Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша негізгі іс-шаралар





1.ТЖ пайда болуына әкеп соғуы мүмкін аварияны зілзала мен апатты болжау және олардың қаупі туралы немесе пайда болуы туралы жедел халыққа хабар беру,құлақтандыру2.тж алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарлау және олар пайда болған кезде оларды жоюға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру3.бұқаралық атпарат құралдары арқылы халықты тж кезінде іс-қимылдардың қағидалары мен тәртібіне үйретуді ұйымдастыру4.тж кезінде халықтың белсенді әрекет етуін,психологиялық тұрақтылығын қалыптастыру

7.Төтенше жағдайлар кезіндегі халықты қорғау принциптері:бұл халықты қорғау тәртібін анықтайтын ҚР үкәметі белгілеген ресми ережелер.Халытқы апат,авария, зілзала мен осы заманғы зақымдау құралдарының салдарынан қорғау жөніндегі шараларды жүргізу сипаты,көлемі мен мерзімі аға бастық ұйғарымын,ахуалды бағалау мен жергілікті жағдайларды және мүмкіндіктерді ескере отырып әзірленетін АҚ жоспарымен анықталады.Халықты қорғау жөніндегі шаралардың кешенділігі ТЖ сипатына байланысты қорғаныс әдістері мен құралдарын тиімді пайдалануға,ал соғыс уақытында зақымдау құралдарының түрі мен көлеміне орай туындайды.

Халықты қорғаудың негізгі әдістері мыналар:

♦ қорғаныс ғимараттарына жасыру;

♦ халықты таратып қоныстандыру және көшіру;

♦ жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдану;

♦ дер кезінде хабарлауды ұйымдастыру;

♦ азық-түлікті, суды, мал мен өсімдікті радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғау;

♦ радиациялық, химиялық, бактериологиялық барлау мен дөзиметрлік және лабораториялық бақылауды ұйымдастыру;

♦ өрттен қорғау, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және сақтандыру шараларын жүргізу;

♦ зақымдау аймақтарындағы ұйымдарда жұмыс пен халықтын өзін-өзі ұстау режимдерін сақтау;

♦ адамдарды, техниканы киім мен аяқ-киімді, санитарлық тазалауды және аумақ пен ғимаратты залалсыздандыруды жүргізу. Қорғаныс ғимараттарына жасыру — халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, әсіресе жау шабуылылы қауіпі жағдайында қорғаудың негізгі және ең сенімді әдісі.

8.Қазақстанда кесдесетін дүлей зілзала түрлері: сел,жер сілкінісі,су тасқыны

Сел- (арабша сайль — жойқын тасқын) — таулы аудандарда мұздықтардың, қардың мөлшерден артық еруінен, нөсерлі жауын-шашындардан, жер сілкінуден, тау өзендерінің арнасынан асып тасуынан пайда болатын табиғаттың жойқын құбылысы.

· Тас аралас саз-балшықтардың таудан төмен ағыла қүлауымен сипатталатын, кенеттен басталып, барынша қарқынды өтетін мейлінше залалды құбылыс; әдетте нөсер жауындар әсерінен, кейде тау шатқалдарындағы қардың не мұздықтың жаппай еруінен туындап, шағын өзенше аңғарлары мен жылғалар бойын қуалай құлайды.

· Сел тасқыны құрамына қарай саз-балшықты, тастыбалшықты және сулы-тасты селдер болып үш түрге бөлінеді.

· Сел жолындағы борпылдақ шөгінділерді шайып, қатты тау жыныстарын бұзып, ағаштарды түбірімен қопарып, салмағы ондаған тонналық үйтастарды ағызып әкетеді. Сел Қазақстанның Іле Алатауы, Жетісу Алатауы, Сауыр, Алтай тауларындағы Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Қаскелең, Есік, Талғар, Текелі, Сарқант, тағы басқа өзендердің алаптарында жиі болып тұрады.

Жер сілкінісі - жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі.

Жер сілкінісін сейсмология ғылымы зерттейді. Оның туындауына және дамуына байланысты құбылыстарды сейсмикалық құбылыстар деп атайды.су тасқыны- Су тасқыны - бұл қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді айтарлықтай су басу. Өзендер арнасына суды желмен айдау арқылы болған су тасқыны ерекше түрге жатады. Су тасқыны көпірлер, жолдар, ғимараттар, құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға, ал судың көп жиналуы (4 м/с астам) және су үлкен биіктікке көтерілсе (2 м көп) адамдар мен жануарлардың опат болуына әкеліп соқтырады.

9. «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңы: Қабылданды - ҚР 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V Заңын қараңыз.ҚР Заңының жобасы ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қазандағы № 1325 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді

Осы заң Қазақстан Республикасының халқын, объектілері мен аумағын азаматтық қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және олардың салдарын жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс істеуінің ұйымдастыру қағидаттарын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік материалдық резервін қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының ұйымдастырылуы мен қызметін айқындайды.

Ғарыш кеңістігін пайдалану, химиялық және ядролық қаруды жою, оқ-дәрілерді пайдалану және кәдеге жарату кезіндегі қауіпсіздікті, еңбекті қорғау, экологиялық қауіпсіздік саласындағы автомобиль және темір жолдар бойынша қозғалыс қауіпсіздігін, ішкі су көлігі қозғалысының қауіпсіздігін, энергия және энергия үнемдеу объектілерінің қауіпсіздігін, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы әуе көлігінің ұшу қауіпсіздігін құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының арнайы заңнамасымен жүзеге асырылады.

10.Табиғи және техногендік сипаттағы тж туралы ҚР заңы:

Осы Заң ҚР аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді,1-бап,Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

Төтенше жағдай дегеніміз – табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.
Төтенше жағдай- адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші нысандарға ңұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай;
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар -дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрттер, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестерінің зақымдануы туғызатын төтенше жағдайлар;
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар -өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), қатты әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар;
Төтенше жағдай аймағы-төтенше жағдай жарияланған белгілі бір аймақ.
Авария –технологиялық үрдістердің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы;
Зілзала –бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жетімі болатын табиғат құбылысы. Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар. Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40 пайызы келеді, 20%-тропикалық циклондары, 15% -жер сілкінісі, ал қалған 25%-зілзаланың басқа түрлері.
Зілзала -төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс;
Апат -аймақтық және ірі ауқымды төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс.

11.Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар: -дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрттер, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестерінің зақымдануы туғызатын төтенше жағдайлар;
12. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар -өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), қатты әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар;

13. Экологиялық апат — табиғат пен қоғам арасындағы тепе-теңдіктің күйреуі. Экологиялық апат кезінде төтенше жағдайлар туып, табиғи экожүйелер мен әлеуметтік жағдайлар күрт өзгереді, жалпы тіршілікке, соның ішінде адамның қалыпты өмір сүруіне қауіпті жағдай төнеді. Экологиялық апатқа ұшыраған аумақтардағы табиғат өзгерістерін бастапқы қалпына келтіру мүмкін болмайды. Сондықтан Экологиялық апат қайтымсыз құбылыс болып саналады. Экологиялық апаттың таралу деңгейіне қарай: ғаламдық, аймақтық және аумақтық (жергілікті) деп бөлінеді.

Ғаламдық Экологиялық апат бүкіл биосферадағы табиғи процестерге әсер етіп, барлық адамзатқа қауіп төндіреді. Мысалы, климаттың ғаламдық жылынуы, Әлемдік мұхиттардың ластануы, озон қабатының (озонсфера) жұқаруы, қышқылды жаңбырдың жаууы, т.б. Экологиялық апаттың пайда болуына әсер ететін жағдайларға байланысты табиғи және антропогендік (техногендік) болып бөлінеді. Экологиялық апаттар көбіне кенеттен болатын табиғи жағдайлардың әсерлерінен (жерсілкіну, жанартау атқылау, құйынды борандар, су тасқындары, т.б.) және ұзақ уақытқа созылған экология дағдарыс зардаптарынан пайда болады. Соңғы кезде адамның іс-әрекеттерінің тікелей немесе жанама әсер етуі де себепші болуда. Табиғи Экологиялық апаттардың ертедегі геологиязамандарда да оқтын-оқтын болып тұрғаны – ертеде теңіздерде тіршілік еткен жануарлардың қаңқа қалдықтарының көптеп табылуы дәлел болады. Мысалы, палеозойдың ордовик кезеңінің соңында екі рет жойқын Экологиялық апат болған. Оған Әлемдік мұхиттар деңгейінің алғаш күрт төмендеуі және екінші рет оның күрт көтерілуі әсер етіп, бұрынғы тіршілік еткен теңіз жануарларының көптеген түрлері толықтай жойылып кеткені дәлел. Кейде ғылым-технология прогрестің қарқынды дамуының өзі Экологиялық апаттарғаәкелетіні белгілі. Мысалы, 1945 жылы атом бомбасының қолданылуы, 1986 жылы Чернобыль АЭС-сындағы техногендік апат, т.б. 20 ғасырда адам қолымен жасалған Экологиялық апатқа Арал теңізінің тартылып қалуы жатады; қ. Арал апаты

14.Техногендік тж-ң туындау себептері:қауіпті өндірістік объектілердің негізгі өндірістік қорлардың тозуы,өндірістік қауіпсіздік нормалары мен стандарттарына сай келмеуі,өндірістік және технологиялық тәртіптің ьұзылуы,қауіпті объектілердеі лаңкестік және диверсиялық әрекеттер,қауіпті табиғи құбылыстардың салдары. Диверсия (лат. diversio ауытқушылық, аландатушылық) —

қарсылас тылындағы әскери, өнеркәсіп және басқа нысандарды істен шығару, әскерлерді басқаруға кедергі жасау, коммуникациясын бұзу, адам күші мен әскери техниканы жою мақсатына сай қимыл жасайтын жеке адамдар,топтар (бөлімшелер, бөлімдер, партизан жасақтары). Диверсия тікелей шығын келтірумен катар қарсыластын жеке құрамының моральдық-психологиялық жағдайына жағымсыз әсер етеді;

басқа жерлерге қарсы бағытталған баспадағы, теледидардағы, радиодағы психологиялық соғыстардың бір әдісі.[1]

15.Техногендік төтенше жағдайларды жою -бұл тж болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап,денсаулығын қорғауға,залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға,сондай-ақ тж аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару,авариялық қалпына келтіру жұыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар,Азаматтық қорғаныс күштері аумақтық қорғаныс күштері(әскери бөлімдер,аумақтық және ведомствалық әскерилендірілген құрылымдар,мамандандырылған ававриялық құтқару қызметтері)табиғи және техногендік сипаттағы тж-ң алдын алу мен оларды жоюға заңдарға сәйкес тәртіппен қатысады.

16.табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сипаттамасы: 11,12,

Date: 2016-05-24; view: 6048; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию