Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин-қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы





Жоспары:

1. Ы.Алтынсариннің өмір мен қызметі

2. Ы. Алтынсарин- әңгімелерінің тәрбиелік мәні

3. Ы. Алтынсарин -қазақ балалар әдебиетінің атасы

 

Лекция мақсаты:

“Ы.Алтынсаринді еске алу” деген көлемді кітабы бар. Бұл кітап-Ыбырай творчествосын тануда маңызы зор, алғашқы биографиялық естелік, әрі қазақ жазушысы туралы тұңғыш жарияланған еңбектердің бірі.

 

Лекция мәтіні:Ыбырай Алтынсарин –қазақ халқынан шыққан халық ағартушыларының бірі, ірі жазушы , тамаша ұстаз, қазақ балалар әдебиетінің атасы.

Ол 1841 жылы 20 қазан да қазіргі Қостанай облысы ,бұрынғы Аманқарағай болысы , Затабол ауданында дүниеге келді. Ыбырай өз әкесі Алтынсарыдан 4 жасында жетім қалды. Әкесі қайтыс болғаннан кейін Ыбырай атасы Балқожаның тәрбиесінде болады.

Балқожа кішкентай немересі Ыбырайды 1850 жылы , 23 тамызда Орынбор қаласында жаңадан ашылған мектепке оқуға берген . Ыбырай жас кезінен-ақ өте зерек болып , сабақты үнемі үздік оқиды. Атасы Балқожаның оқушы Ыбырайға өлеңмен жазған мына бір өсиет сөздерін ол бұлжытпайорындаған еді.

Үміт еткен көзімнің нұры балам ,

Жаныңажәрдем берсін хақтағалам .

Атаң мұнда ,анаң мен есен- аман,

Сүйіп сәлем жазады бүгін саған .

Шырағым мұнда жүрсең не етерсің ,

Қолыңа құрып алыпкетер едің ,

Тентіреп екі ауылдың арасында .

Жүргенмен не мұратқа жетер едің ?

Атаңа сағындым деп асығарсың ,

Оқуға көңіл бөлсең басыларсың,

Ата-анаңды өнер білсең асығарсың.

Надан боп білмей қалсаң аһ ұрарсың,

дейді. Жас шәкіртке оқудағы мақсат не екенін түсіндіреді. Атасының өсиетн бұлжытпай орындаған Ыбырай мектепте оқып жүрген кезінің өзінде- ақ , орыстың атақты жазушыларымен еңбектерімен танысып , олардың шығармаларын көп оқитын болған. Ыбырай бұл мектепте жеті жыл оқып, 1857 жылы бітірді. Мектепті бітірсімен халық ағарту ісімен айналысады . Әкімшілік қызметке, шен-шекпенге қызықпайды. Ғылыммен қаруланған , әсіресе дұрыс көзқарасы бар оқушылар қазақ арасында көбейіп бүкіл халыққа әсер ете алады деп Алтынсарин өз халқына дұрыс бағыт сілтеді.

Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар жазушының бірі-Ыбырай Алтынсарин. Ол – заманының ірі қоғам қайраткері, тұңғыш педагог жазушы, қазақ балалары үшін дүниелік ғылымдар негізін оқытатын тұңғыш қазақ мектебін ашушы. Қазақ елін қараңғылық бұғауынан алып шығып, көзін ашып, көкірегін оятуды көздеген халық қамқоршысы.

Н.Ильминский-Ыбырай туралы тұңғыш естелік еңбек жазып қалдырған адам. Оның “Ы.Алтынсаринді еске алу” деген көлемді кітабы бар. Бұл кітап-Ыбырай творчествосын тануда маңызы зор, алғашқы биографиялық естелік, әрі қазақ жазушысы туралы тұңғыш жарияланған еңбектердің бірі.

Ыбырай шығармаларын талдау орта мектеп оқулықтарынан бастау алады. Оның педагогтік қызметі мен ағартушылық идеялары туралы Ә.Садықов, Т.Тәжібаевтың кітаптары бар. Қоғамдық әлеуметтік көзқарасы туралы Қ.Бисембиев пен Б. Сүлейменов, М. Ақынжанов зерттеулер жүргізді. Ал шығармалары туралы М.Әуезов, С. Мұқанов, Ә.Қоңыратбаев, Ә. Дербісалиндер еңбектер жазды. Бұларға қоса, орта мектепке арнап оқулық жазған авторлардың бәрі де Ыбырай творчествосына талдау жасап, оның еңбектеріне тиісті бағаларын беріп келеді.

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Затобол ауданында (бұрынғы Арақарағай болысы ) туып өсті. Болашақ ақынның балалық шағы ру басы, ірі феодал Балқожа бидің отбасында өтті. Балқожа-қазақтың белді биінің бірі. Ол өз кезіндегі билерге тән шешендік өнерді меңгерген сөзге орамды, тілге ұста адам ретінде айналасындағыларға әмірін жүргізіп отырған-ды.

Ыбырай, ең алдымен, мұсылманша оқып сауатын ашады. 1850 жылы 9 жастағы Ыбырайды Орынборда қазақ балаларына арналып ашылып жатқан жеті жылдық мектепке апарып берген.

Мектеп сабағы орыс, татар тілдерінде жүрсе де Ыбырай оқуда аса ыждағаттылық көрсетеді.Өзі қатарлас отыз баланың алды болып көзге түседі. Мектеп оқуындағы діншілдік пен патшашылдық тәрбиенің басымдылығына қарамастан Ыбырай ғылымға құштар жас болып шығады.Мектеп жылдарында Ыбырайдың орыс халқы мен Батыс, Орта Азия мен Шығыстың аты шулы ақын-жазушыларының шығармаларын оқуға қолы жетеді.

Ыбырайдың Орынбор сияқты қалада оқуы, өз бетімен ізденуі, орыс интеллегенциясымен араласуы оның ой-өрісінің өсуіне, өмірге көзқарасының қалыптасуына көп жағдай жасайды. Осындай ұзақ та, тұрақты ізденіп оқу арқылы ол өз мақсатын айқындай алады. Тілмаш болып кеңсе қызметінде қалып қоймай, халқына қызмет етуді арман етті. Сол арманының алғашқы қадамы 1861 жылы Торғайдан мектеп ашуға рұқсат алып аттанған сапарынан басталады. Ыбырай бұл мектепті тек 1864 жылы ғана аша алды.Оған дейін өз үйінде 4-5 баланы жинап оқытып, болашақ мектеп оқуының негізін сала берді. Өзінің тәжірибесін арттырды. Осылайша 1864 жылы салынып біткен тұңғыш мектепке үлкен даярлықпен жеткен Ыбырай оқыту жұмысына құлшына кірісті.

Ыбырайдың педагогтік жұмысының ілгері басып, қыза түскен кезі оның Торғай облыстық мектептерінің инспекторы болып тағайындалған (1879) жылдардан басталады. Әрбір уездік қалалардан орыс-қазақ балалары бірге оқитын училищелер ашуды да қолға алады. Ол үшін елден қаражат жиып, ақыры бірнеше алты жылдық уездік училищелерді ашады.

Ыбырай мектеп тәрбиесін жоғары бағалап, оның оқытушыларының сапасына да ерекше көңіл аударды. Жақсы мұғалімді дүниедегі ең қымбат көретін адамы санайды.

Балаларды тәрбиелеуде тағы бір қажет нәрсе – оқу құралы. Ол балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз ету жолында да біраз еңбек етеді. Мектеп кітапханасын ұйымдастырып, оқулықтар алдырып, орыс тіліндегі құралдарды аударып, қазақ тілінде оқулық жазып, бұл салада да тынымсыз іс қылады.

Балаларды оқыту әдістері жағынан Ыбырай – белгілі өзіндік жүйе-әдісі бар педагог. Ол қазақтың тұңыш бұқарашыл педагогикасын, халықтық мектептерін негіздеуші. Өзінің дидактикалық көққарасынан ол - ұлы ағартушылардың озық идеяларына сүйенген, бұқарашыл педагогикасын жаңа жағдайда іске асырған ізгі ниетті адам. Белинский, Добролюбов, Чернышевскийлердің озық идеялары, ағартушылық, педагогтік оқулары Ыбырай жүрегінен нық орын тепті. Ушинский, Толстой, Паульсон сияқты даңқты педагогтерді ұстаз тұтты. Ыбырай осындай ұлы адамдардан тәлім алып өсті.

Ыбырайдың педагогтік қызметі осы айтылғандармен ғана шектелмейді. Ол қазақ мектебін керекті құралдармен жабдықтай білді.

Ыбырай – көрнекті ақын, талантты жазушы. Оның қаламынан бойындағы тамаша талабын танытқандай маңызы зор көркем шығармалар туды. Ол өзінің бар күш-қуатын халықты ағарту, жастарды тәрбиелеу қызметіне жұмсады. Ыбырайдың жазушылық қызметінің түпкі қазығы да сол оқу-өнер, білім мәселесімен сабақтас. Оның ақындық шабытына дем беріп, жазушылық қиялына қанат бітіретін зор нысанасы-қараңғы қазақ халқының көзін ашу, көңілін ояту, оны озық мәдениетті елдердің қатарына қосу.

Ұлы педагог-ақын өзінің өлеңдері арқылы оқудың, өнер-білімнің маңызын түсіндіріп, надандыққа қарсы шықты. Ол қазақ балаларын білімге баулып, олардан болашақтың иелерін даярлауды бірінші мақсатым деп санады.

Өнер-білім – бәрі де

Оқуменен табылған...

Кел, балалар, оқылық!-деп жар салды.

Ыбырай өлеңдері тек оқу, өнер, білім тақырыбы шеңберінде қалып қоймайды. Оның көп өлеңдері әлеуметтік, гуманистік идеяны нақтылы мәселелер төңірегінде көтеріп, өз кезінің шындығын аша түседі.

Ақынның “Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен” деген өлеңінің мәні де терең. “Әй, достарым!” деген өлеңінде “Қолыңнан келсе қыл қайыр!” деп, қайырымды , кең пейіл, адал азамат болуға шақырады.

Ыбырай – жаңашыл жазушы. Ол - ең алдымен қазақ әдебиетіне жаңа идея мен тың тақырыптар әкелуімен жаңашыл. Қазақ ақындарынан оқу, тәлім-тәрбие, мәдениет мәселелерін Ыбырайдай арнайы жыр еткен ешкім болған жоқ-ты. Өнер, еңбек, кәсіп, адалдық, адамгершілік идея, отырықшылыққа байланысты тұрмыс жаңалықтары кең көтеріліп, европалық мәдениет үлгісі уағыздалды.

Ыбырайдың табиғат туралы өлеңдері осындай, бастан-аяқ адам тіршілігіне байланысты. Ақынның бұл өлеңдері реалистік суреттерімен ерекшеленетін, әдебиетімізге қосылған зор үлес.

Ақынның өлеңдерінің көпшілігі – тәлім–тәрбие мақсатын көздеген, дидактика сарыны басым шығармалар. Сондықтан олардың көпшілігіне публицистика стилі тән деуге болады.

Ыбырай өлеңдерінің тілі қарапайым, жатық та тартымды, мақал-мәтелдерге де толы. Ақын айтайын деген ойын оқушысының көңіліне құйып, қолыңа нық ұстатқандай әсер қалдырады.

Ыбырай Алтынсарин қазақ әдебиеті тарихынан мәдениетті прозашы ретінде де елеулі орын алады. Ыбырайға дейін шын мәніндегі көркем проза қазақ жазба әдебиетінде қалыптасқан жоқ-ты. Ыбырай қазақ прозасының европалық шағын түрін қалыптастырды. Бұл жанрдың сырын ашты. Көркем әңгіме, новелла жазудың жақсы үлгісін көрсетті. Сондықтан қазақтың жаңа үлгідегі көркем прозасы Ыбырай әңгімелерінен басталады деу орынды.

Ыбырай әңгімелерін үш топқа бөлуге болады: оның бірі-новелла, екінші тобы-ауыз әдебиетінде қалыптасқан ертегі-аңыз үлгісіндегі әңгіме, үшінші тобы-шағын көлемді мысал үлгісіндегі өнеге сөздер.

Мазмұны жағынан Ыбырай әңгімелері өз кезінің келелі мәселелерін қамтиды, әділдікке, ізгілікке, адамгершілікке, талаптылыққа, өнерпаздыққа, тапқырлыққа, еңбекке, тазалыққа, ақылды іске, білімділікке, жомарттыққа, қайырымдылыққа, зеректікке, отырықшылыққа, кәсіпқорлыққа, шынайы достыққа шақырады. Тәкаппар, еріншек, ұқыпсыз болмауға, жақсылыққа әуестеніп, жамандықтан аулақ болуға баулиды.

Балаларға ақыл айтып, ой салмайтың оның бірде-бір әңгімесі жоқ. Жалпы алғанда оның әңгімелері – негізінен, дидактикалық прозаның жақсы үлгілері.

Еңбек тақырыбындағы “Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш”, “Бай мен жарлы баласы”, “Дүние қалай етсең табылады”, “Байлық”, “Әке мен бала”, “Асыл шөп”, “Қыпшақ Сейітқұл”, “Киіз үй мен ағаш үй”, т.б. әңгімелері - өзінің өнегелілігімен, образдылдығымен ерекше мәнді тәлім берер күші мол көркем шығармалар.

Ыбырай творчествосында еңбекке тәрбиелейтін әңгімелерінің ішіндегі ең биік шыңы - “Бай мен жарлы баласы”.

Асан – бай баласы. Ол өмірдің қиыншылығын көрмеген. Екі қолын жылы суға малып, алдындағы асын алып ішуге ерінетін ерке.

Ал Үсен - кедей баласы. Ол өмір мектебінен өткен. Басына түскен қиыншылықтан құтылудың жолын да ойластыра біледі.

Ы.Алтынсарин әңгімелерінің көтеретін тағы бір өзекті мәселесі-адамгершілік. Ол әр кезде адам сабырлы, мейірімді, қайырымды, әдепті, ұқыпты болса, деген ізгі ниет білдіреді. “Шеше мен бала”, “Бір уыс мақта”, “Мейірімді бала”, “Аурудан аяған күштірек”, “Әдеп”, “Әділдік”, “Петр патшаның тергелгені”, “Тәкаппарлық”, “Таза бұлақ” әңгімелері мен аудармалары жазушының осы ниетінің жемісі еді.

Ыбырай шығармаларының ішіндегі ертегі-аңыз ретінде келетін “Қара қылыш”, “Тазша бала”, “Қара батыр”, “Алтын айдар”, “Жиренше шешен” сиқты халықтың аңыз-ертегі сюжетіне құрылған әңгімелері де бар.

Ыбырай Алтынсарин - нағыз халықшыл жазушы, ағартушы, ақын, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, аса қажырлы қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен азамат ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат.

Халық ағарту жұмысы саласындағы идеясын іске асыру үшін Ыбырай Алтынсарин өзіне тосқауыл келтірген діншіл фанатиктермен аяусыз , күрес жүргізуіне тура кепді. «Надан жатқан , бірақ әлі азғындық жолға түспеген , пайдалы нәрсенің бәріне жаны құмар халқымызға шамасы келгенше қызмет ету біздің әрқайсымыздың да борышымыз» деп, көзі ашық еп азаматтарына үндеу сапды. Осы пікіріне байланысты Ыбырай « Әй жігіттер» деген өлеңінде

Әй, жігіттер үлгі алмаңыз ,

Азған елдің ішінен .

Алыс-алыс қашыңыздар,

Зияндасты кісіден ,- дейді.

Ұлы орыс халқының ХІХ ғасырда жасаған классикалық мол әдебиетімен танысқан Ыбырай Алтынсарин балаларды тәрбиелеуде, оқытуда, олардың ой- санасына қозғау салып жетілдіруде өзінің педагогикалық идеясын іске асыру үшін алдымен балалар әдебиетін жасауға бет бұрды. Балалар әдебиеті тақырыбына жазылған орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударды. Оларды жас ұрпақтарға үлгі етіп ұсынды.

Ыбырай балалар әдебиетіне тән көп шығармалар берді. Бұл шығармаларды жазуда алдына үлкен мақсаттар қойды. « Мен қазақ балалармын ұқыптылыққа , тазалыққа , отырықшылық тұрмыстық артықшылығына үйретудің өзі қазақ даласына тәрбиелік мәні бар жұмыс деп білемін» деді. Алтынсариннің барлық өлеңдер мен әңгімелерінің мазмұнында негізінен өзі айтқан осы идея баяндалып отырады.

Халықты және олардың жас өрендерін оқуға , өнер- білімге шақыруда Ыбырайдың ұран салып, ту етіп көтергені, әрқашан жаңарып , оқыған сайын сүйсіндіріп отыратын , ескірмейтін еңбегі « Кел балалар оқылық» , « өнер білім бар жұрттар» , « Әй достарым», « Әй жігіттер» деген өлеңдері.

Оқысаңыз , балалар

Шамнан шырақ жағылар ,

Тілегенің алдыңнан,

Іздемей- ақ табылар ,

Кел , балалар , оқылық ,

Оқығанды көңілге ,

Ықыласпен тоқылық-деп ұран салады.

Бала тәрбиелеуде Ыбырай Алтынсарин ананың роліне ерекше маңыз беріп , оның аналық махаббатын , бала өсірудегі үздік қызметін тамаша суреттеген . Баланың алғашқы тәрбиесі ананың бауыр еті, соғып тұрған жүрегі деп бағалаған:

 

Бала, бала деп,

Түнде шошып оянған,

Түн ұйқысын төрт бөліп .

Түнде бесік таянған.

Қаймақты сүттей қалқытқан,

Суық болса жөргегін,

Қорғасын оқтай балқытқа.

Ал « Ананың сүюі» деген өлеңі бала жанын тебірентірліктей мұнан да

күшті , мұнан да әсерлірек жазылған .

Кім сендерді, балалар, сүйетғын,

Қуаныш қуанып , қайғыңа күйетұғын.

Түн ұйқысын төрт бөліп , кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын - . деп ана қадірін биікке

көтереді. Жас өсірімдерді өнер-білімге шақырумен қатар , Ыбырай Алтынсарин балаларға отырықшылық тұрмыстық артықшылығын , белгілі мекен болудың жақсы жақтарын түсіндіруді мақсат етті. Жер , қол өнер кәсіптерімен айналысудың пайдалы жақтарын айтты. Ыбырайдың « киіз үй мен ағаш үй» , « Қыпшақ сейітқұл» , деген ықшам жазылған қысқа әңгімелерінде де дәл осындай жағдайлар суре.ттеледі.

Ыбырай Алтынсарин –қазақтан шыққан бірінші ұстаз , халық ағартушысы болумен қатар, ірі жазушы да еді. Өзі құрастырған хрестоматияға енген өлеңдер мен әңгімелердің көпшілігі Ыбырайдың балаларға арнап жазған шығармалары болатын. Ыбырай өзінің шығармаларында қазақ халқын ескі салт, әдет ғұрыптарын надандықтан құтылуға шақырды. Ыбырайдың «өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңінде өнер-білімді қайдан үйренудің , кімнен үйренудің керек екендігі айтылды, сөйтіп нешеу өмірден құтылудың холы көрсетілді. Ыбырайдың «кел балалар оқылық» , деген өлеңі жас өспірімдерді оқуға үгіттеген жолында ұран болып қалды. Ыбырай шығармалары қазақ даласына жаыа ұғым, жаыа түсінік, жаңа сарын туғызды, ел еңсесін көтеріп , ойына қозғау салды.

Ыбырай Алтынсарин ұсынысы бойынша 1889 жылы Ырғыз қаласында қыздар училищесі ашылды. Бұл бүкіл Шығыс елдері ішінде қыздар үшін ең бірінші ашылған оқу орны еді. « Мектеп-қазақтарға білім берудің басты құралы» барлық үмітіміз , қазақ халқының келешегі осы , тек мектептерде. Сондықтан біз ауыз әдебиеті балалар әдебиетінің алтын бесігі десек, «әліппе» мен «Буквар» балалар кітабының , балалар жазба әдебиетінің негізі болды дер едік. ХІХ ғасырдан бастап- ақ қазақ балалар жазба әдебиеті өзінің тұрақты педагогикалық көз қарасы анықталған және түрлі жанрларды жазылған әдебиет болып қалыптасты.

Ыбырай Алтынсарин қазақ ауыз әдебиетінен балалар фольклорына жататын мұраларды да іріктеп алып көп жинаған. Оны бір жүйеге келтіріп жанр-жанрға бөліп , өз кезінде бастырып та шығарған.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақтың тұңғыш педагог жазушысы.

2. Қазақ балалары үшін тұңғыш қазақ мектебін ашушы ғалым.

3. Ыбырай қай жылдары ғұмыр кешті?

4. Ыбырай туралы тұңғыш естелік жазып қалдырған ғалым.

5. Қостанай облысы, Затобол ауданында туып өскен ақын.

6. Ыбырай Торғайда мектепті қай жылы аша алды?

7. “Жаз”, “Өзен”, “Әй, достарым” өлеңдерінің авторы.

8. Ыбырай әңгімелерін ғалымдар қанша топқа бөліп қарастырады?

9. “Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш”, “Бай мен жарлы баласы”, “Әке мен бала” әңгімелерінің тақырыбы.

10. Адамгершілік тақырыбына жазылған әңгімелері.

11.Бiлiмдiден шыққан сөз,

12."Таза бұлақ" еңбегiнiң авторы

 

Лекция








Date: 2016-05-24; view: 686; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.017 sec.) - Пожаловаться на публикацию