Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәрістердің қысқаша жазбасы 2 page





   

Қозғалыс күші үдетілген режимде жылдамдық немесе жүктеме немесе бір мезгілде екеуі де, оңтайлы режи­мдегіге қарағанда артық. Күші үдетілген режимде қарқынды екпін алу, басып озу, жүк тиелген авто­мобиль жоғары жылдамдықпен қозғалған кезде, өрге көтерілгенде және т.б. байқалады. Күші үдетілген режимде қозғалу отынның көп жұмсалуына және автомобиль тетіктері тозуының артуына әкеледі. Жүргізушінің біліктілігі неғұрлым жоғары болса, берілген жағдайларда автомобильдің жұмысы оңтайлы режимге соғұрлым жақынырақ өтеді.

Жүргізу сапасының әсер етуі. Автомобильдің отын үнемділігі, ұзақ мерзім-ділігі және оның қозғалу қауіпсіздігі оның жүргізілу сапасына байланысты болады.

Жүргізу сапасы, біріншіден, жүргізу әдістерімен, екіншіден, жүргізушінің шеберлігімен анықталады. Жүргізудің негізгі әдістері импульстік әдіс (екпін­-еркін жүріс), еркін жүрісті пайдаланбай жүргізу және аралас әдіс болып табылады.

Жүргізудің импульстік әдісі автомобильдің тіке берілісте және жолдың көлденең учаскесі бойынша еркін жүріспен қозғалғанда периодтық екпін алуынан тұрады. Сонымен бірге қозғалтқышты тоқтатып (тұтандырғышты сөндіріп) еркін жүріспен қозғалу мүмкін болады.

Қозғалтқышты трансмиссиядан ажыратпай жүргізу әдісі автомобильдің іліністі тоқтатпай, белгіленген бірқалыпты жылдамдықпен жүргізуден тұрады. Жылдамдық дроссельдің ашылу дәрежесімен өзгереді. Сонымен бірге бұл жүргізу әдісінде ав­томобильдің қозғалтқышпен тежелуі мүмкін.

Жүргізудің аралас немесе құрама әдісіне бірінші және екінші әдістер қосы-лады. Сонымен бірге - қауіпсіз еңістерде еркін жүріспен қозғалыс, ал көлденең учаскелерде қозғалтқышты ажыратпай бірқалып қозғалыс пайдаланылады.

Импульстік жүргізу әдісінде қозғалтқышты трансмис­сиядан ажыратпай қозғалу әдісімен салыстырғанда қозғалтқыштың иінді білігі айналуының қосын-ды жиілігінің қандай да бір төмендеуі (20-25%), берілістерді қосу санының елеулі жоғарылауы (10-12 есе) және іліністің ажыратылуы (30-35 есе), отын жұмсалуының төмендеуі (6-10 %-ке), қозғалтқыш тетіктерінің тозу динамикасы-ның өсуі (15-20%-ке) байқалады.

Импульстік жүргізу әдісінде отын үнемділігінің жоғарылауы қозғалтқыш жұмысының едәуір бөлігінің екпін алғанда үнемді режимде өтетінімен түсіндірі-леді. Бұл кезде жинақталған энер­гия шығындарсыз еркін жүріспен қозғалу уақытында жұмсалады. Импульстік жүргізу әдісінде қозғалтқыш тозуының жоғарылауы, иінді білік айналуының қосынды жиілігінің салыстырмалы төмен-деуіне қарамастан, көптеген екпін алу, берілістерді ауыстырып қосу және ілініс-терді қосу процесінде оның тетіктеріне таңбалары ауысатын үлкен жүктемелер-мен түсіндіріледі.

 

Импульстік жүргізу әдісінде автомобильдің техникалық жылдамдығы қозғалтқышты ажыратпай жүргізумен салыстырғанда төмендейді.

Жүргізудің екінші әдісінің кемшілігі (қозғалтқышты трансмиссиядан ажы-ратпай) жергілікті жердің айнымалы бедері болғанда автомобильдің қозғалт-қышпен мәжбүрлі тежелуі болып табылады, бұл отынның көп жұмсалуын және қозғалтқыш ресурсының төмендеуін тудырады.

Аралас әдістің алғашқы екі әдіске тән кемшіліктері жоқ, және олардың оң қасиеттерін өзінде үйлестіреді.

Қозғалыстың нақты жағдайларына, жергілікті жер бедеріне байланысты қарастырылған жүргізу әдістерін ұтымды пайдалану және сонымен бірге жүрістің қауіпсіздігін, бірқалыптылығын және отынның үнемді жұмсалуын қамтамасыз еткенде қозғалыстың жоғары техникалық жылдамдықтарына қол жеткізу жүргізу шеберлігін сипаттайды.

Жүргізу шеберлігіне есептілікпен және берілістерді, екпін алуды, тежеуді ауыстырып қосудың минимум мүмкін саны болғанда автомобильді басқару тәсілдерін орындау жылдамдығымен; жылдамдықтар мен жүктемелердің мини-мум мүмкін төмендеуімен; қозғалыс бағытының күрт өзгерістерінің жоқты-ғымен; жүрістің бірқалыптылығын қамтамасыз етумен; қозғалтқыштың оңтайлы жылу режимін ұстап тұрумен, қозғалыс қауіпсіздігін сақтаумен, аялдамалардың минимум санына жетумен және т.б. қол жеткізіледі. Жүргізу шеберлігінің арқасында автомобильдің жөндеу аралық жүрістері, отын үнемділігі, техника-лық жылдамдық және қозғалыс қауіпсіздігі едәуір жоғарылауы мүмкін.

Техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің әсер етуі. Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді орындау сапасы мен дер кезінделігі автомобильдің сенімділігіне, ұзақ мерзімділігіне, отын үнемділігіне, қозғалыс қауіпсіздігіне және басқа пайдалану қасиеттеріне елеулі әсер етеді.

Сонымен, мысалы, пайдалану процесінде тұтандыру жүйесінің аспаптарында үзгіш түйіспелері арасындағы саңылау, оттықтар электродтары арасындағы саңылау, тұтандыруды басып озу бұрышы өзгеруі мүмкін. Егер автомобильге техникалық қызмет көрсеткенде және оны жөндегенде тұтандыру жүйесінің аспаптарын тексермесе және реттемесе, онда қозғалтқыштың қуаты мен үнемді-лігі едәуір төмендейді.

Үзгіш түйіспелері арасындағы саңылаудың 1 мм дейін (норма 0,4 мм) ұлғаюының - отынның жұмсалуын 7-9 %-ға арттыратынын, ал оның 0,2 мм дейін азаюының отынның жұмсалуын 10-11 %-ға арттыратынын тәжірибе көр-сетті. Оттық электродтары арасындағы саңылаулардың ұлғаюы қозғалтқыштың іске қосылуын қиындатады, отын жұмсалуының едәуір жоғарылауын және қозғалтқыш қуатының төмендеуін тудырады. Қозғалтқыштың қуатына және отын жұмсауына тұтандыруды басып озу бұрышының бастапқы орнатылуы, тұтандыруды басып озудың центрден тепкіш және вакуумдық автоматтарының жұмысы өте елеулі әсер етеді.

Автомобильдің жұмыс істеу процесінде қоректендіру жүйесінің аспаптары ресізденуі мүмкін: жиклерлердің тозуы немесе бітеліп қалуы, ауаның сорылуы, карбюратордың қалтқылы камерасында отын деңгейінің өзгеруі, экономайзе­р, қалтқылы камера клапандарының герметикалылығын жоғалтуы, отын сорғысы өнімділігінің төмендеуі, ауа тазартқыштың бітеліп қалуы және т.б. Бұл жарам-сыздықтар жұмыс қоспасы құрамының бұзылуына, ал осыдан, қозғалтқыш үнемділігінің нашарлауына және пайдаланылған газдар улылығының ұлғаюына әкеледі. Ілініс механизмі тетіктерінің тозуы ілініс басқышының бос жүрісінің азаюымен қоса жүреді. Бос жүрістің болмауы толық қосылмауға, ілініс меха­низмінің текке айналуына және жылдам тозуына әкеледі. Ілініс басқышының бос жүрісі оған техникалық қызмет көрсеткенде күрделі емес реттеумен қалпына келтіріледі.

Пайдалану процесінде алдыңғы көпір тетіктерінің тозуы мен деформация-ларынан автомоби­льдің басқарылатын доңғалақтарын қондыру бұрыштарының мүмкін өзгеруі автомобильдің басқарылғыштығын нашарлатады, шиналардың тозуын және отынның жұмсалуын едәуір жоғарылатады. Сонымен, мысалы, жеңіл автомо­биль доңғалақтарының түйіспелілігі бұрышының 1,5-3 мм-ден 6 мм дейін ұлғаюы отынның шығынын 10-11 %- ке арттырады. Шиналардың жүргіш-тігіне олардағы ішкі қысым үлкен әсер етеді. Егер техникалық қызмет көрсету кезінде ол нормаға дейін қалпына келтірілмесе, шиналардың тозуы және отынның шығыны едәуір артады.

Автомобильдің жүрістік бөлігіне сапасыз және дер кезінде емес техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде оның механизмдері (доңғалақтар ішпектері, шүберінді қосылыстар, басқарылатын доңғалақтар бұрыштары және т.б.) ретсізделуі мүмкін, бұл автомобиль қозғалысына кедергіні арттырады. Бұл қозғалтқыш ажыратылғанда жолдың тегіс учаскесінде инерция бойынша еркін тербелу жолын төмендетеді, ал бұл оның отын үнемділігіне әсер етеді.

Техникалық қызмет көрсету және жөндеу сапасы қызмет көрсетудің берілген түрінің технологиялық процесімен көзделген, орындалған жұмыстардың толық тізбесімен және дер кезінде жүргізілуімен анықталады. Дер кезінде техникалық қызмет көрсету периодтылықпен, яғни істен шықпай жұмыс істеудің белгілен-ген деңгейін қамтамасыз ететін, қызмет етудің екі бір аттас түрі арасындағы жүріспен анықталады. Автомобильдерді жөндеу қажеттілік бойынша жүзеге асырылады.

4-тақырып Көлік техникасын техникалық күйін сипаттайтын заңдылықтарды жіктеу (4/4/2/2/ сағ)

 

Дәріс жоспары

1. Автомобильдердің техникалық күйін сипаттайтын заңдылықтарын жіктеу.

2. Автомобильдердің атқарылған жұмыс бойынша техникалық күйінің өзгеру заңдылықтары.

3. Кездейсоқ процестер заңдылықтары.

4. Істен шығудың жиынтық ағынын құру заңдылықтары.

 

Дәрістің қысқаша мазмұны

 

Автомобильдер агрегаттарының, тораптары мен тетіктерінің едәуір бөлігінде автомобильдің уақытына немесе жүрісіне байланысты техникалық күйінің өзгеру процесі біртіндеп істен шығудың пайда болуына әкелетін, бірқалыпты сипатта болады. Сонымен бірге тәуелділік сипаты әр түрлі болуы мүмкін (2-сурет).

2-сурет – Техникалық күй көрсеткішінің у жүріске l тәуелділігінің мүмкін түрлері: ун, уп – бастапқы және шекті мәндер.

 

Көптеген зерттеулер біртіндеп істен шығу жағдайында нақты бұйымның техникалық күйі параметрінің өзгеруі функциялардың екі түрімен айтарлықтай жақсы сипатталуы мүмкін екенін көрсетеді: п –ші ретті тұтас рационал функциямен:

мұнда а0 – техникалық күйі параметрінің бастапқы мәні;

l – атқарылған жұмыс;

а1, а2,, апу -дың l –ге тәуелділігінің сипаты мен дәрежесін анықтайтын коэффициенттер;

немесе дәрежелік функциямен:

,

мұнда және b техникалық күй параметрінің өзгеру қарқындылығы мен сипатын анықтайтын коэффициенттер.

Сонымен, y = j(l) функциясын және техникалық күй параметрінің шекті мәндерін yп біле тұрып, l=f(y теңдеуінен, яғни бұйымның ресурсын анықтауға болады.

Егер y = j(l) тәуелділігі сызықтық емес болып табылса, онда есептеулерді ықшамдау үшін оны сызықтандыруға, яғни олар үшін сызықтық тәуелділіктер қабылдайтын учаскелер бойынша бөлуге болады.

Берілген түрдегі заңдылықтар техникалық күй параметрлерінің өзгеру бағытын сипататйды, сондай-ақ тетіктің, механизмнің, агрегаттың шекті күйге жету моментіне дейін орташа атқарылған жұмыстарды анықтауға мүмкіндік береді.

Бірқатар факторлардың (пайдалану шарттарының, жүргізу сапасының, персонал біліктілігінің, автомобильдердің агрегаттары мен тораптарының біртексіздігі және т.б.) әсерінен әр түрлі автомобильдерде техникалық күй параметрінің өзгеру қарқындылығы мен сиапты әр түрлі болады. Сондықтан егер параметр мәнін, мысалы, Уд деңгейінде белгілесе (3-сурет), онда әр түрлі бұйымдарда осы күйге (ресурсқа) қол жеткізу моменті lp әр түрлі болады, яғни істен шығуға атқарылған жұмыс кездейсоқ шама болады және ол түрленеді. Осыған байланысты бұйымдарды бақылау және оларға қызмет көрсету моментін қалай анықтауға болады деген сұрақ туындайды? Егер автомобильді бақылау және оған қызмет көрсету моментіне анықталған атқарылған жұмысты Lо белгілесе, онда оның техникалық күйінің түрленуі, және осының салдарынан, жұмыстарды орындаудың еңбек сыйымдылығы мен ұзақтығының түрленуі сөзсіз. Сондықтан, ТҚ және жөндеуді ұйымдастыру кезінде қандай еңбек сыйымдылықты және ұзақтылықты есепке алу керек екенін білу маңызды.

 

3-сурет - Ресурс пен техникалық күйдің түрленуі:

1– У параметрі бойынша кездейсоқ процестің қимасы;

2 – атқарылған жұмыс бойынша тура сол.

 

Бұл мәселе шешімінің кездейсоқ шаманың түрленуіне тәуелді болатыны анық. Кездейсоқ шаманың негізгі сипаттамалары математикалық күту - , орташа квадрат ауытқу - s және түрлену коэффициенті- u болып табылады.

Математикалық күту

Орташа квадрат ауытқу

Түрлену коэффициенті

.

 

Кездейсоқ шаманың маңызды сипаттамасы ретінде ЫҚТИМАЛДЫЛЫҚ – зерделенетін оқиға пайда болуының объективті қолданылатын мүмкіндігі дәрежесінің сандық шамасы қызмет атқарады.

Істен шықпай жұмыс істеу ықтималдығы Р(L) бұйымның l атқарылған жұмыс ішінде істен шықпай жұмыс істеуі жағдайлары санының жалпы жағдайлар санына қатынасымен анықталады. Істен шығу ықтималдығы F(L) істен шықпай жұмыс істеу ықтималдығына қарама-қарсы оқиға болып табылады.

Кездейсоқ шаманың келесі сипаттамасы онЫҢ ЫҚТИМАЛДЫҒЫНЫҢ ТЫҒЫЗДЫҒЫ f(l) – торап, агрегат, тетіктер ауыстырылмай жұмыс істегенде аз уақыт бірлігінде істен шығу ықтималдығын сипаттайтын функция.

Үлестірім функциясы:

Істен шықпай жұмыс істеу ықтималдығы:

F(L) және f(l) біле тұрып, берілген объектінің сенімділігін бағалауға, яғни Р(L) және істен шығуға орташа атқарылған жұмысты анықтауға болады

Техникалық пайдалану процесіне келесі үлестірім заңдары тән: қалыпты, логарифмдік-қалыпты, Вейбулл және экспоненттік.

Автомобильдер сенімділігінің көрсеткіштері және автомобильдер топтары үшін істен шығудың жиынтық ағыны арасындағы өзара әрекеттесуді қалпына келтіру процесі заңдылықтарының көмегімен зерделейді. Қалпына келтіру процесінің маңызды сипаттамалары: к -ші істен шығудың орташа атқарылған жұмысы; n автомобильдер үшін істен шығу арасындағы орташа атқарылған жұмыс; ресурстың қалпына келу толықтығының коэффициенті – ηк; істен шығу ағынының жетекші функциясы (үлестірім функциясы) – Ω(L); істен шығу ағынының параметрі – ω(L).

 

5-тақырып Көлік техникасын техникалық жаратудың нормативін аныктау әдісі. Қызмет құралының жұмыс өнімділігі мен өткізу қабілетінің түзілу алдылығы. (5/5/1/1/ сағ)

 

Дәріс жоспары

1. Техникалық пайдаланудың негізгі нормативтері туралы түсінік.

2. Техникалық қызмет көрсету периодтылығы.

3. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің еңбек сыйымдылығы.

4. Қосалқы бөлшектер ресурстарын және жұмсалу нормаларын анықтау.

 

Дәрістің қысқаша мазмұны

 

Норматив деп шешімдерді қабылдау және іске асыру процесін реттеу үшін пайдаланылатын, сандық немесе сапалық көрсеткішті түсінуге болады. Тағайындалуы бойынша нормативтер мыналарды:

- бұйымның қасиеттерін (сенімділігі, өнімділігі, жүк көтергіштігі, массасы, габариттік өлшемдер және т.б.);

- бұйымдардың күйін (техникалық күй параметрлерінің номинал, қауіпсіз және межелік мәндері) және материалдардың (тығыздығы, тұтқырлығы, қоспалардың құрамдары және т.б.);

- ресурстық қамтамасыз етілуін (капитал салымдары, материалдардың, қосалқы бөлшектердің, еңбек шығындарының жұмсалуы);

- ТҚ мен жөндеудің белгілі операциялары мен жұмыстарын жүргізу тәртібін анықтайтын технологиялық талаптарды регламенттеушілерге бөлінеді.

Деңгейі бойынша нормативтер жалпы мемлекеттік (мемлекеттік стандарттар – ҚР СТ және технологиялық жобалау нормалары – ТЖН, қосалқы бөлшектерді жұмсау нормалары және т.б.); сала аралық (автомобиль көлігінің және т.б. жылжымалы құрамына ТҚ және оны жөндеу туралы Ереже); салалық (типтік технологиялық және әдістемелік нұсқаулар, салалық стандарттар және т.б.); сала ішіндегі шаруашылық нормативтер (ТҚ және жөндеу сапасының нормативтері, кәсіпорындар стандарттары және т.б.).

Нормативтер автомобильдер мен парктің жұмысқа қабілеттілік деңгейін анықтау, жұмыстар көлемдерін жоспарлау, орындаушылардың қажетті санын анықтау, өндірістік базадағы, технологиялық есептердегі сұранысты анықтау кезінде пайдаланылады.

Техникалық пайдаланудың маңызды нормативтеріне ТҚ мерзімділігі, бұйымның жөндеуге дейінгі ресурсы, ТҚ мен жөндеудің еңбек сыйымдылығы, қосалқы бөлшектер мен пайдалану материалдарының жұмсалуы жатады. Нормативтерді анықтау бұйымдардың сенімділігі, материалдардың жұмсалуы және ТҚ мен жөндеу жұмыстарын жүргізудің ұзақтығы мен құны туралы деректер негізінде жүргізіледі.

ТҚ мерзімділігі – жүйелі түрде жүргізілетін ТҚ екі біртекті жұмысы арасындағы (жүріс километрлерімен немесе жұмыс сағаттарымен өлшенеді) нормативтік атқарылған жұмыс. Қызмет көрсету кезінде бұйымды талап етілетін техникалық күйге дейін жеткізудің екі негізгі әдісі қолданылады.

Шартты түрде 1-1 (атқарылған жұмыс бойынша) деп белгіленетін, бірінші әдіс кезінде, белгілі мерзімділік тағайындалады, осыған сәйкес бұйым белгіленген атқарылған жұмысқа қол жеткен кезде берілген техникалық құжаттамаға дейін қалпына келтіріледі.

Екінші әдіс кезінде 1-2 (техникалық күй параметрі бойынша) берілген мерзімділік кезінде алдымен техникалық күйді бақылау жүргізіледі және техникалық ескерту әрекеттерін жүргізу, яғни бұйымның техникалық күйін белгіленген деңгейге дейін жеткізу туралы шешім қабылданады.

Сөйтіп, жалпы түрде ТҚ операциясы екі бөліктен тұрады – бақылаушы және орындаушы. Оны ТҚ операциясының tп еңбек сыйымдылығын анықтау кезінде есепке алу қажет:

tп = tк + k·tи,

мұнда tк және tи - сақтандыру операцияларының сәйкес түрде бақылаушы және атқарушы бөліктерінің еңбек сыйымдылығы;

k – қайталанушылық коэффициенті.

Бірінші әдіс кезінде k = 1, бақылаушы және атқарушы бөліктері қосылады. Екінші әдіс кезінде әр кезде бақылау белгіленген мерзімділікпен орындалады, ал орындаушы бөлігі еңбек және материалдық шығындарды нормалау және жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру кезінде есепке алынатын, белгілі ықтимал-дықпен (k қайталанушылық коэффициентімен) бақылау нәтижелеріне байланыс-ты жүргізіледі. Әрбір нақты жағдайда екінші әдіс кезінде k=0 немесе k=1 болатынын атап кету қажет, ал қайталанушылық коэффициенті туралы бірнеше жағдайлар үшін және нормалау кезіндегі шама айтуға болады.

ТҚ жүргізудің сол немесе басқа тәсілін пайдаланудың (бақылау арқылы немесе бақыламай) мақсатқа сәйкестілігі істен шығуларды жоюға және ескерту-ге жұмсалатын шығындардың операцияның бақылаушы және орындаушы бөліктеріне қатынасымен, кездейсоқ шамалардың түрімен және басқа факторлар-мен анықталады.

Сақтандыру операциясын жүргізудің құны:

 

dn = dk + k ·dи,

мұнда dк және dи операцияның сәйкес түрде бақылаушы және орындаушы бөліктерінің құны

ТҚ мерзімділігін анықтау әдістері: қарапайым (түп тұлғасы бойынша ұқсастық әдісі); АТП негізгі заңдылықтарын қадағалау нәтижелеріне негізделген, аналитикалық; кездейсоқ процестерді модельдеуге негізделген, имитациялық әдістер болып бөлінеді.

еңбек сыйымдылығы техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу опера-цияларын немесе операциялар тобын орындауға жұмсалатын еңбек шығындарын білдіреді, адам-сағатпен немесе норма-сағатпен өлшенеді.

Еңбек сыйымдылығы нормативі жұмысшының талап етілетін біліктілігін (тарифтік мөлшерлемені) есепке алғанда, орындаушылардың санын анықтау және іс жүзінде орындалған жұмыс үшін еңбекті төлеу үшін қажет.

Автомобиль көлігінде келесі нормалар қолданылады: дифференциалдан-ған, қажет болғанда өткелдерге, тәсілдер мен еңбек қозғалыстарына бөлуді есеп-ке алғанда, жеке операцияларға тағайындалады; іріленген (немесе еңбекті ұйым-дастырудың бригадалық түрі кезінде кешенді) – операциялар немесе жұмыстар тобына, қызмет көрсету және жөндеу түріне; меншікті, орындалған жұмысқа немесе бойлыққа жатқызылған (адам-сағ/автомобиль жүрісінің 1000 км).

Нормалардың соңғы екі түрі пайдалану шарттарына, пайдалану басынан басталған жүрістің шарттарына, еңбекті және басқа факторларды оңтайландыру шарттарына байланысты түзетіледі. Еңбек сыйымдылығы нормативтері еңбек сыйымдылығын жоғарыдан шектейді, яғни іс жүзіндегі еңбек сыйымдылығы жұмыстарды сапалы орындау жағдайында нормативтік еңбек сыйымдылығынан артық болмау керек.

Техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу операцияларын орындаудың Нт еңбек сыйымдылығы нормасы қайталанушылық коэффициентін (k) есепке алумен анықталады және келесі жұмыстарды орындауға жұмсалған уақыттан қалыптасады: дайындау-қорытынды, оперативтік жұмыстар, жұмыс орнына қызмет көрсету бойынша жұмыстар, сондай-ақ демалысқа және жеке қажеттілік-терге үзілістер:

 

Date: 2016-05-25; view: 1459; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию