Главная Случайная страница

Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Синонимдер, омонимдер, антонимдер

Тасымал

Жазып келе жатқанда сөз жолға сыймай қалса, тұтас бір буынды немесе бірнеше буынды екінші жолға көшіруді тасымал дейді.

1. Екі дауысты дыбыстың ортасында –й-у- дауыссыз дыбыстары бар сөздерді буынға бөлгенде, бұл дыбыстар келесі буынның басында келеді және солай тасымалданады. Мысалы: жа-уап, қа-йын, са-уын, ке-йін, қа-уын, жа-уын, ба-уыр, та-уар т.б.
2. Тасымал буынға негізделеді.
Тасымалдауға болмайтын жағдайлар:
1. Бір дыбысты ашық буын: а-та, ә-ке т.б.
2. Екі, үш дыбысты тұйық буынды бөліп-жарып тасымалдауға болмайды:ат-ант-өрт, ұлт т.б.
3. Бітеу буындарды да тасымалдауға болмайды:құс, мал, бұл, төрт, бас-қар, жал-ғыз т.б.
4. Бас әріптен қысқарған сөздерді тасымалдауға болмайды: ҚР, БҰҰ, ТМД
5. Адам атының, әкесінің атының қысқартылып алынған әріптері: А.Құнанбаев. А.С.Пушкин. М.О.Әуезов т.б.
6. Цифрлар арқылы таңбаланған сандар: 15га, 25см т.б.
7. Буын құрай алмайтын дауыссыздар тіркесі: электр, станция, ансамбль, вольт т.б.

8.Екпін

Қазақ тілінде екпіннің екі түрі бар: бірі – негізгі екпін, екіншісі – көмекші екпін.
Қазақ тілінде екпін тұрақты, дыбыстың соңғы буынына түседі.Мысалы: қала, жақсы- негізгі екпін.
Сөзге қосымша жалғанса (жалғау, жұрнақ), екпін соңғы қосымшаға түседі. Мысалы: қала+лар, қала+лар+дың, жақсы+лық, жақсы+лық+тар+дың сөздерінде негізгі екпін соңғы буынға көшеді, ал түбірдегі екпіннің орны көмекшілік қызметін атқарады.

Екпін түспейтін буындар.
1. Жіктік жалғауы. Мысалы: оқушы+мыз, бара+сың, келе+ді т.б.
2. Етістіктің болымсыз жұрнақтарына: -ма-ме-ба-бе-па-пе-: Мысалы: жаз+ба, отыр+ма, айт+па, бер+ме, қара+ма т.б.
3. Шылау сөздерге: да,де,мен,пен,бен,үшін т.б: Мысалы: Үй де, мал да аман.

9. ТУРА ЖӘНЕ АУЫСПАЛЫ МАҒЫНА.

Тура мағына – сөздің бастапқы, негізгі мағынасы. Тура мағына заттың немесе құбылыстың атын тура атап көрсетеді. Мысалы, адамның аяғы, адамның қолы, адамның көзі, ыдыстың түбі, қыздың төркіні, қоянның құлағы, суық жел, биік тау, жылы киім.т.б.

Ауыспалы мағына – сөздің тура мағынасының негізінде қалыптасқан, ойды көркемдеп жеткізу үшін қолданылатын келтірінді мағына. Мысалы, күннің көзі, жұмыстың аяғы, әңгіменің басы, сөздің төркіні, қазанның құлағы, суық хабар, биік мақсат, жылы сөз.

10. СИНГАРМОНИЗМ ЖӘНЕ ОҒАН БАҒЫНБАЙТЫН ҚОСЫМШАЛАР.

Қазақ тілінде дыбыстар сөз ішінде, сөз бен қосымша арасында, сөз бен сөздің арасында бір-бірімен

үндесіп, үйлесіп айтылады. Түбір сөздің жуан не жіңішке болуына қарай қосымша да жуан не

жіңішке болады және сөздің соңғы дыбысына қарай үйлесіп жалғанады. Сөздің бастан-аяқ

үндесіп, үйлесіп, біркелкі әуезбен айтылуы үндестік заңы деп аталады.

Үндестік заңының екі түрі бар: 1) буын үндестігі; 2) дыбыс үндестігі.

Буын үндестігі (Буын үндестігі сингармонизм деп те аталады)– түбір сөздің соңғы буынының жуан не жіңішке болуына қарай қосымшаның да жуан не жіңішке түрде жалғануы. Мысалы, бала+лар, үйрек+ті, құдірет+ті, кітап+қа, т.б. Буын құрауға негіз болатын дауысты дыбыстар болғандықтан, буын үндестігі дауысты дыбыстар арқылы орындалады.

Қазақ тілінде буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар да кездеседі. Олар:

-мен, бен, пен – бала мен, жұлдыз бен, жолдас пен;

-қор, -паз, -қой – еңбек қор, өнер паз, әуес қой;

-тал, -дар, -тай – өсім тал, кіріп тар, шеше тай;

-хана – ем хана, дәрі хана;

-нікі, -дікі, -тікі – Майра нікі, атам дікі, Мақсат тікі;

-кер, -гер, -кеш – айтыс кер, қалам гер, арба кеш;

-кес, -күнем – дау кес, пайда күнем;

-ов(а), -ев(а), -ин(а) – Әуез ов(а), Серікба ев(а), Майл ин(а);

бей – бей тарап, бей уақыт, бей таныс.

11. ЕРКІН ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР.

Екі немесе одан да көп сөздің тіркесуі арқылы жасалатын, құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға келмейтін, бәрі тұтасып бір мағынаға ие болатын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын тіркестер – тұрақты тіркестер – фразеологизм деп аталады. Тұрақты сөз тіркестері мен еркін сөз тіркестерінің өзіне тән айырмашылығы болады:

12. МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР

Мақал-мәтелдер де тұрақталған, қалыптасқан сөздер тобы болып табылады. Мақал-мәтелдердегі сөздердің де орнын басқа сөздермен алмастыруға келмейді. Бірге айтылғанымен мақал мен мәтелдің бір-бірінен өзіндік ерекшелігі, айырмашылығы болады:

1. Мақалдың мазмұнында істің себебі мен салдары бірге айтылып, шарты мен нәтижесі қатар беріледі.

2. Мақал құрылысы жағынан көбінесе құрмалас сөйлем болып келеді, көбінесе жай сөйлемге құрылады.

13 ЛЕКСИКА СӨЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҒЫНАСЫН ЗЕРТТЕЙТІН САЛА

Лексика жалпы колданыстағы және колдану аясы шектелуі создерді карастырады

Лексика — тілдегі барлық сөздердің жиынтығы деген мағынада қолданылады. Бұл термин қазақ тілінде сөздік құрам деген атаумен аталады.

Тілдің лексикасын, немесе сөздің құрамын зерттейтін ғылым лексикология деп аталады. Лексикологияның ен басты зерттеу объектісі — сөз. Сөзді грамматиканың негізгі салалары — морфология мен синтаксис те қарастырып зерттейді. Бірақ, лексиклогия мен грамматиканың әрқайсысы сөзді әр басқа түрғыдан қарастырады.

СИНОНИМДЕР, ОМОНИМДЕР, АНТОНИМДЕР.

Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерантонимдердеп аталады. Мысалы, елгезек бала- тілазар бала, шабан ат -жүрдек ат, іскер адам - олақ адам, жақсы мінез -жаман мінез, қисық ағаш- түзу ағаш, тату көрші - араз көрші, т.б. Тілімізде антоним сөздер мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда көп кездеседі.

Омоним – сыртқы тұлғасы: айтылуы, естілуі, жазылуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөздер.

Айтылуы, естілуі, жазылуы әр алуан, мағыналары бір-біріне жақын, жуық мәнді сөздер синонимдер деп аталады.

15. КӨНЕРГЕН СӨЗДЕР (АРХАИЗМДЕР)

Ғылымдағы және техникадағы, өнер мен мәдениет, қоғамдық-әлеуметтік өмір мен әдебиет саласындағы жаналықтар лексикаға да үнемі ыкпалын тигізіп отырады. Өткен дәуірлерде болған кейбір наным-сенімдер, әдет-ғұрыптар, ескі ұғымдар, үй мүлкі, шаруашылық бұйымдары халық тұрмысының дамуына байланысты азайып, қолданудан шығып қалады.
Соларға қатысты сөздер мен атаулар да ескіреді, яғни қолданудан шыкты. Бұлар белгілі бір дәуірдің, тарихи кезеңнің тілдік көрсеткіші ретінде жұмсалуы мүмкін. Олар көнерген сөздер деп аталады. Және олардың кейбірі жана ұғымдардың келуімен байланысты жаңарып қолданылуы да мүмкін. Мысалы: жасак, немесе қол — әскер, қол басы — әскер басы, почтабай — хат тасушы, жатак, — отырықшы, серіктік — бірлесу, қосын — ұйым, желек — орамал т. б.

16. ТҮБІР СӨЗ, ТУЫНДЫ СӨЗ ЖӘНЕ КҮРДЕЛІ СӨЗДЕР.

Сөз түбір мен қосымшасияқты түрлібөлшектердентұрады.

Сөздің бастапқы мағына беретін ең түпкі бөлшегі түбір деп аталады.

Түбірге жалғанған бөлшек қосымша деп аталады. Мысалы, жақсы+ лық, ғылым+ ды, адам+ дық, дәптер+ ге, тау+ лар.

Сөз құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара сөз; 2) күрделі сөз.

Дара сөз негізгі және туынды тұлғадағы бір ғана сөзден тұрады. Мысалы: киім, киімшең, еңбек, еңбекқор, қызмет, қызметкер, адам, адамшылық, т.б.

Күрделі сөздер екі немесеодан да көп түбірден құралады. Мысалы, ата-ана, ал қара көк, жиырма жеті, Ақшатау, түрегел, күздігүні, т.б.

17. СӨЗ ҚҰРАМЫ.

Күрделі сөздер жасалужолына қарай төрт түрлі болады: бірікен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер, тіркесті сөздер.

Біріккен сөздер екі не одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіреді. Мысалы: көкжиек, ешқашан, қонақжай, Жетіқарақшы, сексен, Екібастұз, қыстыгүні, т.б.

Біріккен сөз екі түрлі болады: 1) кіріккен сөздер; 2) біріккен сөздер.

Түбір тұлғасы дыбыстық өзгеріске ұшыраған біріккен сөздер дәстүр бойынша бірге жазылады: күздігүні, қолғанат, бүгін, қонақасы, т.б.

Біріккен сөз – сыңарлары дыбыстық құрамын сақтай отырып, бір мағынаға ие болатын сөздер. Мысалы: аққұтан, Темірқазық, киікоты, ханталапай, т.б. Біріккен сөздер әрқашанбірге жазылады: кәсіпорын, ақкөгершін, бұзаубас, т.б.

18. ҮНДЕСТІК ЗАҢЫНА БАҒЫНБАЙТЫН ҚОСЫМШАЛАР

Қазақ тілінде буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар да кездеседі. Олар:

-мен, бен, пен – бала мен, жұлдыз бен, жолдас пен;

-қор, -паз, -қой – еңбек қор, өнер паз, әуес қой;

-тал, -дар, -тай – өсім тал, кіріп тар, шеше тай;

-хана – ем хана, дәрі хана;

-нікі, -дікі, -тікі – Майра нікі, атам дікі, Мақсат тікі;

-кер, -гер, -кеш – айтыс кер, қалам гер, арба кеш;

-кес, -күнем – дау кес, пайда күнем;

-ов(а), -ев(а), -ин(а) – Әуез ов(а), Серікба ев(а), Майл ин(а);

бей – бей тарап, бей уақыт, бей таныс.

19. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЗДЕРТУРАЖӘНЕАУЫСПАЛЫМАҒЫНАЛАР

Тура мағына – сөздің бастапқы, негізгі мағынасы. Тура мағына заттың немесе құбылыстың атын тура атап көрсетеді. Мысалы, адамның аяғы, адамның қолы, адамның көзі, ыдыстың түбі, қыздың төркіні, қоянның құлағы, суық жел, биік тау, жылы киім.т.б.

Ауыспалы мағына – сөздің тура мағынасының негізінде қалыптасқан, ойды көркемдеп жеткізу үшін қолданылатын келтірінді мағына. Мысалы, күннің көзі, жұмыстың аяғы, әңгіменің басы, сөздің төркіні, қазанның құлағы, суық хабар, биік мақсат, жылы сөз.

20.ТӨЛ ДЫБЫСТАР

Қазақ тілінің 28 төл дыбысы бар. Оның ішінде 9 дауысты және 19 дауыссыз. Олар - б, ғ, г, д, ж, з, й, қ, к, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ш, һ.

21 ДИАЛЕКТ ЖӘНЕ КӘСІБИ СӨЗДЕР.

Диалект сөздер- жалпы халықтық тілде қолданылып, сөздік құрамға енетін сөздер сол тілде сөйлейтін адамдардың бәріне түсінікті болып келеді. Сондай-ақ жалпылама қолданыла бермейтін, тек белгілі бір аймақ шеңберінде ғана жұмсалатын сөздер бар.
Мысалы: Шымкент, Арыс манында шайнекті — чәугім, жұмыртқаны — тұқым дейді, Орал өңірінде таразыны — шеккі, бәкіні — шаппа, кауғаны — бөрлек десе, Гурьев, Маңғыстауда: көрт, кердері, жанпоз, жарбай сияқты түйе атауының неше түрі бар. Осындай жергілікті халық тілінде ғана колданылатын, белгілі аймақ көлсмінде ғана айтылатын сөздерді диалектизмдер дейді. Сым -шалбар.Оттық -сіріңке.

Белгілі бір кәсіппен, шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдар арасында қолданылатын, көпшілікке бірдей түсінікті бола бермейтін сөздер кәсіби сөздер деп аталады. Кәсіби сөздер екі салаға бөлінеді:

1. Қолөнершілікке байланысты кәсіби сөздер: пышқы – араның түрі, шербек – үлкен ара, ыңғыру – ағаш оятын құрал, тышуыр – бұрап тесетін құрал, пәрбі – шойын тескіш, атауыз – шеге суырғыш, біз – аяқ киім тігетін құрал, тарамыс – аяқ киім тігетін жіп, ұршық – малдың жүнінен жіп иіретін құрал, көрік, төс, қысқаш – ұста құралдары, т.б.

2. 2. Ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер: 1) мақта шаруашылығында қолданылатын сөздер: пая – мақтаның сабағы, шиіт – мақтаның тұқымы, терімші – мақта теруші;

22 ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ.

23 ДИАЛЕКТ СӨЗДЕР
Жалпы халықтық тілде қолданылып, сөздік құрамға енетін сөздер сол тілде сөйлейтін адамдардың бәріне түсінікті болып келеді. Сондай-ақ жалпылама қолданыла бермейтін, тек белгілі бір аймақ шеңберінде ғана жұмсалатын сөздер бар.
Мысалы: Шымкент, Арыс манында шайнекті — чәугім, жұмыртқаны — тұқым дейді, Орал өңірінде таразыны — шеккі, бәкіні — шаппа, кауғаны — бөрлек десе, Гурьев, Маңғыстауда: көрт, кердері, жанпоз, жарбай сияқты түйе атауының неше түрі бар. Осындай жергілікті халық тілінде ғана колданылатын, белгілі аймақ көлсмінде ғана айтылатын сөздерді диалектизмдер дейді. Сым шалбар Оттық сіріңке

24.ТОҒЫСПАЛЫ ЫҚПАЛ - көрші дыбыстардың ілгері-кейінді қарсы әсері. Бұл сөзбен сөздің арасында кездеседі.

1.Аман келді- Амаң - гелді. нк-ңг

2.Қан қызыл- қаң ғызыл нқ-ңғ

3.Мен келдім-мең гелдім нк-ңг

4.Дос жаран- дошшаран сж-шш

25 ДЫБЫС ҮНДЕСТІГІ.

Дыбыс үндестігі өз ішіндегі қатар келген 2 дыбыстың бір-біріне ықпал етуі. Дыбыс үндестігі 3-ке бөлінеді: ілгерінді ықпал, кейінгі ықпал, тоғыспалы ықпал.

Дыбыс үндестігі заңдылығының үш түрі бар
Ілгерінді ықпал – түбір мен қосымшаның немесе сөз тіркесіндегі сөздер аралығындағы алғашқы дауыссыз дыбыстың кейінгі дауыссыз дыбысқа әсерін тигізетін құбылыс.
Кейінді ықпал – бір сөз көлемінде немесе екі сөз аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп, ықпал жасайды.

Тоғыспалы ықпал - көрші дыбыстардың ілгері-кейінді қарсы әсері. Бұл сөзбен сөздің арасында кездеседі.

26.КӨНЕРГЕН СӨЗДЕР (АРХАИЗМДЕР)
Ғылымдағы және техникадағы, өнер мен мәдениет, қоғамдық-әлеуметтік өмір мен әдебиет саласындағы жаналықтар лексикаға да үнемі ыкпалын тигізіп отырады. Өткен дәуірлерде болған кейбір наным-сенімдер, әдет-ғұрыптар, ескі ұғымдар, үй мүлкі, шаруашылық бұйымдары халық тұрмысының дамуына байланысты азайып, қолданудан шығып қалады.
Соларға қатысты сөздер мен атаулар да ескіреді, яғни қолданудан шыға бастайды. Бұлар белгілі бір дәуірдің, тарихи кезеңнің тілдік көрсеткіші ретінде жұмсалуы мүмкін. Олар көнерген сөздер деп аталады. Және олардың кейбірі жана ұғымдардың келуімен байланысты жаңарып қолданылуы да мүмкін.

НЕОЛОГИЗМДЕР

Т ілімізде жаңа ұғым аттарын білдіретін жаңа сөздер де бар. Олар ғылыми тілде неологизм деп аталады. Жаңадан енген сөздер тілге сіңісіп, халыққа танымал болған соң жаңа сөз болудан қалады да, орнын оның баламасы ауыстырады.Мысалы, космос – ғарыш, космонавт – ғарышкер, парк – саябақ, теплица – жылыжай, телеграмма – жеделхат, пенсия – зейнетақы, спутник – жер серігі, класс – сынып, т.б.

Сөздердің тіркесуі арқылы да жаңа сөздер жасалады. Мысалы, жердің жасанды серігі, ғарыш айлағы, жер серігі, халықаралық қауымдастық т.б. Қазақ тілінің мәртебесінің өсуіне орай соңғы жылдары тілімізге көптеген жаңа сөздер – неологизмдер – енді. Мысалы, орамжапырақ, қызанақ, жасуша, қожалық, жылыжай, т.б.

27 СӨЗ ТІРКЕСІ.

Сөйлемде сөздердің бір-бірімен байланысуы негізінде сөз тіркесі жасалады.

Толық мағыналы кем дегенде екі сөздің өзара сабақтаса, бірі екіншісіне бағына байланысуын сөз тіркесі деп атайды. Тіркестегі бағындырып тұрған сөз басыңқы деп, басыңқыға бағынып тұратын сөз бағыныңқы деп аталады.

Мысалы: самал жел, оқыған жігіт.

Қазақ тілінде сөздердің байланысы бес түрге бөлінеді: олар - қиысу, меңгеру, матасу, қабысу және жанасу.

Иысу

Қиысу деп сөзбен сөздің жіктік жалғаулары арқылы және жіктелу ретімен байланысқан түрін айтамыз.

2. Меңгеру

Меңгеру деп сөздің ілік септігінен басқа септік жалғаулары арқылы байланысуын атаймыз.

Матасу

Матасу - сөздердің ілік септігі мен тәуелдік жалғаулары арқылы байланысуын матаса байланысу тәсілі. Мысалы: мектеп үйі, ауылдың малы.

Абысу

Қабысу - сөздердің бір-бірімен ешбір жалғаусыз, шылаусыз, тек іргелес тұру арқылы байланысу түрі. Мысалы: қызық кітап, ақ жаға, алтын сағат.

Жанасу

Жанасу деп алдыңғы сөздің соңғы сөзбен шылаулар арқылы немесе ешбір жалғаусыз, түбір тұлғаларында тұрып, орын жағынан бірде іргелес, бірде алшақ байланысуы аталады. Мысалы: шарықтап ұшу, шырақтап көкке ұшу.

28. КЕЙІНДІ ЫҚПАЛ

(қатар тұрған екі дауыссыз дыбыстың соңғысының алдыңғысына ықпал етуі)

29. ГРАММАТИКА

Грамматика – тіл білімінің сөз таптарын, сөздердің өзгеруі мен сөйлем құрылысын зерттейтін саласы.

Үлкен екі саласы бар:морфология;синтаксис.

Грамматика - тілдің ішкі құрылысы, яғни сөз тудыру, сөзжасам тәсілдерінің морфологиялық, сөз таптары мен түрлену формаларының, категорияларының, сөздің бір-бірімен байланысуы, сөз тіркесінің, сөйлем құрлысының жүйесі; тілдің граммат. құрылысын, оның заңдылықтарын зерттейтін, яғни тілдегі сөз таптарын, олардың түрлену жүйесін, граммат. тұлғалары мен категорияларының, сөздің бір-бірімен тіркесу тәсілдері мен түрлерін, сөз тіркестері құрлысын, сездердің сөйлемдегі қызметін, сөйлем жүйесін зертттейтін тіл білімінің бір сапасы.

Граматика деген ұғым тілдің құрылысы ретінде де, ғылым ретінде де үш саладан тұрады:

  1. сөзжасам процесінің тәсілдері — сөз тудырудың жолдары мен түрлері, тілдің сез байлығын молайту амалдары;
  2. морфология — сөздің граммат. мағыналары мен формалары, граммат. категориялар, сөздің морфол. құрамы мен сөз таптары, олардың түрлену жүйесі мен сипаты;
  3. синтаксис — сөздердің бір-бірімен байланысу тәсілдері мен түрлері, сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысы, түрлері, сөйлемдегі сездердің қызметі.

МОРФОЛОГИЯ

Морфология - сөз таптарын зерттейтін қазақ тілінің саласы. Морфологияның негізгі материалы — морфема.Сөздің тұлғасы, мағынасы және атқаратын қызметі сөйлем құрамында ғана анықталатын болғандықтан, сөзді синтаксиспен байланысты қарастырады. Демек сөзді лексика-грамматикалық сипаты тұрғысынан айқындайды.

Денгей

1. СӨЗ ТУДЫРУШЫ, СӨЗ ТҮРЛЕНДІРУШІ ЖҰРНАҚТАР.

Жұрнақ дегеніміз — өзі жалғанған сөзге лексикалық немесе грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар. Мысалы: бүркіт және бүркітші деген сөздер түбірлес сөздер болғандарымен, екеуінің лексикалық мағынасы бір емес, екеуі — екі басқа сөз. Жұрнақтардың қызметтері де, мағыналары да біркелкі емес, әр түрлі. Кейбір жүрнақтар түбір сөздің мағынасын өзгерткенімен, сол сөзді басқа бір грамматикалық категорияға ауыстырып жібермейді. Мысалы: мал мен малшы деген сөздер лексикалық мағынасы жағынан басқа-басқа сөздер, бірақ белгілі грамматикалық мағынасы жағынан зат есімге жатады. жаңа сөз тудыратын жұрнақты — сөз тудырушы жұрнақ деп атайды. Мысалы: киім, өнім деген сөздер -ім, жұрнағы арқылы ки, өн сөздерінен туған. Сондай-ақ aш, тол сөздерінен -ық жұрнағы арқылы ашық, толық деген жаңа сөздер жасалған. Сөз таптарының әрқайсысының өзіне тән категориялары тудыратын мұндай жұрнақтардың лексикалық қызметінен гөрі грамматикалық қызметтері анағұрлым басым болады. Мұндай жұрнақтарды сөз түрлендіретін жүрнақтар деп атайды.

2. ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ.

3. ЗАТ ЕСІМНІҢ ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ СИПАТТАРЫ.

(КОНСПЕКТ ЕСТЬ В БЛОКНОТЕ: ВСЁ О ЗАТ ЕСИМ)

4. САПАЛЫҚ, ҚАТЫСТЫҚ СЫН ЕСІМ.

Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін) және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз.Сұрақтары; қандай? қай? қалай? Сын есімдер семантикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай, сапалық (негізгі) сын және қатыстық(туынды) сын деп аталатын екі салаға бөлінеді. Сапалық сын есімдер Сапалық сын есімдер деп мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын, атап айтқанда, түрі мен түсін (ақ, қара, сұр т. б.), сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір, нашар т. б.), көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл т.б.), дәмі мен иісін (ащы, тәтті, күлімсі т.б.) білдіретін және заттың басқа да қасиет-белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз. Сапалық сын есімге шырайлы жалғау жалғануы мүмкін, мысалы; ашылау қымыз, дәп-дәмді тамақ№ Қатыстық сын есімдер Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді атаймыз. Осы ерекшелігіне қарай, қатысты сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдер мен етістіктерден жасалады да, заттың сыртқы түрі мен түсіне, кескіні мен келбетіне, сыры мен сынына, ішкі қасиеті мен сипатына, мекен мен мезгілге және басқа да сол сияқты белгілеріне қатысты сындық ұғымдарды білдіреді. Мысалы: Балалы үй базар, баласыз үй мазар (мақал); Өткірпышақ қол кесер (мақал); Бұл - жазғы жайлы қоныс (М. Әуезов).

5. САН ЕСІМНІҢ ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ СИПАТТАРЫ.

(КОНСПЕКТ ЕСТЬ В БЛОКНОТЕ: ВСЁ О САН ЕСИМ)

6. ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ БАСҚА ТІЛДЕРДЕН ЕНГЕН СӨЗДЕР.

Қазақ тілінің сөздік қоры үнемі өзгеріп отырады. Тілімізге әр түрлі қарым-қатынасқа байланысты басқа тілден сөздер енеді, тұрмыс-тіршілікке байланысты заттар мен құбылыстардың аттары жаңарып отырады. Тілімізге басқа тілден енген сөздер кірме сөздер деп аталады. Қазақ тіліне араб-парсы, монғол, орыс тілдерінен көптеген сөздер кірген. Мысалы: қалам, отан, тақта, дос, кино,цирк т.б.

7. ЕСІМДІКТІҢ ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ СИПАТТАРЫ, ТҮРЛЕРІ.

(КОНСПЕКТЫ О ВИДАХ МЕСТОИМЕНИЙ ЕСТЬ В БЛОКНОТЕ)

8. СӨЙЛЕМДЕГІ СӨЗДЕРДІҢ ОРЫН ТӘРТІБІ.

Сөйлемде сөздер бір-бірімен грамматикалық байланыста колданылады. Сол байланыстың негізінде сөйлемдегі сөздердің белгілі орын тәртібі болады. Сөздердің орын тәртібі сөйлем мүшелері ыңғайында былай болады.
1. Бастауыш баяндауыштан бұрын тұрады, көбіне сөйлемнін бас жағында болады да, баяндауыш сөйлемді аяқтап тұрады.
2. Толықтауыш өзінің толықтайтын сөзінен, анықтауыш өзінің анықтайтын сөзінен, пысықтауыш өзінің пысықтайтын сөзінен бұрын тұрады.

Бұл көрсетілгендер — сөйлемдегі сөздердің әдеттегі орын тәртібі. Кейде әр түрлі мақсатпен сөздердің сөйлемдегі қалыпты орын тәртібі бұзылып қолданылуы да мүмкін. Ол көбінесе өленде, ауызекі тілде, ұран түрінде айтылған сөйлемде, немесе белгілі бір сөздерге ерекше назар аудару мақсатынан туады.

9. ІЛГЕРІНДІ ЫҚПАЛ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Ілгерінді ықпал -сөз ішінде немесе сөздер аралығында алғашқы дыбыстың өзінен кейінгі дыбысқа әсерін тигізіп тұруын ілгерінді ықпал дейміз.

10. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЕКПІН.

Қазақ тілінде екпіннің екі түрі бар: бірі – негізгі екпін, екіншісі – көмекші екпін.
Қазақ тілінде екпін тұрақты, дыбыстың соңғы буынына түседі. постоянное, всегда падает на. Мысалы: қала, жақсы- негізгі екпін.
Сөзге қосымша жалғанса (жалғау, жұрнақ), екпін соңғы қосымшаға түседі.
Мысалы: қала+лар, қала+лар+дың, жақсы+лық, жақсы+лық+тар+дың сөздерінде негізгі екпін соңғы буынға көшеді, ал түбірдегі екпіннің орны көмекшілік қызметін атқарады.

Екпін түспейтін буындар.

1. Жіктік жалғауы. Мысалы: оқушы+мыз, бара+сың, келе+ді т.б.
2. Етістіктің болымсыз жұрнақтарына: -ма-ме-ба-бе-па-пе-:
Мысалы: жаз+ба, отыр+ма, айт+па, бер+ме, қара+ма т.б.

3. Шылау сөздерге: да,де,мен,пен,бен,үшін т.б: Мысалы: Үй де, мал да аман.

11. ҚОС СӨЗДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ.

Қос сөздер екі сөздің қосарлануынан не бір сөздің қайталануынан жасалады. Қос сөздің екі түрі бар: 1) қайталама қос сөздер; 2) қосарлама қос сөздер.

Қайталама қос сөздер бір сөздің қайталануынан жасалады: жиі-жиі, әрең-әрең, ойдым-ойдым, мая-мая, көзбе-көз, үйір-үйір, т. б.

1)Қайталама қос сөздердің жасалу жолдары: қосымшасыз-қосымшалы сөздердің қайталануы: тау-тау, қатар-қатар, биік-биік; таудай-таудай, айта-айта, жүгіре-жүгіре, т. б.

2)бір сыңары қосымшалы, бір сыңары қосымшасыз түбірдің қайталануы: жан-жақтан, үй-үйді, бетпе-бет, апа-жезделі, т. б.

3)бір түбірдің әр түрлі қосымша жалғанып қайталануы: жөнді-жөнсіз, айтар-айтпасы, тұрар-тұрмастан, қолы-қолына, т. б.

4)екінші сыңары бірінші сыңарына еліктеу арқылы жасалған қос сөздер: ет-мет, ат-мат, шай-пай, түйе-мүйе, т. б.

5)екінші сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырап жасалған қос сөздер: жарқ-жұрқ, сарт-сұрт, жалт-жұлт, т. б.

6) күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздер: тап-таза, мөп-мөлдір, сұп-суық, аппақ, көкпеңбек, жып-жылтыр, теп-терең, т. б.

Екі түбірдің қосарлануы арқылы жасалған қос сөздерқосарлама қос сөздердеп аталады.

Қосарлама қос сөздің екі сыңары екі түрлі сөзден болады: сый-құрмет, ата-ана, ағайын-туыс, төсек-орын, қазан-ошақ ыдыс-аяқ, т. б

Қосарлама қос сөздің құрамы әр алуан болады:

1) Мағынасы бір-біріне жақын синонимдес қос сөздер: аяқ-табақ, жан-жануар, дос-жаран, ағайын-туыс, бақ-береке, ырыс-құт, т. б. Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы антонимдес қос сөздер: үлкен-кіші, кәрі-жас, алыс-жақын, ащы-тұщы, алыс-беріс, жоғары-төмен,

2) Бір сыңары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз қос сөздер: бала-шаға, киім-кешек, көйлек-көншек, жүн-жұрқа, қыз-қырқын, шал-шауқан, келін-кепшік, жігіт-желең, т. б.

3) Екі сыңары да мағынасыз қос сөздер: апыр-топыр, ығы-жығы, апыл-ғұпыл, оқта-текте, абыр-сабыр, әлек-шәлек, т. б.

4) Кейінгі жылдары қалыптасқан қосарланған қос сөздер: үгіт-насихат, оқу-ағарту, саяси-экономикалық, қазақша-орысша сөздік, т. б.

Қайталама қос сөздер де, қосарлама қос сөздер деәрқашан дефис арқылы жазылады. Мысалы, ар-намыс, ыза-кек, әдет-ғұрып, мая-мая, салдыр-гүлдір, тәп-тәтті, елу-алпыс, ербең-ербең, ас-мас, орын-орнына, тек күшейткіш буын арқылы жасалған аппақ және көкпеңбек қос сөздері ғана бірге жазылады.

12. ЗАТ ЕСІМНІҢ СЕПТЕЛУІ.

Септік жалғау арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылау сөздермен де, есімдер өзді-өздері де жалғасып әр алуан қарым-қатынасқа түседі.

13.ЕТІСТІК, ОНЫҢ ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ СИПАТЫ.

(Конспект есть в блокноте)

14.ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР.

Екі немесе одан да көп сөздің тіркесуі арқылы жасалатын, құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға келмейтін, бәрі тұтасып бір мағынаға ие болатын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын тіркестер – тұрақты тіркестер – фразеологизм деп аталады. Тұрақты сөз тіркестері мен еркін сөз тіркестерінің өзіне тән айырмашылығы болады:

15.ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕР.

Күрделі атауларды шартты түрде белгілі тәсілдермен қысқарту арқылы жасалған сөздер қысқарған сөздер деп аталады. Қысқарған сөздерді тіл білімінде аббревиатура деп атайды. Күрделі сөздер әр түрліжолмен қысқарады:

1. Күрделі атаудың әр сөзінің бас әрпінен: ҚР, БҰҰ, ТМД, т. б.

2. Күрделі атаудың бірінші сөзінің алғашқы буыны және қалған сөздің басқы әрпінен: ҚазҰУ, ҚарМУ, ҚазҰПУ, т. б.

3. Күрделі атаудың әр сөзінің алғашқы буынынан: ауатком, колхоз, ұжымшар, т. б.

4. Күрделі атаудың алғашқы сөзінің бірінші буыны мен келесі сөз түгел алынады: пединститут, медколледж, медбике, педпрактика, т. б.

5. Техника маркаларын көрсету үшін алынған шартты белгілер де қысқарған сөзге жатады: ТУ-104, ДТ- 54, ЯК-40, т. б.

6. Әр түрлі өлшем бірліктері: м (метр), кг (килограмм), ц (центнер), т. б.

Қысқарған (пединститут, ауатком, ұжымшар, кеңшар медколледж,сияқты сөздерден басқа) сөздерге қосымша дефис арқылы жалғанады. Мысалы: ҚазҰУ-ды бітірген, ДТ-54-ті жүргізеді, БҰҰ-ға мүше, т. б.

Күрделі сөздің бірі тіркесті сөздің құрамындағы сөздер біртұтас лексикалық мағына береді, бір ұғымның атауы болып келеді.

16.КӨМЕКШІ ЕСІМДЕР.

Көмекші сөздер– лексикалық мағынасы жоқ, көбінесе грамматикалық қызмет атқаратын жәрдемші сөздер. Көмекші есімдер – лексикалық мағынасы солғындау, толық мағыналы сөзбен тіркесе жұмсалатын есімдер. Көмекші есімдер негізгі есімдермен ілік септігі арқылы байланысады, яғни негізгі есім ілік септігінде, көмекші есім тәуелдік жалғауында келеді.
Көмекші есім зат есім секілді көптеледі,тәуелденеді, септеледі. Септелгенде олар тәуелдік жалғауын жалғап барып септеледі. Көмекші есімдер қосарланып та келеді. Негізгі есімдермен тіркесіп, көбіне күрделі пысықтауыш қызметін атқарады.

17.Біріккен сөздер,олардың жасалу жолдары.

Біріккен сөздер екі не одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіреді. Мысалы: көкжиек, ешқашан, қонақжай, Жетіқарақшы, сексен, Екібастұз, қыстыгүні, т.б.

Біріккен сөз екі түрлі болады: 1) кіріккен сөздер; 2) біріккен сөздер.

Кіріккен сөз -сыңарлары дыбыстық өзгеріске түсіп, біртұтас лексикалық мағына беретін сөздер. Мысалы: қол + қап = қолғап, ендігіден+әрі = ендігәрі, сегіз+он = сексен, бұл+жыл = биыл, алып +бар = апар, тұрып+кел = түрегел, ащы тас = ашудас, жаздың күні = жаздыгүні.

Түбір тұлғасы дыбыстық өзгеріске ұшыраған біріккен сөздер дәстүр бойынша бірге жазылады: күздігүні, қолғанат, бүгін, қонақасы, т.б.

Біріккен сөз – сыңарлары дыбыстық құрамын сақтай отырып, бір мағынаға ие болатын сөздер. Мысалы: аққұтан, Темірқазық, киікоты, ханталапай, т.б. Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады: кәсіпорын, ақкөгершін, бұзаубас, т.б.

18.СЫН ЕСІМНІҢ ШЫРАЙЛАРЫ.

Сапалық сынның белгілері бірде тым басым, артық болса, бірде бәсең болуы мүмкін.
Сын есімнің екі түрлі шырайы бар: салыстырмалы шырай және күшеитпелі шырай.

19. ЖАЛҚЫ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЕСІМДЕР.

Жалпы есімдер деп тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдер аталады.Мысалы: ағаш, ат, ас, арал, арба, бас, бала, ақыл, сана, түсінік, ер, ес, ет, дала, су, отін, көмір, кеңсе сияқты зат есімдердің бәрі де жалпы есім болады.

Жалқы есімдер деп белгілі бір ғана затты арнай, даралай атайтын зат есімдерді атаймыз. Мысалы:

· кісі аттары (Асқар, Арлан, Ағыбай т. б.)

· үй хайуандарына берілген арнаулы аттар (Тайбуырыл, Теңбілкөк, Ақтабан, Таймас т. б.)

· өндіріс, мекеме, ұйым аттары ("Еңбек", "Қайрат", "Түрксіб" т. б.)

· газет, журнал, фильм, кітап аттары мен жеке шығармалардың аттары ("Егемен Қазақстан", "Өркен", "Менің атым Қожа", "Қан мен тер" т. б.)

· географиялық атаулар (Алатау, Қаратау, Іле, Ертіс т. б.)

· қала, көше, алаң аттары (Теміртау, Абай даңғылы, Республика алаңы т. б.)

· тағы басқа жалқы атаулар жатады. Жалқы есімдер мағына жағынан белгілі бір ұғымды білдірмейді, тек бір жеке-дара затты басқа заттардан ажырату үшін қойылған белгі - ат ретінде ғана жұмсалады.

20. САН ЕСІМНІҢ ТҮРЛЕРІ, СИНТАКСИСТІК ҚЫЗМЕТІ.

(Конспект есть в блокноте: виды числительных)

21. ЕСІМДІК ЖӘНЕ ОНЫҢ СӨЙЛЕМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ.

(Конспект есть в блокноте: виды местоимений и их роль)

22. ДЕРЕКТІ ЖӘНЕ ДЕРЕКСІЗ ЗАТ ЕСІМДЕР.

Деректі зат есім -көзге көрінеді мысалы,-алма,гул
дерексіз зат есім көзге көрінбейді мысалы, -ақыл,ой осылар сяқты мысалдар көп

23. ЗАТ ЕСІМНІҢ ЖІКТЕЛУІ.

Зат есімдер сөйлемде баяндауыш қызметінде жұмсалғанда жіктеліп қолданылады. Жіктік жалғаудың 3-жағы және жекеше, көпше түрлері бар. Әдетте 1—2-жақтарда адамға байланысты зат есімдер жіктеледі де, 3-жақта кез келген зат есім бола береді: Жіктік жалғаулары буын (1—2-жақ) және дыбыс (1-жақ) үндестіктері бойынша жалғанады. 1-жақ жекеше -мын, -мін, -бын, -бін, -пын, -пін, көпше -мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз, 2-жақ жекеше анайы -сың, -сің, сыпайы -сыз, -сіз, көпше анайы -сыңдар, -сіндер, сыпайы -сыздар, -сіздер, 3-жақта арнайы жалғау жоқ. Оны мына кестеден көруге болады.

24. САН ЕСІМНІҢ ТҮРЛЕРІ.

(Конспект есть в блокноте: виды числительных)

25. БІРІККЕН СӨЗДЕР МЕН ҚОС СӨЗДЕРДІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ.

Біріккен сөздер,олардың жасалу жолдары.

Біріккен сөздер екі не одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіреді. Мысалы: көкжиек, ешқашан, қонақжай, Жетіқарақшы, сексен, Екібастұз, қыстыгүні, т.б.

Біріккен сөз екі түрлі болады: 1) кіріккен сөздер; 2) біріккен сөздер.

Кіріккен сөз -сыңарлары дыбыстық өзгеріске түсіп, біртұтас лексикалық мағына беретін сөздер. Мысалы: қол + қап = қолғап, ендігіден+әрі = ендігәрі, сегіз+он = сексен, бұл+жыл = биыл, алып +бар = апар, тұрып+кел = түрегел, ащы тас = ашудас, жаздың күні = жаздыгүні.

Түбір тұлғасы дыбыстық өзгеріске ұшыраған біріккен сөздер дәстүр бойынша бірге жазылады: күздігүні, қолғанат, бүгін, қонақасы, т.б.

Біріккен сөз – сыңарлары дыбыстық құрамын сақтай отырып, бір мағынаға ие болатын сөздер. Мысалы: аққұтан, Темірқазық, киікоты, ханталапай, т.б. Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады: кәсіпорын, ақкөгершін, бұзаубас, т.б.

Қос сөздер екі сөздің қосарлануынан не бір сөздің қайталануынан жасалады. Қос сөздің екі түрі бар: 1) қайталама қос сөздер; 2) қосарлама қос сөздер.

Қайталама қос сөздер бір сөздің қайталануынан жасалады: жиі-жиі, әрең-әрең, ойдым-ойдым, мая-мая, көзбе-көз, үйір-үйір, т. б.

1)Қайталама қос сөздердің жасалу жолдары: қосымшасыз-қосымшалы сөздердің қайталануы: тау-тау, қатар-қатар, биік-биік; таудай-таудай, айта-айта, жүгіре-жүгіре, т. б.

2)бір сыңары қосымшалы, бір сыңары қосымшасыз түбірдің қайталануы: жан-жақтан, үй-үйді, бетпе-бет, апа-жезделі, т. б.

3)бір түбірдің әр түрлі қосымша жалғанып қайталануы: жөнді-жөнсіз, айтар-айтпасы, тұрар-тұрмастан, қолы-қолына, т. б.

4)екінші сыңары бірінші сыңарына еліктеу арқылы жасалған қос сөздер: ет-мет, ат-мат, шай-пай, түйе-мүйе, т. б.

5)екінші сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырап жасалған қос сөздер: жарқ-жұрқ, сарт-сұрт, жалт-жұлт, т. б.

6) күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздер: тап-таза, мөп-мөлдір, сұп-суық, аппақ, көкпеңбек, жып-жылтыр, теп-терең, т. б.

Екі түбірдің қосарлануы арқылы жасалған қос сөздерқосарлама қос сөздердеп аталады.

Қосарлама қос сөздің екі сыңары екі түрлі сөзден болады: сый-құрмет, ата-ана, ағайын-туыс, төсек-орын, қазан-ошақ ыдыс-аяқ, т. б

Қосарлама қос сөздің құрамы әр алуан болады:

1) Мағынасы бір-біріне жақын синонимдес қос сөздер: аяқ-табақ, жан-жануар, дос-жаран, ағайын-туыс, бақ-береке, ырыс-құт, т. б. Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы антонимдес қос сөздер: үлкен-кіші, кәрі-жас, алыс-жақын, ащы-тұщы, алыс-беріс, жоғары-төмен,

2) Бір сыңары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз қос сөздер: бала-шаға, киім-кешек, көйлек-көншек, жүн-жұрқа, қыз-қырқын, шал-шауқан, келін-кепшік, жігіт-желең, т. б.

3) Екі сыңары да мағынасыз қос сөздер: апыр-топыр, ығы-жығы, апыл-ғұпыл, оқта-текте, абыр-сабыр, әлек-шәлек, т. б.

4) Кейінгі жылдары қалыптасқан қосарланған қос сөздер: үгіт-насихат, оқу-ағарту, саяси-экономикалық, қазақша-орысша сөздік, т. б.

Қайталама қос сөздер де, қосарлама қос сөздер деәрқашан дефис арқылы жазылады. Мысалы, ар-намыс, ыза-кек, әдет-ғұрып, мая-мая, салдыр-гүлдір, тәп-тәтті, елу-алпыс, ербең-ербең, ас-мас, орын-орнына, тек күшейткіш буын арқылы жасалған аппақ және көкпеңбек қос сөздері ғана бірге жазылады.

26. НЕГІЗГІ ЖӘНЕ КӨМЕКШІ СӨЗДЕР.

Қазақ тіліндегі сөздер мағынасы мен қызметіне қарай негізгі сөздер және көмекші сөздер болып, үлкен топқа балінеді.
Негізгі сөздер деп дербес лексикалық та, грамматикалық та мағыналары бар және сөйлемде өздігінен мүше болып қызмет атқара алатын сөздерді айтамыз.
Негізгі сөздер — заттардың, құбылыстардың, олардың түр түсінің, саны-сапасының, мезгіл-мекенінің, ic-қимылының аты. Олардың әрі лексикалық, әрі грамматикалық мағыналары болады. Мысалы, күн, жер, кітап, гүл, он кел, жщсы, боран бүгін, көк, сегіз т.б.
Көмекші сөздер деп дербес лексикалық мағынада, тек грамматикалық магынасы ғана бар, сөйлемде өздігінен мүше бола алмайтын, тек негізгі сөздердің арасына дэнекер ғана болатын сөздерді айтамыз. Мысалы, де, үшін, — e, em, дейін, туралы соң, арқылы, және әрі.
Негізгі сөздер мен көмекші сөздердің өзгермейтін, үнемі бірқалыпты тұратын нәрсе емес.

27. ЕКПІН ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ.

Қазақ тілінде екпіннің екі түрі бар: бірі – негізгі екпін, екіншісі – көмекші екпін.
Қазақ тілінде екпін тұрақты, дыбыстың соңғы буынына түседі.Мысалы: қала, жақсы- негізгі екпін.
Сөзге қосымша жалғанса (жалғау, жұрнақ), екпін соңғы қосымшаға түседі. Мысалы: қала+лар, қала+лар+дың, жақсы+лық, жақсы+лық+тар+дың сөздерінде негізгі екпін соңғы буынға көшеді, ал түбірдегі екпіннің орны көмекшілік қызметін атқарады.

Екпін түспейтін буындар.
1. Жіктік жалғауы. Мысалы: оқушы+мыз, бара+сың, келе+ді т.б.
2. Етістіктің болымсыз жұрнақтарына: -ма-ме-ба-бе-па-пе-: Мысалы: жаз+ба, отыр+ма, айт+па, бер+ме, қара+ма т.б.
3. Шылау сөздерге: да,де,мен,пен,бен,үшін т.б: Мысалы: Үй де, мал да аман.

27. ТҰЙЫҚ ЕТІСТІК.

Түйык, етістік — етістіктің ерекше түрі. Мағынасы жағынан ол қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіреді де, шақпен де, жақпен де байланысты болмайды. Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: сұра-у, жүр-у, бар-у, шегеле-у, айт-қызу, сөйлес-у, кел-ме-у, бөге-ме-у. Бұл сөздер сұрау, жүру, бару, шегелеу, айтқызу, сөйлесу, келмеу, бөгемеу, қимыл, іс-әрекеттерінің атын білдіріп, солардың атауы болып тұр. Сондықтан да түйық етістік заттық мағынада, зат есім мәнінде жиі қолданылады. Тұйық етістік жіктелмейді.

28. СӨЗЖАСАМ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Сан есімнін, сөзжасамы тіліміздің сөзжасам жүйесінщ жеке бір мәселесіне жатады. Сондықтан сан есім сөзжасамының тілдің жалпы сөзжасам жүйесімен ортақ мәселелері, заңдылықтары болатыны сөзсіз. Осы жағдай ескеріліп, алдымен тілдің жалпы сөзжасамы туралы қысқаша мәлімет беріп, содан кейін сан есім сөзжасамына көшуді дұрыс көрдік.

Сөзжасам өз алдына зерттеу объектісі бар тіл білімінің жеке саласы. Сөзжасам объектісіне сөз жасаушы тәсілдер, сөз жасаушы тілдік элементтер, сөзжасамдық типтер мен тізбектер, сөзжасам үлгілері, туынды сөздер, олардың түрлері, сөзжасамдық зандылықтар мен мағына, сөзжасамның сөз таптарына қатысы сияқты күрделі мәселелер жатады. Бір сөзбен айтқанда, сөзжасам тіл-дің сөзжасам жүйесін зерттейді.

Қазақ тілінің қазіргі кезде әбден қалыптасқан сөзжасам жүйесі бар, ол әрине, ұзақ уақыттағы дамудың нәтижесі. Тіліміздің сөзжасам жүйесінің негізі көне түркі тілінен (ең көне жазба ескерткіштер тілі) басталып, содан бері дамып, толығып, күрделеніп, сұрыпталып, екшеле келіп, қазіргі жүйелі дәрежеге жеткен.

29. СӨЗДЕРДІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ.

Сөздердің жасалуының бірнеше жолы болады. Олар:

1) түбірге қосымша (сөз тудырушы жұрнақ) жалғану арқылы, мысалы: ба-ла-лық, кітап-ша, ақыл-шы, айт-ыс, жас-ар т. б.

2) сөздердің бірігуі арқылы; мысалы: турегелді (тұра-келді), ашудас (ашу-тас), белбеу (бел-бау), сексен (сегіз-он) т. б.

3) сөздердің қосарлануы арқылы; мысалы: жақсы-жаман, куні-туні, жата-жастана, құрт-қумырсқа, дос-жаран т. б.

Түбірге қосымша жалғану арқылы жасалған сөздер туынды түбір деп аталады. Сөздердің бірігуі арқылы жасалған сөздер біріккен сөздер деп аталады. Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған сөздер қос сөздер деп аталады.
Қазақ тілінің сөздік құрамы қысқарған сөздер арқылы да, сөздердіқ мағына өзгерісі арқылы да, бөтен тілден енген сөздер арқылы да толығып, байып отырады.

Date: 2016-05-17; view: 5002; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...

mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию