Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






XX ғасырдағы Шығыс діни философиясы





XX ғ. ғылыми-техникалың революция, соның негізінде пайда болған орасан-зор өндіргіш күштер, мемлекеттер арасындағы экономиқалық, мәдени, саяси қатынастардың күрт өсуі Шығыс елдерінің ахуалын «батыстандыра» бастады. Шығыс елдері заманның қойған талабына сәйкес келетін жауаптар іздей бастайды. Бір жағынан, әрине, олар өздерінің өндіргіш күштерін Батыстың дамыған елдеріндегідей қылып дамытып, халықтарының өмір суру деңгейін өсіргілері келеді. Екінші жағынан, Батыстың елдеріндегі рухани тоқыраушылық оларды үрейлендіріп, мыңдаған жылдардағы жиналған мәдениет құндылықтарына, өмір салтына, әдет-ғұрпына соққы тигізе ме деген алаңдаушылықты тудырады.

Сонымен, бір жағынан, сыртқы ықпал, екінші жағынан, ұлттық-мәдени мұраны сақтап қалу мәселесі Шығыс елдеріндегі рухани өмірде, негізінен, үш ағымды тудырды.

1. Кертартпаағымдағы күштер (регрессизм) ұлттық рухани-мәдени құндылықтарды сақтап қалу қажет, Батыстан келгеннің бәрі - шайтандық нәрселер деген пікір айтады. Батыстың ықпалына қарсы тұратын ең күшті құрал - ол дін. Сондықтан Ислам діні тараған біршама Шығыс елдерінде «діни фундаментализм» (ірге-тастық) кең етек алып, онда неше түрлі экстремистік саяси қозғалыстар қоғам өмірінде кең орын алып отырғаны бүгінгі таңда құпия нәрсе емес. Жалпы алғанда, оның түп-тамырын Батыс жолымен қоғамды модернизациялауға (жаңартуға) бағытталған саясаттан шығатын қайшылықтардың нәтижесі деп байланыстырсақ та болады.



Бұл бағыттағы ойшылдардың ойынша, «тағдыр - алдын ала анықталған», әлеуметтік өрлеу дегеніміз - жалған, алдайтын нәрсе. Адамның негізгі мақсаты - әлеуметтік дамудың биік сатысына көтерілу емес, қарманы (туа біткен тағдырды) тазартып, келесі түп келгенде бұрынғыдан жоғарырақ, таза рухқа ие болу. Осындай көзқарастарды тарататын саяси-діни ұйымдар «Джан-Сингх», «РСС» (Индияда), Джамағаат -и- ислами (Пәкістан, Ауғанстанда) т.с.с. Бұлардың бәрі де дінді «таза ұстауға», тек қана құранның негізінде өмір сүруге шақырады, «Құран - біздің конституция» деген ұран көтереді. Олардың ойынша, мемлекетті Имам(қоғамның діни басшысы) шариғаттыңнегізінде басқаруы керек, ал барлық қайшылықтарды шешетін діни сотшы - қадиболуы қа-жет. Жер бетіндегі бүкіл халықтардың арманы - теңдік пен әділеттілік тек қана саясат пен дін бір-біріне қосылғанда ғана келеді.

2. «Батысшылар»ағымындағы (вестернизм)күштердің ойынша, ұлттық құндылықтар дегеніміз - артта қалушылықтың, надандықтың, ыдыраудың символдары. Сондықтан тезірек Батыс құндылықтарын өмірге енгізіп, қабылдау қажет. Сонда ғана, Шығыс елдері дәуірдің қойған талаптарына сай келіп, «жалпыадамзат цивилизациясына» қосылады. Ал соңғыны олар Батыстың жетістік-терімен теңестіреді.

Ал дін мәселесіне келер болсақ, олар оны «әр адамның ар-ұжданының ісі, таңдауы» деген пікірде. Қазіргі уақытта дін мемлекеттен бөлінуі керек. Білім беру саласында жастарға «ағарған тәлім-тәрбие беру қажет». Осының негізінде қазіргі ғылым мен техниқаның жетістіктерін игеріп, өмірде кеңінен қолдануға мүмкіндік алуымыз керек деген пікірді таратылады.

3. «Прогрессистер»ағымындағы ойшылдар Шығыс елдері бұрынғыдай өмір сүре алмайтынына көздері жетіп, өзгеріс, жаңару, реформалардықолдайды. Ол үшін Батыс қоғамында пайда болған көп жетістіктер кеңінен таратылып,қолданылуы қажет. Ол әсіресе экономика саласында керек-ақ. Бірақ, сонымен қатар ұлттық рухани құндылықтар жаңа өмірге бейімделіп сақталуықажет. Олай болса, оларды бір-бірімен ұштастырукерек. Сонымен қатар, олардың ойынша, діни құндылықтарды жана өмірге сай етіп өзгерту қажет. Құдайға арнап құрбандық шалудан бас тартып, оны тек сүйіспеншіліктің негізінде сыйлау қажеттігін көрсеткілері келеді. Қазіргі өмірдің ритміне 5 реттей намаз оқу салты да сай келмейді. Араб тілін меңгермеген көп елдерде халық Құранның мазмұнын біле бермейді, сондықтан бұл құжат басқа тілдерге аударылып, намаз халықтардың өз тілінде өтуі қажет т.с.с.



Шығыс елдеріндегі мыңдаған жылдар ішіндегі философия саласындағы қалыптасқан дәстүр - ол сенім шеңберіндегі ойлау мен тебірену.Сондықтан Шығыс философиясын діннен бөліп алып қарау тіпті мүмкін емес.

Енді Шығыс елдеріндегі діни-рухани ахуалға келер болсақ онда «Құдай ашылған» діндермен қатар (Христиандық, Ислам) «Құдайды ашпаған» діндер де бар (Конфуциандық, даосизм буддизм). Бірінші діндерге келер болсақ, ондағы Құдай трансцедентті, абсолютті, кеңістік пен уақыттың шеңберінен ары жатқан мәңгілікті. Ол адамзатқа өзінің «сөзімен»ашылады.

Екінші діннің түрлеріне келер болсақ, ондағы Құдай - дүниенің рухани алғышарты болғанымен, бірақ ол тұлға емес. Құдай -болмыстыңең биіксатысы, ол табиғаттан бөлінбеген, бірақ Ол ұғымның тозағына тұспейді, Оны сөзбен жеткізе алмаймыз. Мұндай жағдай Құдай жөніндегі арнаулы ілімді (теологияны) талап етпейді. Сонымен қатар Табиғатқа деген табыну сезімін тудырып, оны қайта өзгертуге бағытталған іс-әрекеттерді теріске шығарады. Егер христиандық дін Құдай өзі жаратқан жетілмеген табиғатты тарту ретінде адамға беріп, оны танып-біліп, қайта өзгерту, өз мүддесіне жарату, оған өз билігін жүргізу құқын берген болса, «Құдай ашылмаған» діндерде Табиғатқа адам өз билігін жүргізе алмайды, оған табыну қайсыбір үстемдікті теріске шығарады, адам табиғатқа тиіспей, тек қана өз-өзін ғана өзгертіп, өне бойы жетілу үстінде болуы керек.

XX ғ. аяғына қарай дүниедегі ең жас дін - исламның рухани ықпалында өмір сүріп жатқан елдерде діни сананың күрт өсуі байқалады. Оның негізгі себебі осы діннің ерекшелігінде жатса керек. Ислам - тек қана адамның жан дүниесін баурайтын дін ғана емес, сонымен қатар ол қоғам болмысының әлеуметтік, саяси, құқтықсалаларын да бақылауғаалып отырады. Мысалы, Аятолла Хомейни (Иран революциясының көсемі) өзінің «Исламдық басқару» деген еңбегінде «Исламдық құқтық мемлекеттің» қазіргі Еуропа елдеріндегі құқтық мемлекеттерден артықшылығын Құран арқылы көрсеткісі келеді. Оның ойынша, Еуропа елдерінде заңдарды шығаратын арнаулы мекемелер, заңгерлер, депутаттар т.с.с. бар. «Олардың қол астынан шығатын заңдар әрқашанда жетілмеген, кемеліне келмеген, өйткені әртүрлі әлеуметтік топтар өздерінін мүдделерін қорғау жолында заң қабылдайтын мекемелерге өздерінің ықпалын тигізіп, заңның бұрмалануына әкеледі. Сондықтан ол елдегі заңдар оқтын-оқтын қайта қаралып, өзгертіліп отырады. Ал ислам елдеріне келер болсақ, онда қоғамдық қатынастар шариғаттың негізінде ретке келтіріледі. Шариғаттың заңдарын адам жасаған емес. Олар Мұхаммед пайғамбарға Алланың берген аяты, сондықтан ол кемеліне келген, жетілген, барлық адамдар сыйлайтын, бұлжытпай орындайтын нормалары», - деп қорытады А.Хомейни Міне, осындай ғасырлар бойы шариғаттын негізінде қалыптасқан ислам елдеріндегі қоғамдық сана модернизация барысындағы біршама өзгерістерді қабылдай алмайды, өйткені олар шариғаттың көп нормаларына қайшы келеді. Олай болса, «діни фундаментализмнің» терең түп-тамырын біз осы тұрғыдан тұсінуіміз қажет.Ал енді XX ғ. ислам ойшылдарына келер болсақ, олардың қозғаған негізгі мәселелері - ол ислам цивилизациясының ерекшеліктері мен ислам дініндегі адам жөніндегі қағидалар.Мысалы, Иран философы Сеид Хусейн Насрислам цивилизациясының символы ретінде өзеннің ағысы емес, Қағбадағы алты қырлы тасты көрсетеді. Яғни ислам қоғамы өне бойы өзгерісте емес, ол тұрақты да бір қалыпты. Алайда Батыста тараған «исламның тұрақтылығы іріп-шірумен тең» деген пікірге ол үзілді-кесілді қарсы шығады.

Екінші ерекшелік - Құдай, Ғарыш және адамның бірлігі мен өзара байланысын мойындау болып табылады. Оның үлгісі ретінде табиғаттағы заттардың бірлігі мен өзара байланысын алуға болады.

Үшінші ерекшелік — исламның тазалығы, Мүхаммед пайғамбардың аяндарының қатаң сақталуы.

Соңғы өте маңызды ерекшелік - исламның «Алладан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед оның пайғамбары» деген өзекті қағидасы.

Исламның негізгі қағидаларына тоқтала келе, С.Х.Наср Құран дегеніміз - сөзбен, символдармен берілген табиғаттың сыры», - деген пікірге келеді.

Адам мәселесін талдай келе, өзінің «Білім және киелілік» деген еңбегінде С.Х.Наср «архирейлік»және «прометейлік»адамдарды бір-бірімен салыстырады. Архирейлік адам - жер мен аспан арасындағы көпір, ол Құдай алдында жердегі істеріне жауап беруге тиісті. Ол кеңістік пен уақыттың шеңберінде шектелгенмен, Негізінен алғанда, құдіретті рухани күш.

Ал прометейлік адамға келер болсақ, ол - жердегі дүниенін туындысы, оның негізгі қамы—Құдайды ұмыт қылу. Киелілік сезімді жоғалтып, ол өз табиғатының ындынының кұлына айналады. Ол - өз қажеттіктерін өтеймін деп табиғатты ойрандатады, ең жоғарғы қазіргі технологиялар оның тәкаппарлығын әрі қарай өсіреді. Прометейлік адам тарихи Қайта өрлеу заманында дүниеге келеді. Оқтын-оқтын ол өз өміріне қанағаттанбай, киелілікті аңсайды, бірақ оның бүрмаланған табиғаты оған оны жеткізе алмайды. «Сондықтан Батыс елдеріндегі ішімдіктің, нашақорлықтың т.с.с дінге келгенде бұрынғыдан жоғарырақ, таза рухқа ие болу. Осындай көзқарастарды тарататын саяси-діни ұйымдар «Джан-Сингх», «РСС» (Индияда), Джамағаат -и- ислами (Пәкістан, Ауғанс-танда) т.с.с. Бұлардың бәрі де дінді «таза ұстауға», тек қана құранның негізінде өмір сүруге шақырады, «Қүран - біздің конституция» деген ұран көтереді. Олардың ойынша, мемлекетті Имам(қоғамның діни басшысы) шариғаттыңнегізінде басқаруы керек, ал барлық қайшылықтарды шешетін діни сотшы - қадиболуы қажет. Жер бетіндегі бүкіл халықтардың арманы - теңдік пен әділеттілік тек қана саясат пен дін бір-біріне қосылғанда ғана келеді.

2. «Батысшылар»ағымындағы (вестернизм)күштердің ойынша, ұлттық құндылықтар дегеніміз - артта қалушылықтың, надандықтың, ыдыраудың символдары. Сондықтан тезірек Батыс құндылықтарын өмірге енгізіп, қабылдау қажет. Сонда ғана, Шығыс елдері дәуірдің қойған талаптарына сай келіп, «жалпы адамзат цивилизациясына» қосылады. Ал соңғыны олар Батыстың жетістіктерімен теңестіреді.

Ал дін мәселесіне келер болсақ, олар оны «әр адамның ар-ұжданының ісі, таңдауы» деген пікірде. Қазіргі уақытта дін мемлекеттен бөлінуі керек. Білім беру саласында жастарға «ағарған тәлім-тәрбие беру қажет». Осының негізінде қазіргі ғылым мен техниканың жетістіктерін игеріп, өмірде кеңінен қолдануға мүмкіндік алуымыз керек деген пікірді таратылады.

3. «Прогрессистер»ағымындағы ойшылдар Шығыс елдері бұрынғыдай өмір сүре алмайтынына көздері жетіп, өзгеріс, жаңару, реформалардықолдайды. Ол үшін Батыс қоғамында пайда болған көп жетістіктер кеңінен таратылып,қолданылуы қажет. Ол әсіресе экономика саласында керек-ақ. Бірақ, сонымен катар ұлттық рухани құндылықтар жаңа өмірге бейімделіп сақталуықажет. Олай болса, оларды бір-бірімен ұштастырукерек. Сонымен қатар, олардың ойынша, діни құндылықтарды жана өмірге сай етіп өзгерту қажет. Құдайға арнап құрбандық шалудан бас тартып, оны тек сүйіспеншіліктің негізінде сыйлау қажеттігін көрсеткілері келеді. Қазіргі өмірдің ритміне 5 реттей намаз оқу салты да сай келмейді. Араб тілін меңгермеген көп елдерде халық Құранның мазмұнын біле бермейді, сондықтан бұл құжат басқа тілдерге аударылып, намаз халықтардың өз тілінде өтуі кажет т.с.с.

Шығыс елдеріндегі мыңдаған жылдар ішіндегі философия саласындағы қалыптасқан дәстүр - ол сенім шеңберіндегі ойлау мен тебірену.Сондыктан Шығыс философиясын діннен бөліп алып Қарау тіпті мүмкін емес.

Енді Шығыс елдеріндегі діни-рухани ахуалға келер болсақ онда «Құдай ашылған» діндермен қатар (Христиандық, Ислам) «Құдайды ашпаған» діндер де бар (Конфуциандық, даосизм буддизм). Бірінші діндерге келер болсақ, ондағы Құдай транс-цедентті, абсолютті, кеңістік пен уақыттың шеңберінен ары жатқаң мәңгілікті. Ол адамзатқа өзінің «сөзімен»ашылады.

Екінші діннің түрлеріне келер болсақ, ондағы Құдай - дүниенің рухани алғышарты болғанымен, бірақ ол тұлға емес. Құдай -болмыстыңең биіксатысы, ол табиғаттан бөлінбеген, бірақ Ол ұғымның тозағына түспейді, Оны сөзбен жеткізе алмаймыз. Мұндай жағдай Құдай жөніндегі арнаулы ілімді (теологияны) талап етпейді. Сонымен қатар Табиғатқа деген табыну сезімін тудырып, оны қайта өзгертуге бағытталған іс-әрекеттерді теріске шығарады. Егер христиандық дін Құдай өзі жаратқан жетілмеген табиғатты тарту ретінде адамға беріп, оны танып-біліп, қайта өзгерту, өз мүддесіне жарату, оған өз билігін жүргізу құқын берген болса, «Құдай ашылмаған» діндерде Табиғатқа адам өз билігін жүргізе алмайды, оған табыну кайсыбір үстемдікті теріске шығарады, адам табиғатқа тиіспей, тек қана өз-өзін ғана өзгертіп, өне бойы жетілу үстінде болуы керек.

XX ғ. аяғына қарай дүниедегі ең жас дін - исламның рухани ықпалында өмір сүріп жатқан елдерде діни сананың күрт өсуі байқалады. Оның негізгі себебі осы діннің ерекшелігінде жатса керек. Ислам - тек қана адамның жан дүниесін баурайтын дін ғана емес, сонымен қатар ол қоғам болмысының әлеуметтік, саяси, құқтықсалаларын да бақылауғаалып отырады. Мысалы, Аятолла Хомейни (Иран революциясының көсемі) өзінің «Исламдық басқару» деген еңбегінде «Исламдык құқтық мемлекеттің» қазіргі Еуропа елдеріндегі құқтык мемлекеттерден артықшылығын Құран арқылы көрсеткісі келеді. Оның ойынша, Еуропа елдерінде заңдарды шығаратын арнаулы мекемелер, заңгерлер, депутаттар т.с.с. бар. «Олардың кол астынан шығатын заңдар әрқашанда жетілмеген, кемеліне келмеген, өйткені әртүрлі әлеуметтік топтар өздерінін мүдделерін корғау жолында заң кабылдайтын мекемелерге өздерінің ықпалын тигізіп, заңның бұрмалануына әкеледі. Сондықтан ол елдегі заңдар оқтын-оқтын қайта каралып, өзгертіліп отырады. Ал ислам елдеріне келер болсак, онда қоғамдык қатынастар шариғаттың негізінде ретке келтіріледі. Шариғаттың заңдарын адам жасаған емес. Олар Мұхаммед пайғамбарға Алланың берген аяты, сондықтан ол кемеліне келген, жетілген, барлық адамдар сыйлайтын, бұлжытпай орындайтын нормалары», - деп қорытады А.Хомейни.

Міне, осындай ғасырлар бойы шариғаттын негізінде қалыптасқан ислам елдеріндегі қоғамдық сана модернизация барысындағы біршама өзгерістерді қабылдай алмайды, өйткені олар щариғаттың көп нормаларына қайшы келеді. Олай болса, «діни фундаментализмнің» терең түптамырын біз осы тұрғыдан түсінуіміз қажет.

Ал енді XX ғ. ислам ойшылдарына келер болсак, олардың қозғаған негізгі мәселелері - ол ислам цивилизациясының ерекшеліктері мен ислам дініндегі адам жөніндегі қағидалар.

Мысалы, Иран философы Сеид Хусейн Насрислам цивилизациясының символы ретінде өзеннің ағысы емес, Кағбадағы алты қырлы тасты көрсетеді. Яғни ислам қоғамы өне бойы өзгерісте емес, ол тұрақты да бір қалыпты. Алайда Батыста тараған «исламның тұрақтылығы іріп-шірумен тең» деген пікірге ол үзілді-кесілді қарсы шығады.

Екінші ерекшелік - Құдай, Ғарыш және адамның бірлігі мен өзара байланысын мойындау болып табылады. Оның үлгісі ретінде табиғаттағы заттардың бірлігі мен өзара байланысын алуға болады.

Үшінші ерекшелік — исламның тазалығы, Мүхаммед пайғамбардың аяндарының қатаң сақталуы.

Соңғы өте маңызды ерекшелік - исламның «Алладан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед оның пайғамбары» деген өзекті қағидасы.

Исламның негізгі қағидаларына тоқтала келе, С.Х.Наср Құран дегеніміз - сөзбен, символдармен берілген табиғаттың сыры», - де-ген пікірге келеді.

Адам мәселесін талдай келе, өзінің «Білім жэне киелілік» деген еңбегінде С.Х.Наср «архирейлік»және «прометейлік»адамдарды бір-бірімен салыстырады. Архирейлік адам - жер мен аспан арасындағы көпір, ол Құдай алдында жердегі істеріне жауап беруге тиісті. Ол кеңістік пен уақыттың шеңберінде шектелгенмен, Негізінен алғанда, құдіретті рухани күш.

Ал прометейлік адамға келер болсак, ол - жердегі дүниенін туындысы, оның негізгі қамы - Құдайды ұмыт қылу. Киелілік сезімді жоғалтып, ол өз табиғатының ындынының құлына айналады. Ол - өз қажеттіктерін өтеймін деп табиғатты ойрандатады, ең жоғарғы қазіргі технологиялар оның тәкаппарлығын әрі қарай өсіреді. Прометейлік адам тарихи Қайта өрлеу заманында дүниеге келеді. Оқтын-оқтын ол өз өміріне канағаттанбай, киелілікті аңсайды, бірақ оның бұрмаланған табиғаты оған оны жеткізе алмайды. «сондықтан Батыс елдеріндегі ішімдіктің, нашақорлыктың т.с.с.теріс нәрселердің түптамыры осы киелілікті жоғалтудан пайда болды», - деген пікірге келеді С.Х.Наср. Ф.Ницшенің «Құдай өлді» дегені ол прометейлік адамның рухани өлімін көрсетеді.

Екінші Иран философы Али Шари-ати:«Ислам бірінші болып халықтың тарихтағы, қоғам өміріндегі шешуші рөлін көрсетті», — деген пікірге келеді.

Ал енді оның адам мәселесіне деген көзқарасына келер болсақ, біріншіден, адам табиғат пен табиғаттан жоғары пенделерге қарағанда бірінші орын алады, өйткені:

оның өзіндік санасы мен ізгілігі бар;

екіншіден, оның өзіндік дербес ырқы, еркі мен таңдауы бар; үшіншіден, ол саналы пенде, ол — оның ең құнды касиеті; төртіншіден, ол - жасампаз пенде; бесіншіден, адам идеалға табынады;

алтыншыдан, адам - моральдық ар-ұжданы бар пенде. Бірақ тек қана өзінің Құдайға деген махаббатының арқасында ол өзінің биік дәрежесі мен жетілуіне мүмкіндік алады, яғни адам идеалдық дәрежеге көтеріледі.

А.Шари-Атидің ойынша, идеалды адамның үш жағы бар. Олар: ақиқат, ізгілік, әсемдік, басқаша сөзбен айтканда - дүниетану, этика, өнер. «Құдайдың ырқының негізінде адам табиғат жұмағынан, өзін оятатын шөлге түсті», — деп қорытады ойшыл.

Ал енді мәселені нақтылай түсіп, XX ғ. Шығыс елдерінің ұлы ойшылдарына келер болсақ, онда үнділік діни философ Свами Вивскананданыкелтіруге болар еді. Оның ойынша, егер «Азияның дауысы әрқашанда дінніңдауысы болған болса, Еуропа дауысы -саясаттыңдауысы». Еуропа цивилизациясының түптамыры көне гректерге кетеді. Олар тек қана айнала қоршаған ортаны жақсартуды ойлаған, сыртқы өмірді басым ұстап, армандауды елемеген. Ал Азияға келер болсақ, Шығыс философиясы адамның ішкі рухани өмірін талдауға бағытталған. Міне, Шығыс ой-өрісінін артықшылығы осында, өйткені «көз алдымыздағы қазіргіөтпелі сағым, ол, шынына келгенде, ештеңе», сондықтан шығыс ойы оны тесіп өтіп, одан әрі жатқан, өзгермейтін, өлмейтін, бұл дүниедегі өлім мен бакытсыздықтың ар жағындағы өлместік пен құдіретті бірдеңенікөргісі келеді. «Шығыс данасы бұл идеалдан ешқашанда бас тартпайды», — деп корытады С.Вивекананда. Оның ойынша, Христостың өзі - нағыз Шығыс пайғамбары, өйткені ол сырткы дүниеге байланбаған болатын.

Адамның Құдайға бағьпталған өмір жолы, негізінен, үш сатыдан түрады. Алғашында, адам Құдайды аспандағы қатал кұдіретті күшретінде қабылдайды. Келесі сатыда, өзінің рухани деңгейі өскен сайын, ол Құдайдың барлық жердеекенін сезінеді. Ең соңғы сатысында адам Құдайды өз ішінентауып, Құдай мен ол бір екенінаңғарады. С.Вивекананданың ойынша, барлық дүниедегі діндердің негізгі ақиқаты, міне, осы. Олай болса, дүние жүзіндегі діндерді бір-біріне қарсы қоймау керек.

С.Вивекананда дін мен ғылымның үйлесімді дамуын көрсетеді. «Бүгінгі таңда ғылым Ғарыштың біртұтастығын дәлелдеді. Метафизиктің (яғни философтың) «болмысын» физик «материя» дейді. Шынына келгенде, осы екі ұғым - бір ұғым. «Атом» мен «атманды» алсақ, оларда бүкіл Ғарыштың потенциалдық күш-қуаты берілген. Олай болса, қазіргі ғылым мен Веданта (үнді діни құжаты) өз-өзі арқылы дамып жатқан алғашқы себепті мойындайды.

Егер ғылым неше түрлі деректерді жинап, зерттейтін болса, метафизика оларды жалпылап, бір арнаға құяды. Ал дінге келер болсақ, оның күші нақтылы деректер мен жалпылықты қамтып, біртұтас етіп қарайды. Олай болса, бұл үш рух туындылары бір-бірін толықтырып отырады. Дегенмен олардың ішінде діннің басымдылығын көрсеткен жөн. Тек дін ғана ең биік рухани ләззат әкелмек.

Адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынасы үш түрге бөлінеді. Бірінші түрі - тамастықтар,яғни дүниеге байланғандар, олар оған тәуелді. Екіншілер - раджастар,өзімшіл адамдар, олар оқтын-оқтын басқа адамдарға да көмектесуі, рухани жетілуде біршама биік жетістіктерге де жетуі мүмкін. Бірақ ең құнды сатыдағылар саттвалықтар,«нағыз ішкі рухани тереңдікті көргендер», - деп қорытады С.Вивекананда.

XX ғ. үнді халқының көрнекті саяси қайраткері, ойшылы Сарвепалли Радхакришнанболды. Оның айналысқан негізгі мәселесі - Үнді жэне Еуропа мәдениеттерінің қарым-қатынасы. Оның ойынша, үнді халқының мыңдаған жылдар бойы жинаған рухани қазынасы мол. Бірақ бай мұра ешқашанда біздің ой-өрісімізді торға қамап тастамауы керек. Керісінше, ол Батыс мәдениетімен диалогқа түсіп, оның құнды элементтерін игеруі керек. «Еуропоцентризм» мен «Азиацентризм» деген ұғымдар біржақтылықты көрсетеді, өйткені дүние жүзіндегі бірде-бір дін Абсолютті айқын білдіре алған жоқ.Олай болса, бірде-бір діннің басқалардың алдында артықшылығы жоқ.

Үнді елінін рухани мұрасын үш құрамдас бөлікке - дін философия жэне психотехникаға бөліп, оның өзегін С.Радхакрищ нан діннен көреді. Оның негізгі себебі - «абсолюттік ешқашанда таным арқылы жеткізбейді, өйткені біз шектелген мен салыстырмалыны ғана тани аламыз. Біздің шектелген ақыл-ойымыз кеңістік пен уақыт, себептіліктің шеңберінен шыға алмайды... Ой өрісі осы салыстырмалы дүниенің бір бөлігі ретінде абсолютті тани алмайды. Бұл арада ғылым мен логиканы, метафизиканы да сәтсіздік күтеді», - дейді С.Радхакришнан. Тек қана осы дұниедегі болмысқа өз болмысыңмен, жан-тәніңмен беріліп қана абсолютті сезінуге болады. Олай болса, абсолюттік болмысқа жету жолы абстрактілік ой өрісі аркылы емес, өз болмысыңмен соған берілуде, ал философияның шыңына тек қана жан дұниесі таза адамдар ғана жете алады.

Адам мен адамзаттың рухани жетілу мәселелерімен айналысқан келесі үнді философы Шри Ауробиндо Гхошболды. Оның ойынша, Еуропа мен Үндістан елдерінде рухани дамуды тежейтін көп нәрселер бар. Еуропалықтар сыртқы дүниедегі заттарға көп көңіл бөліп, өздерінін рухани өмірін жоғалтьш алса, индустар өмірге деген күш-қуаттарын басып тастаған тәізді. Шынына келгенде, рухани өмір адамзаттың материалдық өмірін өзіне ұқсатып өзгертуі қажет. Бірақ ол неге олай болмай отыр? Осы қиын сұраққа жауап беру үшін Ауробиндо Үндістан еліндегі мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ахуалға көз жүгіртіп, онда мынандай қайшылықты табады: руханияттың ерікті дамуы жеке соған берілген адамдар арқылы жүрді де, негізгі халықтың үлесіне енжарлық тиді. Сондықтан қоғамның материалдық өмірі ауыр да ащы құлдыққа айналып, одан қашып қүтылудан басқа еш амал қалмады. Жеке адамды жетілдіру ісімен әртүрлі иога мектептері айналысты, ол үшін қарапайым өмірдегі белсенділіктен құтылып, тіпті өмірден бас тарту керек болды. Өз білімін тарататын ұстаздын шәкірттері аз болды. Мұндай тәжірибе ғасырлар бойы созылып, ерекше халықтан бөлінген руханияты таза әлеуметтік топтың пайда болуына әкеліп соқты. Ал мұның өзі материалдық өмірдің дамуының түрткісін жойып, оны тоқыратты. Иогамен айналысатын адамның рухы биік те таза болғанымен, ол қарапайым өмірден бас тартуға мәжбүр болады, оның ішкі еріктігі сыртқы өліммен теңеледі. «Егер ол Құдайды тапса, онда өмірден айырылады, сыртқы өмірге кызықса, онда Құдайдан айырылады.Бұл қайшылыкты шешу үшін жаңа интегралдық йогақажет», - деп қорытады Ауробиндо. Оның негізгі мақсаты -өмірден қашпау, Құдай мен Табиғатты ерікті де жетілген адам өмірі аркылы бір-біріне қосу болып табылады. Ол үшін адам белгілі бір жүйеге келтірілген қызу іс-әрекет арқылы өз ішіндегі кұпия жатқан дарындарды сыртқа шығарып, жетілу жолында универсалдық трансценденттік болмыспен қосылуы қажет.

Жоғарыдағы көрсетілген тұрғыдан Ауробиндо «Мая» ілімін сынға алады. Көне үнді философиясында «бұл дүние - Мая - ұлы сағым» деген ілім болатын. Шынына келгенде, Табиғат- сағым емес, ол Құдайдың күш-қуаты арқылы жүріп жатқан шығармашылық болмыс.Сондықтан адамның жан дүниесі өзінің бөлек болмысын қолдаудан гөрі, өзінің қүдіретті күшпен бірге өмірмен де байланысын көрсетіп, оларды өз табиғатында біріктіруі қажет. Рухани өмір мәңгіліктің аясында болғандықтан, ол өтпелі дүниеден де қашпай, материалдық өмірге қайтып оралып, оны өзінің толыққанды өмір сүруінің құралы етуі керек.

Егер «Хатха-йога» денені жетілдіруге бағытталса, «Раджа-йога» адамның ішкі өмірін жетілдіреді. «Үштік жолы» Еңбек, Махаббат, Білімнентұрады, ол ішкі рухани өмірдің құрамдас бөлшектерін пайдаланады. Олар ерік, жүрек, ақыл-ой.

Ауробиндоның «интегралдық йогасында» дәстүрлі йогадағыдай қатаң тәртіп, іс-әрекеттердің бірінің артынан екіншісінің келуі т.с.с жоқ, сондықтан әр адам өз табиғатына сәйкес әдістерді қолдана алады. «Интегралдық йогамен» қайсыбір адам, кандай төменгі дәрежеде болса да, айналыса алады.

Сонымен Ауробиндоның негізгі идеясы руханият пен материалдық өмірді бір-бірімен ұштастырып, қазіргі дүниеден ләззат алуға ұмтылған, соның бітпейтін жарысына түскен адамзаттың көпшілігіне алаңдаушылықпен қарап, оны Құдайдың жолына сілтеу болса керек.

XX ғ. Шығыс философиясының құрамдас бөлігі ретінде Африка континентінде пайда болған философиялык тебіреністерді де келтіруге болады. «Оянып жатқан» континенттің ірі ойшылы ретінде «негритюд»ілімінің негізін калаған Леопольд Седар Сенгордыайтуға болады. Оның бүкіл шығармашылық жолын қамтитын негізгі ой - Африка мәдениетініңадамзат рухына қоскан үлесі, қара адамдардың ерекше дүниесезімі мен дүниетанымын көрсету болды. Оның бәрін ол негритюд ұғымымен береді. Оның ойынша, негритюддегеніміз - қара адамдар әлемі құндылықтаың жиынтығы. Оларға ол интуиция мен эмоция(сезімдер) ритммен ұжымсезімін және диалогтыжатқызады. Осы көрсетілген құндылықтар өнер мен өмір салтында, ой өрісінде байқалады. Сенгордың берген екінші анықтамасы, негритюд дегеніміз - ұжымдық негро-африкандық тұлға, дүниеге деген аффективтік қарым-қатынас, яғни ақыл-ойдан гөрі, дұниеге деген сезім серпілісінің басымболуы. Сенгордың ойынша, Африканы бодандап, ондағы халықты құл етіп сатқан елдерде қара адамдар өзінің мәдениетімен, дүниесезімімен сол елдердің рухани өміріне, жалпы өмір салтына зор әсерін тигізді (Португалия, Бразилия, Чили сияқты елдерде). Сондықтан халықаралық қатынастарда мұны естен шығармауымыз керек.

Тарихқа көз жіберіп, Сенгор Африка елдерінің антикалық грек цивилизациясына тигізген үлкен әсерін айтады (Нубия мен Мысыр арқылы). «Олай болса, негритюдтің тарихы 2000 жылдың ар жағына кетеді», — деп қорытады ол. Әрине, ойшыл Африка мәдениеті мен өмір салты, дүниетаным ерекшеліктерін жақсы көрсете білді. Бірақ оны асыра бағалап, басқа елдер мен жерлердің мәдениетінің бүкіл адамзат рухына қосқан үлесін ескермеу де шындыққа жатпаса керек.

Сенгор Еуропа ой-өрісінің рационалдық, дискурсивтік жолмен дамуын теріске шығармайды. Ол - керек, әсіресе қазіргі ғылымды дамытуда, жаңа технологияларды жасауда. Сонымен қатар адамзатқа интуитивтік таным да қажет, өйткені ол дін мен философияның, әдебиет пен өнердің негізінде жатыр. Олай болса, бүкіл адамзаттық цивилизацияның дамуына осы екі таным жолы бірдей керек.

Қорыта келе, Шығыс философиясының XX ғ. біршама жетістіктерге жеткенін байқаймыз. Рухани дағдарыстағы Батыс Шығыс философиясындағы «Табиғатқа қайта оралу!»қажеттігіне, «антроптық»қағиданы, яғни философияның негізгі мәселесі ретінде адам мәселесі болу керектігіне, «ортанғы жол», «ымырағакелу», «ақыл-ойдың шектелгені»,сондықтан оны ар-ұждан талаптарымен ұштастыружөніндегі ойларына, ең соңында, жеке адамныи қоғамнан тыс болмысының құндылықсыздығы жөніндегі т.с.с. идеяларына шынайы қызығушылықпен карайды.

Өз бетінше дайындыққа арналған сұрақтар:

1. XX ғасырдың адамзат тарихындағы ерекше орны және оның философиялық ой-пікірге тигізген ықпалы.

2. О.Конт адамзат ой-өрісінің дамуын қандай сатыларға
бөледі?

3. Эмпириокритицизм бағытының дүниеге келуіне кандай себептер өз әсерін тигізді?

4. Верификация дегеніміз не?

5. Лингвистикалык философияның негізгі қағидасы.

6. К.Поппердің фальсификация принципінің маңызы неде?

7. И. Лакатостьщ «ғылыми-зерттеу бағдарламасы».

8. Парадигма дегеніміз не?

9. Феноменологиядагы сананың интенционалдығы дегеніміз не?

 

10.«Өмірлік дүние» танымға өз әсерін қалай тигізеді?

11.Герменевтика дегеніміз не?

12.М.Хайдеггердің «болмыстың үйі - тіл» деген ойын қалай
түсінесіз?

13.А.Бергсонның «шығармашылык талпыныс» үғымы.

14.Ф.Ницше философиясының негізгі үғымы.

15.«Адамнан жоғарыға» Ф.Ницше қандай мінездеме береді?

16.Ф.Ницшенің «Құдай өлді!» деген сөзін қалай түсінесіз?

17.З.Фрейд адам психикасын қандай қабаттарға бөледі?

18.Сублимация дегеніміз не?

19.К.Юнгтың «архетип» үғымы.

20.А.Адлердің «компенсация» үғымы нені көрсетеді?

21.Э.Фромм: дүниеде болу, я болмаса алу керек пе?

 

22.Экзистенциализм адамның өмір сүру ерекшелігін неден
көреді?

23.«Шекаралық ахуал»дегеніміз не?

24.Экзистенциализмдегі еріктілік мэселесі.

25.М.Хайдеггердің «das Man» деген үғымының мәнін көрсетіңіз.

26.В.Франклдің «экзистенциалдық вакуум» үғымы.

 

27. Христиандық философияда «сенім» мсн «білімнің» арақатынасы қалай шешіледі?

28. Т. де Шарденнің «тангенциалдык» жэне «радиалдық» энергия ұғымдарының мән-мағынасы.

29. «Ноосфера» дегеніміз не?

30. «Архирейлік» жэне «прометейлік» адам.

31. «Негритюд» ілімінің негізін жасаған кім?

32. Батыс философиясы Шығыс ой-пікірінде сомдалған қандай құндылықтарды ала алады?

Рефераттар тақырыптары:

1. О.Конт - позитивизмнің негізін қалаушы.

2. Лингвистикалық философия.

3. Постпозитивизм жэне оның негізгі өкілдері.

4. Э.Гуссерль - феноменологияның негізін қалаушы.

5. Герменевтика ілімінің негізгі қағидалары.

6. Ф.Ницше жэне оның билікке деген еркі.

7. З.Фрейдтің психоанализ ілімі.

8. Э.Фромм: болу, я алу ма?

9. Экзистенциализм ұғымының негізгі қағидалары.

10.XX ғасырдағы діни фштософия.

 








Date: 2016-05-18; view: 243; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2018 year. (0.029 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию