Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Биосфера және ғылыми техникалық прогресс тақырыбын оқыту әдістемесі. 1 page





Бүгінгі мектеп мұғалімі тұлғасына қойылатын талаптар, пән мұғалімінің кәсіб шеберлігін арттыру жолдары. Қазіргі жеделдету, демокрияландыру жағдайында Қазақстан Республикасында басты міндеттердің бірі - ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарга терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту жане жетілдіру. "Қазақ мектептері - қазақтарға білім берудің басты құралы... біздің барлық үмітіміз, қазақ халқынын келешегі осы мектептерде. Сондықтан мектептерде жақсы білім беретін болсын... Ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алады. "(Ы. Алтынсарин). Еліміздің еркіндік алуы, тіл аясынын кеңеюі, қазақ мектептері санының кобеюі бүгінгі талапқа сай кадрларын әзірлеу, жас педагогтарға өзиндик бағыт, бағдары бар түйінді ойларды жинақтап жеткізу қажеттігін туындатып отыр. Сол себептен де қазіргі заман мектебі жоғары деңгейде маманданған кәсіпқой мұғалімді кутуде. Бүкіл әлем бұл күнде тәлім-тәрбие қызметіне ең білгір, ең талантты, өте жауапкершіл педагог - мамандардың кажеттігін мойындап отыр. Себебі адам тағдырында мектептік кезеңі аса маңызды. Балалардың өмірлік бастауында жетесіз педагог тұрса, одан келер шығынды өлшеп болмайды. Сондықтан да педагог білікті маман, өз ісінің шебері болуы керек. Яғни педагог шебер болу үшін: өзінің мүмкіндіктерін жаңа формация мұғалімі ретінде объективті бағалай алуы керек, кәсіби мамандығына қажетті қабілеттерді меңгеруі тиіс, жалпы мәдениетті, интеллектуалды іс-әрекетті, мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі тиіс, өтіп жатқан интеграциялық процестерге, әлемдік білім беру кеңістігі қарқынына бағыттала алуы тиіс.Педагог әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, оқушылармен қарым-қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз пәнін жетік білетін әрі уағыздаушы, таланты мен тәжірибесі тоғысқан, өзінің қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі болуы керек.Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев "Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр" деген болатын. Қазіргі заман Мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады деп ойлаймын.Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды. Шебер ұстаз дегенді шығармашыл ұстаз деп те атар едім. Шығармашыл ұстаз күнделікті әрбір сабағын түрлендіріп өткізуге тырысады. Оқушының білімін көтерудің ең басты шарты-оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана, бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Пәнге қызыққан оқушының білім сапасының жоғары болатыны белгілі. Шебер мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана ұстаз мақсатына жетеді.Сабақты тартымды, қызықты етіп өткізу - мұғалімнің шеберлігі, білімділігі, таланты. Егер, мұғалім сабақта бір тақырыпты оқытуда оқушыларды ойландыруға, ізденуге, тәжірибе жасап, істеген жұмысын қортылындай білуге, сөйлеу мәдениетін дамытуға, ғылыми тілде сөйлей білуге назар аударса, келесі бір сабақтың тұрмыс, салт- сана көрінісіне, кәзіргі жеткіншек жете білмейтін ұғым- түсінігін бүгінгі өмір салтына жинастыра көңіл аударса, сол арқылы танымдық мақсат қояды. Сөйте отырып, ұлттық дәстүрді қадірлей білуге, адамгершілікке, ізгіліктілікке, ұлттық тәлім- тәбие беруге назар аударылады. Сабақ үрдісінде оқушылар өзіне- өзі баға беруге, әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға өзінің жетістігін жете білуге, өзбетімен іздене білуге дағдылары қалыптасады. Оқушылар арасында ынтымақтастық, сенім ахуалы қалыптасып, өзара силастық орнайды. Міне, осыларды педагогикалық шеберлікті аша түсудің тағы бір қыры деп есептейміз.Мұғалімге қойылатын талап – жауапкершілік, жүктелген үлкен міндет, абыройлы істің сан қырлылығы одан жан – жақты терең біліктілікті, аса педагогикалық шеберлікті, өте нәзік психологиялық қабілеттілікті талап етеді.Бұдан нені байқауға болады? Мұғалімнен жан – жақты терең білім-біліктілікті, сегіз қырлы, бір сырлылықты талап етіп тұрған жоқ па?Мұғалімнің бір ғана сыры – оның мамандығы. бұл дүниеде теңдесі жоқ мамандық тек мұғалімге ғана лайық. Сондықтан ұстаз адам – кәсіби мамандығына құштар, оны жан – тәнімен сүйетін, барлық өмірін соған арнауы тиіс. Олай болса мұғалім еңбегінің сан қырлылығы осыдан өрбиді. Мұғалім адамның өз пәнін терең меңгеруі оның ең алғашқы қыры, кәсіби шеберлілігін үздіксіз ұштай, шыңдай түсуі екінші қыры болмақ. Үшінші қыры – мұғалімнің тілді меңгеруі – тіл шеберлігі. Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі – өнер. Себебі, тіл – тәрбие құралы.Төртінші қыры – байқағыштық сезімі – көрегендігі.Бесінші қыры – әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба білетін жасампаздығы.Алтыншы қыры – жан – жақты дарындылығы.Жетінші қыры – үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы.Сегізінші қыры – үлгі-өнегесі, мұғалім мәдениеті немесе педагогикалық әдеп – этикасы деуге болар еді. Себебі, мұғалімнің келбеті – сыртқы мәдениеті, қарым-қатынасы, өзін-өзі басқаруы, бақылауы, сөйлеу мәдениеті, үздіксіз жаңарып, өзгеріп, үнемі жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандықтың ең басты этикалық сапалық белгісі.Мұғалім – Ұстаз тұлғасы, оның іс-әрекетінің сан – қырлылығынан ұстаз беделі деген ұғым туындайды. Мұғалімнің беделді болуының алғы шарттары: бірінші: балаға үлгілі болуы, және үлгі көрсетуші болуы керек.

Бүл өсімдіктерден басқа да, биология курс тары ның тақырьштарына сай қолданылатын өсімдіктсрдіи. Алуан түрлері өсіріледі. Әсіресе жиі қолданылатып тра десканция, оның жапырағынан цитоплазманыц козі-алысын, су өсімдіктерін, қосалқы, ауа тамырларын, устыце тамыр оймақшасын, тамыр түктерін, қондырмалы жапырақтары, атпалары, телуді, қүрлық өсімдігінің су өсімдігіне айналуын көрсетуге болады.Тірі табиғат мүйісінде өсімдіктерді биологиялық ерекшеліктеріне қарай топтарға бөліп орналастырады. Экологиялык факторларға бейімделуіне қарай, жарық, жылу, ылғалдылық т.б. өсімдіктерді белгілі жүйеде өсіреді.Мыалы: қүрғақшылық жердің өсімдіктері: кактус, алоэ, агава, эшеверия тікенекті өсімдік; жабайы түрлері тасжарған, очиток.Ылғалды жердің өсімдіктері: арум, монстра, бегония, традесканция, циперус; жабайы түрлері: папоротник, мүк, саумалдық, росянка. Жартылай (орташа) ылғалды жердің өсімдіктері: фикус, аспидистра, лимон, кливия, пеларгония; жабайы—қүлпынай, примула.Өсімдіктерді географиялық топтарға бөліп те орналастыруға болады. Өсімдіктерді орнықтыру тәртібі олардың шығу тегін бейнелейтіндей ландшафтардың ерекшеліктерін көрсететіндей болуы керек. Жалпы тірі табиғат мүйісінің терезелері оңтүстікке немесе оңтүстік шығысқа қарай орналасады. Күн сәулесін өсімдіктер молынан пайдалануы үшін арнайы сөрелер немесе ағаштан жасалады. Оларды сым темірдің немесе арнайы бауларды пайдаланып, іліп қоюға да болады. Әрбір өсімдіктердің аты, биологаялық сипаттамасы жазылған этикеткалары немесе куәліктері орналастырылады.

Дәріс (лекция) сабағын өткізу әдістемесі. Лекцияның ауызша әдістен айырмашылығы оқу материалының логикалық мазмұндалуы, акпарат ағымының көптігі, берілетін білімнің жүйелік ерекшелігімен айқындалады.Мектепте өтілетін лекция: күрделі жүйені, құбылысты, объектіні, құбылыстардың өзара байланысын себеп-салдарды айқындау арқылы жүргізіледі. Лекция жоғарғы сыныптарда өтіледі, өйткені олардың лекциядағы теориялық материалдарды қабылдау және ойлау қабілеттері жеткілікті денгейде қалыптасқан, лекция бір немесе біріктірілген сабақтарда жүргізіледі.. Лекциялық әдіс түсіндіру мен әңгімеден басталып күрделене түседі.Лекцияны оқыту аспектісі оқушылардың көркемді оқу материалдарын тұтас қабылдап меңгеруі және аяқталғандығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Лекцяны дамытушылық тиімділігі окушылардың логикалық ойлау, диолектикалы ойлау тәсілдерін,мұғалім ойының нақтыда абстрактілі ойлау ағымынына білу болып табылады.Лекцияның тәрбиелік мәні тұрақты еркін зейінін, конспектілеу дағдысын қалыптастыру болып табылады. Кітаппен жұмыс. Мектепте кітаппен жұмыс істеу – өзіндік білім алуды негізгі әдістерінің бірі. Бұл әдістің мәнділігі оқушының оқу ақпаратын өз ыңғайына, жағдайына қарай қайталап қарап, танымын өз шешімімен шектелуінде.Окулық кітаптар оқу іс-әрекетін атқарады: білім алу, дамытушылық, тәрбие, ойлау, коррекциялық – бақылау т.б.Кітаппен өзіндік жұмыста оқып шығу, жеке тараулармен танысу, жеке сұрақгарға жауап іздеу, кітапты немесе мәтіндерді рефераттау, мысалдар мен есептерді шешу, бақылау тесттерін орындап, материалдарды есте қалдыру мақсатында жаттау жұмыстарын орындау жатады.

Деңгейлік тапсырмалар құрылымы, және оны құру әдістемесі Деңгейлік тапсырмаларда тез, анық дұрыс орындаған оқушы өзінің ақыл-ойының тереңдігін, тездігін, өз бетімен жұмыс жасау қабілетін көрсетеді. Индукция құбылысы бойынша жеке фактілерді жинақтап қорытынды пікір жасайды. Дедукция құбылысы бойынша жалпы ереже мен жалпы пікірден жеке қорытынды жасайды. Деңгейлік тапсырмалар негізінде оқушалырдың сөйлеу тілін дамыту жұмысын жүргізу үшін сөйлеу тілі қабылдау қабілетімен, бақылағыштық қасиетпен, зейінмен тығыз байланысты болатынын ескеру қажет. Деңгейлік тапсырмалар беруде нормативтік, нормативсіз варианттар салыстырылады. Соның нәтижесінде деңгейлік тапсырмаларды орындау негізінде оқушылардың лексикалық сөздік қоры кеңейеді, грамматикалық сөз тіркесінің активтік қоры байиды, тілдік тұлғаларды, оралымды қолдануға жаттығады. Бұл тұлғада деңгейлік тапсырмаларды таңдай мәселесі практикалық мағынаға ие болады да, оқу процесінің проблемалық ситуациясына айналады. Байланыстырып сөйлеуге оқыту үшін деңгейлік тапсырмада әңгіме, мазмұндама жазу ұсынылады.Оқушысы сөйлеу процесін енгізу үшін, оны тілдік ситуациялға кіргізіп, сол ситуацияда өзін ұстай білуге үйрету керек, яғни оқушы өзінің әңгімелесушін, әңгіме процесінің мақсаты мен шарттарын меңгеруі тиіс. Деңгейлік тапсырмалар оқушыны сөйлете білудің шарттарына бағынышты болады. Тапсырма түрлері оқушының ой желісін жетілдіріп, тілді сезіну қабілеттерін арттырады, тілдік грамматикалық тұлғаларды қолдануға көмектеседі. Деңгейлік тапсырмалардағы жаттығулар оқушыларды мәдениетін қалыптастырады.

Жалпы білім беретін орта мектептегі биология пәнінің мақсаттары, міндеттері және мазмұны. Биологияны оқыту әдісі педагогикалық ғылымдар саласына жатады, сондықтан пәнінің құрылымы оқытудың жалпы білім беру және тәрбиелеу міндеттеріне сай түзіледі.Биологияны оқыту әдісі мектеп биология пәндерінің ерекшеліктеріне байланысты білім беру және тәрбиелеу, процестерінің жүйесі түрлі ғылым.Бұл жүйені меңгеру мұғалімнің биология пәндерін тәрбиелеу оқыту процестерін басқаруына мүмкіндік береді. Биологияны оқыту әдісі, биологиялық мазмұнды, оқыту ерекшеліктерін ескере отырып, мектептегі барлық пәндерді оқыту барысындағы педагогикалық қағидаларға сай жүргізіледі.Мұғалімнің оқу материалын оқушылардың саналы түрде меңгеруін, оны өмірде қолдана білу дағдыларына үйрету жолдарының тиімді әдістерін үйретеді.Әдістеме оқу пәнінің мазмұнын және оқу формаларымен тәрбиелеу жолдарын қарастырады.Әістеменың аталған бөлімдері бірін-бірі толықтырады және тығыз байланысты, бірлікте болады. Оқыту жұмыстарының құралдары мен жабдықтарын да анықтайтын осы әдістеме. Қорыта айтқанда әдістеме дегеніміз- биологияны қалай оқыту керек, нені үйретіп қалай тәрбиелеу керек, биологияны не үшін оқу керек? Деген сұрақтарға жауап береді.Биологияны оқу пәні ретінде оқыту әдістерінің өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады, онда нақты объектілер (өсімдік, жануар, адам) және тірі табиғаттың күрделі құбылыстарымен дамуын оқытады.Биология пәнінің мазмұны және оның өзіндік ерекшеліктері, оқыту әдістерін, тәсілдерін анқтаумен шектелмейді оның тәрбиелік мүмкіндіктерін де анықтайды.Биологиядан сабақ беру барысында тірі ағзалардың нақты фактілерін, табиғат құбылыстарының бір-бірімен байланысын тірі табиғаттың даму эвалюциясының заңдылықтарын оқып білу оқушылардың ғылыми, диалектикалық материалистік көзқарастарын қалыптастырады.Биологиялық білім қоршаған табиғи ортаның маңызын, табиғатты қорғау қажеттілігімен қалпына келтіру шараларын қоғамдық және жеке еңбектің гигиенасының маңызын түсінуге, оқушыларды өмірге бейімдеп, политехникалық білім алуға мүмкіншілік туғызады.Атақты педагог К.Д. Ушинский айтқандай «Оқушылардың ақыл –ойын логикасын дамыту үшін жаратылыстану тарихын оқыту тиімді-деп есептейміз.»Себебі тірі табиғаттың объектілерін бір-бірімен салыстыру, анықтау эксперименттер қою, щқушылардың ойлау қабілетін дамуын қамтамасыз етеді.Биологияны оқыту әдістемесі. Жалпы биологияны оқыту әдістемесі және арнайы биологияны әдістемесі болып екіне бөлінеді.Жалпы биологияны оқыту әдістемесі мектеп биология курстарының пәндерінің мазмұны мен әдістеріне байланысты қарастырады.Аталған пәндердің бірізділігі, біртұтастығы және тәрбиелеп оқытудың элементтерінің дамуы, биологияны оқытудың жүйесін анықтайды. Білім беру, оқытудың жүйелілігі оқушылардың саналы түрде білім қалыптастыруымен тиянақтылығын анықтайды.Арнайы әдістерде сабақтардың әдістемесы, экскурсиялар сабақтан тыс жұмыстар кластан тыс жұмыстар қарастырылады.

Жапырақтың суды буландыру тақырыбындағы сабаққа экперимент қою әдістемесін түсіндір. Физиологиялық мазмұндағы тәжірибелерге.Жапырақта жарық әсерінен органикалық заттыңтүзілуі;жапырақтың суды буландыруы;жарықта жапырақта көмір қышқыл газын сіңіріп,оттегінбөлу;жапырақтың тыныс алуы жатады.Жапырақта жарық әсерінен органикалық заттың түзілуі.Фотосинтез парагрофында 7-күн бұрын қойылған тәжірбиені демонстрациялап,орг.емес заттыңорганикалық затқа айналуын оқушыларға түсіндіру мұғалім мақсаты. Сабақтың жоспары:1.Сабақтың міндетін анықтау.2.Тәжірбиенің қалай қойылғанын мәлімдеу.3.Жапырақтың түссізденуі мен онда крахмалдың түзілуін демонстрациялау кезінде қойылатын сұрақтар.4. Жапырақта жарық әсерінен органикалық заттың түзілуіне қорытынды жасау. 5.Сабақты қорытындылау,бекіту.Осы жоспар бойынша оқулықта берілген құрал-жабдықтарды қолдана отырып тәжірбие жасалады.(бет59)әдістемесі оқулықта берілген. Жапырақтың суды буландыруы сол сабақты түсіндіру кезінде,3-4күн бұрын қойылған тәжірбие арқылы демонстрацияланады. Мектеп оқулығында тәжірбиені жасау әдістемесі берілген.Тек алдын ала тәжірбиені қою уақытынкалендарьлық жоспар ескертпесіне жазған жөн. Сабақтың жоспары: 1.Оқушыларға су сіңірілу өсімдік тамыры арқылы жүретінін естеріне салу. 2.Сұрақ:-Өсімдіктің қай мүшесі су буландырады.Жауапты тәжірбиені демонстрациялау арқылы айтады.Физиологиялық мазмұндағы тәжірибелерді өткізу үшін алдымен мұғалім сабақ жоспарын құрып, тәжірибені уақытылы қою керек. Тәжірбиені сол сабақты түсіндіру барысында немесе сол сабақты қорытындылау да өткізуге болады. Тәжірбиенің өткізілу орнын дұрыс анықтау,оқушыда білімнің қалыптасуына үлкен етеді.

Жаратылыстану ғылымының 19 ғ-ғы даму тарихы ХІХ ғасырда жаратылыстану бағытында А.Любеннің, А.Н.Бекетовтың еңбектері әйгілі болатын.Олардың оқулықтары шағын көлемді, әрі оқушылардың оқып-білуіне жеңіл болды. Бірақ любенисттердің әдістемесі мен оқулықтарына қарсы пікірлер көбейді. Олардың әдістемелік нұсқаулары оқулық мазмұнына сай келмеді. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытудан алшақ болды, қажетті биологиялық білім қалыптастыратындай мазмұнда болмады.Бұл проблеманы шешумен Александр Яковлевич Герд (1841-1888) айналысты. Гердтің еңбектері әдістеменің ғылыми негізін қалады. Гердтің мақалаларында, оқытудың мазмұны ғылымның жетістіктері мен дамуына сәйкес, сонымен қатар ғылыми көзқарасты қалыптастыратындай болуы тиіс делінген. А.Я.Герд оқытудың тәсілдерінде бірінші кезекте оқушылардың өзіндік ойлауын, тәрбиелеу, байқампаздығын және танымдық қызығушылығын дамытуды көздеді. Өзінің мақалаларында, оқулықтарының алғы сөзінде оқытудың нағыз биологиялық бағыттарын көрсете білді. Өсімдіктер мен жануарларды даму кезеңдерімен қоршаған ортаға бейімделуі және олардың құрылысын тіршілік қызметтеріне байланыста оқытуды көздеді. Индуктивті және дедуктивті әдістерді қатар қолдану керектігін айтты. Герд оқушылардың байқаған фактілер негізінде, қорытындылау, сараптау жасау арқылы ойлауын дамытуды бірінші кезекке қойды.Герд сол кездегі барлық мектептерде қолданылатын “ мазмұндау” әдісіне сын көзбен қарап, ол оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытпайды, тек айтқанды есте сақтап қалу ғана көзделеді, сондықтан айтылған мазмұн тез арада естен шығады деп тұжырымдады. А.Я.Герд Ресейдегі Ч.Дарвин ілімін жалғастырушылардың бірі болды. 1868 жылы Ч.Дарвиннің “ Жануарларды үйсіндіру және өсімдіктерді қолдан өсіру” атты кітабын аударып, мектеп зоология курсын дарвинизм негізінде құрды, мектеп жоспарында биология курстарын оқытудың жүйесін көрсетті: 1.Бейорганикалық әлем (өлі табиғат) 2.Өсімдіктер дүниесі; Осы құрылған жүйе әдістемелік тұрғыдан дұрыс деп қабылданып, совет мектептерінде оқу процесінде қолдана бастады. А.Я.Герд бастауыш мектеп үшін жаратылыстанудың жаңа курсы “Өлі табиғат” және оған “Мир божий” атты қосымша оқулық және мұғалімдерге арнап оқу -әдістемелік құрал “Пән сабақтары ”-еңбегін жазды. Әдістемелік құралдың бірінші бөлімінде сабақтардың өңделулері, топсеруендер, практикалық сабақтар және ізденіс бағытында жасалған үй тапсырмаларының әдістмелері берілді. “Минералогия сабақтары” ботаникадан қиын сабақтардың тақырыптық-жоспарлары берілген әдістемелік құралдары жарық көрді.

Жаратылыстану ғылымының 20 ғасырдағы даму тарихы XX- ғасырдың 30 жылында Н.П.Дубинин, Романов, Райт эволюцияның ең басты факторы - гендердің жылжуы жайлы жаңалық ашты. Олардың ұйғаруы бойынша эволюция үшін ең маңызды фактор жеке мутация ғана емес, гендердің кездесу жиілігіндегі кездейсоқ өзгерістер болып саналады, мысалы тасқын су, өрт, салдарынан гендердің кездесуін өзгертіп, соның нәтижесінде популяция құрылымы өзгеріп, ол ұрпақтан – ұрпаққа берілуі мүмкін. Эволюциялық теорияның дамуына тағы бір үлесін қосатын биологияның саласы, молекулалық бтология, генетиптердің эволюциясын айқындауға мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде биологиялық теорияның деңгейін көтеріп, тірі организмдерді зерттеуде онтогенетикалық, популяциялық шегінен тыс сырларын ашуға мүмкіндік береді. Жаңа генетикалық проблемаларды зерттеудің нәтижесінде ғалымдар гендердің нәзік құрылысын зерттеп, олардың функцияларының сырларын ашып гендердің жасанды синтезделуі арқылы, бір организмнен екінші организмге отырғызу барысында ғылымның жаңа саласы гендік инженерия дамыды. Қазіргі кезде ғылымда гендердің аксонралды табиғаты жайлы ережелері ашылып белок құрылысының ақпараты ДНҚ молеуласының тізбектерінде интрондар арқылы бөлініп, белоктың информация бермейтін қосымшалар арқылы бөлініп тұратындығы дәлелденді. Гендердің осындай құрылысы ғалымдардың айтуы бойынша гендердің алмасу қабілеттерін арттырып, мутация тазалықтарын сақтай отырып жаңа гендердің қалыптасуына мүмкіндік береді. Ғалымдардың анықтауы бойынша генотиптегі құрылымдық гендердің бірнеше кемшіліктері болады немесе генотиптегі гендердің ұқсас топтары әрқайсысы ұқсас кейде бірдей белоктарды қолдайды. Бұлардың осындай ерекшеліктері керекті жағдайда көптеген белоктарды, ферменттерді синтездеу үшін органмзмдерге үлкен мүмкіндік береді. Гендердің осындай бір дупликациялық қасиеті эволюция үшін өте маңызды болады, себебі ол популяция ішінде тез тралып, особьтардың фенотипін өзгертуге мүмкіндік береді. Ғылымның течниаклық жетістіктері барлық саладағы мамандардың биологиялық дайындықтарына талап қояды. Әсіресе болашақ мамандардың экологиялық сауаттылығы мен тәрбиесі шешуші роль атқарады. Сондықтан жалпыға бірдей білім беретін мектептерде, лицей, гимназияларда жас өспірімдер мен оқушыларға биология пәндерінен политехникалық білім қалыптастыруға аса көңіл аударуда. Герцен жастарды тәрбиелеуде жаратылыстану білімінің маңызын айта келіп, оның жастық ақыл ойды ескінің қалдықтарынан тазартуға бағытталғанын осы негізде оларға кең мүмкіршілік ашатынын жазған еді.Қазіргі таңда табиғатты қорғау мәселесі бүкіл әлемдік масштабта. Сондықтан биологиялық білім әрбір азамат, мемлекет, адамзат үшін ауадай қажет. XXІ ғасыр биология ғасыры демекші биология ғылымдарының жетістіктері. Ауыл шаруашылығында өнеркәсіптер, өндірістер, медицинада, космостық биологияда. Ал жасөспірімдер мен жастар үшін білім мен тәрбиесінің, сан алуан жақтарын қамтуда биологиялық білімнің мәні зор. Мысылы: Политехникалық-санитарлық-гигиеналық дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыру байқампаздық пен бақылау икемдеріне логикалық ойлау мен шығармашылыққа этикалық эстетикалық тәрбие, табиғатты сүю, аялау, қорғау, экологиялық-эволюциялық білім мен тәрбиені қалыптастыратып дамыту, отандық- патриоттық сезім мен тәрбие қалыптастыруда алатын орны ерекше.

Date: 2016-05-24; view: 1468; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию