Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тазалау және дайындау қазбаларын желдету шарттары





 

Тазалау қазбаларын жеңіл желдетудің тізбектей желдетумен салыстырғанда өзіндік ерекшелігі бар. Сондықтан тазалау қазбалары жанама дайындау қазбаларымен бірге жеңіл ауа ағынымен желдетіледі. Бір қабат шегінде, бір қабатта орналасқан тазалау қазбаларын тізбектей желдету кезінде келесі басты шарттарды орындау кезінде ғана рұқсат етіледі: а) лавалардың жалпы ұзындығы 400 метрден аспауы қажет; б) аралас қазбалардың арасындағы қашықтық 300 метрден аспауы қажет; в) тізбектей желдетілетін әрбір қазба мен оған жанама жатқан қуақаздарға қосымша таза ауа берілуі қажет; г) аралас қазбалардың арасындағы аралық қуақаздарды ауадағы шаңды қалқып жүрген кезінде аулауға немесе басуға арналған жабдықтармен жабдықталуы қажет.

 

Кенді кеніштерде әрбір блок пен камераны әлсіз ауа ағынымен желдету қажет. Жеке жағдайларда екінші камерада сапалы ауаны қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар кезінде (таза ауаның қосымша берілуі, шашырату, сулы тұмандар) екі тазалау камераларын тізбектей желдетуге рұқсат етіледі.

 

Қосымша қазбаларды желдету үздіксіз болуы қажет, ол жалпы кеніштік депрессиямен жүргізілуі және жергілікті желдеткіштермен желдетілуі мүмкін.

 

Жалпы кеніштік депрессия бойынша желдету кезінде ауа ағынын параллельді қазбалар арқылы шығару керек. Демек мұндағы параллельді және бас қазбаларды бір-бірінен 30 метр қашықтықпен өтетін пештермен жауып тастайды. Параллельді қазбалардың және оқпандардың тұйықтағы кенжарларын желдетуді, олардың арасына құбырлар мен ұзындығы 60 м-ден кем емес қоршаулар қою арқылы жүзеге асыруға болады. Қайта қалпына келтіріліп жатқан кенжарларды жалпы кеніштік депрессиямен желдету үшін, алдымен қазбаның барлық биіктігі бойынша қосымша алдыңғы ұңғымаларды бұрғылау қажет.

 

Жергілікті желдеткіш қондырғыларымен дайындау қазбаларын желдету, келесі шарттар орындалып, кеніштің бас

 

 


 

инженері бекіткен желдеткіштер қондырғысының жобасы бар болған кезде жүргізіледі:

 

1) желдеткіш, дайындау қазбасындағы кенжардан шыққан ағыннан 10 м қашықтықта, таза ауа ағыны келетін жерге орнатылады, өйткені мұнда ауа кері айналу мүмкіндігі туындайды. Осыған байланысты дайындық қазбаларының кенжарларында ауаны айдау (немесе аралас) арқылы желдетеді;

 

2) көмір кеніштеріндегі желдеткіш құбырларының артқы жағынан қазбаның кенжарына дейінгі қашықтық 12 м-ден аспауы қажет, кенді және кенсіз кеніштерде – 10м, газды кеніштерде – 8 м, кеніштік оқпандардың өткелі кезінде – 15 м, грейфермен тиеу кезінде – 20м, қайта қалпына келтіру өткелдері кезінде – 6 м болуы тиіс;

 

3) желдеткіш үздіксіз жұмыс істеуі қажет және тағайындалған адам ғана қызмет етуі керек. Егер қондырғының автоматты басқару жүйесі бар болса, онда оған қызмет етуге арнайы адамды тағайындаудың қажеттілігі жоқ. Желдеткіштер жұмысы тоқтап қалған жағдайда немесе қазбаның тұйық қазбаларындағы желдеткіштің жұмысының бұзылуы кезінде, электр жабдықтары тоқтатылып, қазбадағы адамдар желдетілетін қазбаларға жылдам арада шығарылады.

 

Әрбір желдеткішке тақта орнатылады, онда желдеткіш пен кенжарға келіп түскен ауаның мөлшері, желдетілетін қазбаның тұйық бөліктеріндегі рұқсат етілген ұзындығы және аттыру жұмыстарынан кейінгі желдету уақыты жазылып отырады.

Дайындау қазбаларында құбыршектен (шлангадан) тікелей сығылған ауаны жіберу арқылы желдетуге рұқсат етілмейді, ережеге сай мұнда осы қазбаларды эжектрлардың көмегімен желдетуге рұқсат етілмейді.

Жұмыс істемейтін тұйық қазбаларды міндетті түрде желдету қажет немесе кірпішті, тасты, бетонды қалдықтармен жою керек.

 

 

Date: 2016-05-13; view: 1222; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию