Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Ядролық жарылыстың негізгі зақымдаушы факторлары





Ядролық оқ-дәрі жарылған кезде секундтың миллионнан бір үлесінде орасан көп мөлшерде энергия бөлініп, жарылыс өту аймағында температура бірнеше миллиондаған градусқа жетіп, ал ең үлкен қысым атмосферада миллиардқа жетеді. Жоғарғы температура мен қысым өте күшті соққылы толқынды туғызады. Соққы толқын және жарықтық сәулеленумен қатар, ядролық жарылыстың нәтижесінде өткір радиация шығару жүргізіледі. Жарылыс бұлтында көп мөлшерде радиоактивті өнімдер шығарылады. Бұл бұлттың жылжу жолында одан радиоактивті өнімдер түседі де, соның нәтижесінде жергілікті жер, объекті мен ауа залалданады.

Иондандырушы сәулеленудің әсерімен пайда болатын электр зарядтарының ауада бір қалыпты тарамауы салдарынан электромагнитті импульс (ЭМИ) түзіледі. Ядролық жарылыстың негізгі ЗФ осылай пайда болады.

Әуедегі жарылыс кезінде жарық жарқылдаған соң сфера түріндегі жарқырауық аумақ құрылады. Жарқырауық аумақтың үстіңгі бетінде температура мен қысым күрт төмендейді. Қызған газ қоршаған ауа қабатын ығыстыра, қозғалысқа келтіре отырып, оны тез кеңейтеді. Ауаның бір қабаты екінші қакбатын ығыстыра отырып, әуедегі соққы толқын ретінде жарылыс болған жерден біраз қашықтыққа тарайды. Осы кезеңде жарылыс нүктесінен қоршаған кеңістікке өткір радиация мен жарықтық сәулелену бөлінеді. Жарқырауық аумақ уақыт өте суынып, көтеріледі де, бұрқыраған радиоактивті бұлтқа айналады. Сол уақытта жерден шаңды бақан көтеріліп, соның нәтижесінде саңырауқұлақ тәрізді бұлт түзіледі. Жарылыстан соң 10-15 минут өткенде, бұлт ең биік шегіне дейін көтеріледі, ал бұлттың көтерілу биіктігі оқ-дәрінің күшіне қарай 5-20км-ге жетеді. Сосын бұлттың өзіне тән формасы бұзылып, жел бағытымен қозғала отырып, тарап кетеді. Әуедегі ядролық жарылыстың екі түрі бар: төменгі және жоғарғы.

Жер (су) үсті ядролық жарылысы кезіндегі жарқылдауық аумақ жарты сфера формасында болады. Егер жер (су) үстіндегі ядролық жарылыс жер бетінде немесе оған тікелей жақын жерде жүргізілсе, бұлтқа көп мөлшерде топырақ (су) көтеріледі.

Жер асты ядролық жарылысы кезінде саңырауқұлақ тәрізді бұлт болмайды. Жарылыс болған жерде үлкен шұңқыр пайда болады. Әуедегі соққы толқынның күші біраз әлсірейді, бірақ топырақты ығыстыру толқыны жерде терең объектілердің пайда болуына әкеп соғады. Бұл кезде жер ядролық жарылыс ауданы мен бұлттың қозғалу жолында күшті радиоактивті залалдану жүреді.

Су асты жарылысы кезінде жоғарғы жағында саңырауқұлақ тәрізді бұлты бар су бағанасы түзіледі, оны жарылыс сұлтаны деп атайды. Судың түсуі бұл сұлтанның төменгі жағында тамшы мен су шашырандысы және құйын тәрізді сақиналардың түзілуіне әкеп соғады. Одан кейін жарылыс сұлтаны мен базисті толқыннан су бұлты түзіледі. Одан кейін радиоактивті жаңбыр жауады.

 

21.Соққы толқыны (Ударная волна) — атом бомбасының жарылыс , қуатының тең жартысы жұмсалатын ең күшті зақымдаушыфактор. Ол жарылыс болған жерден жан-жаққа бірдей шапшаң жылдамдықпен тығыз ауа толқыны түрінде таралады, жолындағы үйлерді, құрылыстарды зақымдайды. Мыс., Хиросимаға тасталған атом бәмбасының жарылысы кезінде 1 км аймақта жер бетіндегі құрьлыстардың бәрі тып-типыл болған, ал 2 км жердегілер қатты зақымданған, 3 км жердегілер одан сәл аздау, ал 10 км қашықтықта — үйдің әйнектерінің қирағаны байқалған. Соққы толқынының жылдамдығы жарықтың жылдамдығынан едәуір кем (2 секундта 1 км, 5 секундта 2 км, 8 секундта 3 км) өтеді. Сондықтан жарылыс жарқылын көрген адам дереу жасырынып үлгеруіне болады. Жарылыс болған жер қашықтаған сайын зақымдау күші де әлсірей береді. Адамдар паналайтын құрылыстар болмаған жағдайда шұңқырларға, жыраларға, темір жолдар мен тас жолдардың жиегіне т.б. сол секілді табиғи орындарға жасырынған жен

22Сәуле жарқылы-ядролық жарылыстың зақымдаушы факторы,ультракүлгін,инфрақызыл және көрінетін сәулелерден тұрады.Сж пайда болғаннан кейін алғашқы секундтарды температура миллиондаған градусқа жетеді.Ол адамдар мен жануарлар терісінің ашық бөліктерін күйдіріп 2-4 дәрежелі күйік туындайды,көзді зақымдайды,өнеркәсіп нысандырында,елді мекендерде және ормандарда өрт тудырып,түрлі материалдарды тұтандырады,көлеңкелер ,паналау ғимараттары ,паналау орындары қорғаныш бола алады

23 Өткіш радиация - ядролық жарылыс кезінде шығатын гамма сәулелер мен нейтрондар ағыны.

Р-нің зақымдаушы әрекеті адамдардың сәуле ауруын тудырады, зақымдаушы фактордың мәні гамма сәулелер мен нейтрондар тірі клеткалардың молекулаларын иондап, олардың қалыпты тіршілік қызметін бүзады. Мүның нәтижесінде адамдар сәуле ауруына шалдығады, көп доза алған адамдар мерт болады. үсті жабылған жыралар, блиндаждар, паналау ғимараттары және басқа қорғаныс қүрылыстары сондай-ақ қорғаныс киімдер Р-ның әсерін күрт әлсіретеді.

24 Электрмагниттік импульс - ядролық жарылыстың зақымдаушы факторы, гамма сәулелердің қоршаған орта атомдарына тигізген әсері және электрондар ағыны мен оң иондардың түзілуінің нәтижесінде пайда болған электрлі және магнитті сәулелер. Э.И-тің әсер ету үзақтығы - бірнеше ондаған миллисекунд. Э.И байланыс аппараттарына, зиян келтіріп сыртқы желілерге қосылған электр қондырғыларының жүмысын бүзуы мүмкін. әсіресе жартылай өткізгіштерде, жүмыс істейтін радиоаппаратураларға әсері күшті. Э.И-тің әсерінен қорғану шараларын алдын-ала қарастыру қажет.

25 Жердің радиоактивті ластануы - ядролық жарылыс бүлттарынан радиоактивті заттардың түсуі нәтижесінде болады.

Жердің радиоактивті ластануының деңгейі жарылыстың түрі мен қуатына және ол жарылған сәттен бастап өткен уақытқа, жарылыс орталығының қашықтығына, ауа райына және жер бедеріне байланысты. Радиоактивті бүлттың ізі сызбалануы бойынша эллипсті еске түсіреді және зақымдалған алқапқа әр түрлі деңгейде жайылады. Сондықтан да (жиілігіне байланысты) зақымдалған алқапты қауіпті, күшті және баяу зақымдану аймағы деп бөлу қалыптасқан. Егер іздің көлбеу қиылысын алсақ, онда радиация деңгейі іздің сыртқы шек арасынан көтеріліп, оның кіндігінде ең жоғары деңгейіне жетеді.
Радиация деңгейі уақыттың өтуіне байланысты біртіндеп төмен-дейді.
Осылайша, егер радиация деңгейі жер бетіндегі ядролық жарылыстан кейін 100% алсақ, онда 2 сағаттан кейін екі есеге, үш сағаттан кейін төрт есеге, ал 5 сағаттан кейін он есеге азайады.

Радиоактивті заттармен зақымданған жөрде түрған адам әрдайым сыртқы сәулеге үшырауы немесе сәулө ауруына үшыратуы мүмкін радиоактивті заттардың организмге өту нәтижесінде зақым-дануы ықтимал.

26.Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.

27 Химиялық қару-уландырғыш заттар мен құралдарды қолдануға арналған машиналар, приборлар, қару-жарақтар. Химиялық қару жаудың адам күшін жаппай қырып-жоюға арналған. Сондай-ақ белгілі бір жерлерді, қару-жарақты, әскери техниканы, әр түрлі тыл нысандарын уландыру үшін де қолданылуы мүмкін. Химиялық қарудың тиімділігі, көбінесе метеорологиялық жағдайларға, жердің жайына байланысты. Мысалы, ауа райы желді болса, уландырғыш заттардың таралатын аймағы ұлғайып, жел тымық болса, уландырғыш заттар бір жерде ұзақ тұрып қалады.

28Биологиялық қару, бактериологиялық қару — адамдарды, жан-жануарларды ауыр дертке шалдықтыру арқылы қатардан шығаруға негізделген жаппай зақымдағыш қару. Биологиялық қарудың әскери жағынан жоғары тиімділігі індет тудырғыш дозасының шағындығы, үлкен аумаққа жасырын түрде қолдануға болатындығы, мөлшерін айқындау мен индикациялаудың қиындығы, әрекетінің таңдамалылығы (тек адамға, белгілі бір жан-жануар түрлеріне әсер етуі), психологиялық әсерінің күштілігі, әскер мен тұрғын халықты биологиялық қорғаудың және қолданғаннан кейінгі оның зиянды әсерін жою жөніндегі жұмыстар көлемінің ауқымдылығы әрі күрделілігі арқылы анықталады.

29.Улағыш заттардың жіктелуіУлағыш заттар (орыс. Отравляющие вешества) — ұрыс жағдайында қолданган кезде адамдар мен жануарларға зақым келтіретін улы (уытты) қоспалар. Улағыш заттар химиялық қарудың негізі болып келеді. Улағыш заттар жүйкеге әсер ететін улағыш заттар, теріге әсер ететін улағыш заттар, кезден жас ағызатын улағыш заттар, түншықтыратын улағыш заттар және жалпы әсерлі улағыш заттар болып бөлінеді. Жүйкеге әсер ететін улағыш заттар қазіргі улағыш заттардың аяғы әлімге әкеліп соқтыратын негізгі тобын құрайды. Оларга құрамында фосфоры бар және кез келген аппликацияда зақым келтіретін улағыш заттар жатады. Олар — табун, зарин, зоманжәне т.б. Жалпы әсерлі улағыш заттарға көгерткіш кышқыл, хлорциан, арсин, фосфин және т.б., ал түншықтыратын улағыш заттарға фосген, дифосген, хлорпикрин т.б. жатады. Теріге әсер ететін улағыш заттар аяғы елімге әкеліп соқтыратын улағыш заттарға жатады, олардың қатарына иприт, азоттық иприт, люизит т.б. кіреді.

30.Халықты қорғау принциптері-бұл бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайда халықты қорғау тәртібін анықтайтын ҚР үкіметі белгіленген ереже

.Халықты зақымдаушы факторлардан қорғаудың негізгі принциптері :1.Қорғаныс шаралырын алдын –ала жоспарлау және жүргізіу.

2. Халықты қорғау жөніндегі шаралардың кешенділігі

3.Қорғаныс шараларын ҚР Қарулы Күштерімен тығыз байланыста жоспарлау және жүргізу

31.Халықты қорғау тәсілдері-1.халықты құлақтандыру,2.халықты қорғаныс құрылыстарында паналату,3.Эвакуациялық іс-шаралар жүргізу,4.Жеке қорғану құралдарын пайдалану,азық-түлікті, суды, мал мен өсімдікті радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғау;

- радиациялық, химиялық, бактериологияяық барлау мен дозиметрлік және лабораториялық бақылауды ұйымдастыру;

- өрттен қорғау, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және сақтандыру шараларын жүргізу;

- зақымдау аймақтарындағы ұйымдарда жұмыс пен халықтын өзін-өзі ұстау режимдерін сақтау;

- адамдарды, техниканы киім мен аяқ-киімді, санитарлық тазалауды және аумақ пен ғимаратты залалсыздаңдыруды жүргізу.

32.Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары:

Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары – тұрғындарды апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ кәзіргі замандағы қырып-жою құралдарының зақымданғыш факторларының қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі. Солардың бірі- адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады.

Панаханалар толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткір радиациядан және радиоактивті зақымданудан, ядролық жарылыстың зақымданғыш факторларынан, сондай-ақ уланғыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (ҚУЗ) сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.

Өндіріс күштерін қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан, зілзаладан, радиациялық және химиялық қауіпті объектілердегі апаттардан қорғау – маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі. Қорғаныс ғимараттары адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуы тиіс.

33.Қорғаныс ғимараттары-халықты қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау факторларынаң әсерінен қорғау үшін арнайы жабдықталған инженерлік құрылыстар.қорғаныс ғимараттары орн жері бойыншы:жеке, жапсарлас салынған деп,сыйымдылығы бойынша шағын- 600,орта 600-2000,улкен 2000+ адамға арналған деп жіктеледі.

· 34.эвакуациялық іс-шаралар-1) әскерлердің маневрлілігі мен тез жылжуын қамтамасыз ету мақсатында соғыс қимылы жүріп жатқан жерден тұтқындарды, халықты, бұзылған және артық мүлікті, олжаларды, әр түрлі бағалы заттарды тылға көшіру;

· 2) соғыс немесе саяси себептерге яки келісімдер мен шарттарға байланысты әскерлерді алдын ала орналасқан аудандарынан шығару;

· 3) дұшпан шабуылының қауіп төнгізіп тұрған немесе табиғат апатына (су тасу, таудан тас, қар құлау) ұшыраған жерлерден тұрғын халықты, кәсіпорындарды,мекемелерді, мәдени және құнды заттарды, жергілікті мүлікті алып шығу;

· 4) медициналық Эвакуация, яғни жаралыларды, ауруларды соғыс қимылы жүріп жатқан ұрыс даласынан тылдағы емдеу мекемелеріне ұйымдасқан түрде тасымалдау, көшіру;

· 5) су электр станциялары мен ірі су қоймалары салынғанда сол аумақтағы елді көшіру.[1][2]

Эвакуация- адамдардың өмірін сақтау және өндірістің жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында халық пен материалдық құндылықтарды төтенше жағдайлар аймақтарынан және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан ұйымдасқан түрде әкету шығару.Эвакуацияланған барлық халық қауіпсіз аймаққа орналыстырылған пункттерде тіршілік қызметіне қажеттілермен аз шамада қамтамасыз етілуге тиіс.

Халықты көшіру міндеті кімге жүктеледі?Көшіру шаралары халықты төтенше жағдайлар, осы заманғы зақымдау құралдарынын қолданылуы салдарынан қорғаудың негізгі әдісі болып табылады.

Таратып қоныстандыру мен көшіру туралы шешімді ҚР үкіметі қабылдайды және орталық, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар іске асырады.

Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылу қауіпі кезінде халықтың бір бөлігін дер кезінде көшіру (ішінара көшіру) жүргізілуі мүмкін. Болжанбайтын жағдайларда адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төнген кезде шұғыл көшіру жүргізілуі мүмкін. Халықты ішінара көшіру туралы шешімді жергілікті атқарушы органдар қабыддайды. Көшіру шараларын жоспарлау мен өткізу Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы бекіткен "Көшіру шараларын ұйымдастыру мен еткізу жөніндегі нұсқаулыққа" сәйкес жүргізіледі.

36.Бытыраңқы орналастыру–соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін категорияланған қалалардың, ұйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру.

Эвакуациялық тізімдер мен төлқұжаттар бытыраңқы орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты қауіпсіз аймақта есепке алатын, орналастыратын негізгі құжаттар болып табылады. Орналастыру аудандарын алмастыруға айрықша жағдайларда ғана жол беріледі.

37.Халықты көшіру қалай жүргізіледі:

көшіру кезінде келетін халықты есепке алу, қарсы алу мен орналастыруды ұйымдастыру

Халық аймақтық және көлемді төтеше жағдайлар аймағынан қауіпсіз орынға авиациялық авиациялық және су көліктері арқылы, төтенше жағдайлар аймағынан көліктің әр түрін тарта отырып және жаяу жүру тәртібімен қауіпсіз аймақтың сыртына шығарылады; соғыс уақытында қарулы күштерін тасымалдауға жатпайтын авиациялық, темір жол, автомобиль және көліктердің басқа да түрлерімен тасымалданады, көлік құралдары жетіспеген жағдайда көшіру бекеттерінің аралығына дейін жаяу жүру тәртібімен ұйымдасқан түрде көшіріледі.

Соғыс уақытында кенеттен болған қатерлі жағдайларда және төтенше жағдайларда көшірілу жедел жүргізілуі тиіс.

Тұрғындардың толық немесе бөлігін қатерлі аймақтардан алдын ала көшіру бейбіт уақытта да, соғыс уақытында да жүргізілуі мүмкін.

Халықты көшіру сабақтас тәсілмен — халықты жаяу немесе көлікті барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үйлестіру жолымен жүзеге асырылады. Көлікті беруді есептеулер табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі төнгенде және пайда болған кезең мен қорғану шараларының мүдделері мен халықтың жеке пайдалануындағы көліктің қолда барын ескере отырып, соғыс кезеңіне жекеше жасалады.

Көшіру мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты қауіпті аймақтардан тыс жерлерге жеткізу (шығару) мерзімі оның аяқталуы болып саналады.

Қауіпті аймақта көшірілетін халық өз облысының аумағында орналастыры- лады. Әрбір ұйымға орналастыру ауданы (пункті) белгіленеді.

Ішінара көшіру кезінде халықты орналастыру аудандарын (пункттерін) Республика үкіметі, жергілікті атқарушы органдар белгілейді.

Көшірілетін халықты бір облыстың қауіпсіз аудандарына толық орналастыру мүмкін болмаған жағдайда,оның бір бөлігі облыс әкімдерінің келісімі бойын- ша көрші облыстарға жеткізілуі мүмкін.








Date: 2016-05-24; view: 954; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.009 sec.) - Пожаловаться на публикацию