Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дəріс. Экологиялық құқық бұзушылықтың ұғымы мен жалпы сипаттамасы





1.Экологиялық құқық бұзушылықтың түсінігі.

2.Экологиялық құқық бұзушылықтың құрамы.

3.Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері.

 

Экологиялық құқық бұзушылық, соның ішіндегі экологиялық қылмыстар қазіргі таңдағы өзекті мəселелердің бірі болып табылады. Өйткені экологиялық құқық бұзушылықтан туындайтын зиянды салдар кең етек жайып бара жатқаны айдан анық. Ол адамзат қоғамын бей-жай қалдырмауы керек. Бұл мəселе бүкіл дүниежүзі үшін ауқымды да, салмақты болуы қажет. «Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды» деген норма Қазақстан Республикасының Конституциясының 31- бабында деп бекітілген. Айналадағы қоршаған ортаның ластану проблемасы мемлекеттің экологиялық дамуына елеулі кедергі келтіреді. Сол себептен əлемдік шаруашылықтың дамуының бір бағыты ретінде Қазақстан қоғамы экономиканы экологизациялауды ескере келе, өзінің Ата заңында адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғау туралы мəселелерді заң жүзінде бекіткен. Қоршаған ортаның нашарлауы көбінесе бұрынғы жоспарлы экономиканың тиімсіздігімен байланысты болып отыр. Қоршаған орта туралы заңдардың тиісті дəрежеде дұрыс жүзеге асырылмауы, олардың орындалуының толық бақыланбауы, ескі технологиялардың қолданылуы, жəне өзге де көптеген жағдайлар судың, ауаның жəне топырақтың əрі қарай ластануына, өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылуына себеп болды. Сонымен қатар сол кездегі ірі мемлекеттердің ядролық зерттеулері мен ғарыш кеңістігін игеруге байланысты тəжірибелері онсыз да қолайсыз экологиялық жағдайды жəне табиғи ресурстарды аяусыздықпен пайдалануды бұрынғыдан да үдете түсті. Мұндай жағдайдың мемлекеттің экологиялық жүйесіне əсер етпеуі мүмкін емес еді. Осыған орай «Қазақстан-2030» стратегиясының басымдықтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына сəйкес Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы мақұлданды. Бұл тұжырымдамада еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін стратегиялық бағыттар көрсетілген – экономиканы, ұлттық заңнамаларды жəне қоғамды экологияландыруға байланысты, экологиялық үгіт-насихат жəне жұртшылықтың қатысуы, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту белгіленген. Аталған тұжырымдамаға сəйкес, экологиялық қауіпсіздіктің мақсаты: «Экологиялық қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк саясаттың мақсаты табиғи жүйелердiң, қоғамның өмiрлiк маңызды мүдделерi мен жеке тұлға құқығының қоршаған ортаға антропогендiк жəне табиғи əсерлердiң нəтижесiнде туындайтын қатерлерден қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады» делінген. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында төртінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде, Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығы, білімі мен əл-ауқаты деп атап көрсетілген. Бұл басымдықтың ішінде ауруды болдырмау жəне салауатты өмір салтын ынталандыру, нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрес, темекі мен алкогольді тұтынуды қысқарту, əйел мен баланың денсаулығын жақсарту, тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын арттыру мəселелері алға қойылған. Осыған сəйкес ғалымдар мен бүкіл қоғамның табиғи ресурстарын пайдаланудың адам үшін маңыздылығы мен табиғи ортаны қорғаудың қажеттілігі арасындағы қарама- қайшылықтарға байланысты дабыл қағуы өте орынды болып табылады. Маңызды табиғи ресурстарды өте көп мөлшерде шаруашылық мақсатқа пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін теріс зардаптары мен залалдарын жеңілдету, оларды барынша азайту жəне табиғи байлықтарды молайту жөніндегі шараларды жасау міндеті туындайды. Табиғатты тиімді түрде үнемді пайдалану жəне оны қорғау, оның ресурстарын пайдалану кезіндегі тепе- теңдікті белсенді түрде сақтау, қоршаған табиғи ортаны жақсарту, ал бұл талаптар бұзылған жағдайда оны қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру қажеттілігінде сөз жоқ. Экологиялық ахуалдың нашарлауы адамдардың өмірі мен денсаулығына, тіпті адамзаттың да тағдырына ықпал ететінін дəлелдей түседі. Бұл тұрғыдан алғанда барлық экологиялық қылмыстарды, жалпы экологиялық жағдайды зерттеуді қажет етеді. Экологиялық қылмыстар мəселесін заңнамада бекітудің алғашқы құқықтық қадамы 1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде (ҚРҚК) қарастырылды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің 11- тарауы «Экологиялық қылмыстар» деп аталады. Бұл тарауда 18 қылмыс құрамы (277-294 баптар) бар. Бұрынғы ҚазССР-ң Қылмыстық кодексінде мұндай арнаулы тарау болмаған, экологияға байланысты жекелеген баптар «Шаруашылық қылмыстар» деген тараудан орын алған болатын. Профессор А.Н.Ағыбаевтың айтуынша: Экологиялық қылмыс дегеніміз, қоршаған ортаға, оның ресурстарына, халықтың экологиялық қауіпсіздігіне қол сұғатын қоғамға қауіпті, қылмыстық заңға қайшы іс-əрекеттер болып табылады. Аталған қылмыстық қол сұғушылық, үлкен зиян келтіретіні сөзсіз. «Экологиялық қылмысқа Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген экологиялық құқық тəртібін, қоғамның экологиялық қауіпсіздігіне жəне қоршаған табиғи орта мен адам денсаулығына елеулі залал келтіретін қол сұғушылықпен көрінетін зиянкестікті түсінеміз». Зерттеліп отырған қылмыстардың қауіптілігі: біріншіден, олардың тəжірибеде соңғы уақыттары кеңінен тарап келе жатқандығынан; екіншіден, бұл қылмыстардың сандық сипатымен қатар, сапалық көрсеткіштерінің де артуынан көрініп, елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіруге дейін жеткізіп отыр. Бұл орайда Ф.С.Жақсыбековамен келісуге болады: Экологиялық қылмыстардың демографиялық, əлеуметтік сипаттағы зардаптарын мынадан да көруге болады: - қоғам мүшелерінің өмір сүру ұзақтығын төмендетуге, аурушаңдығын өршітуге, өлім- жітімнің көбеюіне, халықтың генофондының əлсіреуіне алып келетін өмір сүру ортасының сапасын тым төмендетуіне; - экологиялық қолайсыз аумақтардың пайда болуына, қайта жанданып келе жатқан табиғи ресурстардың азғындауына; - қайта жандануға жатпайтын табиғи ресурстардың (минералдық шикізат, көмірсутекті энерготасығыштар т.б.) сарқылуына; - жер сапасының төмендеуіне əкеп соғады (осының бəрі адамның биологиялық түр ретіндегі құрып кету қауіпін тудыруға əкеп соғуы мүмкін). Экологиялық апаттың алдын алуға байланысты мəселелерді шешу үшін көнерген əдістерді пайдалану экологиялық қылмыстылық болып табылатын келеңсіз салдарға жəне қайтарымсыз процестерге əкеліп соғуы мүмкін. Шартты түрде экологиялық қылмыстардың барлық құрамын бірнеше топтарға бөлуге болды: 1. Қоршаған ортаны қорғауға қарсы жалпы экологиялық қылмыстар (ҚРҚК 277-280, 293, 294 баптар). 2. Жер мен жер қойнауын ұтымды пайдалану мен сақтау саласына қарсы қылмыстар (ҚРҚК 285-286 баптар). 3. Суды қатынастарын қорғау аясына қарсы қылмыстар (ҚРҚК 281, 283, 284 баптар). 4. Өсімдіктер дүниесін қорғау саласына қарсы қылмыстар (ҚРҚК 280, 287, 291, 292 баптар). 5. Жануарлар дүниесі мен атмосфералық ауа саласындағы қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстар (ҚРҚК 282, 287-290 баптар). Кейбір ғалымдар экологиялық қылмыстарды тікелей объектісіне байланысты 6 түрге бөліп көрсеткен. Қоршаған ортаны қорғаумен байланысты қоғамға қауіпті іс-əрекеттер құрамы құрамы ҚРҚК-ң «Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар» деп аталатын 4-тарауында да көрсетілген. Мысалы, Экоцид 161- бап. «Меншікке қарсы қылмыстар» деп аталатын 6-тараудағы, 186-бапта жерге заттай құқықтарды бұзу құрамы белгіленген. 9-тараудағы «Қоғамдық қауіпсіздікке жəне қоғамдық тəртіпке қарсы қылмыстарда» 244-бап. Атом энергетикасы объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, 245-бап. Таукен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, 245-1-бап. Сапасыз құрылыс, 246-бап. Жарылыс қауіпі бар объектілерде қауіпсіздік ережелерін бұзу, 247-бап. Радиоактивті материалдармен заңсыз жұмыс істеу, 248-бап. Радиоактивті материалдарды ұрлау немесе қорқытып алу, 249-бап. Радиоактивті материалдармен жұмыс істеу ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген. Экологиялық қылмыстар үшін жауаптылықты көздейтін барлық баптардың нормалары бланкеттік диспозиция негізінде құрылған. Сондықтан да сот тергеу тəжірибесінде, экологиялық қылмыс құрамдарын құрайтын баптарды саралағанда экологиялық қауіпсіздік талаптарын реттейтін заңдар мен көптеген заңдық актілерге сілтеме жасау маңызды болып табылады Жалпы экологиялық қылмыстардың топтық объектісі, қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, тірі организмдерге қолайлы табиғи жағдайларды сақтау жəне адамдардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамсыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады. Аталған қылмыстардың тікелей объектісі, экологиялық қылмыстарды реттейтін нақты қоғамдық қатынастар. Экологиялық қылмыстардың заты, нақты табиғи ресурстары атап айтқанда, жер, су, ауа, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, орман-тоғай т.б. болып табылады. Жоғарыда көрсетілген қылмыстардың объективтік жағы белсенді əрекет немесе əрекетсіздік арқылы сипатталады. Көп жағдайда енжар əрекетсіздік орын алады. Қылмыстардың аяқталуына байланысты формальды жəне материалды құрамдар да орын алған. Субъективтік жағынан қылмыстар қасақана немесе абайсызда жасалуы мүмкін. Экологиялық қылмыстардың субъектісі, жалпы субъект немесе кейбір құрамдарда арнаулы субъект болып табылады. Сайып келгенде, экологиялық қылмыс құрамының белгілері мен элементтерін дұрыс саралау өте маңызды болып табылады. Біріншіден, ол экологиялық қылмыстарды, өзге экологиялық құқық бұзушылықтардын ажыратуға мүмкіндік береді. Екіншіден, ұқсас экологиялық қылмыстарды бір бірінен ажыратып, қылмыстық жауаптылықты дұрыс тағайындауға негіз болады. Сонымен қатар, ғылыми зерттеулерде көп айтылып жүрген экологиялық қылмыс түрлерінің барлық белгілерін қамтитын, «Экологиялық қылмыстар ұғымын» Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне арнайы заң нормасы ретінде енгізу қажет деп ойлаймыз. Сондай ақ, əлі күнге дейін өз шешімін таппай жүрген экологиялық қылмыстар үшін заңды тұлғаларды жауаптылыққа тарту мəселесі бойынша қазіргі əрекет етуші қылмыстық заңға толықтырулар мен өзгертулер енгізу қажет. Осы мəселені тұңғыш рет біздің Президентіміз жылы құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге жүргізген Координациялық кеңесте қозғаған болатын. Əрине ол оңай шаруа емес. Ол қылмыстық заңнамада күрделі реформа жасауды талап етеді. Дей тұрғанымен қоғам бір орында тұрмайды, оның дамуы жедел сол себептен бұл мəселені болашақ еншісіне ұзатпау керек.

 

4 Дəріс. Экологиялық құқық бұзушылық үшін экологиялық жауаптылықты жүзеге асырудағы экономикалық механизмнің ұғымы. 1.Экологиялық жауаптылықты жүзеге асырудың экономикалық механизмінің ұғымы.

2.Экономикалық механизмді жүзеге асырудың ерекшеліктері.

 

Табиғатты қорғаудың экономикалық тетігі дегеніміз - қоршаған ортаны қорғау мен ұтымды табиғат пайдалануды қамтамасыз етеуге бағытталған, нормативтік құқықтық актілерде көрініс тапқан экономикалық шаралардың жиынтығы. Экологиялық құқықтағы экономикалық механизмнің рөлі - оның осы салада атқаратын функциясымен анықталады. Экономикалық механизмнің функциялары: · ұтымды табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды экономикалық қамтамасыз ету (экономикалық механизмге енгізілген барлық экономикалық шараларды жүзеге асырумен атқарылады); · ынталандырушылық қызметі (салықтық жəне несиелік жеңілдіктер, қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқа да қолдау шаралары арқылы жүзеге асырылады) Қоршаған ортаны қорғауды жəне табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетіктерінің түрлерi (ҚР ЭК 95 бабына сəйкес): 1) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау мен қаржыландыру; 2) қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы төлеу; 3) табиғи ресурстардың жекелеген түрлерін пайдаланғаны үшін ақы төлеу; 4) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру; 5) нарықтық тетіктер жəне қоршаған ортаға эмиссиялар үшін квоталарды сату; 6) экологиялық сақтандыру; 7) қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау. Жоспарлау. Табиғат пайдалану жəне қоршаға ортаны қорғау саласындағы жоспарлаудың нормативтік талаптары негізінен жалпы мемлекеттік жоспарлауға, оның əлеуметтік зкономикалық дамуына сəйкес жүзеге асырылады, яғни қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға мыналарды жатқызамыз (ҚР ЭК 96 бап): н 1) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған; 2) қоршаған ортаның сапалық сипаттамаларын арттыру арқылы қоршаған орта құрауыштарының жай-күйін жақсартатын; 3) экологиялық жүйелердің жай-күйін тұрақтандыру мен жақсартуға, биологиялық əртүрлілікті сақтауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға ықпал ететін; 4) қоршаған ортаға жəне халықтың денсаулығына залал келтірудің алдын алатын жəне оларды болғызбайтын; 5) қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты ұтымды пайдалануға жəне қоршаған ортаны басқарудың халықаралық стандарттарын енгізуге бағытталған əдістер мен технологияларды жетілдіретін; 6) өндірістік экологиялық бақылауды дамытатын; 7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттық жүйелерді қалыптастыратын жəне экологиялық ақпарат беруге ықпал ететін; 8) экологиялық білімді насихаттауға, тұрақты даму үшін экологиялық білім мен ағарту ісіне ықпал ететін іс-шаралар жатқызылады. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласыныдағы жоғарыда аталған іс шараларды жүзеге асыру, олардың қаржыландырумен тікелей байланысты. Қаржыландыру. Экологиялық міндеттерді шешудің мағызды шарты қаржыландыру. Табиғатты қорғау қомақты қаржыны талап ететін қызмет түрі. Мысалы, кəсіпорынның тазалау құрылғыларының құны, кейде кəсіпорынның өзіндік құнының қырық пайызын құрайды. ҚР ЭК 97 бабына сəйкес Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру: 1) бюджет қаражаты; 2) табиғат пайдаланушылардың өз қаражаттары; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады. Табиғат пайдалануға ақы төлеу. Ақы төлеу табиғат пайдаланудың негізгі қағидаларының бірі болып табылады. Табиғат пайдалануға ақы алудың бірнеше көздеген мақсаты бар, олар: біріншіден, табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін ақы төлеу мемлекеттік жəне жергілікті бөджеттерді толықтырады; екіншіден, ақы төлеудің басты мақсаты ол табиғат пайдаланушыларды табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға ынталандыру. Табиғи ресурстарды пайдалану үшін ақы төлеу. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес келесідей төлем түрлері көрсетілген: 71-тарау. Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы 72-тарау. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы 73-тарау. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы 74-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы 14-бөлім. Жер салығы 11-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу 43-тарау. Бонустар 45-тарау. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы. ҚР ЭК 1 бабының 26 тармақшасына сəйкес қоршаған ортаға эмиссиялар дегеніміз - ластағыш заттардың шығарындылары, төгінділері, қоршаған ортада өндіріс жəне тұтыну қалдықтарын орналастыру, зиянды физикалық əсер етуі; Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленеді, табиғат пайдаланушылар экологиялық рұқсатта айқындалған нормативтер шегінде жүзеге асыратын қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тəртіппен алынады. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы бойынша салықтық міндеттемелерді атқару табиғат пайдаланушыны қоршаған ортаға келтірген залалды өтеуден босатпайды. Экологиялық сақтандыру. Экологиялық сақтандыру қоршаған ортаны қорғаудың жаңа құқықтық шарасы болып табылады. Экологиялық сақтандыру дегеніміз, қоршаған ортаға, басқа адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіру салдарынан шарттан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілік тəуекелі туындаған кездегі жеке жəне заңды тұлғаның мүліктік құқықтарын қорғауға байланысты қатынастар кешені болып табылады. Үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне жəне (немесе) авариялық ластануы нəтижесінде қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу экологиялық сақтандырудың мақсаты болып табылады. Экологиялық сақтандырудың түрлері: · Міндетті экологиялық сақтандыру - Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңына сəйкес жүзеге асырылады. Шаруашылық жəне өзге де қызметтің экологиялық жағының қауіпті түрлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. · Ерікті экологиялық сақтандыруды - жеке жəне заңды тұлғалар өздерінің еркін білдіруіне қарай жүзеге асырады. Ерікті экологиялық сақтандырудың түрлері, талаптары жəне тəртібі сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы шарттарда айқындалады. Қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау - қоршаған ортаны жəне табиғи ресурстардың тұтыну қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың құндық көрінісі. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті органның лауазымды адамдары қоршаған ортаға залал келтіру фактісі анықталған күннен бастап бір ай мерзім ішінде қажетті материалдарды жинау мен талдауды жүргізеді жəне келтірілген залалға экономикалық бағалауды белгілейді. Атмосфералы ауаны жəне су ресурстарын белгіленген нормативтерден тыс ластаудан, сондай-ақ өндіріс пен тұтыну қалдықтарын, оның ішінде радиоактивті қалдықтарды белгіленген нормативтерден тыс орналастырудан келтірілген залалды экономикалық бағалау Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ережелерге сəйкес тура немесе жанама əдістермен айқындалады. қ

Date: 2016-05-25; view: 1757; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию