Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Экологиялық зардаптың өзге зардаптардан ерекшелігі





Заң əдебиеттерінде қоғамға қауіпті зардап мəселесі əр уақытта үздіксіз қаралады. Қоғамға қауіпті зардап, адам баласының əрекеті, жүріс-тұрысы, қылығы негізінде қалыптасады. Адамның осындай белсенді іс-əрекеті, тіпті, қарапайым дене қозғалысы немесе оқиға қоршаған сыртқы ортаға белгілі бір өзгеріс алып келеді. Қоршаған ортада адамның іс – əрекетімен пайда болатын салдар өте көп, оларды шартты түрде екі санатқа бөлуге болады: əлеуметтік маңызды жəне əлеуметтік сипаты жоқ. Əрине, екінші түрі құқық аясынан мүлде тыс жатыр. Ал бірінші түрі, яғни, əлеуметтік маңызды салдар, өз алдына əлеуметтік пайдалы жəне əлеуметтік қауіпті деп екіге бөлінеді. Құқық бұзушылық шеңберінде əлеуметтік зиян (қауіп) туралы айтылады. Экологиялық құқық бұзушылықтың салдары, субъектімен жасалған теріс іс-əрекет нəтижесінде пайда болатын объектіге келтірілген зиянды өзгеріс. Заң əдебиеттерінде салдар «нəтиже» деген терминмен пара – пар келеді. Сөздікте «нəтиже» деген зат есімнің бірнеше мағынасы бар. Ал мысалы, қылмысқа қатысты талдайтын болсақ, қылмыстық нəтиже деп, қылмыстық заң қорғайтын объектіге адамның іс-əрекетімен келтірілген нақтылы өзгерісті айтамыз. Бұл өзгеріс тиісті қол сұғатын объектіге материалдық, күш қолдану, моральдық, саяси жəне құқықтық зардап болып орын алуы мүмкін. Əртүрлі сипаты бар құқық бұзушылықтың салдарын алғашқылардың бірі болып саралаған. А.С. Михлин болатын. (Последствия преступления. М., 1969 ж.). Ол құқық бұзушылықтың салдарын материалдық жəне материлдық емес деп екіге бөлді. Материалдық салдар – мүлікті жəне жеке болып ажыратылса, ал материалдық емес салдарды – жеке жəне жеке сипаты жоқ салдар деп бөлді. Сонымен қатар, материалдық мүліктік салдарды: тікелей зиян (жеткіліксіздік) жəне тиісті нəрсені ала- алмау (пайдадан айырылып қалу) деп екіге бөліп ажыратқан. Қауіптілік яғни зардаптың пайда болуының нақты мүмкіндігі, объективтік сыртқы ортада белгілі бір өзгерістерге жағдай жасайды. Ол зиянды салдардың жүзеге асуына алып келуі мүмкін. Қауіптілік объективтік санат болғандықтан қылмыстық салдардың бір түрі ретінде қарастырыла алады. Сонымен қатар, қауіптілік адам əрекетінің қасиеті ретінде де туындайды. Экологиялық залал — коршаған ортаның пайдалылығының оның ластануы салдарынан өзгеруі. Экологиялық залал коршаған ортаның өзгеруіне байланысты қоғамның жұмсайтын қаражатының көлемімен бағаланады. Экологиялық залал мынадай шығындарды құрайды: · қоршаған ортаны өзгертуге байланысты қоғамның қосымша шығындары; · қоршаған ортаны қайта қалпына келтіруге жұмсалған шығындар; · табиғи ресурстардың тапшы бөліктерінің қайтымсыз шығындалуына байланысты қоғамның болашағы үшін жұмсаған қосымша шығындары. Қоршаған ортаға келтірілген залалды бағамдау үшін мынадай негізгі өлшемдер пайдаланылады: · ластануды азайту шығындары; · қоршаған ортаны қайта қалпына келтіру шығындары; · нарықтық бағасы; · қоршаған ортаның сапасын өзгертуге жұмсалатын қосымша шығындар; · айналаны ластайтын заттектердің шоғырлануын азайтуға, оларды қауіпсіздендіруге жұмсалатын шығындар; · адамдардың денсаулығын жақсартуға жұмсалатын шығындар.

 

 

Date: 2016-05-25; view: 985; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию