарт Қазақстан Республикасы мүше мемлекеттер арасында тығыз сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға бағытталған Белорусь, Қазақстан, Ресей және Украина арасындағы Бірегей экономикалық кеңістік туралы Шартқа қатысушы болып табылады.

Негізгі әдебиеттер: 1, 3, 8, 9, 10, 14, 15, 18, 19, 22, 25, 29, 30.

Қосымша әдебиеттер: 38, 40, 42, 43, 44, 45, 46, 49, 52, 56.

Date: 2016-11-17; view: 1218; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию