Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






C) Аутоиммунды тиреоидит





D) Өкпе туберкулезі

E) Өт шығу жолдары дискинезиясы

 

$$$185

35 жастағы ер адам, бастың қатты ауыруына, дене қызуының жоғарылауына, ұйқының бұзылуына, тәбеттің жоғалуына шағымданып учәсткелік дәрігерді үйіне шақыртты. Анамнезде: ауру бір апта бұрын әлсіздік, субфебрильді қызба, бас ауруының біртіндеп өршуінен басталған. Кеше дене қызуы 39,0-40,0ғС-қа дейін жоғарылап, 3 рет іші өткен. Қарап тексергенде: әлсіз, тежелген. Тері жабындылары бозғылт, іш аймағында – бірең-сараң қызғылт түсті бөртпе элементтері көрінеді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульсі – 78 рет/мин. ҚҚ 110/70 мм с.б. Тілі құрғақ, сұр-қоңыр жабындымен жабылған. Іші кепкен.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

A) Ку-қызбасы

B) Іш сүзегі

D) Кенелік бөртпе сүзегі

E) Эпидемиялық бөртпе сүзегі

D) Солтүстік Азияның кенелік сүзегі

 

$$$186

32 жастағы ер адам Ақбұлақ ауылындағы амбулатория дәрігеріне қаралған. Шағымдары: дене қызуының 39ғС-қа жоғарылауы, ірі буындарының ауыру сезімі, тершеңдік. Анамнезде: Бір ай бойы ауырады – кейде ыстық сезінген (температурасын өлшемеген), айқын тершеңдік мазалаған. Сүт фермасында жүргізуші болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде: тері жабындылары ылғалды, қолтық асты, шап лимфа түйіндері үлкейген. Бауырының төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Буындары өзгермеген. Гиперемия мен жергілікті ыстық жоқ.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

A) Безгек

B) Бруцеллез

C) Иерсиниоз

D) Іш сүзегі

E) Ку-қызбасы

 

$$$187

20 жастағы ер адам, 25-ші маусымда емханаға айқын қалтыраудан басталатын және тершеңдікпен аяқталатын, дене қызуының ұстама тәрізді 39-40ғС-қа дейін жоғарылауына шағымданып келген. Дәрігерге келген күні науқастың дене қызуы – 36,9ғС. Тері жабындылары бозғылт, маса шағуының іздері көрінеді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Анамнезінде: қазіргі кезде жұмыс істемейді. Бір ай бұрын Ауғанстанда ұлтаралық парызын орындағын әскери бөлімінен оралған.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

A) Грипп

B) Безгек

C) Лептоспироз

D) Ку-қызбасы

E) Кенелік бөртпе сүзегі

 

$$$188

23 жастағы ер адам емханаға әлсіздікке, дене салмағының төмендеуіне, 20 күн бойы дене қызуының 37,3°С-қа дейін жоғарылауына шағымданып келді. Қарап тексергенде: ауыз қуысында кандидоз, полилимфаденопатия. Анамнезінен: соңғы жылдары пневмониямен, белдемелі герпеспен ауырған. Бір жыл бұрын жыныстық жолдасын өгерткен, пассивті гомосексуалист. Дәрігер науқаста АИВ-инфекциясы бар екеніне күдіктенді.

Науқаста аурудың қандай клиникалық сатын болжамдайсын (ДДҰ жіктелуі бойынша):

A) I (бірінші)

B) II (екінші)

C) III (үшінші)

D) IV (төртінші)

E) Терминальді

 

$$$189

42 жастағы ер адам, Маңғыстау облысының тұрғыны. Дәрігерді үйіне мынандай шағымдармен шақыртты. Дене қызуының 39°-40°С-қа жоғарылауы, қалтырау, бүкіл денесінің қақсап ауруы, қатты бастың ауруы, оң жақ кеудесінің ауруына, құрғақ жөтел мазалайтындығын айтты. Ауру жедел, кеше кешкісін басталған. 3-күн бұрын түйе союға қатысып, қолын жарақаттап алған. Қарап тексергенде: науқастың жағдайы ауыр. Тыныс алу жиілігі минутына – 30 рет. Пульсі – 140 рет/мин., АҚҚ-90/60 мм с.б. Өкпесінің оң жағында жайылған құрғақ сырылдар. Гемограммада: лейкоциттер –32 х109/л, т/я нейтроф.-14%, с/т нейтроф – 82%, лимф. – 2%, мон. -2%. Күні бойы кіші дәретке бармаған.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

A) Оба

B) Грипп

C) Бруцеллез

D) Пастереллез

E) Ку-қызбасы

 

$$$190

Суретте көрсетілген біріншілік терілік аффект қай жұқпалы ауруға тән?

 

A) Оба

B) Листериоз

C) Туляремия

D) Пастереллез

E) Сібір жарасы

 

$$$191

36 жастағы ер адам тоқтаусыз құсу, іштің өтуі, шөлдеу шағымдарымен үйіне емханадан дәрігер шақырған. Қарап тексергенде: дене қызуы – 36,0°С, әлсіз. АҚҚ – 80/60 мм с.б. тамыр соғысы минутына – 105 рет. Даусы қарлыққан. Тері тургоры төмендеген. Іші кіріңкі, ауырмайды. Үлкен дәреті сұйық, күріш қайнатпасы тәрізді, иіссіз.

Науқаста қандай асқыну дамуы ықтимал?

A) Гиповолемиялық шок

B) Ішек өтімсіздігі

C) Инфекциялық-токсикалық шок

D) Бүйректің жедел жетіспеушілігі

E) Мезентериальді тамырлардың тромбозы

 

$$$192

44 жастағы әйел ауруының 4-ші күні терапевтке келесі шағымдармен келді: ауызының құрғауына, көру қабілетінің нашарлауына, тыныс алудың қиындауына. 4 күн бұрын қонақта бұқтырылған саңырауқұлақ жеген. Қарап тексергенде: есі анық, екі жақты птоз, мидриаз, страбизм. Дауысы қарлыққан. Жүрек тондары бәсеңдеген, пульс -118 рет/мин, ҚҚ- 90/60мм с.б. Өкпеде - төменгі бөлігінде тыныс әлсіреген, бірең-сараң майда көпіршікті сырылдар естіледі. Іші аздап желденген, ішек перистальтикасы әлсіреген.

Қандай ем ең әсерлі болып табылады?

A) Пробиотиктер

B) Серотерапия

C) Симптоматикалық терапия

D) Антибактериальді терапия

E) Дезинтоксикациалық терапия

 

$$$193

25 жастағы ер адам емханаға дәрігер қаралуына келді. Ауырғанына 5 күн болған, дене қызуы 39о C˗ға дейін көтеріліп, бастың маңдай аймағының, параорбитальді аймақта, тамағының ауру сезімі, мұрынның бітелуі, буындары мен бұлшықеттері сырқырауы мазалаған. Қарап тексергенде: беті ісініп, қызарған, склераның қан тамырлары инъекцияланған, құрғақ жөтел, ентігу, тахикардия байқалады. Өкпенің төменгі бөлігінде тынысы әлсіреген, құрғақ сырылдар естіледі. Жүректің соғу жиілігі минутына -92 рет, тыныс алу жиілігі-24 рет, АҚҚ-100/60 мм с.б. Гемограммада: лейкоциттер- 13,5х 109 /л, Hb -120 г/л, эритр.-3,38х 1012/л, тром.-225х109/л, т/я-6%, с/я-76%, мон.-8%, лимф-10%, ЭТЖ-15 мм/с.

Науқаста қандай асқыну дамыған болуы мүмкін?

А) Өкпенің ісінуі

B) Пневмония

C) Жедел бронхит

D) Жүрек жеткіліксіздігі

E) Тыныс алу жеткіліксіздігі

 

$$$194

50 - жастағы ер адам емханаға дәрігер қаралуына келді. 3 күн аралығында қалтырау, бастың ауруы, сол жақ балтыр мен табанның ісінуі, қызару және ауру сезімі анықталды. 40 жасында бет тілмесімен ауырған. Қарап тексергенде: дене қызуы 39,6°С-қа жоғарлаған, пульсі 130 рет/мин., АҚҚ 110/70 мм с.б. Сол жақ балтыр мен табан аймағында шекарасы айқын, тері жабындысы қызарған, сыртқы және артқы бөлігінде бірнеше бір-бірімен қосылған ішінде сарғыш және қоңыр түсті сұйықтығы бар көпіршіктер айқындалады.

Төмендегі диагноздардың қайсысы ең ықтимал болуы мүмкін?

A) Біріншілік тілме, эритематозды-буллезды түрі

B) Қайталамалы тілме, эритематозды-буллезды түрі

C) Біріншілік тілме, буллезды-геморрагиялық түрі

D) Қайталамалы тілме, буллезды-геморрагиялық түрі

E) Рецидивтелген тілме, эритематозды-буллезді түрі

 

$$$195

26 жастағы әйел емханаға дәрігерге қаралуға келді. Жүктілігі 20-21 апта, акушерлік анамнезі күрделі (2-рет жүктілігі өздігінен үзілген). Кольпит, сукөптілік анықталуда. ЖҚА – нормоцитоз. Қынаптан алынған жағындыда – лейкоциттер саны 15-16 к\а. ИФА - листериозді а\г IgG оң. ТГАР – листериозға қарсы антиденелер титрі 1:100. Қынаптан алынған шырышты бактериологиялық тәсілмен зерттегенде – L.monocytogenes бөлінген. Дәрігер листериоз деген диагнозды қойған.

Диагноз қоюға ықпал еткен ең негізгі мәліметтер қандай?

A) Акушерлік анамнез мәліметтері

B) ИФА листериозді а\г IgG оң болуы

C) L.monocytogenes қынап шырышынан анықтау

D) Қынап жағындысында қабынуға тән өзгерістердін болуы

E) ТГАР листериозға қарсы антиденелер титрінің 1:100 болуы

 

$$$196

32 жастағы әйел, ауырғанына 8 күн болғанда емханадағы дәрігерге келіп қаралды. Ең бірінші күнінен бастап әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, дене қызуының 38-38,5°С-қа дейін көтерілуі мазалаған, тамағы ауырып, іші өткен. Келесі күні склерасы сарғайып, зәрі қоюланған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,5°С. Барлық топтағы лимфа түйіндері бүршақ тәрізді болып қолға білінеді. Ауызжұтқыншақта – жұтқыншақтың артқы қабырғасы қызарған, бадамша бездері ұлғаймаған, жабындылары жоқ. Денесінің терісінде дақты-папулезді бөртпе анықталады. Бауыры қабырға доғасынан 1,5-2 см, төмен пальпацияланады, пальпациялағанда аздап ауырсыну сезімі анықталады.

Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады:

A) Иерсиниоз

B) Лептоспироз

C) Жедел вирусты гепатит

D) Инфекциялық мононуклеоз

E) Созылмалы вирусты гепатит

 

$$$197

15 жастағы мектеп оқушысы, ауырғанына 5 күн болғанда емханаға келді. Дене қызуының 38.80С дейін көтерілуіне, тамағының аздап ауруына шағымданады. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, склерасы субиктериялық, мойынарты лимфа түйіндері пальпация кезінде ауыру сезімі байқалады. Науқаста гепатоспленомегалия, ангина анықталады. ЖҚА аздаған лейкоцитоз, нейтропения, моноцитоз, лимфоцитоз, атипті мононуклеарлар, СОЭ 10 мм/сағ.

Қандай зерттеу әдісі осы ауруда ең тиімді?

A) ИФА

B) Бюрне сынамасы

C) Райт реакциясы

D) Видаль реакциясы

E) Провачек риккетсияларымен КБР

 

$$$198

Жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөліміне 32 жасар ер адам келді: жалпы әлсіздікке, жүрек айнуына, құсуға, тәбетінің нашарлауына, зәр түсінің қоңырлануына шағымданып түсті. 2 аптадан бері ауырады, 2 ай бұрын асқазан жарасының қан кетуіне байланысты операция жасалынып, қан құйылған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары және көрінетін шырышты қабаттары аздап сарғайған. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, оң қабырға асты сезімтал. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 2,0 см-ге төмен анықталады, консистенциясы тығыз.

Қандай ем патогенетикалық мақсатпен тағайындалады?

A) Регидратациялық терапия

B) Дегидратациялық терапия

C) Дезинтоксикацилық терапия

D) Қабынуға қарсы терапия

E) Иммунитет күшйтуші терапия

 

$$$199

32 жастағы ер адам учәскелік дәрігерге дене қызуының 38,7ғС-қа дейін жоғарылауына, ірі буындарының ауыру сезіміне, тершеңдікке шағымданып келген. Анамнезде: 2 ай бойы ауырады – кешкі уақытта ыстық сезінген (температурасын өлшемеген), айқын тершеңдік мазалайды, жүдеген. Сүт фермасында жүргізуші болып жұмыс істейді. Ақбұлақ ауылының тұрғыны. Қарап тексергенде: тері жабындылары ылғалды, қолтық асты, шап лимфа түйіндерй үлкейген. Бауырының төменгі шекарасы қабырға доғасынан 2,0 см-ге төмен анықталады. Буындар өзгермеген. Гиперемия мен жергілікті ыстық жоқ.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

A) Жедел бруцеллез

B) Жеделдеу бруцеллез

C) Біріншілік-латентты бруцеллез

D) Біріншілік-созылмалы бруцеллез

E) Екіншілік-созылмалы бруцеллез

 

$$$200

Ер адам 20 жаста, аурудың 5-ші күні емхана дәрігеріне мынандай шағымдармен келді: дөрекі жөтел, жарықтан қорқу, әлсіздік, денесінде бөртпелердің пайда болуына, жоғары қызбаға. Денесіндегі бөртпелер аурудың 4ші күнінде бетінде пайда болған, содан кейін мойынға, бүкіл денесіне жайылған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, температура390С, склерит, коньюктивит, ауыз-жұтқыншақ шырышты қабатында - “ұнтақ жармасы ” тәрізді энантема; бетінде, денесінде жайылған, кейбір жерлерде бір-бірімен қосылған дақты-папуллезді бөртпелер анықталды.

Ең ықтимал диагноз:

А) Жәншау

B) Қызамық

C) Қызылша

D) Иерсиниоз

E) Желшешек

 

$$$201

Менингококты инфекцияның қай түріне жедел бүйрек үсті жетіспеушілігінің

(Уотерхаузен – Фридериксен синдромының) дамуы мүмкін?

А) Менингитке

Date: 2016-05-25; view: 642; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию