Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Лә-иләһа-иллә-ллаһ» кәлимасының құндылықтары





Шаһадаттың мағынасы, құндылықтары және рүкіндері.

 

 

www.darulhijra.ru сайты

بسم الله الرحمن الرحيم

 

Аса рақымды, ерекше мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын.

Кіріспе

Ислам діні: Аллаһ Тағала оны Өзінің елшісі пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) түсірген және пайғамбарымызды жіберіп сол арқылы барлық діндерге мөр басқан дін. Сондай-ақ, пенделері үшін оны еш кемшіліксіз, толық қылған, әрі олар үшін Ислам дінімен разы болып, одан басқа ешқандай дінді қабыл етпеймін деген дін.

Аллаһ Тағала Құранда:

«Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым, содай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым» - деді. Мәидә: 3

 

«Кім Исламнан басқа бір дін іздесе, әсте одан қабыл етілмейді де, ол ақіретте зиянға ұшыраушылардан болады» - деді. Әлі Имран: 85

Ислам — өзінен бұрынғы өткен діндер қамтыған адам баласына деген жақсылықтар мен пайдалы нәрселердің барлығын өз ішіне алады. Исламның басқа діндерден ерекшелігі — ол оның барлық заманға, мекенге және үмметке жарамдылығы. Аллаһ Тағала Құранда былай дейді:

«(Мұхаммед): Саған шынайы түрде Құранды өзінен бұрынғы кітаптарды растаушы және оларды қорғаушы түрінде түсірдік». Мәидә: 48

Аллаһ Тағала осы үмметке көптеген жеңілдіктер беріп, олардан көптеген ауырпалықтарды түсірді. Бұл жайында Құранда:

(Ол пайғамбар, яғни Мұхаммед) «Олардың үстерінде болған жүктері мен кісендерін алып тастайды» - деді.

Яғни, Ислам дінінен алдыңғы діндерде болған ауыр, қиын ғибадаттарды алып тастап, олардың орнына жеңілдерін келтіреді.

Аллаһ Тағала пайғамбарымызды (саллалаһу алейһи уа сәлләм) жеңіл, адам баласына ауыртпалық тигізбейтін шариғатпен жіберді, Аллаһ Құранда:

«(Аллаһ) Сендерге дінде қиындық қылмады» -деді. Хаж: 78

Ислам келуінен бұрынғы шариғатқа ерген адамдар су жоқ болса таяммум қылмайтын еді, олар су тапқанға дейін намаздарды кешіктіріп, кейін су табылған соң дәрет алып, барлығын жинап оқитын болған. Ал пайғамбарымыз Мұхаммедтің (саллалаһу алейһи уа сәлләм)шариғатында таяммум келді. Сондықтан кім-де кім су таба алмаса немесе оны қолдануға шамасы келмесе, топырақпен таяммум алып, намазын оқиды. Исламда осыған ұқсас көптеген жеңілдіктер бар.

Бұрынғы пайғамбарлар тек өз қауымдарына ғана жіберілетін, ал пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) жалпы адамдарға, адамдар мен жындарға, араптар мен арап емес барлық адамдарға жіберілді. Аллаһ Тағала пайғамбарымызды (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) барлық пайғамбарлардың мөрі қылды, одан кейін ешқандай пайғамбар болмайды.

Бізден бұрынғы үмметтер тек өздерінің арнайы жерлерінде ғана намаз оқитын еді, ал біздің үммет жердің кез келген жерінде, шөлде не басқа жерде болғанында намаз уақыты келсе, сол жерде намазды оқи береді.

Өйткені Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уа сәлләм): «Маған жер мешіт әрі таза қылынды» - деді. Бухари (335), Муслим (521) Жәбірдің хадисінен риуаят етті.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) әкелген Ислам шариғаты өте кең және өте жеңіл шариғат, онда ешбір адам баласына деген қиыншылығы жоқ. Сол жеңілдіктердің бірі: адам егер ауырып қалса, оған ораза тұтуы лазым етілмейді, керісінше ол оразада аузын ашады да, жазылғаннан кейін оның қазасын өтейді. Сол сияқты сапарда болған адам сапарда намазын қысқартып оқиды және егер сапары Рамазанда болса, аузын ашады да үйіне оралғаннан кейін оның қазасын өтейді. Аллаһ Тағала Құранда былай деді:

«Ал біреу науқас не сапарда болса, басқа күндерде санын толтырсын». Бақара: 185

Ислам жеңілдіктерінің бірі: адам егер намазын тұрып оқуға шамасы келмесе, отырып оқиды, отырып оқи алмаса, жатып оқиды.

Ислам — Аллаһтың ақиқат діні. Аллаһ Тағала оны шынайы ұстанғандарға өз жәрдемін төгіп, оны барлық өзге діндерге үстем ету үшін түсірген дін. Аллаһ Қасиетті Құранда былай дейді:

«Ол сондай Аллаһ, мүшріктер жек көрсе де дінін бүкіл діндерге үстем ету үшін елшісін туралықпен, хақ дінмен жіберді». Саф: 9

Дініміз ең бірінші жалғыз Аллаһқа құлшылық етуге шақырады да оған ортақ қосудан тыяды.

Екінші: шыншылдыққа бұйырып, өтіріктен қайтарады.

Үшінші: әділдікке бұйырып, зұлымдықтан қайтарады.

Төртінші: аманатты сақтауға бұйырып, оған қиянат жасаудан қайтарады.

Бесінші: уәдені орындауға бұйырып, оны бұзудан қайтарады.

Алтыншысы: әке-шешеге жақсылық істеуге бұйырып, оларға қарсы келуден қайтарады.

Жетіншісі: туыстық қарым қатынасты сақтауға бұйырып, оны үзуден қайтарады.

Сегізінші: көршілермен жақсы қарым-қатынас сақтауға бұйырып, оларға зиян тигізуден қайтарады.

Сол сияқты үлкенді үлкен деп, кішіні кіші деп сыйлауға шақырады. Жалпы «Ислам» деген сөз барлық жоғары мінез-құлыққа бұйырып, барлық төмен мінез-құлықтан қайтарады. Аллаһ тағала былай дейді:

«Негізінде Аллаһ әділетті, игілікті және ағайын-туысқа қарайласуды бұйырады және арсыздық-тан, бұзақылық, жаман істерден және зорекілік-тен тыяды. Сендерге ғибрат-үлгі аларсыңдар деп үгіт-насихат қылады». Нахл: 90

Ислам діні бес тірекке құрылған, пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) былай дейді:

«Ислам бес тірекке құрылған: Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ және Мұхаммед оның ешісі деп күәлік ету, намаз оқу, зекет беру, Рамазанда ораза тұту және қажылыққа бару» - деді. Бухари (8), Муслим (16).

Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ және Мұхаммед (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) оның ешісі деп күәлік етудің мағынасы: оған толық сену және соны тілімен айтып білдіру, Мұхаммед (саллалаһу алейһи уа сәлләм)Аллаһтан дінді жеткізуші, ол оның құлы әрі елшісі деп күәлік беру.

Осы екі куәлік амалдардың дұрыс әрі қабыл болуының негізі. Аллаһқа деген ықылас болмаса, пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) ергесу болмаса, амалдар дұрыс болмайды әрі қабыл етілмейді.

 

*****

Лә-иләһа-иллә-ллаһ» кәлимасының құндылықтары

Шындығында әрбір адамның Исламға кірердегі айтатын ең бірінші сөзі «Лә-иләһа-иллә-ллаһ» сөзі. Өйткені дініміз Ислам осы ұлық сөздермен басталады. Оның ұлықтығына шек жоқ. Кім оны шын ықыласымен айтса, Аллаһ Тағала оны жәннәтқа кіргізеді, ал кім оны өтірік айтатын болса, онда ол мұнафықтардан болады. Бұл сөз жәннәттің кілті болып табылады және кімнің ең ақырғы сөзі Лә иләһа илла ллаһ болса, ол жәннәттық болады. Бұл сөздің артықшылықтарының бірі — оны айтқан адам тозақ отынан құтылады және оның күналары кешіріледі. Содай-ақ бұл сөз пендемен Аллаһтың арасындағы пердені ашады, әрі бұл барлық пайғамбарлардың айтқан ең жақсы сөздері болып табылады. Лә иләһа илла ллаһ — зікірлердің ең абзалы, әрі амалдардың ең артығырағы және ең көп сауабы артатыны да осы сөз. Лә иләһа илла Ллаһтың құндылықтарының бірі — оны айту бір құлды азат етумен тең келеді әрі оны айту адамға шайтаннан қорған болады және Лә иләһа илла ллаһ мұсылман-дардың қабірлерінен тұрғандағы белгілері болады. Бұл сөздің артықшылықтарының бірі — оны айтқан адамға жәннәттің сегіз есігі ашылады да, ол оның қалағанынан кіреді. Сол сияқты оны айтқан адам осы өмірде қандай да бір кемшіліктері себепті тозаққа кірсе, ол міндетті түрде одан шығады.

Лә иләһа иллаЛлаһтың Исламдағы орны да өте биік, өйткені мұсылмандар өздерінің күнделікті шақыратын азандарында, жұмадағы құтпаларында әрі өзара әңгімелерінде осы сөзді айтады. Сондай-ақ осы сөз үшін аспандар мен жерлер және барлық мақұлықтар жаратылған. Осы сөз үшін Аллаһ Тағала пайғамбарларды жіберген және кітаптарын түсірген әрі осы сөз үшін шариғат заңдастырылған. Осы сөз үшін мизан таразысы қойылған және де Лә иләһа илла ллаһ себепті адамдар кәпір мен мұсылманға бөлінген.

Бұл сөз — Аллаһ Тағаланың өзінің пенделерін жаратудағы болған ақысы, және де Аллаһ Тағала қияметте осы ақысынан сұрайды да, соған байланысты әркімнің есебін береді. Бүкіл адамзат, олардың бұрынғылары да кейінгілері де осы сөздің, яғни Аллаһтың пенделеріне болған ақысы жайлы сұралады. Аллаһ Тағаланың алдында ешқандай адам екі мәселе жайында сұралмайынша орнынан қозғалмайды, біріншісі: кімге құлшылық еттіңдер? Екіншісі: пайғамбарларға не деп жауап қайтар-дыңдар? Біріншісінің жауабы: Лә иләһа илла ллаһқа сәйкес амал қылумен және оны мойындаумен болады. Екіншісінің жауабы: Мұхаммед (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) Аллаһтың елшісі екенін білумен және пайғамбарға (саллалаһу алейһи уа сәлләм) бой ұсынумен болады.

 

Date: 2016-05-18; view: 574; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию