Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Нұра ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жолдары





 

Бүгінгі күнгі округ бойынша басты проблемалар: ауыз су мәселесі және қыс мезгілі кезіндегі елді мекендер мен аудан орталығы аралығындағы жол қатынасы. Ырғыз-Нұра көтерме жолдың қазіргі жағдайы сын көтермейді. Ырғыздан 5 км Нұра бағытына қарай жолда судан қорғауға көтерілген дамба қыста жолды қармен бітеп тастауы мүмкін.Сондықтан оны тегістеуге көмек керек. Аудан орталығынан 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін Нұра, Мамыр, Белшер елді мекендерге ауыз су құбырын жүргізуге сметалық құжат жасақталды. Осыған байланысты 2015-2016 жылдарға Нұра, Мамыр, Белшер елді мекендеріне ауыз су құбырын тарту үшін қаражат бөлуге жұмыстар жүргізілуде.

Округтегі саяси - әлеуметтік ахуалы тұрақты, алдағы уақытта осы аталған жұмыстар жалғасын табады.

Нұра селолық округінің негізгі болашағы зор салалары:

1) ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу;

2) шағын және орта кәсіпкерлік.

Халықтың бірінші кезектегі проблемалық мәселелері ауыл тұрғындарының жиналыстарында ұсыныстар арқылы енгізілді.

*Ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту;

*Ауылдық округ әкімшілігі ғимараты ескі, жаңадан құрылысын салу немесе қайта жарақтандыру.

*Кейбір мектептер күрделі жөндеуді қажет етеді;

*Мал өнімдерін өңдейтін цех жоқ;

*Ауыл тазалығын сақтау мақсатында ауылдық округ әкімдігін арнаулы техникамен жабдықтау.

«Нұра ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылы атқаратын міндеттері:

- Шаруа қожалықтарын ірілендіру,оңтайландыру жұмыстарын жүргізу

- Кәсіпкерлікті дамыту, оның ішінде отбасылық шаруашылық құрушыларға 6 % несие алуға жағдай жасау;

- Нұра, Мамыр, Дүкен, Белшер елді мекендерін өңірлік даму бағдарламасымен жарықтандыру жұмысын жүргізу;

- Елді мекендегі тұрғындарға бақша егуді қолға алуға түсінік жұмысын

жүргізіп,жандандыру;

- «Туған жерге тағзым» акциясына қолдау көрсетіп, Нұра өңіріндегі туылған азаматтармен жұмыстар жүргізу;

- Ауылды көркейту, көгалдандыру, абаттандыру жұмысын үнемі бақылауда ұстау;

- Мүлікті заңдастыру жұмыстары бойынша халық арасында үгіт-насихат жұмысын күшейту;

- «Сыбаға», «Құлан» «Алтын асық» бағдарламаларының ауылда жүзеге асуына жұмыс жасау;

- Ветеринарлық –санитарлық жұмыстардың жүргізілуін қадағалау;

- Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасының 3 бағытының орындалуын қадағалау;

- Еңбекке қабілетті азаматтардың жұмыс істеуіне жағдай жасау.Әрбір адамның өзінің еңбек етіп,өзінің және отбасының тұрмысын жақсартуға қолдау көрсету;

- Ауылда жұмыссыздық деңгейін мейлінше азайту;

- Ауыз су,жолды жөндеу мәселелерін үнемі назарда ұстау;

- Бюджет шығыстарының мақсаты және үнемді жұмсауын бақылау;

- Елбасы Н.Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатын жүзеге асыруға жоғары деңгейде,жауапкершілікпен жұмыс жасау.

 

 

Орытынды

Мемлекет Басшысының жыл сайынғы Жолдауы - еліміздің қоғамдық өміріндегі басты оқиғаларының бірі, жаңа бір белестің, жаңа жоспарлардың межесі, жаңа міндеттер мен жасампаз жетістіктерге жетудің айқын жолдары. Біздің отбасымыздың әрбір тұрғыны, барлық қазақстандықтар сияқты еліміздің дағдарыстан кейін тез арада қалпына келеріне, өзінің тұрмыс-тіршілігінің көркейе түсеріне, берекесінің арта түсетініне берік сенуіне болады. Себебі Елбасымыз еліміздегі елді мекендерге зор көңіл бөліп, оларды дамыту жолындағы нақты жолдарды көрсетіп берді. Тек жеделдетілген индустрияландыру, инновациялар, еңбек өнімділігін еселеген өсімі ғана Қазақстанның дағдарыстан кейінгі кезеңде пайдалы және нық позицияны иемденуіне мүмкіндік беретіндігі белгілі.Елбасы бізге экономикалық және өркениеттік буырқаныстар дауылдарының ішімен сенімді түрде алға басудың бағытын белгілеп берді.

Тәжірибе нәтижесін қорытындылай келе келесідей тұжырымдар жасауға болады.

Қазақстан Республикасының Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Нұра ауылдық округі әкімінің аппараты - мемлекеттік мекеме болып табылады. Ауылдық округі әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, ауылдық округ әкімдігінің және басқа да құқықтық актілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Бүгінгі таңда Нұра ауылдық округінде төмендегідей проблемалар туындап отыр:

- Ауыз су мәселесі;

- Елді мекендер мен аудан орталығы арасындағы жол қатынасы;

- Ұялы байланыс және ғаламтор желісімен қамтамасыз ету мәселесі.

Аталмыш проблемаларды шешу үшін төмендегі ұсыныстар ұсынылады:

- Осы мәселелерді аудандық мәслихат алдына батыл қойып, республика деңгейінде шешуге күш салу;

- Құжаттамаларды жүргізуде, жергілікті органдармен, мемлекеттік ұйымдармен хат алмасу жүйелерінің жұмысының тиімді жолдарын қарастырып, оларды іс жүзінде тәжірибеге енгізу;

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Нұра ауылдық округі әкімінің аппараты ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын және стратегиялық жоспарларын әзірлеуге басшылық жасайды және ортамерзімді кезеңге арналған жергілікті бюджеттің болжамдық көрсеткіштерін қалыптастыруды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган болып табылады.

 

Date: 2016-05-16; view: 616; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию