Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Тақырыбы: С.Торайғыровтың өмірі мен жазушылық қызметі





Жоспары:

1. Өмірі мен жазушылық қызметі.

2. Сұлтанмахмұт және балалар әдебиетіндегі жаңа бағыт.

3. Балаларға арналған өлеңдерінің тақырыбы мен тәрбиелік мәні.

Лекция мақсаты:

Сұлтанмахмұт өз шығармалары арқылы өнер-білімге, жаңа типті оқудың іске асуына қарсы болған және ұлт араздығын тудыруға күш жұмсап келген алдамшы, ел бүлдіргіш сұмдарға, діни схоластикаға ашықтан-ашық аяусыз күрес жүргізді

Лекция мәтіні: Кейбір ақын-жазушылардың өнер-білімге іздену сапары, сол жолдағы көрген қиын-қыспақ кездері мен табыстары, тіпті олардың өмірбаяны да балаларды қатты қызықтырады. Өз өмірлеріне үлгі, өнеге етеді.

Іздену сапарындағы көргені мен білгені көп, тәжірибесі мол жазушылардың шығармалары өмір оқулығындай сұрыпталатыны бар. Көргені мен білгені аз, өмір тәжірибесі кем жастар үшін ақын-жазуылардың қызықты шығармалары өмір мектебіндей көрінеді. Ақыл-есінің тез жетілуіне жәрдемдеседі.Оларға өмір сүру, білім алу жолдарын танытады.Жақсы өмір сүрудің жақсы жолдарынайтады. Талаптану, үздіксіз іздену, ойлаған мақсатқа жету қиын-қыстау кездеріне қарсы тұрып, төзе білу жолдарын үйретеді.

Балаларды қызықтыратын осындай ерекшеліктер, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларынан да, өзінің өмірбаянынан да көп кездеседі. Орталық партия комитетінің органы Правда газеті 1940 жылы 21 июнь айындағы шыққан 171-нөмірінде қазақ әдебиеті жайында жазған мақаласында-Сұлтанмахмұт Торайғыровты зор ақылды, өмір баяны өте қызық, тамаша жазушы деп атап өткен бдолатын. Адамның ақылдылығы мен парасаттылығы оның еңбегінен, істеген ісінен танылатыны да сөзсіз. Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 октябрьде Омбы уезінің Шағырай болысында Қарауыл Шабар аулында (қазіргі Көкшетау облысының Қызыл ту ауданында) туған. Өзі кедей шаруаның баласы.Бір жасында шешесі өліп, жетімдік пен жоқшылықтың қасіретін көп көреді.Сұлтанмахмұт алты жасар күнінде әкесінен әкесінен оқып, хат таниды. Бұдан кейін ол әуелі ауылдағы молдадан оқып, хат таниды.Бұдщан кейін ол әуелі ауылдағы молдадан оқып, бертін келе Тройцк, Семей, Томск қалаларына білім іздеп сапар шегеді. Ауыр азап пен көп қиыншылықтарға төзген, тұрмыс өгейлігін көп көрген болашақ жас ақын ауру-сырқаулы да болады. Бірақ Сұлтанмахмұт мұның бәріне де мойымады, тұрмыстың жарқын болашағын аңсап, соны көруге үміттенеді.

Кім не нәрсені ардақтай білсе, сол нәрсенің қадіріне жетіп, оны қолдай да алады, жақсысын асыра біледі. Сауат ашу, хат тану барысында Сұлтанмахмұт алдымен өзінің ана тілін қадірледі, соның барлық ерекшеліктерін тани білді.Ана тілінің асыл мұрасын бойына сіңіріп, жақсылығын мақтан етті.

Сүйемін туған тілді, анам тілін

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Сол тілмен шешем мені әлдилеген,

Еркелеткен «құлыным, жаным» деген.

Еңбірінші сол тілмен сыртқа шықты,

Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.

Ол өзінің ақыл-парасатының қандай дәрежеде екенін осындай дана пікірлерімен-ақ таныта алған.Ана тілін құрметтеп, сол тілдей сөйлей алу, хат тану, сауат ашу, жазу-сызуды үйренудің бәрі де соған, тек қана соған байланысты екенін бойға сіңіріп айта алу, оқушыға түсіндіру ақындық қасиеттің ең жоғарғы сатысы, дарындылығы деп айтуға болар еді.








Date: 2016-05-24; view: 376; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.005 sec.) - Пожаловаться на публикацию