Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Еңбек қорғау бойынша шараларды жоспарлау және қаржыландыру





 

Өндірістерде қауіпсіз және зиянсыз еңбек шарттарын құру бойынша іс-шараларды жақсарту мақсатында және еңбек қорғау бойынша ұжымдық келісімшарттар мен келісімдерді жасаудың сапасын арттыру мақсатында ҚР еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау Министрлігі еңбек қорғау бойынша шараларды бекітеді.

 

Еңбек қорғау бойынша шаралардың жоспарлары негізінен өндірістік кәсіпорындар мен кәсіби ұйымдарда өндірістердегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардың алдын алу мен ескертуге бағытталған.

 

Еңбек қорғау бойынша шараларды тіркеу кестесі

 

1–кесте

 

 

Еңбек қорғау шаралары сәйкес жобалы – құрылымдық және техникалық құжаттармен қамтамасыз етіледі, еңбек қорғау бойынша (1-кесте) ұжымдық келісімшарттармен рәсімделеді, мұнда еңбектің Мемлекеттік инспекциясының және басқа бақылау және қадағалау органдарының, жұмыс берушілердің, жұмысшылардың еңбектік қатынастары ескеріледі және өндірістік жарақаттардың, кәсіби аурулардың себептерін талдау негізінде, сонымен қатар өндірістік жабдықтардың ақауларын анықтау негізінде жүргізіледі.

 

Шараларда келесілер қарастырылады:

 

– технологиялық, көтеру-көліктік және басқа өндірістік жабдықтарды модернизациялау;

– автоматты және қашықтықтан басқару және өндірістік жабдықтарды, технологиялық үрдістерді, көтеру және көліктік құралдарды реттеуді енгізу жүйесі, зиянды және қауіпті

 

 


 

өндірістерде жұмыскерлердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында өндірістік роботтарды қолдану;

 

– жұмыс орындарында қауіпті және зиянды өндірістік факторларды автоматты басқару жүйесі мен дабылдандыру деңгейі;

 

– электр тогымен зақымдалудан жұмыскерлерді қорғауды қамтамасыз ететін жаңа техникалық құрылғыларды электр құрылғылары талаптарымен сәйкес жетілдіру мен енгізу. Электр құрылғыларының ережелері (ЭҚЕ);

 

– жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттардың рұқсат етілген мөлшеріне дейін төмендету, механикалық тербелістегі әсер ететін жағымсыз әсерлердің мөлшерін төмендету (шу, діріл, ультрадыбыстар) және жұмыс орындарындағы сәулелену әсерлерін төмендету (иондаушы, электр магнитті, лазерлі, ультракүлгін және тағы да басқа);

– өндірістік және тұрмыстық ғимараттардағы желдету және жылу беру жүйелерін, жылулық және ауалық шатырларды, аспирациялық және жылу аулау қондырғыларын қайта қалпына келтіру және жаңасына ауыстыру, жұмыс аймағы мен қызмет етілетін ғимараттардағы микроклимат пен қалыпты жылу режимін қамтамасыз ету мақсатында ауыстыру;

 

– жұмыс орындарында, цехтарда, тұрмыстық ғимараттарда, жаппай адамдар өтетін орындарда, территорияларда табиғи және жасанды жарықтандыруды келтіру;

 

– дайын өнімдер мен қалдықтарды қоймалау мен тасымалдау кезінде жұмыстарды механикаландыру;

– зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың көзі болып табылатын, өндіріс қалдықтарын дер кезінде жою және залалсыздандыру, өндірістік ғимараттардағы жинау жұмыстарын механикаландыру, ауа жолдары мен желдету қондырғыларының, жарықтандыру арматураларын, терезелерді, жарықтық шамдарды тазалау және механикаландыру;

 

– санитарлы – тұрмыстық ғимараттарды қайта қалпына келтіру, кеңейту және жабдықтандыру (киімдерін шешетін бөлме, жуынатын, душ қабылдайтын, әйел адамдардың жеке тазалық бөлмесін жылыту және салқындату, өңдеу, арнайы киімдерін беру және сақтау);

 


 

– зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмыскерлермен байланысты шараларды жүргізу, сонымен қатар ерекше температуралық және климаттық жағдайларда немесе ластанулармен байланысты жұмыстарда, арнайы киімдер және аяқ киімдер және басқа да жеке қорғаныс құралдарын беру, бекітілген нормалармен сәйкес құралдарды жуып-шаю және залалсыздандыру;

– газдалған суды дайындауға, жұмыс орындарына ауыз су мен газдалған су, шәй және басқа сергітетін сусындарды беруге арналған орталық сатураторлы (автоматты) қондырғылармен жабдықтау;

– ашық ауадағы жұмыстар кезінде күн сәулесінен және атмосфералық жауын-шашыннан қорғану орындары, сонымен бірге жұмыскерлердің жылыну орындары, психологиялық демалу, релаксация бөлмелері мен ұйымдасқан демалыс орындарын қайты қалпына келтіру және жаңа нысандарды құру;

 

– жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құрылыс алаңдарында, өндірістің (цехтың) территориясында галереялар, тоннельдер, тротуарлар салу, жол-көліктік жарақаттану шаралары бойынша шараларды енгізу жүйесін ұйымдастыру;

 

– өндірістік қызметтегі нысандардың жобалы және технологиялық құжаттамаларының еңбек жағдайына сәйкестігіне зерттеу жасау;

 

– еңбек шарты бойынша жұмыс орындарын аттестациядан өткізу нәтижесі бойынша еңбек қорғау талаптарына сәйкес өндірістік нысандарда тұрақты жұмыс орындарын міндетті түрде сертификаттау бойынша жұмыстар жүргізу;

– еңбек қорғау бойынша жәрмеңкелер жасау, қондырғыларын, көрнекті және қажетті құралдарын, қозғалмалы зертханаларын, бұрыштарын, кабинеттерін ұйымдастыру;

 

– еңбек қорғау бойынша нұсқауларды жасау және басылымнан шығару (көбейту), сонымен бірге басқа да нормативті құқықтық актілерді және еңбек қорғау саласындағы әдебиеттерді алу.

Еңбек қорғау мен еңбек шарттарын жақсарту іс-шараларын қаржыландыру - ҚР субъективті қоры құралдары есебінен, мемлекеттік, салалық және территориялық мақсаттағы

 

 


 

бағдарламалармен жүзеге асырылады, жергілікті қордан, ҚР заңнамасында қарастырылған тәртіп бойынша мемлекеттік қордан тыс қаржыдан және жергілікті басқару органдарының құқықты нормативті актілерімен қарастырылады.

 

Еңбек қорғау мен оның шарттарын жақсарту бойынша жүргізілетін шараларды жақсартуды қаржыландыру – ҚР Еңбек кодексін бұзған жағдайдағы айыппұлдарының есебінен және ҚР Басқармасы бекіткен тәртіпте қарастырылатын, басқа да нормативті шарттарды бұзғандағы төленетін айыппұлдардың есебінен жүргізіледі; жеке заңды тұлғалар мен ұйымдардың өз еркімен қосқан салымдары есебінен де жүргізіледі.

Ұйымдарда еңбек қорғау мен оның шарттарын жақсарту бойынша шараларды қаржыландыру, ұйымдық-құқықтық формадан тыс, өнім өндірісіндегі кететін шығыннан 0,1%-нан кем емес мөлшерде жүзеге асырылады, ал пайдалану әрекетіндегі ұйымдарда (жұмыстар, қызмет көрсету) – пайдалану шығындарының 0,7 %-нан кем емес мөлшерінде жүзеге асырылады.

Экономика саласында территорияларда, сонымен бірге ұйымдарда заңдарға сәйкес еңбек жағдайларын жақсарту мақсатына сәйкес еңбек қорғау қорлары құрылуы мүмкін.

 

Жұмысшы, еңбек қорғау мен оның шарттарын жақсартуға қажетті қаржыландыруға кететін шығындарға жауап бермейді.

 

Сауықтыру шараларын жүргізуден экономикалық тиімділікті анықтау өте күрделі шарт. Егер ауруға шалдығу деңгейін төмендету тиімділігі белгілі қормен анықталатын болса, онда еңбек қорғауға кететін құралдардың нәтижесі тек қана теңге ғана болуы мүмкін емес. Мысалы, тұрғын шарттарын жақсартуға еңбек өнімділігін арттыру, кадрлардың жиі ауысуын төмендету, ауруларды төмендету сияқты түрлері әсер етеді. Бірақ осы көрсеткіштерге тек қана тұрмыстық шарттар ғана әсер етіп қоймайды, оған сонымен қоса дәрігерлік қызмет түрлері, өндірістегі еңбекті ұйымдастыру деңгейі, ақшалай кірістің деңгейі де әсер етеді. Осылармен қатар әрбір нақты жағдай өзінше жеке нәтижелер береді: ақшалай қаражатты үнемдейді; денсаулығын жақсартады; өнімділікті жақсартады және тағы да басқа. Демек барлық нәтижені қаражатпен есептеу күрделі, жеке

 

 


 

шаралардың тиімділігін және олардың барлық жиынтығын жуық шамамен бағалауға болады.

 

Өндірістегі жазатайым жағдайлардың нәтижесінде және жұмыскерлердің жұмысқа қабілетсіздігі салдарынан экономикалық жоғалымдарын Э келесі топтарға бөлуге болады: Эт,сәтсіз оқиға туралы актілермен рәсімделген және тіркелген,жарақатпен туындаған жоғалымдар; Эмт микрожарақаттармен туындаған жоғалымдар; Эз, кәсіби аурулармен туындаған жоғалымдар; зиянды өндірістік факторлардың болуымен байланысты жәрдем ақыға кеткен шығындар Эв. Демек, жұмыскерлердің жұмысқа қабілетсіздігі салдарынан болған экономикалық шығындарды келесі тәуелсіздік түрінде көрсетуге болады.

 

Э = Этмтзв (1.7)

 

Жазатайым жағдайлар туралы актідегі экономикалық жоғалымдар топтары Эмт, Эз, Эв, көрсетілмейді, сондықтан өндірістік жарақаттардың өзгеруін бағалаумен сонымен байланысты шығындарды бағалау үшін, тек Эт көрсеткіші көрсетілген.

Бір жылдағы Эт өндірістің экономикалық жоғалымы жазатайым жағдайлардың санына байланысты болады:

 

Э = (0,6N+1,25D)b + 8N, (1.8)

 

мұндағы N – бір жылдағы жазатайым жағдайлардың саны; D – бір күндегі жұмысқа қабілетсіздігінің қосынды әрекеті; b – орташа бір күндік еңбекақысы, тг.

Еңбек қорғау бойынша шараларға кететін шығындардың өтелімі, жыл,

Т = М/(Q1 – Q2), (1.9)

 

мұндағы М – еңбек қорғау бойынша шараларға кететін жылдық шығын, тг.; Q 1 және Q 2 – еңбек қорғау бойынша шараларды жүргізгеннен кейінгі және жұмысқа қабілетсіздігі бойынша шығындары мен жоғалымдары, тг.

 

Еңбек қорғау бойынша шараларға кететін шығындар егер олардың өтелім мерзімі нормативті мөлшерден аспайтын болса тиімді болады: Т < 12,5 жыл.

 

 


 

Еңбек қорғау бойынша шаралардың экономикалық тиімділігі, тг.,

 

Э1 = (К/Т) – Тш, (1.10)
мұндағы К – 100 жұмысшыға кететін күрделі салым, тг.;

Т –нормативті өтелім мерзімі,жыл(12,5жыл); Тш – 100жұмысшыға кететін еңбек қорғау бойынша шаралардың жыл сайынғы шығыны, тг.

 

Қазіргі заманғы ғылым, техника, халық шаруашылығы саласында даму кезеңі – басты шарт болып отыр. Өндірістік жарақаттар мен кәсіби аурулардың деңгейін болжау, осы деңгейлердің бұрынғы және болашақтағы олардың өзгеруі негізінде жүргізіледі. Бұл өндірістік жарақаттар мен кәсіби аурулардың алдын алатын, шараларды жасауға және осы шараларды қаржыландыруды жоспарлауға мүмкіндік береді.

 

Өндірістік жарақаттар мен кәсіби аурулардың деңгейін болжау үшін ең төменгі шаршы әдістерін қолдану ең бір тиімді варианттардың бірі болып табылады. Бірнеше жылдар қатар t 1, t 2,..., tn кәсіби аурулар мен өндірістік жарақаттар бойыншастатистикалық мәліметтері бар тау-кен кәсіпорынын мысалға алып көрейік. Сонымен қатар, жарақаттану қарқындылығы да

белгілі,   ,..., n . (t) осы қисық бойынша келесідей  
         

кезеңде жарақаттану қарқындылығын анықтауға болады, мысалы t уақыт аралығында (индекс уақыт аралығында көрсеткіштерді анықтайды):

 

* (t * )    
    (1.11)  
         

 

Жарақаттану қарқындылығының мүмкін мәндерін біле отырып, қауіпсіз жұмыстың мүмкіндігін анықтауға болады және келесі жылдары оның мәндерін сәйкес мүмкіндіктермен салыстыруға болады:

 

Р*(t) = е-λt (1.12)

 

Эксперименталды көрсеткіштер ретінде өндірістік жарақаттарды болжау үшін, у (t)= аеbt экспонентасын болжамдық функциясы ретінде қолдану қажет (1–сурет).

 


 

у = аеbt қисығын өткен жылдарға t 1,.., tn, нүктелері бойыншатұрғызады а және b – қарқындылықтың алғашқы мәндерімен зерттелетін шаманың жылдамдығымен байланысты импирикалық көрсеткіштері: ең төменгі квадраттар әдісі бойынша анықталады.

 

у=аеbt теңдеуіне t мәнін қоя отырып, t 1-ге дейінгі қисықтыңұзаруын аламыз.

 

Одан әрі қарай σ болжауының нақты екендігі анықталады.

 

 

1-сурет. Жарақаттанудың қарқындылық қисығы мен болжау дәлдігі

 

Белгілі уақыт аралығында қауіпсіз жұмыс мүмкіндігі келесі формула бойынша анықталады:

 

    T   n  
P   з   (1.13)  
   
    NT    

 

мұндағы P – қауіпсіз жұмыс мүмкіндігі; Т3 – Р мәні анықталатын берілген уақыт аралығы; N – учаскелердің саны; п

 

– Т уақытындағы N бригадасында тіркелген жарақаттану саны. Есептеу нәтижелері, егер Р ≥ 0,95 шамасы орындалса ғана дұрыс деп есептелінеді. Егер қауіпсіз жұмыстың мүмкіндігі 0,95 шамасынан аз болса, онда Т3 кезеңінде қауіпсіз жұмысқа толық

сенімді болуы мүмкін емес.

 


 

Date: 2016-05-13; view: 3493; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию