Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Алтыншысы: Бой ұсыну





Лә иләһә иллә ллаһ деген адам бұл сөздің талап еткен нәрселеріне іштей және сырттай бойұсынуы керек. Аллаһ Тағала айтады:

«Раббыларыңа қайтыңдар да оған бойұсыныңдар». Зүмәр: 54

Яғни: Аллаһқа тәубе етіп, оған жүректеріңмен қайтыңдар және оған дене мүшелеріңмен бойұсыныңдар. (Ибн Саъди тәпсірі)

Аллаһқа бойұсыну – оның парыз еткен істерін орындаумен және харам еткен нәрселерінен тыйылумен болады. Егер адам Аллаһтың бұйырғанын орындамаса және тыйым еткенінен қайтпаса, оған бұл сөз пайда бермейді. Аллаһ Құранда былай дейді:

«Кім Аллаһтың бұйырғанын істеп, тыйғанынан қайтқан түрде өзін Аллаһқа тапсырса, расында ол берік тұтқаны ұстаған болады. Бүкіл істердің соңы Аллаһқа тән». Лұқман: 22

Аллақа бойұсыну парыз болғанындай, пайғамбарымызға бойұсыну да парыз болады. Аллаһ Тағала айтады:

«(Мұхаммед), Раббыңа серт! Олар өзара таласқан нәрселерінде сені би қылып, сонсоң берген билігіңнен көңілдерінде ақау таппай саған толық бой ұсынғанға дейін мүмін бола алмайды». Ниса: 65

Адамның Аллаһқа бой ұсынуы тек пайғамбарымызға (саллалаһу алейһи уа сәлләм) толық бой ұсынумен кәміл болады. Өйткені пайғамбарымыз айтады:

«Сендердің ешқайсыларың, ойы мен әкелген нәрсеге ергенге дейін иман келтірмейсіңдер». Хатиб және Хаким р-ты. Яғни имандарың толық болмайды.

 

Жетіншісі: Қабылдау.

Лә иләһа илла ллаһ деген адам бұл сөздің талап еткен нәрселерін қабылдауы керек. Тек Аллаһқа ғана құлшылық етуі және одан өзге пұттарды тастауы керек. Кім бұл сөзді айтса, кейін оның талап еткенін қабылдамаса және оны ұстанбаса, ол төмендегі аяттағы адамдардың қатарына кіреді:

«Оларға Лә иләһа илла ллаһ деңдер делінсе, олар тәкәппарланып, құдайларымызды бір жынды ақын үшін тастаймыз ба?- дейтін еді». Соффат: 35-36.

Сондықтан бұл сөзді жүрекпен және тілмен қабылдау уәжіп болады. Кім оны қабылдамаса және қайтарса әрі одан тәкаппарланса, ол Құрайыш кәпірлері сияқты кәпір болады. Өйткені олар аятта айтылғандай одан тәкаппарланып, оны қайтарған еді.

 

Date: 2016-05-18; view: 566; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию