Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Зерттеулердің нәтижелері





Ғылыми жұмыстың негізін Жайық өзенінің бойындағы дәрілік өсімдіктерін экспедициялық зерттеу құрайды. Экспедициялық зерттеудің орындалуы үшін Жайық өзеніндегі дәрілік өсімдіктерді биологиялық қасиетін анықтадық.

Шілтер жапырақты шайқурай ішкі өзен бойында, ойыс далалар мен ашық аралды ормандар мен бұталарда өседі. Цмин, құрғақ құмды, сондай-ақ жеңіл құмайт, тас түсті топырақты жерлерде, жолдар мен төбешіктерде, жарық ормандарда (әсіресе қарағайлы), далада, шөлейтті жерлерде кездеседі. Андыз, Қазақстандағы шалғынды алқаптарда, өзен, көл жағасында, жазық және таулы жерлердегі ормандарда өседі. Бақажапырақ (жолжелкен) – жер шарының барлық жерінде, өзен-көл жағалауларында, тарда, Жайық өзені бойында, шөлді-далалы, арамшөп өскен бос жерлерде, жол бойында, құрылыс маңында көптеп өседі. Усарғалдақ, көлеңкелі жерлерде, өзендер мен көлдердің жағаларында, батпақтардың жиегінде, бұталардың арасында, сиреген ормандарда, жыраларды, жарлардың басында, бақшаларда өседі. Түймешетен, орманды, далалы, кейде сортақ топырақты жерлерде, тастақты төбешік баурайларында кездеседі. Итмұрын - өте кең таралған өсімдік.Өзен баурайы мен жазықта өседі. Мыңжапырақ- Қазақстанның барлық облыстарында, жазық жерлердегі шалғындарда, ашық ормандарда, жол жиегінде, сондай-ақ егістік алқаптарда арамшөп ретінде өседі. Қалақай, көлеңкелі, ылғалды жерлерде, ормандарда, бақта, жол бойында өседі. Мия- шөл, шөлейтті, далалы аймақтарында кездеседі. Оның ішінде Жайық өзенінің төменгі ағысында көптеп кездеседі. Революция кезіне дейін мия тамырын өндіретін облыс Батыс Қазақстан еді. Оралда мия тамырын өңдеп шығаратын зауыт та болған. Оның өнімдерін Батыс Еуропаға тасымалдаған. Уақыт өте келе басқа да өсімдіктерді өндіретін мүмкіндіктер туды.

3 жылдың ішінде БҚО аудандарында 12 экспедиция өткізілді (Бөрлі, Ақжайық, Зеленов). Экспедицияның басты мақсаты – Жайық өзенінің алқабында өсетін дәрілік өсімдіктердің өсуін қадағалау.

Бөрлі ауданына Январцева мемлекеттік орман шаруашылығы (оның ішінде Дарьинск ауылы, Рубеженское, Красноармейское, Январцево, Кирсанова ауылдары) кіреді. Бұл территориядағы экожүйелер ескі болса да, бірақ ерекше болып табылады. Мұнда әртүрлі, айрықша өсімдіктер (қалақай, мия, андыз, шілтір жапырақты шайқурай, итмұрын т.б.) өседі. Ембулатовка өзеніне қарасты Январцева ауылында үлкен қарағай орманы орналасқан. Бұл өзеннің бойынша ерекше, қызыл кітапқа енген қара қандыағаш өседі. Биіктігі шамамен 20-25 м. құрайды. Орманында қара бүлдірген, құлмақ өседі. Бұл өсімдіктер шикізат негізі және дәрілік шикізат өндіру үшін қолданылуы мүмкін (Сурет 1).

 

 

Сурет 1. Бөрлі ауданындағы дәрілік өсімдіктерді жинау кезіндегі экспедициялық маршрут

 

2014-2015 ж. аралығында ерекше дәрілік өсімдіктердің 120 гербарийі, көктемгі жанаргүл, шайқурай, зире, кәдімгі жұпаргүл, наурыз жалынгүлі, мыңжапырақ, сәлбен т.б. жасалды.

Көпжылдық зерттеу нәтижесінде Бөрлі ауданының 10 бөлімінде, 400 жабдықталған жерлерде табиғи дәрілік өсімдіктердің пайдасы дәлелденіп, 50 түрі және 28 әртүрлі тұқымдас екені көрсетілді. Бұл аймақта сирек кездесетін өсімдіктерге шайқурай, шұрық, дәрілік түймедақ, үштүсті шегіргүл, метельчатты аюқұлақ.

Ақжайық ауданында экспедиция кезінде Жайықтың сол жақ баурайына экожүйелер сәйкес келеді. Ақжайық ауылы мен Восход ауылына дейін, Оралдан Чапайға дейін 15 бөлімде 600 ден астам бекітілген жерлерде көп кездесетін тұқымдастарды анықтады (Сурет 2).

 

Сурет 2. Ақжайық өңіріндегі дәрілік өсімдіктерді жинау кезіндегі экспедициялық маршрут

 

Экпедиция маршрутындағы Чапай ауданында кездесетін дәрілік өсімдіктер: көптүсті (94,1 %), біртүсті (45,9 %), ерінгүлділер (43,1 %), шатырлы (26,6 %), қалақайлы (18,6 %) бақа жапырақты (18,7 %), қалампырлы (12,2 %), сабынкөкті (10,0 %), қарамықты (7,5 %), лалагүлді (5,2 %), шөптестер (80-85 %) құрат, қара бүлдірген, кекіре, қалақай, жолжелкен, сүйелшөп, итошаған, иттікен, бақбақ, шашыратқы жатады.

Дәрілік өсімдіктердің 109 түрі (итмұрын, мыңжылдық, құлмақ, қызылмия, қандышөп, шайқурай, киікоты, жанаргүл, зире) кездеседі.

Зеленов ауданындағы экспедиция нәтижесінде Жайық өзенінің солтүстік бөлігінде экожүйелер орналасқан. Турбаза Серебрякова ауылы, теңізден 30-131 биіктікте. Зерттеу кезінде алқапты орманда ақтерек, емен, итмұрын мен қара бүлдірген өседі. 200 тарта бөлімшелер қолға алынып, дәрілік өсімдіктердің 41 үлгілері, 18 түрі табылды. (А-қосымшасы)

Орал қаласының бөлшегі Янайкино ауылы 7-8 м. биіктіктегі экожүйені құрайды. Жағажай топырақты. Әртүрлі өсімдіктектестермен толы.

Сонымен қатар мұнда қарағай, шегіршін, үйеңкі ағаштары кездеседі. 15-20 метрлі шомырт, долана, итмұрын, шатыраш, эалбыз, қояншөп, қалақай өседі (Сурет 3).

Сурет 3. Зеленов ауданындағы дәрілік өсімдіктерді жинау кезіндегі экспедициялық маршрут

Көрсеткіш көбінесе раушангүлділер тұқымдасынан (92,5 %), күрделігүлділер (46,2 %), қалақайлылар (43,1%), жолжелкен (25,8 %), еріндігүлділер (16,6 %), шатырлыгүлділер (14,7 %), қалампырлы (10,2%), сабынкөкті (10,0 %), қарақұмықты (6,8%), лалагүлділер (4,2 %) байқалды.

«Орал ауыл шаруашылық станциясы» ЖОО аумағында 1,5 км солтүстікке қарай 36,3 га жерде Деркөл өзені бойында «Селекционный» ботаникалық экспедициялық зерттеу жүргізілді.

Деркөл өзені бойында татар бөріжидегі, қоңыр итмұрын, долана және талмен толы болды.

Сулы жерлерде сұлы басты рөл атқарады. Далалы жерлерде сұлы көптеп кездеседі. Үстіңгі жағында: кекіре, лақса, қояншөп, кермек, шатыраш өседі. Бұлақтарда бұталар көп.

Ортаңғы жерінде бетегелер көп бөлігін алады. Аустриялық жусан, кәдімгі мыңжылдық, дәрілік түймешетен кездеседі. Сулы жерлерде 25 тұқымдас, оның ішінде күрделігүлділердің- 25, лалагүлділердің- 16 түрі, алқызылгүлділердің-10, бұршақ тұқымдастардың- 8, ерінгүлділердің- 8 т.б. кездесті.

Орташа есеппен екі жылда дәрілік өсімдіктерді зерттеу үшін 4-25 сәуір аралығы мен 10 мамыр-18 шілде аралығында зерттеу жүргізіліп, тамыз бен қыркүйек айында өскіннің шығуы анықталды (Кесте 2).

 

 

Кесте 2

Фенологиялық зерттеу кезінде басты дәрілік өсімдіктердің нәтижесі

 

Дәрілік өсімдіктердің түрлері Өскіннің шығуы Өсімдіктердің гүлденуі Тұқымдардың пісіп -жетілуі
Өгейшөп 23- 25. 04 01-05. 06 18- 25. 08
Кәдімгі цикорий 18-21.04 12-19.06. 18-25.08
Кәдімгі түймешетен 20-23.04. 10-18.07. 10-20.09

 

Метеорологиялық жағдайға қатысты дәрілік өсімдіктерден ең жылдам және биік өсетіні ақтал- 20- 30м, алқызыл долана- 1- 4м, кәдімгі мойыл- 6-10 м. (Кесте 3).

 

Кесте 3

Дәрілік өсімдіктердің биометрлік өлшеу кезіндегі көрсеткіші

 

Дәрілік өсімдіктердің түрлері Өсімдік биіктігі м, см Жапырақ тақтасы
Ұзындығы, м, см Ені, см, мм
Кәдімгі жұпаргүл 30- 90 см 2-4 см 1-4 см
Ақтал 20- 30 м 3- 15 м 1- 3 см
Кәдімгі мойыл 6- 10 м 3- 10 см 2- 3 мм
Кәдімгі цикорий 60- 90 см 6- 10 см 8 мм
Еркек усасыр 20- 150 см 60- 90 см 45-60 см
Шілтер жапырақ шәйқурай 30- 60 см 1- 21 см 3- 8 мм
Кәдімгі бақ- бақ 10- 30 см 10- 25 мм 1,5- 5 мм
Кәбімгі түймешетен 50- 60 см 5 см 5 см
Алқызыл долана 1- 4 м 3- 6 см 2,5- 5см
Шоқпарбас плаун 30- 50 см 3- 5 мм 0,7- 1 мм

 

Зерттеу жылдары кезінде дәрілік өсімдіктердің далалық жағдайда ауруға төзімділік қасиеттері байқалды. Дәрілік өсімдіктердің көбі ұсақ тұқым берген. 1000 тұқымның салмағы 0,05-2,18г. ғана болды. Сондықтан еккенде алғы дақылдарға ерекше талап қояды.

Тәжірибе отырғызылған топырақтың гумусы 2,74 %, фосфорды 13,7-16 мг/кг, азот өте төмен – 25мг/кг пайдалы заттарды құрайды.

2014-2015 жылдардың 10-12 қыркүйегінде күзде өгейшөп, андыз, мыңжылдықты зерттеп, анықтап жинады.

2014 жылдың 21-23 сәуір көктемде шайқурай, андыз, жолжелкен, мыңжылдықты қолға алды.

Жинаған кезде 21 сәуірде 105,1 мм, жинар алдында 17 шілдеде 30,7 мм құрады.

Дәрілік өсімдіктер бастапқы айларда баяу өседі. Бірнеше рет суды құйған соң тез өсе бастайды.

Андыздың тез өсуіне күзде дайындалған тұқымына қарақайды қосып араластырады.

Әр тұқым 3-5 өскін әкеле бастайды. Диаметрі – 1,5-2,5 см, ені- 20-25 см, қуыс арасы-20*50, 30*60см, төменгі қабаты-20-30 см, тұру мезгілі-90-100%.

Көктемгі уақытта отырғызылған өгейшөп, андыз 70-75 % құрайды. (кесте-4)

Вегетативті кезде 30 % құраса да оның өсуі қалыңдап өскін береді. Көктемгі уақыттағы жинау кезінде 2013 жылдың 3 мамырында өнім жақсы болып, 3 рет өнімді жинады (Кесте 4).

 

Кесте- 4.

Көктем уақытында отырғызылған кәдімгі өгейшөп өсімдігінің тығыздығы мен өнімділігі

 

Отырғызу әдісі Тәжірибе көрсеткіші бойынша өсімдіктің тұрақты тығыздылығы саны, м2 Өсімдіктер саны саны, м2 Өнімділігі г/м2
маусым   қазан     Дәрілік шикізат
Көшетпен         96,8
        82,3
        88,5  
Тамырмен           19,8
        26,7
        28,8

 

Тәжірибе кезінде дәрілік өсімдіктер 1м2 146 г яғни 14,6 қ. құрайды (Кесте - 5).

Кесте- 5. 2015 жылғы тұрақты тығыздылыққа және отырғызу уақытына байланысты өгейшөп жапырақтарының өнімділігі.

Отырғызу уақыты Өсімдіктің тұрақты тығыздылығы шт./ м2 Дәрілік шөптердің өнімділігі г/ м2
2014 жыл 2015 жыл Орташа 2 жылда
21. 04.   162, 5 148, 4 155, 58
  117, 4 154, 7 136, 1
  130, 0 148, 5 139, 3
24. 05.   102, 6 137, 2 119, 9
  105, 3 149, 8 127, 5
  85, 3 156, 7 121, 0
14. 06   19, 4 142, 7 80, 9
  26, 0 135, 8 80, 9
  33, 2 141, 7 97, 5
             

 

Екі жыл ішінде дәрілік жинақтау мезгілі көктемнің ерте кезінде отырғызылған өнімдерінен болды.

Андыз, қызылмия қыркүйектің 20 мен 21 сәуірде отырғызылды. Алғашқы жылы 77-100 см биіктікте өссе, үшінші, екінші жылдары одан да көп өсе бастады.

2015 жылы жералмұрт картоптың орнына егіліп, вегетативті масса жинап өсті. Жайық өзенінде жиі кездесетін дәрілік өсімдік- дәрілік түймедақ болып табылады.

Түймедақтың өсуі өте қиынға соғады. 21 сәуірде отырғызылып, 10 маусымда жинақталған өсімдік ауа-райының күрт ысып кетуіне байланысты көп өсім бермеді.

2014 жылдың күзінде отырғызылған өсімдік 15-30 см-ге дейін өсті, содан кейінгі 45 және 60 см, жинау кезінде 15-30 см көрсетті. Жазғы уақытта отырғызылған түймедақ өз өнімін бермеді. Тек жаңбырлы күндерден кейін, келесі жылы өнім берді (Кесте- 6).

 

Кесте-6

2014 жылғы көктем кезіндегі түймедақтың гүлденуі өнімділігі

 

Отырғызу әдісі Өсімдік биіктігі, см 1 өсімдіктегі бұтақ саны Өсімдіктің гүлдер саны Дәрілік өсімдіктердің өнімділігі
15 см дейін       137,1
30 см дейін       129, 5
45 см дейін       98, 4
60 см дейін       96, 5

 

Бастапқы жылы көп өнім бермейтініне көзіміз жетті. Бірақ өмірінің 2-3 жылында орташа есеппен 15,4-18,6 га/ц құрайды. Яғни, жыл көбейген сайын өскін көбейеді деген сөз.

Сонымен көп жылдық зерттеу нәтижесінде бақ- бақты, кәдімгі мойылды, кәдімгі цикорийді, кәдімгі түймешетенді далалық тәжірибе егістікте өсіруге болады.

Орташа есеппен 2 жылда қысқы отырғызу кезінен 26,2 ц/га, көктемгі 18 ц/га құрады.

 

Date: 2016-05-23; view: 1653; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию