Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






АзаҚстан Республикасы білім жӘне Ғылым министрлігі





Пәннің оқу әдістемелік кешені

(ПОӘК)

Жер ресурстарын басқару

________________________________________________________________________

(Пәні:коды, атауы)

 

5В090700 «Кадастр»

____________________________ ___________________________________

(мамандығы:шифр,атауы)

 

Күндізгі

_______________________________________________________________________

(Оқуформасы)

 

Ақтау 2013 ж.

 


 

Авторы - Б.Е. Икембай, аға оқытушы, магистр

(А.Ж.Ә., лауазымы)

Пәннің оқу әдістемелік кешені ҚРМЖМБС сәйкес 050907 «Кадастр» мамандығына және типтік оқу бағдарламасы «Жер ресурстарын басқару пәніне» құрастырылған

(Пәннің аты)

Пәннің оқу әдістемелік кешені«Құрылыс» кафедрасы отырысында қаралған

 

«___»_____ 201 ж. Хаттама №____

 

Кафедра меңгерушісі _________ Сүгіров Ж.Ө.

 

Пәннің оқу әдістемелік кешені

«Көлік және құрылыс» факультетінің оқу-әдістемелік бюросында бекітілген

 

«____»_________201 ж. Хаттама №____

 

Бюро төрайымы __________ Умарова Г.Б.

 

 

МАЗМҰНЫ

 

Құжат тізімі
  Пәннің типтік оқу бағдарламасы
  Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы
  Студенттке арналған пәннің оқу бағдарламасы(Sуllabus)
  Пән бойынша берілген тапсырмалардың орындалу графигі
  Пәннің оқу әдістемелік картамен қамтамасыз етілуі
  Пәннің аудиториялық сабақтарын өтудің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
  Дәрістік кешен (дәріс тезистері, көрсетілетін,таратылатын материал, ұсынылатын әдебиеттер тізімі)
  Пәнді меңгерудегі оқу әдістемелік ұсыныстар
  Типтік есептеулер, зертханалық жұмыстар есепті –графиктік, курстық жұмыстардың орындалуына оқу әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар
  Студенттердің өзіндік жұмыстары үшін материалдар
  Оқу, өндірістік және диплом алды тәжірибелерден өту,құжаттық есептеулер формасына оқу әдістемелік нұсқаулар
  Білім алушының оқудағы жетістігін бағалау мен бақылауға арналған материалдар
  Оқу сабағын бағдарламалық және мультимедиялық қамту  
  Арнайы жасақталған аудитория, кабинет және зертханалар.  

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМА

 

ЖОҒАРЫ КӘСІПТІК БІЛІМ

 

БАКАЛАВРИАТ

 

 

ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ

050907-Кадастр, 050903-Жерге орналастыру мамандықтары бойынша

2 кредит (90 сағат)

 

Алматы

 

АЛҒЫ СӨЗ

1 Дайындаған және ұсынған қазақ ұлттық аграрлық университеті

2 РОӘК-ң 2006 жылғы 22 маусымдағы хаттамасымен бекітілген

3 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2005 ж. 11мамырдағы №289 бұйрығымен бекітілген типтік оқу бағдарламасының орнына дайындалды.

4 050907-Кадастр,050903- Жерге орналастыру мамандықтарының типтік оқу бағдарламасы ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы №779 бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес дайындалған.

 

Бұл типтік оқу бағдарламаны Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің рұқсатынсыз көбейтуге және таратуға болмайды

 

МАЗМҰНЫ

Бет

Кіріспе 1

Негізгі бөлім 1

1. ЖЕР –РЕСУРС ЖӘНЕ БАСҚАРУ ОБЬЕКТІСІ РЕТІНДЕ 1

2. ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ 1

3. ЖЕР РЕФОРМАСЫНЫҢ ДАМУЫ 1

4. ТИІМДІ ЖЕР ПАЙДАЛАНУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ 1

5. ЖЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ МӘНІ, МАҚСАТЫ, МІНДЕТІ, ФУНКЦИЯЛАРЫ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ 2

6. ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ МЕХАНИЗМІНДЕГІ ЖЕРДІ БАҒАЛАУ МЕН ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚОРҒАЛУЫ 2

7. РЕСУРСТЫҚ ЖӘНЕ АУМАҚТЫҚ БОЛЖАМДАУ 2

8. ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ ЖОБАЛАРЫНДАҒЫ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ СҰРАҚТАРЫ 2

 

Қосымша А Ұсынылған лабораториялық сабақтардың тақырыптары

 

Қосымша Б Студенттің өзіндік жұмыстарына ұсынылатын тақырыптардың тізімі

 

Қосымша В Ұсынылған әдебиеттер

АВТОР

 

 

ТҮСІНДІРМЕ ХАТ

Пәнде жер ресурстарын басқарудың өзекті сұрақтары, пайдалану тиімділігін қамтамасыз ету қарастырылған. Мұнда табиғи кешен ретінде жердің қызметі, басқару обьектісі және жер ресурсы, жер қорын басқарудың экономикалық принциптері және мінднті қамтылған. Жерді қорғау және экономикалық бағалау сұрақтары қарастырылады, жерді пайдалануды болжаудың кешенді әдістері ұсынылады. Ауылшаруашылық өндірісінде жерді ұтымды пайдалану және жерді иеленудің жобалау әдістері. Бағдарламада теориялық курстың негізгі мазмұны, практикалық сабақтарға арналған негізгі тақырыптар ұсынылады.

Пәнді оқып үйренуде студент білуі және істей алуы қажет:

Жер ресурстарын басқарудың мақсаты, міндеті және қызметі, әдісі және приципі, Қазақстан Республикасындағы жер қатынастарын мемлекеттік реттеу әдістері,жер ресурстарын пайдалануды жобалау және жоспарлау, жерді кадастрлық және нарықтық бағалау,жерге орналастыруды жобалаудың жаңа әдістері, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу,жерді қорғау және ұтымды пайдалануға мемлекеттік бақылауды жүргізу.

Экономикалық зерттеу әдістерін және жер қатынастарының дамуын талдау, реформалау және жетілдіру әдістері, жерге орналастырудың жобалау әдістерін инженерлік зерттеулер, аумақты картирлеудің ақпараттық әдістерін жүргізу және кадастрлық ақпарат жинағы, сандық картография негіздері, жерге орналастыру және жер кадастрының жаңа технологиясын оқып үйрену керек.

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқарудың өтпелі кезеңдегі актуалды проблемалары. Жер ресурстарын басқарудың мәні. Жерді жеке меншікке беруге байланысты жер ресурстарын басқарудыңмақсаты мен міндеттері. Жерге орналастыру және жер кадастры жер ресурстарын басқаруды жоспарлау мен болжау және басқа пәндермен жер ресурстарының проблемаларының байланысы. Жерді қорғау және ұтымды пайдаланудағы жер ресурстарын басқарудың бағыты. Жер ресурстарын басқаруда мемлекеттің ролі.

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

ЖЕР –РЕСУРС ЖӘНЕ БАСҚАРУ ОБЬЕКТІСІ РЕТІНДЕ

Табиғи-биологиялық, географиялық және экологиялық көзқарас бойынша жердің сипаттамасы. Биосфера құрамында жердің орны мен қасиеттері. Жер және оның табиғи қасиеттері, құрамдық бөліктері- кеңістік, бедер, топырақ жамылғысы, табиғи өсімдігі, гидрогеологиялық ерекшеліктері және т.б.

Жер тіршілік орны /фактор/ және өндіріс құралы ретінде. Кеңістікте шектелуі. Жердің еш нәрсемен ауыстырылмайтындығы.Топырақтың өндіру қуатының сарқылмайтындығы.

Саяси экономикалық аспекті мен жердің әлеуметтік мәні. Жер алқаптарының жиынтығы ретінде. Жер жеке меншіктік пен жер пайдалану жүйесінің жиынтығы ретінде /ұйымдастыру және заң аспектлері /.Жер- тиімді пайдалануды және басқару жүйесіне қажет ететін күрделі материалдық жүйе ретінде.

 

ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ

Жер қатынастары-өндіріс қатынастары жүйесінің бөлігі ретінде. Жер қатынастары дамуының заңдылықтары. Саяси, құқықтық, шаруашылықтық, экономикалық реттеу.

ЖЕР РЕФОРМАСЫНЫҢ ДАМУЫ

Жер реформасының дамуының обьективтік заңдылығы. Жер рефомасының заңдылық базасы. Жер ресурстарын басқару бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу. Жерге меншіктік пен жер пайдалану құқығын заңды түрде бекітуүшін қолайлы жағдай жасау. Жер реформасын реттеу бойынша экономикалық механизмдерді дамыту: жерді бағалау, жер салығы, жалгерлік төлем ақы, жер нарығы, несиелеу. Жер меншігі, мемлекеттік және мемлекеттік емес жер пайдалануы. Жер реформасының әрі қарай дамуы.

 

 

ТИІМДІ ЖЕР ПАЙДАЛАНУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Экономикалық тепе-теңдік пегн әлеуметтік нормалар және талаптарды сақтаған жағдайда жерді тиімді пайдалану- өндіріс ұтымдылығының категориясы ретінде. жерді тиімді пайдаланудың аспектісі табиғи-биологиялық, әлеуметтік – экономикалық, технологиялық /құқықтық/

 

 

ЖЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ МӘНІ, МАҚСАТЫ, МІНДЕТІ, ФУНКЦИЯЛАРЫ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ

Басқару жаңа жағдайға ауысу мақсатымен жүйеге әсер ету процесі ретінде.

Жер ресурстарын басқару мәні. Басқару функциялары- жерге орналастыру, жер кадастры, жерді пайдалануды бақылау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, жер дауын шешу. Жерді басқарудың мақсаты. Жер ресурстарын басқаруда бірыңғай мемлекеттік басқару. Жер кадастры базасы негізінде жер ресурстарын жоспарлау мен болжамдауға сәйкес жерді бөлу, бекіту. Басқару мен бақылау органдарын жкер пайдаланушылармен қарым-қатынастардың құқықтық базасы. Жер мен басқа табиғи ресурстарды пайдалануды кешенді шешу сұрақтары. Жерді пайдаланудың салық өзгешелігінің зоналылығын ескеру. Ауылшаруашылығы мақсатындағы жердің басымдылығы.

 

ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ МЕХАНИЗМІНДЕГІ ЖЕРДІ БАҒАЛАУ МЕН ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚОРҒАЛУЫ

Жерді бағалау басқару көзқарасынан ғылыми негізделген шешімнің элементі ретінде. Жерді бағалаудың мақсаты мен функциялары. Салыстырмалы экономикалық бағалаудың құрамы. Жалпы бағалау. Жеке бағалау. Негізгі көрсеткіштер өнімділігі, шығынның өтелуі, дифференциалдық пайда, жеке бағалау үшін-түсімділігі. Жерді бағалаудың ақшалай функциясы. Жер құнын анықтаудың жалпы формуласы. Жердің нормативтік бағасы, нормативтік пайда,капитализация коэффиценті /несиелік банк пайызы /.Ауылшаруашылығы мақсатындағы жердің кадастрлық бағасы, қала жерлерін бағалаудың айырмашылығы, жер учаскелерін сатуды ұйымдастыру және т.б.

Жерді экономикалық қорғаудың мәні. Жерді алып қоюдан кейінгі экономикалық бағалау. Экономикалық, әлеуметтік факторларды есепке алу,

Ауылшаруашылығына шығындарды өтеу. Жерді алып қоюдан кейінгі келтірілген шығындарды анықтау әдістері.

РЕСУРСТЫҚ ЖӘНЕ АУМАҚТЫҚ БОЛЖАМДАУ

 

Болжамдау жүйесі мен әдісі. Бас жоспар –жер пайдалану бағдарламасы. Жер ресурсын пайдалануды жоспарлаудың бағдарламалық- нысаналық логикалық схемасы. Болжамдау әдістері:1/ эксперттік бағалау,2/ логикалық модельдеу,3/математикалық әдістер,4/нормативтік. Жер ресурсын пайдалануды жоспарлаумен болжауды республикада, облыста жүргізу. Болжамдау әдістері.

 

 

ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ ЖОБАЛАРЫНДАҒЫ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ СҰРАҚТАРЫ

Жалпы басқару жүйесінде жобалардың ролін күшейту. Агроқұрылымдардың шаруашылық аралық, ішкішаруашылық жобалары, жұмыстықжобалар-с у шаруашылықтық, құрылыс салу мен жоспарлау, орман шаруашылықтық, қалпына келтіру,инженерлік жабдықтар және т.б. өндірістік, экологиялық, әлеуметтік сұрақтарды шешу мақсаты.

 

Қосымша А

 

ТӘЖІРИБЕЛІК СҰРАҚТАРҒА ҰСЫНЫЛАТЫН ТАҚЫРЫПТАР

1. Жерді басқарудың мәні, мақсаты, міндеті, функциялары мен қағидалары

2. Жер қатынастарын реттеу.

3. Жер қатынастары- басқару обьектісі ретінде

4. Жерді бағалау /салыстырмалы және ақшалық

5. Жер ресурстарын экономикалық қорғау

6. Жерге орналастыру жобаларындағы жер ресурстарын басқару

 

Қосымша Б

 

ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРҒА ҰСЫНЫЛАТЫН ТАҚЫРЫПТАР

1. Қазақстанда жер қатынастарының дамуының тарихы, құқықтық және экономикалық аспектлері.

2. Қазақстан Республикасы жер қорының жағдайы.

3. Жер- кадастрлық жүйесі негізінде

4. Жердің нарықтық айналымын реттеу

5. Ауылшаруашылық жерлердің нарықтық айналымын реттеу

6. Жер ресурстарын басқару жүйесінің ақпараттық-техникалық негізі ретінде-мемлекеттік жер кадастрының жүйесі.

7. Жер ресурстарын басқарудың экономикалық құқықтық механизмі

8. Жер ресурстарын басқару бойынша мемлекеттік органдар мен олардың функциялары.

9. Жер ресурстарын басқару жүйесінде жерді қорғау мен пайдалануды мемлекеттік бақылау.

10. Жер пайдаланудың ақылылығы мен жер нарығы, жердің кадастрлық бағалануы мен салық салуы.

11. Жер қорғау бойынша жер заңдылығы.

Қосымша В

1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы.1995 г.

2. Земельный кодекс РК. Алматы: «Жети Жаргы», 2003

3. Сборник нормативных актов по земельным отношениям и землеустройству. –Алматы: Каржа-Каражат, 1996

4. Землеустроительное проектирование. Под редакцией профессора Гендельман М.А., Астана, 1999 г.

5. Комов Н.В. Управление земельными ресурсами России(справочное пособие). – М., 1995. –

6. Спектор М.Д. Прогнозированиеи планирование использования земельных ресурсов. – Акмола:АСХИ, 1995.

7. Сейфуллин Ж.Т. Земельный кадастр: Управление земельными ресурсами. Алматы: казНИИЭОАПК, 2001 г.,

8. Гендельман М.А. и др. научные основы землеустройства. – М.: Колос, 1995 г.

9. Ткачук С.А. Управление земельными ресурсами. Госагропром СССР. – Целиноград: Целиноградский СХИ, 1986.

10. Особенности оргапнизации землепользования и землеустройства в условиях новых экономических отношений/Труды АСХИ. – Акмола, 1994 г.

11. Есполов Т.И., Сейфуллин Ж.Т. Управление земельными ресурсами. – А.: яказНАУ. – Агроуниверситет, 2004 г.

 

Авторлары

СЕЙФУЛЛИН Ж.Т.,э.ғ.д., профессор /ҚазҰАУ/

СЕЙТХАМЗИНА Г.Ж.,э.ғ.к., доцент /ҚазҰАУ/

ГАРКУШИНА В.В., э.ғ.к., доцент /ҚазМАТУ/

БАЯРЛИН А.Е., э.ғ.к., аға оқытушы /ҚазМАТУ/

АБИЛКАСЫМОВА К.М., ассистент /ҚазҰАУ/

СЕРИКБАЕВА Г.К., ассистент /ҚазҰАУ/

 

 

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Date: 2016-05-24; view: 830; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию