Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Нұра ауылдық округінің әлеуметтік экономикалық даму жағдайы





2.1 Нұра ауылдық округінің бүгінгі даму ахуалы

Округте Т.Жүргенов атындағы орта, Дүкен, Мамыр, Белшер негізгі мектептері, мектеп жанындағы интернат, «Бөбек» балабақшасы, 3 клуб, 3 кітапхана, 1 дәрігерлік амбулатория, 3 ФАП, пошта, байланыс жүйесі, 2 телехабарлар тарату орталығы, метеостанция, электр жарығын беру станцасы халыққа қызмет көрсетеді. Сонымен бірге 9 жеке сауда дүкені, 2 жеке монша бар. Ауылда Отан соғысына қатысып майдан даласынан елге оралмағандарға арналған ескерткіш белгі аллея орнатылған.2014 жылы мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған осы ауылдың және сыртта жүрген азаматтар Нұра ауылына шаштараз ашуға демеушілік көрсетсе,биылғы жылы мектеп бітіргендеріне 40 жыл болған мектеп түлектері қомақты қаржымен демеушілік білдіріп фото,видео салонын ашып берді.Жас кәсіпкер Қанатбек Жүнісов осы істі жандандырып,алдағы уақытта тир,теннис ойынын өткізетін орын дайындауда.

1 Кесте. 2015 жылда Нұра ауылдық округі бойынша туылу және өлім көрсеткіші

Елді мекен атауы Туылу Өлім
Нұра ауылдық округі    

 

Жоғарыдағы кестеде көріп тұрғанымыздай табиғи өсім 11 адам.

 

Ауылшаруашылығы саласы бойынша жер пайдаланушы ауылшаруашылығы құрылымы 21, пайдаланып отырған жер көлемі 28216 га.

Ырғыз ауданындағы ауыл шаруашылығы құрылымдары мен үй шаруашылықтарында мал үшін шабындықтың 40%, жайлымның 14,5% пайдалануда.

Пайдаланудағы жайлымдық және шабындық жерлер

  Аудан Алаңы (мың. га) оның ішінде пайдаланылудағы Пайдалану %
Шабын-дық Жайлым-дық Шабын-дық Жайлым-дық Шабын- дық Жайлым-дық
Нұра 1,2 405,3 0,7 7,5 58,3 14.3
Жиынтығы 48,7 3376,9 19,5 487,3 40.0 14.4

 

Округ бойынша мал басы: Түйе – 52 бас, Жылқы – 428 бас, ірі қара – 3492бас, аналығы-1778 бас, қой-ешкі -9414, құстар - 1318 басты құрайды.2015 жылғы төлдері:құлын- 158 бас,бота- 14 бас,бұзау- 1005 бас, қозы-лақ-3320 бас.

1 Кесте Нұра ауылдық округіндегі халқының саны

Елді мекен атауы Халық саны (адам)
Нұра ауылдық округ орталығы  
Мамыр ауылы  
Дүкен ауылы  
Белшер ауылы  
Барлығы  

 

2 Диаграмма. Нұра ауылдық округінің халқының санының пайыздық көлемі

 

Жоғарыдағы диаграммада көріп тұрғанымыздай халықтық көпбөлігі Нұра ауылында тұрады, яғни 60 пайызы.

Ветеринария саласының мамандары жеке малдардың жыл сайынғы төлдерін уақытында сырғалауда.

Жыл аяғына дейін ауылға 350 тонна көмір,7.0 тонна жем келіп,18406 тонна мал азығы дайындалды

 

3 Кесте. Ауылдық округтегі барлық мекемелердің тізбесі

Мекемелер атауы саны
негізгі мектептері  
мектеп жанындағы интернат  
балабақшасы  
Клуб үйі  
кітапхана  
дәрігерлік амбулатория  
ФАП  
пошта  
телехабарлар тарату орталығы  
метеостанция  
электр жарығын беру станцасы  
Барлығы  

 

Жоғарыдағы кестеде көріп тұрғанымыздай ауылда барлығы 20 мекеме тіркелеген.

4 Кесте. 2015 жылғы Нұра ауылдық округіндегі жануараларның саныдық өлшемі.

Жануарлар атауы Саны
Түйе  
Жылқы  
Ірі қара мал  
Қой ешкі  
Құстар  

 

2 Диаграмма. Нұра ауылдық округіндегі жануарлардың пайыздық өлшемде.

 

 

Жоғарыдағы диаграммада көріп отырғанымыздай ауылдық округте үй жануарларының басым көпшілігін қой және ешкі малы құрайды.

5 Кесте. 2015 жылда туылған төлдер саны.

Төлдердің аты саны
Құлын  
Бота  
Бұзау  
Қозы лақ  

 

2015 жылы ауданда өткен жәрмеңкелерге 400 кг ет,сары май 150 кг,50 кг сүзбе,500 кг балық апарылып сатылды.Ақтөбе қаласында өткен облыстық жәрмеңкеде де 200 кг ет,800 кг балық,30 кг сүзбе,30 кг құрт т.б. өнім түрлері апарылып,арзан бағаға сатылды.

 

 

6 Кесте. 2015 жылы ауданда және обылыста Нұра ауылдық округінің азық түлік өнімдерінің сатылған көлемі

 

Өнім аты Аудан жәрменкелері Ақтөбе және облыс жәрменкелерінде
Ет    
Сары май   -
Сүзбе    
Балық    
Құрт -  

Жоғарыдағы кестеде көріп отырғанымыздай балықтың негізгі тұтынушылары Ақтөбе қаласы болса, еттің негізгі тұтынушысы аудан тұрғындары.

2015 жылы «Сыбаға» бағдарламасымен «Есенкелді» шаруа қожалығы Н.Әбдікәрімов 4.950млн.теңге кредит алып, 31 бас ірі қара малын, «Бауыржан» шаруа қожалығы А.Өмірзақов 5.870 млн. теңге кредит алып 47 бас ірі қара малын алып шаруашылықтарын кеңейтуде.

2015 жылы «Атамекен» шаруа қожалығының басшысы Қоқымбаев Арон кесек басып,мал базын салып,жеткілікті мал азығын дайындап,артығын халыққа сатты.

Округте «Жауапкершілігі шектеулі серіктестік» болмағаннан кейін дайындалған өнімдерді өткізу жұмысы жүрмей тұр.

ОН шаруа қожалықтарына субсидия мен несиелер беріліп, мал басын көбейтуге жағдайлар жасалуда.Бірақ шаруа қожалықтарынан мемлекетке әзірге қайтарым болмай тұр.Етке мемлекет тапсырмасымен бұқашықтар тапсыруға құлықсыз.Экспортқа мал тапсыруға да малдарын бергісі келмейді.Қызылорда облысынан келген алыпсатарларға малдарын арзан бағаға беріп жіберуде.Алдағы уақытта осылай мемлекет тапсырмасын орындай алмаса,алған жерлерін пайдаланбайтын болса, мемлекеттен бөлінетін жеңілдіктер тимейді.

Бірсыпыра шаруа қожалықтары алған жерлерін пайдаланбай,елді мекендердің жерлерін тоздыруда.Салынған үйлері мен мал баздары бос тұр.Бұл шаруа қожалықтардан келешекте сұраныс болады.

Алдағы уақытта шаруа қожалықтарын біріктіріп,кооператив құру жұмыстары жүргізіледі.Соған бейімделу керек.

Шағын кәсіпкерлік бойынша тіркеуде тұрған кәсіпкерлік субьектілер саны – 37, шаруа қожалықтары – 21, жеке кәсіпкерлер саны – 16.

Кәсіпкерлікке қамтылған жұмысшы саны – 25,Тұрғындарға қызмет көрсетуге – 13 сауда жасаушы, 4 мал дәрігерлік қызметте, 1 телехабарлар таратуда кәсіпкерлер жұмыс жасайды. Кәсіпкерлікпен айналысу үшін Белшер тұрғыны Е.Қалабаев жер алып,халыққа шөп шауып беру жұмысымен айналысуда.

 

7 Кесте. Нұра ауылдық округіндегі шағын кәсіпкерлік субъектілері және шаруа қожалықтарының саны.

Аты саны
Шағын кәсіпкерлік  
шаруа қожалықтары  
жеке кәсіпкерлер  

Жоғарыдағы кестеде байқағанымыздай ауылдық округде кәсіпкерлік қарқынды дамуда.

 

3 Диаграмма. Нұра ауылдық округіндегі шағын кәсіпкерлік субъектілері және шаруа қожалықтарының пайыздық өлшемі.

3 диаграммада көріп тұрғанымыздай кәсіпкерыліктің 50 пайызын шағын бизнес құрайды.

Нұра ауылының тұрғыны М.Сүлейменов «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасымен кредит алып,мал өсірумен және көбейтумен шұғылдануда.

Нұра ауылының тұрғыны Ақерке Қабидолла қызы сауда қызметін көрсету үшін,азық-түлік дүкенін салып,өз жұмысын бастады.

Отбасылық шаруашылық құру мал бордақылайтын орын,сүт дайындайтын ферма жұмыстарын ашуға 6% несие беріледі.

Белшер ауылының тұрғыны жас кәсіпкер Әнуарбек Қарашұлы және «Бершат» шаруа қожалығы екінші жыл бие сауумен айналысып,халықтың ризашылығына бөленді.

Нұра ауылының тұрғыны Саламат Дәуренбекұлы биыл жеке кәсіпкер болып тіркеліп,халыққа мал азығын дайындап қамтамасыз етумен қатар,бақша егіп,мол өнім алып, Ырғыз, Нұра халқын қауын-қарбыз,көкөністермен қамтамасыз етті.

Кәсіпкерлік субьектілері арқылы бақша дақылдарын егуде 9.8 га жерге бақша егіліп, 124.6 тн өнім алынып тұрғындарға сатылды.

Әлеуметтік төлемдер бойынша табысы төмен 28 отбасының 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақы тағайындалды.

Қаржы көрсеткіштері бойынша мүлік-жер салығы 52500 теңге, көлік салығы 1.166 млн. теңге, 35575 теңге мөр алымы жиналынды.

Қазан айында мамандар әрбір үйді аралап,үйлердің жер актісі мен техникалық паспорт тары бар-жоғын,бар болса кімнің атында екендігін анықтады.Нұра елді мекені бойынша 118 үй болса, 20 үйдің құжаты көшіп кеткен немесе қайтыс болған адамдардың атында екендігін анықтады. 4 үйдің жер актісі жоқ.

Белшер елді мекенінде 42 үй болса оның 7 үйінің құжаты басқа адамдардың атында. 3 үйдің жер актісі жоқ.тағы 3 үйдің жер актісі басқа адамдардың атында.

Мамыр елді мекенінде 36 үйдің 7 үйінің тех.паспорты басқа адамдардың атында болса,6 үйдің жер актісі жоқ.1 үйдің жер актісін қайта дайындау керек.

Дүкен елді мекенінде 25 тұрғын үйдің 6 үйінің теникалық паспорттарын қайта дайындау керек.1 үйдің жер актісін қайта дайындау керек.Осы тұрғындар да өз үйлерінің құжаттарын дайындауға құлықсыз.Бұл мәселелер алдағы уақытта ауыз су келсе,суды үйге кіргізуге кедергі болады.Қазіргі рақымшылыққа байланысты жеңілдік алдағы уақытта бола бермейді.Осы жеңілдікті пайдаланып,үйлердің жер актісі мен техпаспортын өз аттарыңызға аударып алуға жұмыс жасау қажет.

Тазалық жұмыстары:

Нұра ауылдық округі бойынша абаттандыру жұмысына бөлінген қаражат игерілді. Баннерлер орнатылды, округтегі мекемелердің жанына және жеке тұрғындарға Ақтөбе қаласындағы ауыл азаматтарының демеушілігімен 150 түп тал әкелініп таратылып берілді. Мекемелер алдына гүлдер егілді. Округ бойынша көшелер күл- қоқыстан тазартылды..Бөлінген қаражат игерілді.Дегенмен өзен-көл жағасына бейберекет күл-қоқыс төгетін тұрғындар баршылық.Екі жерге «күл-қоқыс төгуге болмайды» деген белгі қойылды.

Аудандық ветеринария мекемесі арқылы бұралқы ит-мысықтардың көзін жойды.

Электр энергиясымен елді мекендер толық қамтылған. Электр жарығы толық уақытылы беріліп тұрады. Нұра ауылының көшелеріне биылғы жылы «Өңірлік даму» бағдарламасымен түбекте 30 нүктеге электр жарығы қондырылып,барлығы 65 нүктеде көшеге жарық берілді.

Телехабарлар таратылуы Округ орталығына Қазақстан 1-ші канал арқылы телехабар таратылады, Дүкен елді мекенінде 2 канал дербес телетаратқыш жұмыс жасап тұр.Округтегі барлық үйде «Отау»ТВ телетаратқыш бар.

Пошта байланысы бойынша халыққа еңбекақы және т.б. төлемдер уақытылы таратылып тұрады, баспасөзге жазылуға тұрғындар округ бойынша ұйымшылдықпен жазылуда.Дегенмен газет-журналдардың уақтылы келмей қалуы,түгел келмеу фактілері жиі кездеседі.Телефонды ретсіз қиып тастау фактілері де бар.

Ауыз сумен қамту. Нұра селосы, Мамыр, Дүкен елді мекендері аудан орталығынан тасылатын тасымал сумен қамтамасыз етілуде, Белшер елді мекені құдық суын пайдаланады.

 

Date: 2016-05-16; view: 911; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию