Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс №2. Қазақстанның бұрынғы КСРО республикаларымен тату көршілік қатынастар орнатуы.





1991 жылғы 13 желтоқсанда Ашхабад қаласында Қазақстан жетекшісінің күш-жігерінің арқасында Орта Азия республикалары басшыларының кездесуі болды. Осы кездесу барысында сыртқы саясаттағы көптеген мәселелердің шешімі табылды және Орталық Азия мен славян республикаларының егесін болдырмаудың сәті түсті. 1991 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамашылығымен жиналған бұрынғы 11 одақтас республика басшылары жаңа бірлестік - Тәуелсіз Мемлекетгер Достастығының негізін қалаушы құжат болған Алматы декларациясына қол қойды.
Қазақстан тарихы қысқа мерзімде басты мемлекеттік мәселені шешті әрі елдің нақты тәуелсіздігіне қол жеткізді. Қазақстан соңғы 24 жылда әлемдік қауымдастықпен барлық салаларда өркениетті байланыстар дамыта білген ашық қоғамға айналды. Қазақстанның бұрынғы КСРО республикаларымен тату көршілік қатынастар орнатуы нәтижесінде, ол елдермен өзара тиімді және ұтымды қарыматынастар қалыптастырып, инвестициялардың келуі өсе түсті.

Қазақ елі сыртқы саясатының басты бағыты жетекші державалардың қауіпсіздік жөніндегі кепілдігін ала отырып, ядролық қарудан бас тартып қана қоймай, ядролық қарусыз мемлекет мәртебесіне ие болу еді. Бұл ұстаным тез арада-ақ іс жүзіне асырылды. Ал осы жәйт халықаралық аренада, еліміздің мәртебесін көтерді. Еуразия одағын кұру, Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨЫСШК) шақыру сияқты Қазақстанның бірқатар игі бастамалары әлемдік қоғамдастык, тарапынан кеңінен қолдау; тапты. Халықаралық қатынастарда Қазақстан таңдап алған копвекторлы саясаттың дұрыстығын осы 24 жылда жинақталған тәжірибе шын мөнінде растап берді.
Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін 1991 жылғы 17-желтоқсанда мойындады. Қазақстан Ресеймен қарым-қатынасқа айрықша мән береді. Бұл жөнінде елеулі ілгерілеу бар. 1998 жылы шілденің 6-сында Мәскеуде қол қойылған XXI ғасырға бағдарланған «Мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы Декларация» екі ел үшін маңызды тарихи мәнге ие. Қазақстан мен Ресей арасында Каспий теңізінің құқықтық, проблемасы шешілді. Келісім хаттамасына 2002-2003 жылдары қол қойылды.

Біз үшін бірінші дәрежелі маңызы бар келісім, дүние-жүзілік ірі проблемалардың бірі - Каспий теңізінің мәртебесін айқындау. Ел президенті алғашқы кезден бастап принципті бағыт ұстады, өз айқындамамызды корғап қалды. Қазір ол айқындама Каспий теңізінің солтүстік бөлігі түбінің ара-жігін белгілеу жөнінде Ресеймен ортақ желі принципі бойынша жасалған келісімнен ез көрінісін тауып отыр. Осы келісімнің іске аса бастауы үшін Сыртқы істер министрлігі белсенді түрде жұмыс істеді. Каспий теңізінің түбіндегі ұлттық секторлар координаттарын айқындайтын хаттаманы қысқа мерзім ішінде даярлайды. Сыртқы істер министрлігі Каспий теңізінің заңдық мәртебесі жөніндегі екіжақты және көпжақты келіссөздерді жалғастырып келеді. Каспий проблематикасының Қазақстанның стратегиялық мүдделеріне тікелей қатысты мейлінше күшті екенін ұдайы есте сақтауда. Өзара сенімге негізделген баянды ынтымақтастық Қазақастанға да, Ресейге де қажет.

Қырғызстанмен және Өзбекстанмен ынтымақтастықты дамыту үшін олармен мәңгі достық туралы шарттарға қол қойылды Біз бұл құжаттар аймақтық тұрақтылық пен қауіпсізді нығайтуға қосылған маңызды үлес болып табылады де есептейміз.

Қазіргі күрделі жағдайда Қазақстан мен Орталық Азиқ елдері ТМД-ның оңтүстік шекараларын қорғау, діни экстремизмге, халықаралық терроризмге, ұйымдасқан қылмысқа, есірткі заттарының заңсыз айналымына, қару-жарақ контрабандасына қарсы күрес сияқты маңызды салаларда тығыз өзара іс-қимыл жүргізуге тиіс деп есептейміз.

Қазақстан – Өзбекстан қарым-қатынастары. Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылы 23 қарашада орнатылды. Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мырзахметов Асқар Исабекұлы (2006 жыл, сәуір).

Қазақстан Республикасындағы Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Бутаяров Турдикул Суванович (2000 жыл, сәуір).

Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынастары бірқалыпты дамуда. Тараптар аймақтық қауіпсіздік және экономикалық интеграция салаларында ынтымақтасуда; АӨСШК, ШЫҰ, ЕврАзЭҚ, Терроризмге, саяси және діни экстремизмге, трансұлттық ұжымдық қылмысқа және тұрақтылық пен қауіпсіздіктің қатерлеріне қарсы күресте бірлескен шаралары жөніндегі келісімнің қатысушылары болып табылады.

Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынастарының шарт-құқықтық базасы ынтымақтастықтың барлық салаларын қамтитын 90-нан астам құжаттардан тұрады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Ташкентке 5 мәрте сапар жасады, Өз кезегінде, Өз бекстан Республикасының Президенті И.Каримов Қазақстанға 10 рет келді,

1998 жылы 30 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Өзбекстанға ресми сапары кезінде екі жақты қарым-қатынастың негізгі құжаты - Мәңгілік достық туралы шартқа қол қойылды.

2006 жылы 19-20 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Өзбекстанға мемлекеттік сапары барысында екі жақты ынтымақтастықтың басты мәселелерін шешуге бағытталған. Мемлекетаралық Үйлестіру Кеңесін құру туралы шешім қабылданды.

2005 жылы екі жақты сауда көрсеткіші 497,1 млн. АҚШ долларынан асып түсті (экспорт - 242?6 млн. АҚШ долл., импорт - 254,5 млн. АҚШ долл.). 2006 жылы 13-14 наурызда Астана қаласында Қазақстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы екі жақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 9-шы отырысы өтті. Комиссия жұмысы екі ел арасындағы экономикалық мәселелерді жылдам шешілуіне бағытталады.

Қазақстан – Т үрікменстан өзара байланыстары. Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 5 қазанында орнатылды. Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Атанов Мұрат Марданұлы (2005 жылдамыз).

Қазақстан Республикасындағы Түрікменстаның Төтенше жэне Өкілетті Елшісі Абалаков Мүхаммед Ходжамүхаммедүлы (2000 жыл, наурыз).

Ынтымақтастықтың нормативтік-қүқықтық негізін 40-тан астам құжат, соның ішінде - 1993 жылғы 19 мамырдағы Достық қатынастар және ынтымақтастық туралы шарт, 1997 жылғы 27 ақпандагы Ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы декларация құрайды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Түрікменстанда ресми сапармен 1993 жылғы 19 мамырда, 1999 жылғы 8-9 сәуірде болды, еондай-ақ 2002 жылгы 23-24 сәуірде Ашхабат қаласында өткен Каспий жағалауы мемлекеттері Басшыларының Бірінші саммитінің жұмысына қатысты.

Түрікменстанның Президенті С. Ниязов Қазақстанда ресми сапармен 1997 жылғы 27 ақпанда, 2001 жылғы 5-6 шілдеде болды, сондай-ақ 2002 жылғы 28 ақпан - 1 наурыз аралығында Алматы қаласында өткен ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты.

2001 жылғы 5 шілдеде Астана қаласында мемлекет басшылары Қазақстан-түрікмен мемлекеттік шекарасын межелеу және демаркациялау процесі туралы шартқа қол қойды. 2005 жылдың қараша айында іргелес мемлекеттердің мемлекеттік шекарасында алғашқы шекара бағаналарының орнатылу рәсімі салтанатты түрде өткізілді. Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялау процесін ағымдағы жылы аяқтау көзделген.

Қазіргі таңда біздің елдеріміз Каспий теңізінің қүқықтық мәртебесін анықтауға қатысты келіссөз процесіне қатысуда. Бүл мәселеде Қазақстан мен Түрікменстан ұқсас үстанымдар білдіріп, елеулі келісушілік танытуда.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы Каспий теңізінің табанын межелеу туралы келісімнің жобасын даярлауға байланысты келіссөз процесі жалғасу үстінде.

Сондай-ақ Арал теңізі бассейнінің су қорларын басқару жэне трансшекаралық өзендердің су - қорларын пайдалану мәселелері қарастырылатын Аралды сақтап қалу халықаралық қоры шеңберінде Қазақстан мен Түрікменстан ынтымақтастық танытуда.

Қазақстан – Тәжікстан қарым-қатынасы. Қазақстан Республикасы және Тәжікстан Республикасының екі жақты өзара қатынасы достық сипатта және жоғарғы дәрежедегі саяси ынтымақтастық бағытында дамып отыр.

Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасының арасындағы алғашқы және негізгі құжат - Ынтымақтастық туралы келісім-шартқа 1993 жылы 13 қаңтарда Алматы қаласында қол қойылды. Бүгінгі күні Қазақстан және Тәжікстан кең көлемді екі жақты қатынастар көлемінде ынтымақтастың бар саласын қамтитын елуден астам қүқықтық негізі бар келісім-шартқа қол қойған.

Екі мемлекет аймақтық қарым-қатынас шеңберінде ШЫҰ, ТМД, ЕВРАЗЭҚ және ҰҚКҰ ұйымдарының белсенді қатысушылары болып саналады. Тәжікстан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевың Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес бастамасын іске асыруды толығымен қуаттай отырып, Елбасымыздың Орталық Азия Мемлекеттер одағын құру идеясын бірауыздан мақұлдады.

Үстімізгі жылғы 4-5 мамырда Тәжікстан Республикасының Президенті Э.Ш.Рахмоновтың Қазақстан Республикасына бірінші ресми сапары болып өтті. Сапар нәтижесінде еңбек туралы және Қазақстанда жұмыс жасайтын тәжік мигранттарының құқығын қорғау; халықаралық автокөлік қатынасы туралы; өзара құпия ақпаратты қорғау туралы; экономикалық қылмыс және салық заңын бұзушылық жөнінде ақпарат алмасу және ынтымақтастық туралы келіссөздерге қол қойылды.

Сала аралық деңгейде Қазақстанның Білім және ғылым министрлігімен Тәжікстанның Жастар ісі жөніндегі комитетінің мемлекеттік жастар саясаты және екі елдің еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктерінің арасында өзара ынтымақтастық жөнінде келіссөзге қол қойылды. Жалпы, сапар барысында экономикалық және сауда өндіріс, энергетика, әлеуметтік сала және қауыпсіздік салаларында екі жақты қатынасты күшейту мәселелері талқыланды. Екі жақ Тәжікстанның инвестициялық ахуалын нығайту мақсатында Қазақстан инвестициясын тарту арқылы одан әрі жақсарту ниеттерін танытты.

Сапар барысындағы қол жеткізген келісім-шарттардың табысты іске асырылуының бірінші белесі ретінде Қазақстанның шаруашылық субьектілерінің Тәжікстаннан жеміс-жидек көкөніс өнімдерін сатып алуға ниет білдіруін айтуға болады (олардың тиісті құжаттары осы жылдың 30 мамыр мен 4 маусым аралығында Душанбеге сапары кезінде қол қойылды). Сонымен бірге Тәжікстанның Таулы-Бадахшан облысындағы «Чарын Алтын» қазақ-тәжік бірлескен кәсіпорнының күміс өндіруіне кірісуін айтуға болады.

Тәжікстан мен Қазақстанның 2006 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы сыртқы сауда айналымы 2005 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 183,5% артып 58 млн. 254 мың АҚШ долларын құрады; экспорт-9 млн. 192 мың АҚШ долларын құрады; импорт 49 млн. 62 мың АҚШ долларын құрады; 2005 жылы бұл көрсеткіштер 187 млн. 993 мың АҚШ долларын қүрады (2004 жылға 88,2%): экспорт Тәжікстан Республикасынан - 19 млн. 665 мың; импорт Тәжікстан Республикасына 168 млн. 337 мың АҚШ. долларын құрады.

ТМД мемлекеттеріиің арасында Тәжікстанның сыртқы сауда айналымында Қазақстан үшінші орынды алады; Ресей (339 млн. 263 мың) және Өзбекстаннан (219 млн. 328 мың) кейін. Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмегі бойынша ТМД елдері арасында бірінші орында тұр (6,9% ТМД елдерінің жалпы көмегінен алғанда).

Соңғы уақытта сауда-экономикалық үрдістің біршама артқаны байқалады. Соның ішінде Елшіліктің атсалысуының арқасында аталмыш елге көптеген ірі қаржы институттары, соның ішінде «Қазақстан Даму Банкі» АҚ, «ТуранАлемБанк» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі Мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ, және көптеген тағы басқа да ірі ұйымдар басшылары іскерлік сапармен болып қайтты. Осының нәтижесінде 2005 жылдың мамыр айында «ТуранАлемБанк» өкілдігін Тәжікстан Республикасында ашты, 2006 жылы маусым айында Қазақстанның «АВИКОМ» әуежол компаниясы өзінің филиалын ашты.

Бұдан басқа Қазақстан. Республикасының Инвестқоры Тәжікстан Республикасының Соғды облысындағы Адрасмон тау-кен комбинатына он миллион АҚШ доллары колемінде инвестиция бөлу туралы жоспарын қарастыруда.

Бұрынғы Кеңес Одағы мемлекеттерінің көпшілігі энергия көздері рыногындағы ынтымақтастыққа, сауда, көлік және коммуникация салаларынан өзара тиімді түрде да объекивті тұрғыдан бейімділік танытып отыр. Ұлы Жібек жолын қайта түлетуге де көптеген мемлекет мүдделі білдіруде.

Негізгі әдебиеттер: 1, 3, 8, 9, 10, 14, 15, 18, 19, 22, 25, 29, 30.

Қосымша әдебиеттер: 29, 31, 33, 35, 36, 37, 38, 40, 42, 43, 44, 45, 46, 49, 52, 56.

Date: 2016-11-17; view: 660; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию