Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Органикалық дүниенің дамуы тақырыбы бойынша экскурсия жүргізу әдістемесі





Орта білім беру жүйесіндегі биологиялық білім берудің қазіргі заманға сай зөзгерістері.Қазақстандық əдіскерлердің еңбектері Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің басты қайшылығы тез өсіп бара жатқан жаңа білімдер қарқыны мен жеке тұлғаның оларды игерудегі шектеулі мүмкіндіктері арасында. Бұл қарама қайшылық педагогикалық теорияны білім берудің абсолютті идеяларынан (жан жақты дамыған тұлға) бас тартып, жаңа идеалға адамның өзін өзі реттеуі мен өздігінен білім алу қабілеттерін барынша дамытуға көшуіне мәжбүр етті. Сонымен, жаңаша оқытудағы басты нәрсе бұл білім алу және өздігінен білім алу негізінде адам қабілеттерін, икемділіктерін дамыту. Жаңа білім алу парадигмасында тұлғаның қызығушылықтарын қамтамасыз етуде тұтастық, бағыттылықпен бірге мықты негізділік (фундаменталдылық) те шешуші рөлге ие. Қазіргі заманғы оқушының, әсіресе студенттің басты мақсаты көптеген пәндерден, олардағы ұшан теңіз ақпараттардың ішінен ең негізгісін, мәндісін таба білу. Сол себепті де оқу оқыту қысқа мерзімде ақпараттың көлемді бөлігін тиімді түрде ұсынатын, сол ақпаратты жоғарғы деңгейде игеретін және практикада бекіте алатын әдістерді қолдануды талап етеді. Бұл талап білім беру саласында инновациялық өзгерістерге әкеліп, оқудың оқытудың негізі ретінде тұлғалық дамуды қарастырады, өйткені бұл дәуірдің идеологиялық, әлеуметтік, саяси сұраныстары адамнан төмендегідей құзырлықтарды талап етеді: ақпараттың ішінен өзіне қажеттісін таңдап, оны пайдалану; проблемаларды шешу және шешім қабылдау; өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру, оларды дәлелдей және қорғай білу; социумда ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас құра білу, бірлесе жұмыс жасай білу, жанжалдарды болдырмау; өмірге деген көзқарасын, ұстанатын сенімдерін, қажеттіліктерін, құндылықтарын жалпы адами құндылықтармен байланыстыру; өздігімен үйрене білу, өз білімін әрқашанда дамытып отыру. Қазіргі заманғы үздіксіз өзгеріп жатқан жағдайында жоғары мектеп өз әрекетінде білім алушылардың зияткерлік (интеллектуалы) қабілеттерінің дамуына бағытталуы қажет. Өз кезегінде бұл қасиет білім алушыларға «техникалық, экономикалық және мәдени өзгерістер мен олардың сан алуандығын саналы түрде түсініп, бастамашылдық, кәсіпкерлік рух пен икемділік секілді қасиеттерді қабылдап, қазіргі заманғы өндірістік ортада өзіне сенімді түрде еңбек ету мүмкіншілігін береді». Қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік саяси және жаңа технологиялық өзгерістерден ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыстардан білім мен тәрбие жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру қажеттілігі туындап отыр. Заман талабына сай білім оқу орындарында білім мазмұнын, оның құрылымдық жүйесін жақсарту білім реформасының жүзеге асының басты шарты. Осы заманғы білім берудің стратегиялық мақсатын өз жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен әрекет етуге және әрекетінің шешімін таба білуге қабілетті, барлық істе сауатты тұлғаны оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғарыдағы мақсаттарға жоғары оқу орындарында білім берудің Отандық және әлемдік тәрбиелерінде қалыптасып, өз қызметін оң атқарып келе жатқан білім мазмұнының негізгі құрылымын жобасын жүзеге асыруды қолданылатын жаңа педагогикалық технология арқылы жету көзделеді. Қазіргі уақытта модульдік оқыту технологиясын көптеген оқытушылар пайдалануда. Модульдік оқыту 1960 жылдардың аяғына қарай шет елдерде (АҚШта) дәстүрлі оқудың бір нұсқасы, бағыты ретінде пайда болды. «Модуль» латынның «өлшем», «шама», «мөлшер» деген сөзі. Сонымен қатар модуль дегеніміз ірі блок, бөлінген, яғни оқу материалдарын, бөлшекке, блоктарға бөліп беру. Қазіргі уақытта қазақстанда білім берудің өзіндік үлгісі қалыптасуда. Модульдік оқу технологиясының негізі білім алушының танымдық белсенділігін, танымдық іс әрекеттерінің әртүрлі іс әрекеттерін ойлау, зейін, қабылдау әрекеттерін, ойын арқылы және сөздік 130 байлықтарын дамыту. Айта кетер тағы бір тиімді жағы бірізділігі, жүйелілігі, дарынды оқушылармен жұмыс істеуге қолайлы. Модульдік оқыту технологиясымен оқытунұсқасында білімді толық игеруді негізге ала отырып, қазіргі дидактика талабына сәйкес, білім алушыларды оқыту ғана емес, тұлғаның танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқу үрдісін диалогтік қарымқатынас негізінде құруға болады. Қазіргі заманғы білім беру жүйесін құру оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына және кәсіпттік құзыреттілігіне жоғарғы талаптар қоюда. Жаңа оқыту технологиясын меңгеруде оқытушылардың, педагог қызметкерлердің жан жақты білімі қажет. Қазіргі оқытушы педагогикалық процесте жүйелі жұмыс жүргізе алатын, педагогикалық өзгерістерге тез төселетін, жаңаша ойлау жүйесін тез меңгере алатын, білім алушылармен ортақ тіл табыса алатын, білімді, іскер, шебер болуы керек. Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері өсіп келе жатқан жас тұлғаны жан жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы білім алушы тек тыңдаушы, орындаушы ғана болса, ал қазіргі білім алушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Қазіргі білім алушы дүниетаным қабілеті жоғары, дарынды, өнерпаз, ізденімпаз, талапты, өз алдына мақсат қоя білу керек. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану педагогикалық іс әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиялық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпараттық коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды. Оқытудың педагогикалық жаңа технологияларының барлығы дерлік оқушының өз бетінше білім алуын ұйымдастыруға бағытталған. Қазіргі уақытта білім мазмұнын жаңарту мен сапасын жаңа деңгейге көтеру мақсатында оқытудың педагогикалық технологиялары арқылы оқыту әдістерінің 50ге жуық үлгілері ұсынылып, мектеп тәжірибесіне енгізіле бастады.Педагогикалық технологиялар көптүрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі теориялық негізде орындалуы, екіншісі тәжірибемен жүзеге келуі. Бүгінгі таңда қазақстандық ғалымдарымыз Ш.Қаланова, Ж.Қараев, Ш.Таубаева, М.Жанпейісова, Ә.Жүнісбек және т.б. ғалымдарымыздың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан жақты қарастырылды. Оқыту үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды тиімді қолдану мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, рухани, адамгершілік, азаматтық сияқты көптеген адами қабілеттерінің қалыптасуына игі ықпалын тигізеді. Оқушының өз бетімен білім алуына, өзіндік ой пікірін қалыптастырып, қорытынды жасай білуін, өз білімін өзі бағалай білуіне, қисынды ойлау қабілетін қалыптастырып, шығармашылық іс әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Орта мектеп оқулықтары мен бағдарламаларын талдау. Биология пәндерінің мазмұнына сай құрылымының ерекшеліктері. 1. Ботаника пәнінің құрылымы мен мазмұны және оқыту әдістемелері.2. Тәнтану пәнінінің мазмұны мен құрылымы және түсіндіру әдістері.3. Жалпы биология пәнінінің мазмұны мен құрылымы және түсіндіру әдістері.Қазіргі мектеп биология курсын құрудың негізгі принциптері, мазмұны және жүйесін қарастырмас бұрын, оқу процессіне анықтама берелік.Оқу процессінің және оқулықтың мазмұны дегеніміз - адамзат баласының ғасырлар бойы жинаған білім саласындағы байлықтарынан сараптап отырып, жас ұрпақтарды оқыту.Оқытудың мақсатын анықтау (не үшін оқыту? – деген сұраққа жауап) – бұл оқулық пәнінің дидактика мен әдістемесінің негізгі бір проблемасы болып келеді. Оның шешілуі биология пәнінің құрылысы, мазмұны, оқыту әдісі және жалпы бағытына байланысты.Биология пәнінің мұғалімі жалпы биология және әр курс бойынша оқыту мақсатын білуі қажет.Биологияны оқыту мақсаты ‑ қазіргі мектептерде негізінен оқушыларды тәрбиелеу мен жалпы оқыту мақсатымен байланысты. Мектепте білім берудің мазмұнын қалыптастыруда үлкен маңызы бар мәселенің бірі әлеуметтік жүйелер мен ғылымның жетістіктері болып табылады. Биологияны оқыту әдістемесі бойынша зерттеу нысандары негізінен мектептегі педагогикалық үрдіс болып, ал зерттеу пәні биологиялық пәндерді оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі таңдағы ең өзекті деген проблемалары болып табылады.Мектептегі биология пәнінің мазмұнына оқулықтар мен бағдарламалардағы жақсы сипатталған білім, біліктілік және идеялық көзқарас ұғымдары кіреді. Дәстүр бойынша мектепте білім берудің мазмұнын қалыптастыруда үлкен маңызы бар мәселенің бірі әлеуметтік жүйелер мен ғылымың жетістіктері болып табылады. Оқу процессін ұйымдастырушы, анықтаушы фактор ‑ мектеп. Жалпы мемлекеттік стратегия жеке білімнің дамуына байланысты. Білім берудің мазмұны екі бағытта: ұлттық және жалпы адамзаттық мазмұнында жүргізілуі тиіс. Бұл білім берудің негіздерімен, гумманизациялау, жекелеу, біріктіру, жаңа ақпараттық оқу технологиясын қолдану және жеке тұлғаларды қалыптастыру болып есептеледі. Білім берудің тиімділігі және танымдылықты арттыру мақсатында білім берудің спиральды құрылымымен мазмұндау ерекшеліктерінің бірі, оқушы өзінің көз алдына басты проблемаларды ұстай отырып, білімдік мәселелерді біртіндеп кеңіте береді. Ботаника «Өсімдіктану» пәнінің құрылымына келер болсақ, ботаника жақсы дамыған ғылымдардың бірі. Ботаника өзінің мазмұны және құрылымы жағынан да өте күрделі, ғылыми маңызды. Көптеген ғылыми зерттеулердің арқасында нақтылы материалдардың жинақталуына байланысты ботаника ғылымынан бірнеше жеке салалар дами бастады. Қазіргі ботаника ғылымының 20‑ға жақын негізгі бағыттары мен тараулары бөлініп жеке бір салаларына айналды (альгология, микробиология).Балдырлар, саңырауқұлақтар, қыналар және мүктер қазіргі ботаниканың жеке бір саласы болып табылады. Балдырларға келетін болсақ ол топырақ жасалу процессіне қатысумен қатар су экосистемасының динамикалық тепе‑теңдігін сақтауға қатысады. Ал осы топтағы өсімдіктердің практикалық маңызын, қызық факторларын оқушыларға айтуға болады. Мысалы, жасанды тоғандарда балдырлар балық үшін ең бір азық қоры болып есептеледі. Балдырларды пайдалана отырып сулардың, тоғандардың әртүрлі ластануын табиғи жолмен тазартуға қолданылатыны да үлкен маңызды іс. Көптеген балдырлар биоиндикаторлар. Олар арқылы топырақтың, сулардың ыластануын анықтауға болады. Ғылыми жаңалықтар бойынша балдырлар ластанған суқоймаларынан ауыр металдарды сіңіріп, фиторемедиацияға қатысады.

Осы кезеңдегі Ресейдегі революциялық қозғалыстар халық-ағарту жұмыстарына кері әсер етті. Сол себепті 1871 жылы жартылыстануды оқыту ерлер гимназиясынан, қала училищелерінде, әйелдер және әскери гимназиялардың оқу бағдарламасынан алынып тасталды. 1901 жылы қайтадан гимназияның төменгі кластарына енгізілді. Сонда А.Я.Гердтің әдістері В.Ф.Зуевтың есімі сияқты ұмытылды.Жаңа мектептің ашылуы, оқу бағдарламаларының және жоспарларының жасалуына көптеген ғалымдар ат салысып, жаратылыстану пәнінің әдістемелік проблемаларын шешуге көптеген үлес қосты. Солардың бірі ботаника ғылымдарының профессоры Валериан Викторович Половцев (1862-1919) болды. 1901 жылғы Петербургте өткен орыс жаратылыс зерттеу ғалымдары мен дәрігерлердің ХІ-ші съезінде В.В.Половцев “ Орта мектептердегі оқу пәндерінің мақсаты” тақырыбында жасаған баяндамасында, жаратылыстану пәнін оқытудағы негізгі мақсат тәрбие жәнеоны қалыптастыру үшін төмендегідей мәселелерге тоқталу керектігін көрсетті: 1.Сыртқы қоршаған ортаның құбылыстарын түсіну.Өз организміндегі құбылыстарды тусіну. Сезім мүшелерінің дамуы адамның психикалық дамуының басты, маңызды факторлар екендігін білу. 4.Белгілі тәртіпте және кең көлемде ойлау әдістерін жемісті түрде дамыту. 5.Оқушының тұлға ретіндегі рухани талаптарын кеңейту. Половцевтің негізгі ұстанымы оқушылардың дүниеге ғылыми – материалистік көзқарасын тәрбиелеу болды.Осы жылдары Половцевтің басшылығымен алғашқы “Мектептегі табиғат” атты әдістемелік журнал жарық көрді. В.В.Половцев өзінің оқу тәрбие жұмысындағы тәжірибелеріне және биолог-әдіскерлердің теориялық қағидаларына сүйене отырып жаратылыстану пәнінің алғашқы әдістемелік курсын жасады, 1904 жылдан бастап Петербург университеттерінде лекциялар оқыды. Осы жылдан бастап әдістеме жоғары оқу орындарында ғылыми пәндер қатарына қосылды. Лекция оқу барысында 1907 жылы “ Жаратылыстануды оқыту әдісінің негіздері” атты теориялық еңбегі жарық көрді. Половцев “биологиялық әдісті” өңдеуге аса көңіл бөлді және оны негізі үш принціпте қарастырды: Формаларды тіршілік әрекеттерінің байланысында оқыту; Тіршілік әрекетін қоршаған ортамен тығыз байланыста оқыту; Мектепте аса құнды материалдар оқытылуы тиіс.

Отбасыныдағы тәрбие, оның ерекшеліктері. Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез - құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл - қыздармен үй шаруасында жүріп - ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке - шеше үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті - үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең - ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді.Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау — ата - ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік. Шәкәрім атамыздың «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан үстем болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күнінен бастап тәрбиелейді» дегеніндей, құнды қасиеттерге не рухани адамды қалыптастыру - шынында да оның туған кезінен басталса керек. Ал адамның адам болып қалыптасуында ата - анамен қатар тәрбиеші мен мұғалімнің де рөлі бар.

Өз бетімен білім алу, қажетті және білікті қалыптастыру: Өздігінен білім алу - күндізгі оқу орнында жүйелі курстан өтпей-ақ өздігінен жұмыс істеу үрдісінде алынан білім. Өздігінен білім алудың ең кең тараған формалары әдебиет оқу жәнезерделеу болып табылады. Өздігінен білім жетілдірудің мақсаты: 1. Мақсатталған өздігінен білім жетілдіру – адамның әлемін арандаттырып, құрастыратын, білім меңгеруге деген тұрақты қызығушылығын туғызатын белгілі әрекеттің түрі.2.Жолшыбай өздігінен білім жетілдіру. Мақсатты әрекеттпен айналыса отыра, адам әрі қарай білім мен біліктерін қолдана алатын барлық жаңалықты біле бастайды. 3. Мақсатталған өздігінен білім жетілдіру. Адам өзіне өзі белгілі бір салада мақсат қояды. Бұл мақсат келесі ізденістерін жүзеге асырады, нәтижесін талдауда, оның шешімдерін қоюында дербестікті көрсетеді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат ретінде «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалды дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отыр. Оқушылардың өзіндік жұмысын қалыптастыруда бір-бірімен тығыз байланысты екі міндетті шешу қажет. Бірі- оқушылардың танымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, дамыту, екіншісі- өзінің практикалық іс-әрекетін бағалауға, өзіндік қорытынды шығаруға, шешім қабылдауға баулу. Өзіндік жұмыс терең де берік білім алу құралы бола отырып,оқушының азамат ретінде өмірден өз өрнын табуға кепіл бола алады.

Өсімдіктану бөлімі бойынша тірі табиғат бұрышында оқушылардың жұмысын ұйымдастыру. Мектептің тірі табиғат бұрышында оқушылардың өсімдіктанудан өзбетінше істейтін жұмыстарын ұйымдастыру.Оқу жылының барысында тірі табиғат бұрышында өсірілетін өсімдіктер:1.Бөлме есімдіктеріне; 2. Шөлтесін жабайы өсімдіктер, 3. Мөдени өсімдіктер; 4. Ағаштардың, бұталардың сабақтары т.б.Бөлме өсімдіктрге мүйістің түрақты бөлігі, қыс, жаз, коктем, күз мезгілдерінде сақталады. Өсімдіктердің коллекцияларында тәжірибе, эксперимент өткізуге оңтайлы түрлері өсірілгені дүрыс. Өсімдіктану, гіршіліктану пәндерінен өткізілетін сабақтарда қолдануға ыңғайлы. Бүл өсімдіктердің қата-рына, пеларгония, примула, фуксия, монстера, традесканция, бегония, элодея, кактустар жатады.

Өсімдіктану курсынан ойын элементтерін пайдаланып сабақ жоспарын құр Сабақтың тақырыбы: Ашық тұқымды өсімдіктер Сабақтың мақсаты: а) білімділік. Оқушыларға ашықтұқымды өсімдіктердің тұқымнан көбейетін сүректі, яғни ағаш, бұта, қылқанжапырақты өсімдіктер, олардың түрлері, көбею циклінде аналық бүрлердің тұқымынан жаңа ұрпақтың жетілетіні туралы білім беру. б) дамытушылық. Жоғары сатыдағы ашық тұқымды өсімдіктердің морфологиясын және сабақта оқытудың жаңа технология элементтерін қолданып, оқушылардың білім-біліктерін дамыту.ә) тәрбиелік. Өсімдіктер жайында білімдерін кеңейту, табиғат сұлулығын түсінуге, туған өлкенің өсімдіктерін күтіп - баптауға тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: топтық, көрнекілік, ауызша баяндау, ойын, сұрақ - жауап. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, қарағай, шырша, самырсын, арша өсімдіктерінің кеппешөптері, плакаттар. Сабақтың құрылымы: І. ҰйымдастыруІІ. Үй тапсырмасын сұрау ІІІ. Жаңа сабақ ІV. Жаңа сабақты бекіту V. Қорытынды VІ. Бағалау VІІ. Үйге тапсырма беру Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Оқушыларды 3 топқа бөлемін. 1 – плаундар тобы, 2 – қырықбуын, 3 – қырықжапырақ тобы. Әр топтан оқушылар шығып, өз аттарындағы өсімдіктер жайында сабақ айтады. Және жалпы қырықжапырақ өсімдіктері жайында айтып, «Мен – саған, сен - маған» атты ойын түрінде бір - біріне сұрақтар қояды.ІІІ. Жаңа сабақ. Кәдімгі қарағай Жарық сүйгіш өсімдік, тамыры тереңге кетеді. Орманда өскен қарағай түзу, сымбатты болып өседі. Һ=40 м, жарық көп түскен жерде тез өседі. Тамыры кіндік тамырлы. Жанама тамырлары ұсақ тамыршаларға бөлініп, микориза түзеді. Жапырақтары өркенге жұптасып орналасады. Ағаш сабағы дің деп аталады. Діңінен өте көп шайыр ағады. Янтарь – қатып, тасқа айналған сары түсті шайыр. Көпке дейін янтарьды орыс ғалымы М. В. Ломоносов «Күн тасы» деп атап келген. Қызғылт түсті аналық бүрлер негізгі өзекше мен қабыршақтардан тұрады. Сыртқы қабыршақ – жабын, ішкісі – тұқымдық деп аталады. Екі түрлі қабыршақтар бірігіп, тұқымбүршік түзеді. Аталық бүрлер жасыл сары түсті, өркеннің төменгі жағында орналасады. Тозаңдары ауаға толы, жеңіл болады. Желмен ұшып келген аталық тозаңдары аналық бүрдің тұқымбүршігіне түскен кезде оның қабыршақтары жабылады. 13 айдан кейін ұрықтанады. Жаңа терминдерМикориза – (микос - саңырауқұлақ, риза - тамыр) селбестамыр.Дің - ағаш сабағы Шайырлы өзекше – шайыр, эфир майы толған жасушааралық кеңістік. Бірүйлі – аталық және аналық жыныс жасушаларының бір өсімдікте болуы. Екі үйлі – аталық және аналық жыныс жасушаларың екі өсімдікте болуы. Эндосперм – қоректендіруші ұлпа.Эрозия – топырақтың бүлінуі, құнарлы қабатынан айырылуы.Арша – даражынысты, екіүйлі өсімдік. Бүрі жұмсақ, шар тәрізді жидекке ұқсас. Халық оны «Бүржидек» деп те атаған. Оның бүрінен мармелад дайындалады.Балқарағай жапырағы күзге қарай ашық - сары түске боялып, қысқа қарай түсіп қалады. Қарағай – жапырақтары жұптасып орналасады, бұтақта 2 - 3 жыл сақталады, жерге түскен жап - р ұзын болады.Жатаған шырша – ашықтұқымды бұта. Қалемше арқылы өсімді жолмен көбейеді. Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген.Зеравшан аршасы – мәңгі жасыл қылқанжапырақты ағаш. Өте баяу өседі. 50 жылдан кейін жеміс береді.Қосмасақшалы қылша – екі үйлі өсімдік.«Сен білесің бе?»- Шырша – 500 жыл бойы 30 - 35 м жетеді.- Қарағай – 350 жыл жасаса, 36 м дейін биіктейді.- Қайың – 150 жылда 20 м.- Емен – 2000 жылда 40м.- Балқарағай – 850 жылда 45 м- Сондай - ақ ең көп жасаған өсімдік «Санта Мария» деп аталатын кипарис(самырсын). Қазір 5000 мыңға жуық жаста. Мексикада өседі. Діңінің шеңбері 49 м. Шеңберіне 27 адам қол жалғастырса ғана жете алады.IV. Бекіту тапсырмалары.

С) Сәйкестендіру тесті. Д) Біліміңді сына тапсырмаларын орында. VI Бағалау. VII Үйге тапсырма. § 63 Биосфера және ғылыми техникалық прогресс. Ноосфераның пайда болуы мен дамуы.

Сабақ - оқыту процесін ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде. Қазіргі сабақ түрлері және құрылымы. Сабақ - бұл жастары шамалас, құрамы тұрақты оқушы топтарымен оқытуды ұйымдастыру формасы, тұрақты кесте және бәріне ортақ оқыту бағдарламасымен сабақ өткізу. Бұл формада оқу-тәрбие процесінің барлық компоненттері - мақсат, мазмұн, құралдары, әдістері, ұйымдастыру және басқару қызметі және оның барлық дидактикалық элементтері қарастырылады. Біртұтас дидактикалық жүйе ретіндегі оқыту процесіндегі сабақтың мәні мен мақсаты мұғалім мен оқушының ұжымдық-жекелей өзара қарым-қатынасына алып келеді, соның нәтижесінде оқушылар білім, білік және дағдыны иемденеді, олардың қабілеттері, қызмет тәжірибесі, араласуы мен көзқарастары дамиды, сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық шеберлігі жетіледі. Сонымен, сабақ, бір жағынан тұтастай алғанда оқытуды қозғаушы форма түрінде, екінші жағынан, оқытудың заңдылықтары мен принциптерінен туындайтын, мұғалімнің сабақты өткізуді ұйымдастыруына қойылатын негізгі талаптарымен анықталатын оқытуды ұйымдастыру формасы түрінде анықталады. Мұғалім оларды басшылыққа ала отырып, сабақты оқыту процесінде оқушылардың тұрақты құрамымен мектептің күнделікті нақты жағдайында шешілуге тиісті дидактикалық міндеттердің (білім беру, тәрбие, даму) жүйесі ретінде дайындалады. Педагогикалық процестің біртұтастығы тұрғысынан сабақты оны ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде қарастыру қажет. Сыныпты-сабақтық жүйенің барлық артықшылықтары тек сабақта ғана көрініс табады. Педагогикалық процесті ұйымдастыру формасы ретіндегі сабақтың артықшылықтары оның фронтальды, топтық және жекелей жұмыстарды сабақтастырудағы мүмкіндігінің молдығында: мұғалімге материалды жүйелі және ретімен түсіндіруге, оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуын басқаруға және ғылыми көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік береді, оқушылардың, басқа да қызмет түрлерін, соның ішінде сыныптан тыс және үй тапсырмаларын, сондай-ақ оқушының мақсатқа жетудегі негізгі құралы және қызмет тәсілін таңдау және құрудың шарты ретінде көрінеді. Сабақ оқытудың ұйымдастырылған түрі ретінде – динамикалық құбылыс. Ол педагогикалық процестің негізгі даму теңденцияларын оның біртұтастығы бағытында бейнелей отырып, ұдайы дамиды. Бәрінен бұрын ол оқытудың үш бірлік - білім беру – тәрбие -даму - қызметін тиімді іске асыруда көрінеді, олай болса, оқушылардың табиғи қасиеттерін шығармашыл дамытуға бағытталғандығымен де көрінеді. Сабақты дамытудың басқа тендеңциясы сабақты өмірлік маңызды мазмұнмен толықтыруда, оқытуды оқушы өмірінің табиғи құрамдас бөлігі ретінде ұйымдастыруда көрінеді. Осыған байланысты сабақ танымның арнайы ұйымдастырылған формасы болып қана қоймайды, сондай-ақ әлеуметтік және адамгершілік тұрғысынан алғанда толыққанды араласу болып табылады. Ол танымдық мүддені, оқуға және дамытуға белсенді оң қатынас қалыптастыруға бағытталған, оқу қызметінің өзгеше коммуникативтік фонын қамтамасыз ету құралы ретінде көрінеді. Бұл тенденцияның пайда болуы оқытудың сұхбаттық формасын (әңгіме, талқылау, пікірталас), проблемалық элементтерін, оқу жұмыстарының фронтальды, топтық және жекелей формаларын сабақтастыруды кеңінен пайдалану және оқытудың топтық, ұжымдық формасының үлесін кеңейту болып табылады. Сабақтың жалпы ұйымдастыруын құруға қатысты тенденциялар: олардың құрылымдық жағынан өзгеруінен, оқытудың басқа да ұйымдастыру формаларымен сабақтастығынан, ауызша сұрау және үй тапсырмасын тексеруге кететін уақытты мейлінше қысқартудан сабақтың бұл кезеңдерін дидактиканың негізгі міндеттерін оқушылардың өз бетінше жұмысымен біріктіру арқылы шешу үшін пайдаланудан көрінеді. Сабақтың шығармашық бастамасын күшейту тенденцясы өз бетінше жұмысты ұйымдастыруға ерекше назар аударудан байқалады. Сабаққа қойылатын қазіргі талаптар 1. Әрбір сабақта білім беру, даму және тәрбиелеу мақсаттарының бірлігі сақталуы керек. Әрбір сабақ оқыту процесінің басты заңдылықтарын жүзеге асыруға ықпал етуі қажет.Сабақта белгілі бір білімді баяндай отырып, оқушылардың пайымдауын дамыту, олардың ойлау қабілетінің дамуына ықпал ету және оларды қоршаған дүниеге лайықты қатынасын қалыптастыру, оларға осы қатынастар.

Date: 2016-05-24; view: 1508; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию