Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Символдық интеракционизм

Қазіргі заманда «Мен концепциясы» зерттелулері дәстүрлі психологиядан әлеуметтану ғылымына ауысып кеткен сияқты. Мен – концепция (лат. Conceptus – ұғым) – адамның өзі туралы жүйесі. Адамның мен – концепциясы түрленуі адамның өмірлік тәжірибе алғанында, ол туралы басқалардың баға беру кезінде қалыптасады. Мен –концепциясының басты көздері бұл:

1) Өзін басқалармен салыстыру

2) Басқалармен өзін қабылдау

3) Қызмет бағасынның қорытындысы

4) Ішкі құбылысының қобалжуы

5) Өзінің сыртқы бейнесін қабылдау

Мұнда басты теоретиктер символдық интеракционизм өкілдері Кули мен Мид болды. Олар индивидке жаңа көзқараспен қарады. Индивидті әлеуметтік қатынас төңірегінде қарастырды.

Символдық интеракционизм 3 негізгі посылкаға сүйенеді:

 

  • Біріншіден адамдар өздерінің қоршаған ортасы элементтерін қандай символдармен орнықтырады сол қоршаған орта символдар ерекшеліетеріне назар аударады.
  • Екіншіден бұл символдар күнделікті әлеуметтік тұлғааралық қарым –қатынас яғни интеракция болып табылады.
  • Үшіншіден бұл әлеуметтік – мәдени сипаттар индивидуалды қарым –қатынасты қабылдауда өзгеріске ұшырайды. «Мен» және «басқалар» бір бірлікті білдіреді,көптеген жүріс –тұрыстары бар қоғам индивидтің жүріс – тұрысына шектеу қояды.

 

Ұйымшылдық – топ мүшелерінің оның бар болуы туралы мүдделі болуы. Ұйымдасқан топтардың қатысушылары үшін топта қалу маңызды. Топтар ұйымдасу деңгейлеріне байланысты әртүрлі болуы мүмкін және уақыт өте келе ұйымдасу деңгейі өзгеруі мүмкін. Ұйымшылдық өте маңызды фактор болғанына қарамастан, топ жойылмас үшін өте қатты ұйымдасқан болуы керек. Топтық қатысушылары ұйымшылдықтың жоғары деңгейінсіз ұзақ уақыт бойына бірге тұрып, бірге жұмыс істей алады. 5-суретте топтың ұйымшылдығына әсер ететін факторлары мен ұйымшылдықтың нәтижелері көрсетілген.

 
 

 


5‑сурет. Топ ұйымшылдығының факторлары мен нәтижелері

Дәріске әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар:

Тұлғаның әлеуметтік табиғаты. Іс әрекет барысында топтық рөлдердің жүзеге асуын анықтау (Топтық жоба).


Дәріс.

Тақырып:Кіші топтағы өзараәрекеттестік мәселесі.

 

Қарастырылатын сұрақтар:

Кіші топтың психологиялық ерекшеліктері.

Кіші топ мүшелерінің тұлғааралық қатынасы.

Кіші топтағы интерактивті келісімділікті анықтау талдамы.

Дәрістің тезистері:

Қазіргі әлеуметтік-психологиялық ғылымның кең көлемдегі бөлімдерінде шағын топтар ерекше орынға ие. Бұл әлеуметтік психологияның көне ғана емес, сонымен қатар едәуір қарқынды өңделіп келе жатқан саласы. Топ психологиясының мәселесі осымен онжылдықтың ішінде көптеген елдердің зерттеулірнің назарында болып отыр.

Әлеуметтік психологияның 90 жылдық тарихынан аса уақытта зерттеушілер бірнеше рет «шағын топ» түсінігі анықтамасына көңіл аударды. Осы кезде олар мағынасы бойынша бір біріне қарама қайшы, сонымен қатар бір бірінен өте қатты ерекшеленбейтін, кездейсоқ анықтамаларды қалыптастырды. Және де бұл таңқаларлық жайт емес, өйткені авторлар шағын топқа анықтама беуге талпыну барысында, топтық процесстің қандайда да бір жақтарына акценттеліп отырған түсінікке мән берді.

Әйгілі американдық психолог М.Шоу, шағын топтың бірнеше ондықтан аса анықтамаларын қарастыра отырып, оларды топтық өмірдің қандай аспектілері көбіне авторлардың назарларын анықтамалардың аударуы бойынша келесі алты категорияларға классификациялады:

1. Топ мүшелерінің жекелеген серіктестер мен топты тұтастай қабылдауы;

2. Топ мүшелерінің мотивациясы;

3. Топтық мақсаттар;

4. Топтың ұйымдастырушылық (құрылымдық) сипаты;

5. Топ мүшелерінің өзара байланысы;

6. Топ мүшелерінің өзараәрекеттестігі.

Шағын оп анықтамасына едәуір қысқа әрі нұсқа анықтама берген Г.М.Андреева болып табылады.

Шағын формалды емес топтардың пайда болуы мен дамуы.Шағын топтардың пайда болуы қоғамдық-экономикалық сипаттың талаптарымен себептеледі.

Шағын топтардың пайда болуы мен дамуына байланысты келесі ұғымдар кілтті ұғымдар болып табылады:

- Адамдар қарым-қатынасы;

- Іскерлік өмір іс-әрекеті;

- Эмоционалдық өмір іс-әрекеті;

- Идиосинкразиялық кредит және т.б.

Конформизм құбылысы (С.Аш, Р.Крачфилд және т.б.). Конформизм (лат.conformis «тәрізді, ұқсас» дегенді білдіреді) дегеніміз – моральды-саяси термин, бейімделу, ыңғайлану, қоғамдағы жүріп отырған тәртіпті, үстемдік етіп отырған пікірлерді сылбыр қабылдау, кез келген айрықша қысымға ие үлгіге сын көзімен қарамаушылық дегенді білдіреді.

Конформизм құбылысы тікелей адамдар тобымен байланысты. Осы топтың жеке алынған адамға қалайша әсер ете алатынымен байланысты. Егер ол көпшіліктің пікірімен, көзқарасымен, позициясымен келісетін болса, ол осы топ тарапынан қолдаушылық, мақұлдаушылық пен қабылдаушылықты көре алады. Керісінше, егер ол көпшілікпен қабылданған ұстанымдарға қарсы келетін болса, ол ұнамсыздық, жеккөрініштік, өшпенділік, сынаушылық, тіпті бетін бұрушылыққа тап болуы мүмкін.

Осындау үлгідегі адамдарды нонконформистер деп атайды. Көп жағдайда олар – лидерлер, ойлардың, идеялардың туындатушылары, жаңалықты бірінші ашушылар болып келеді. Егер адам ұжымда лидер қызметінде жүретін болса, оған көпшіліктің тәртібінен өзгеше болу кешірімді жағдай. Нонконформист жаңа идеяларды жарыққа шығарады, бұрын ешкім жүрмеген жолмен жүріп отырады. Ойлардың бұндай кескіні әйгіліліктің жемісін әкеле қоймайды. Басында оған ешкім мән бермейді, оның айтқандарын шындық деп қабылдамайды немесе оны есінен ауған адам деп те айтады, бірақ бір белгізіз уақыт өткеннен кейін жаңа көзқарастарды қабылдап, пайда болған игіліктерді, мәдениеттің қуанышын жайбарақат пайдаланады. Өмірде барлығы осылай қалыптасқан: басында сенімсіздік, күлкі, наразылық, одан кейін қызығушылық, әуестік, ал осыдан соң – мойындау, таң қалу, қол шапалақтау, ардақтау және құрметтеу пайда болады. Нонконформист қоғам тарапынан болатын түсінбеушілік пен сынаушылыққа кезігеді. Ал конформистер болса көп және дәл айтатын болсақ, адам тек қана өз өмірін өзгертуге, жаңаға талпынуға, ескіні ұмытуға, адамдар түсінбей қала ма деп бірдеңені ашуға қорқады. «Кей кезде бүгілмейтін қалып - параличтің нәтижесі» деп Станислав Ежи Лец айтқан болатын.

Дәріске әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар:

Кіші топтағы өзараәрекеттестік мәселесі (А.С.Чернышов, С.В.Сарычев бойынша).

 


Дәріс.

Тақырып:Топтағы әлеуметтік психологиялық ахуал.

Қарастырылатын сұрақтар:

Топтың психологиялық климаты.

Әлеуметтік топтың психологиялық климатына тұлғааралық қатынастардың әсері

Әлеуметтік-психологиялық бейімделу мәселесі (К. Роджерс, Р.Даймонд бойынша).

Топтың өміріне ұжымнан тыс әсер ететін ұжымдық емес мінез құлықтардың стихиялық әсері.

Дәрістің тезистері:

Ақпараттың шығу бағытына қарай, вертикальді, яғни жоғарыдан төменнен басшыдан қызметкерлерге түсетін – бұйрықтар, шешімдер және төменнен жоғарыға – қызметкерлердің басшыға – есептері, өтініштері, шағымдары, ұсыныстары т.б. және горизантальды – қызметтік деңгейлері тең ұжым мүшелері арасында жүзеге асады.

Горизантальды және вертикальды байланыстар «коммуникация пирамидасын» құрайды, оның шың басында ең жоғары рангтағы басшы, түбірінде – қатардағы, қол астында орындаушылары жоқ қызметкерлер болды. Басқару деңгей сандарына байланысты «жоғары» және «тегіс» коммуникация пирамидалары бар.

Басқару субъектісі және объектісінің өзара әрекеті вертикалді коммуникация арқылы жүзеге асады.

Ұжымдағы коммуникацияны анықтауды К.Шеннон моделі пайдаланылады: саған байланысты коммуникациялық тізбектің негізгі әлеметтері бөлініп көрсетіледі:

1) ақпарат көзі;

2) жеткізуші;

3) қабылдаушы;

4) ақпаратты алушы.

Ақпаратты жіберушіден алушыға дейінгі жол коммуникация каналы деп аталады.

Коммуникатордың ақпаратты жеткізудегі маңызды бөлігі реципиенттің көңілін аудау. Ақпарат алушының көңілін аударатын 2 негізгі сипат бар – бұл жаңалығы және мәнділігі.

Сонымен, бірге коммуникация тиімділігі ақпаратты беру және қабылдауды кездесетін бірқатар әлеуметтік-технологиялық факторларға байланысты. Мысалы, коммуникация мүшелерінің әлеуметтік ролінің, ерекшіліктері, коммуникатордың беделі, ақпаратты алушының әлеу

Ұялту. Ұялту – бақылауда теріс тәсіл деп танылады. Ал басшылардың көбі негізінен бақылаудың оң тәсілдерін қолдауды қалайды. Бірақ, кей жағдай жақсарар ма екен деп теріс әдістерін де байқап көру керек. Егер ол жақсарса, ұйым одан тек қана ұтады. Егер жақсармаса, онда одан да қатал шараларды қолдануға болады.

Тәртіп жөніндегі шаралар. Ұялту – бұл тәртіп шараларының тек бір түрі. Ұялту – тәртіпке шақыру шараларының жұмсақ түрі, тек кейбір жағдайларда ғана көмектесуі мүмкін, бірақ сонда да кейбір уақытша жұмыстан аластату немесе жұмыстан босату секілді қатаң шаралар қолданылатын жағдайлар да болады.

меттік бағдары, оның психикалық процестерінің және т.б. ерекшеліктері қарастырылады.


<== предыдущая | следующая ==>
Топтық шешім қабылдау | Денсаулық басшы іс-әрекетінің тиімділігі факторы ретінде

Date: 2016-05-24; view: 2399; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию