Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәрістердің қысқаша жазбасы 4 page





   

Күйін анықтау технологиясына оның операцияларының тізбесі және ұтымды тізбектілігі, оларды автомобильдердің ТҚ және АЖ операцияларымен байланыс-ты жүргізу тәсілдері мен құралдары қосылады. Ол автомобильдердің механизм-дері мен агрегаттарының конструкциясы мен сенімділігіне, сондай-ақ оларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен режимдеріне байланысты, күйін анықтаудың берілген түрін жүргізу тәртібін анықтайды.

Тапсырыстық күйін анықтаудың технологиялық процесі жүргізушінің автомашинаның техникалық күйі туралы ақпарат алуынан, нақтылауынан және есепке алуынан тұрады. Жүргізуші бұл ақпаратты автомобильдің желіде жұмыс істеу процесінде қуаттың төмендеуі, отын шығынының жоғарылауы, түтіндеу, тежеу тиімділігінің және басқарушылықтың төмендеуі, жылу режимдерінің, шулардың және т.с.с. бұзылуы түрінде айқындалатын ақаулықтарды субъективті анықтау негізінде, сондай-ақ кірістірілген күйін анықтау құралдарының көмегі-мен береді. Тапсырыстық күйін анықтау сәйкес лауазымды тұлғаларды жұмыл-дыру және КТП кешеніне кіретін, күйін анықтау техникасын қолдану арқылы нақтыланады. Алынған мәліметтер "ТҚ және жөндеуді есепке алу қағазына" толтырылады. Диагноздың жеткіліксіз сенімділігі кезінде, автомашинаны Д–1, Д–2 күйін анықтау құралдарын пайдалану арқылы қосымша күйін анықтауға жібереді. Ірі кәсіпорындарда тапсырыстық күйін анықтау ағымдағы жөндеу ай-мағында орналасқан, мамандандырылған бақылаупостыларында нақтыланады.

Д–1 күйін анықтаудың технологиялық процесіне арнайы құралдармен және нормативтермен қамтамасыз етілетін, тексеру операцияларының кешені кіреді. ТҚ–1 технологиялық процесіне сәйкес, Д–1 процесі келесі операцияларды көздейді: сигнал беру және жарық түсіру құралдарының күйін анықтау, пайда-ланылған газдардың улылығы мен түтінділігін бағалау, басқару және тежеу жүйелері механизмдерін тексеру, автомобильдің тежеу және жүрістік қасиет-терінің күйін анықтау. Осы операциялардың орындалуы автомобильдің тежеу және жүрістік қасиеттерін тексеру үшін стендтермен, пайдаланылған газдардың улылығы мен түтінділігін тексеру үшін аспаптармен, автомобильдің жарық түсіру және сигнал беру құралдарын тексеру үшін аспаптармен қамтамасыз етіледі. АКК қуатына, жылжымалы құрамның модельдеріне, қолда бар күйін анықтау құралдарының типажына және АКК өндірістік алаңдарына, Д–1 құралына байланысты тікелей ТҚ–1 орындарында немесе жеке арнайы учаскеде орналасуы мүмкін.

 

Күйін анықтау стендтерін тікелей ТҚ–1 постыларында орналастыру мына жерлерде: аз және орташа қуатты АКК және АТҚ филиалдарында; автопоездар-дың, автобустар мен арнайыландырылған ірі габаритті автомобильдердің күйін анықтау кезінде; АКК қайта құру және күйін анықтау учаскелері үшін өндірістік алаңдарды пайдаланудың шектелген мүмкіндіктері кезінде; АКК-да автомобиль-дің тартымдық, тежегіш және жүрістік қасиеттерін тексеру үшін жеке стенд-терден тұратын, күйін анықтау кешені бар болғанда ұсынылады.

Күйін анықтау құралдарын жеке, арнайыландырылған учаскеде: ірі және орташа, бірақ бір типті, аз габаритті жылжымалы құрамды АКК-да (мысалы, таксомотор комбинаттарында), қайта салынып жатқан АКК корпустарында; АКК-да, оның қуатына байланыссыз, құрама стенд негізінде күйін анықтау кешені бар болғанда; бірыңғай бір сатылы) ТҚ болғанда орналастыру мақсатқа сәйкес болады.

Күйін анықтау құралдарының орналасу тәсіліне байланыссыз, жылжымалы құрамның артық орын ауыстыруын болдырмау мақсатында оның технологиялық процесіне реттеу жұмыстары және кезекті күйін анықтау операциясын дайындау үшін қажетті, сондай-ақ кейіннен қорытынды бақылауды қажет ететін операция-ларды жүргізген соң, ақаулықтарды жою бойынша жұмыстар қосылу керек. Бұл операциялардың орындалуының еңбек сыйымдылығы 10 адам-мин аспау керек.

ТҚ–2 технологиялық процесіне және АЖ типтік операцияларына сәйкес, Д–2 күйін анықтауға: тұтас алғанда автомобильдің пайдалану қасиеттерін бақылау, сондай-ақ оның агрегаттары мен жүйелерінің техникалық күйін тереңдетіп тексеру қосылады.

Д–2 учаскесі кіру-шығу желдетпесімен, жеткілікті жарық түсірумен және ПГ бұрып әкетуге арналған құрылғымен қамтамасыз етілген, оқшауланған жайда орналасады. Постылар санына сәйкес ол бүйірлік кірісі бар қарау орларымен жабдықталады. Ірі АКК-да тапсырыстар бойынша тереңдетілген күйін анықтау-дағы қажеттіліктерді аса толық қамтамасыз ету үшін арнайыландырылған посты-ларды орнатады. Арнайыландырылған постыларда автомобильдің тежеу жүйесі-нің механизмдері бойынша және оның басқарылатын доңғалақтарын орнату механизмдері бойынша күйін анықтау және реттеу жұмыстарын жүргізеді. Бұл постыларды мүмкіндігінше оқшауланған түрде, АЖ аймағында орналасты-рады. Қызмет көрсету және жөндеу постыларында күйін анықтау және реттеу операцияларын ДР жөндеу жұмысшылары орындайды. Арнайы постыларда күйін анықтау жұмыстарын дайындалған білікті жұмысшылар немесе диагност-операторлар орындайды. Д–1 және Д–2 постыларын технологиялық карталармен көзделген, күйін анықтау құралдарымен жасақтайды. Д–1 және Д–2 постылары үшін күйін анықтау құралдарының кешенін таңдау эксперименттік және ықти-малды-эксперименттік әдістермен жүзеге асырылады. Сараптық бағалаудың ықшамдалған әдістемесі: бағалаушы құралдың бағалау параметрлерін іріктеуден; осы көрсеткіштерді анықтаудан және оларды нормалаудан, әрбір құндылық көрсеткішінің маңыздылығын сараптық бағалаудан және маңыздылық коэффи-циенттерін есепке алып, осы көрсеткіштерді қосындылаудан тұрады. Оған құндылық көрсеткіштерінің ең жақсы мәндері берілген объект эталон қызметін атқаруы мүмкін.

Ықтималды-экономикалық әдіс келесі факторлармен: істен шығуды жоюға, ескертуші жөндеуге, күйін анықтауға жұмсалған шығындармен, күйін анықтау периодтылығымен, істен шықпай жұмыс істеу ықтималдығымен, күйі анықтала-тын жабдықтардың істен шығуын үлестіру заңдарымен және параметрлерімен қамтамасыз етілген. Экономикалық критерий ретінде регламенттік күйін анық-тауға шекті-рауалы шығындар қабылданады. Механизмнің берілген сенімділігін қамтамасыз ете отырып, оған сол сенімділікті қамтамасыз ететін, регламенттік қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындардан аспайтын шығындар көрсетілген болып саналады. Бұл егер күйін анықтау құралының құны тым жоғары болса, онда жоспарлық күйін анықтау көмегімен және қажеттілік бойынша кейіннен қызмет көрсетуге қарағанда, берілген сенімділікті айтарлықтай жиі мәжбүрлі қызмет көрсетудің көмегімен қамтамасыз ету ұтымды. Берілген шарт Собщ. = Сд + Ср ≤ Сп-п теңсіздігімен өрнектеледі. Күйін анықтау құралын жөндеуге, қызмет көрсетуге және күйін анықтауға жұмсалған шығындарды және күйін анықтау объектісі сенімділігінің көрсеткіштерін, сондай-ақ келесі тәуелділікті есептеу жолымен берілген АКК қуатын есепке алумен, оның құны бойынша таңдауға болады

,

мұнда d – ескертуші жөндеудің құны,

Nсп - тізімдік автомобильдер саны.

Есептеулерді ықшамдау үшін осы теңдеудің негізінде салынған номограмма пайдаланылады.

АКК-да жылжымалы құрамның күйін анықтауды ұйымдастыру.

АКК-да автомобильдердің күйін анықтауды ұйымдастыру ақпараттық қамта-масыз ету жүйесі, жөндеу-реттеу жұмыстары, ТҚ және АЖ жүргізудің шұғыл жоспарлау және дайындау түрінде оның құралдарын және персоналды пайдала-нудың технологиялық процестерін орындау тәртібін анықтайды.

Автомашиналардың күйін анықтау оларға ТҚ және жөндеу жүйесінің элемен-ті болып табылады. АКК-да ол ТҚ және жөндеу процестерін әрбір жеке алынған автомобильдің техникалық күйі туралы мақсатқа бағытталған жеке ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Автомашиналар КТП-ға немесе автоколонналарға тұрақ орнына келгенде жүргізушілер автомашиналарды желіден қабылдайтын механиктерге байқалған ақаулықтар туралы хабарлайды. КТП немесе автоколонна механиктері автомо-бильдің техникалық күйін субъективті және күйін анықтау құралдарының көмегімен анықтайды. Күйін анықтау нәтижелері бойынша КТП-да ТҚ және жөндеуді есепке алу қағазын ресімдейді. Автомашина диагнозын әрі қарай нақтылау қажет болғанда, УМР жүргізген соң, Д–1 немесе Д–2 постысына жібереді. Ірі АКК-да автомашиналардың күйін анықтауды арнайыландырылған ДР постыларында нақтылайды. Жоспарлық қызмет көрсетуден өтпеген және оған тиесілі емес жарамды автомашиналарды сақтау аймағына жібереді, ал тиесілі ТҚ–1 немесе ТҚ–2 – сәйкесінше, ТҚ–1, ТҚ–2 және АЖ аймағында күйін анықтаудан кейін және сақтау аймағына қызмет көрсету мен жөндеуден кейін Д–1 немесе Д–2-ге жібереді.

 

8-тақырып ИТҚ персоналы және көлік техникасына ТҚ көрсетуді және жөндеуді басқару хақында шешім қабылдау әдісі.. Көлік техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу сапасын басқару (3/3/1/1 сағ)

Дәріс жоспары

1. Инженерлік-техникалық қызмет персоналы.

2. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. АКК-да автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мен оларды жөндеу-дің сапасын оперативті болжау жүйесі.

 

Дәрістің қысқаша мазмұны

Персоналдың жалпы сипаттамасы. Техникалық қызмет ету жүйелері қызметші жұмысқа қабілеттілікке маңызды ықпалын жасауды көрсетеді және транспорттық жөндеудің техниктер. Еліміздің автомобиль паркінің жылдам өсуі және еңбек және материалдық ресурстарға қойылатын шектеулер жағдайларында жылжымалы құрамның жұмысқа қабілеттілігінің және АКК техникалық қызметі жұмысының тиімділігінің деңгейін жоғарылатудың елеулі резервтерінің бірі автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу сапасын жоғарылату болып табылады. Шаруашылық есепке және өзін-өзі қаржыландыруға өтудің тиімділігі көбінесе орындалған жұмыс пен еңбекті төлеу арасындағы дұрыс тәуелділіктің бар болуымен анықталады. Ал бұл, өз кезегінде, практикада қолданылатын жылжымалы құрамға ТҚ және жөндеу сапасын (өнім сапасын) басқару жүйелерін жетілдірумен байланысты.

Сонымен бірге өнім сапасы деп өнімнің тағайындалуына сәйкес анықтал-ған қажеттіліктерді қанағаттандыруды қамтамасыз ететін, өнім қасиеттерінің жиынтығын түсіну керек.

Өнім сапасының деңгейі салыстырылатын өнім сапасының көрсеткіштерін немесе еңбек нәтижелерін нақты қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесін жоспарлау, есепке алу, бақылау және талдау кезінде эталондық қажеттіліктермен салыстырумен анықталады.

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және оларды ағымдағы жөндеу сапасын басқару жүйесінде көлік өнімінің сапасын қамтамасыз ететін негізгі көрсеткіш, автомобильдердің, оның агрегаттары мен жүйелерінің техникалық жағдайының деңгейі болып табылады.

Автомобильдерге ТҚ және оларды АЖ сапасын басқару жүйесі деп өзара келісілген инженерлік-техникалық, ұйымдастырушы, жабдықтау, экономикалық, технологиялық, бақылау және жылжымалы құрамның техникалық жағдайын жақсартуға бағытталған басқа процестердің жиынтығын түсінуге болады.

Басқару құралы АКК инженерлік-техникалық қызметі, яғни құрылымдық бөлімшелер болып табылады, оның жұмыс істеуінің негізгі мақсаты оны желіде тиімді пайдалану үшін жылжымалы құрамды техникалық дайындау болып табылады.

Автокөлік кәсіпорындары мен бірлестіктер үшін сапаны басқарудың осы уақытқа қарай әзірленген жүйелерін 4-суретте келтірілген сұлбада жіктеуге болады. ТҚ және АЖ сапасын басқарудың қолданылып жүрген жүйелерінің (олар 60-тан астам) автомобильдерге ТҚ және оларды жөндеу сапасын басқару жұмысын жақсартатын, келесі элементтері бар.

Жүйелерде сапаны басқару объектісі ретінде тұтас алғанда автомобиль және оның жүйелері, сирек жағдайда агрегаттар, механизмдер, тораптар, тетіктер пайдаланылады. Ленинградтық жүйеде (ЛПОПАТ № 3) агрегатты немесе жүйені жөндеу операциясы пайдаланылады. Басқару объектісін аса дәл көрсету үлкен нәтиже береді.

Көптеген жүйелерде жұмыс сапасын бағалау объектісі жөндеу жұмысшы-ларының бригадасы немесе тобы, сирек жағдайда жұмыстарды нақты орындау-шылар болып табылады. Жеке жұмысшылардың еңбегін бағалау тұтас алғанда жүйенің жұмыс істеу нәтижелілігін арттырады, бірақ есепке алу мен талдауды күрделілендіреді.

Жұмыс сапасын басқарудың оперативтілігі оның бойында орындалған жұмысқа баға берілетін кезең көрсетіледі, мысалы, бес күнге (ТҚ-1) немесе 10 күнге (ТҚ-2) кепілдік кезең беріледі, онда техникалық қызмет көрсетуден өткен автомобильдер жұмысы ықтималдығының деңгейі анықталады. Оларда техника-лық әрекеттерді орындаған соң 1 ай бойы пайда болған ақаулар белгіленетін және ақаусыз жұмыс істеу деңгейі анықталатын жүйелер бар (АКҒЗИ, БКСР Автокөлік министрлігі және т.б.). АЖ кезінде еңбек сапасын 5-10 күн бойы және тіпті автомобильдің 1 ай жұмысын бағалаудың тек анық ақаулықты ғана айқындауға мүмкіндік беретінін атап кету қажет. Жұмыстың іс жүзіндегі сапасын бағалау үшін агрегаттың, тораптың жөндеуден кейінгі жұмысын 2-3 ай бойы талдау талап етіледі және оперативтік болжамның нәтижелері бойынша күтілетін қосымша жұмысты анықтауға болады (МАЖИ сапаны басқару жүйесі).

 

 

Кәсіпорында (бірлестікте) автомобиль көлігінің сапасын басқарудың кешенді жүйесі

Жүйелер

Жылжымалы құрамды пайдалану және жолау-шыларға қызмет көрсету сапасын басқару жүйесі   Кәсіпорында жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және оны ағымда-ғы жөндеу процестерінің сапасын басқару жүйесі   Басшылық сапасын, кәсіпорынның ИТЖ және қызметкерлерінің жұмысын басқару жүйесі

 
 

 

 

Қосалқы жүйелер

БҚ сапасын басқару   ТҚ-1 және ТҚ-2 сапасын басқару   Постылардағы АЖ сапасын басқару   Учаскелердегі АЖ сапасын басқару

 

4-сурет - Сапаны басқару жүйесі

 

Материалдық ынталандыру, тәртіп бойынша, қосымша жұмыс көрсет-кіштері немесе істен шықпай жұмыс істеу ықтималдықтары бойынша сапа және еңбекке қатысу (СЕҚ), сондай-ақ ынталандыру мөлшерін анықтау коэффициент-терін есептеуге негізделген. Сонымен бірге ынталандыру мөлшері жұмысшы-ның жалпы еңбекақысынан 15-20%-тен артық болмайды. Егер бұл шаманы 75- 85%-ке дейін жеткізсе, сапаны басқару жүйелерінің тиімділігі едәуір артады (МАЖИ).

Жүйенің әрекет етуінің көп мәртелілігі орындаушылар және тұтас алғанда бригада жұмысының нәтижелерін басқару деңгейін сипаттайды. Көпте-ген жүйелерде, бригада жұмыс сапасы үшін алатын сыйақы деңгейі орындау-шыға дейін СЕҚ арқылы жеткізіледі. Бригаданың қорды 50%-ке жұмыс көлем-дерінен алғанда және барлық бригада жұмысының сапалы көрсеткіштері үшін 50%-ке қалыптастыруы, орындаушының сапалы көрсеткіштерін есепке ала отырып, орындаушылар бойынша еңбекақы қорын 75-85%-ке бөлуі мақсатқа сәйкес болады. Бұл бригада ұжымының және әрбір орындаушының соңғы нәтижеге қол жеткізудегі мүдделерін біріктіруге мүмкіндік береді.

Жұмыстардың сапасын басқару бойынша ақпаратты өңдеуді механика-ландыру ақпаратты өңдеуге жұмсалатын шығындарды сипаттайды. Кәсіпорын бөлімшелері және әрбір орындаушы жұмысының сапасын дәл, бір мағыналы бағалау алғашқы және жинақтаушы ақпаратпен жұмыс істеудің еңбек сыйымдылығы мен оперативтілігін едәуір ұлғайтуды талап етеді.

Бұл жүйе келесі негізгі принциптерге негізделеді. Персонал еңбегінің сапасы оперативтілік принципін пайдаланумен бағаланады. Жұмыстарды жүргізуден кейін жеткілікті түрде қысқа бағалау кезеңінде кәсіпорынның жөндеу персоналының еңбек сапасының деңгейі болжанады.

Персонал еңбегінің сапасын бағалау кешенді бригадамен немесе оларға қызмет көрсету мен жөндеу үшін жауап беретін нақты жұмысшылар тобымен қызмет көрсетілетін, нақты агрега­ттар бойынша жүргізіледі. Бригадалық мердігерлік бойынша жұмыс істеу жағдайларында сапаны басқару жүйесі персонал жұмысының сапасын екі рет есепке алуға мүмкіндік береді. бірінші жағдайда – бригаданың жалақы қорын қалыптастыру кезінде, екінші жағдайда бригада қорын нақты орындаушылар бойынша бөлу кезінде. Бригада еңбегінің сапасын есептеу негізіне бірінші кезекте қабылданған бағалау кезеңінде бригадаға бекітілген агре­гаттар мен жүйелердің істен шықпай жұмыс істеу көрсеткіштері салынады. Сонымен бірге ТҚ және жөндеуден кейін істен шықпай атқарылған жұмыстың немесе ықтималдықтарының көрсеткіштері пайдала-нылады. Жалақыны есептеу ыңғайлы болу үшін техникалық-құндық кестелер пайдаланылады.

Еңбек сапасын бағалауды қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесі үшін автокөлік кәсіпорындарының көпшілік мақұлданған алғашқы құжаттары (есепке алу қағазы, бақылау талоны, агрегатты жөндеуге арналған карточка, қосалқы бөлшектер мен материалдарға арналған талап және т.б.) пайдаланылады.

бригада персоналының еңбек ету сапасын бағалаудағы оперативтілік принципі. Автомобиль көлігіндегі жұмыстардың сапасын басқару жүйелерінің жұмыс тәжірибесі көрсеткендей, АЖ және ТҚ аймақтарында жұмыстарды орындаудың, сондай-ақ өндірістік учаскелердегі жөндеу жұмыстарының сапасын бағалаудың аса ақпараттық критерийі жөндеу әрекеттері арасындағы бойлық немесе істен шықпай жұмыс істеу ықтималдығы болып табылады. Кәсіпорын-дағы автомобильдердің агрегаттары мен тораптарын жөндеу сапасын бағалау кезіндегі негізгі күрделілік – жұмысшылардың соңғы еңбек нәтижелеріне (пайдаланудағы агрегаттардың іс жүзіндегі бойлығына) нақты қосылған үлес, жұмыстағы анық брак болмағанда, әсіресе өндірістік учаскелер үшін, жұмыс-тарды өндіру сәтінен бастап уақыттың ұзақ кезеңі өткен кезде ғана айқын-далады. Егер де ынталандыруды ресурсты толық іске асырғанға дейін қалдырса, онда орындаушылардың соңғы нәтижелерге және ынталандыру жүйесінің өзіне қызығушылығы күрт қысқарады. Сондықтан жөндеу сапасын оперативтік баға-лау және жөндеу жұмысшыларының еңбегінің нәтижелері бойынша оларға ара-лық төлем жүргізу қажет. Сапаның оперативтік бағалаудың мәні істен шықпай жұмыс істеу ықтималдығын P (l) және бағалау кезеңінде жөндеуден кейін, агрегаттардың бірінші істен шығуының саны бойынша l күтілетін орташа бойлықты бағалаудан тұрады, яғни оң жақтан қиылған таңдау қолданылады.

Бағалау кезеңі ұзақтығының ұлғаюымен агрегаттарды болжаудың дұрысты-ғы мен дәлдігі артады, бірақ сонымен бірге АКК учаскелерінде жөндеу сапасын басқару оперативтілігі немесе кері байланыс төмендейді. Осыдан, бағалау кезеңінің оңтайлы шамасын анықтау қажет, бұл кезде агрегаттарды болжаудың берілген дәлдігі мен сенімділігі де, сондай-ақ учаскелер мен постыларда агрегаттарды жөндеу сапасын басқарудың талап етілетін оперативтілігі де қамтамасыз етіледі.

Болжауды бағалау кезеңінің ұзақтығын анықтау. көрсеткішін статистикалық бағалау дәлдігінің сандық шамасы ретінде – салыстырмалы сенімді қателер мәндері d, ал дұрыстығын бағалау үшін сенімді ықтималдық b пайдаланылады.

 

Date: 2016-05-25; view: 1136; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию