Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






фтизиатрия бойынша емтихан сұрақтары





Жалпы практика дәрігер» мамандығы 6 курс интерндерге арналған

фтизиатрия бойынша емтихан сұрақтары

 

1. Қазіргі кездегі туберкулез эпидемиологиясы. Қазақстан Республикасында және дүние жүзіндегі туберкулезбен күресу жағдайы. Мәселелері және болжамдары.

 

2. Туберкулездің негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштері және оны есептеу әдістері. Туберкулез кезіндегі әлеуметтік-экономикалық, тұқымқуалаушылық және экологиялық факторлардың рөлі.

 

3. Туберкулездің патологиялық анатомиясы. Туберкулездегі өзіндік қабыну реакциалары. Туберкулез инфекциасының біріншілік және екіншілік түрлері, морфологиялық ерекшеліктері.

 

4. Туберкулез қоздырғышын анықтау әдістері. Туберкулездің микробиологиялық және сәулелік диагностикадағы маңызы.

 

5. Туберкулез патогенезі. Біріншілік және екіншілік туберкулез түсінігі. Туберкулез инфекциясының организмге ену жолдары.

 

6. Туберкулез кезіндегі аллергия және имммунитет. Клеткалық және гуморалды иммунитет. Туберкулездің таралуындағы иммунтапшылықтың рөлі. Қауіпті факторлар.

 

7. Туберкулез инфекциясының зақымдау көзі және берілу жолдары. Отбасылық контакт. Отбасылық контактағы жеке адаммен жұмыс.

 

8. Туберкулез қоздырғышы. Морфологиялық структурасы мен құрылысы. Түрлері. Патогендігі және вируленттігі. Туберкулез микобактериясының өзгергіштігі. Туберкулез микобактериясының (біріншілік және екіншілік) дәрі төзімділігі, оның клиника практикасындағы рөлі.

 

9. Туберкулез кликалық жіктелуі. Құрылым принциптері, бөлімдері. Туберкулез диагнозын құрастыру.

 

10. Туберкулезді анықтаудағы жалпы принциптер. Қажетті диагностикалық минимум. Қосымша және факультативтік зерттеу әдістері.

 

11. Бұйрықтар мен нормативтік құжаттарға сәйкес балалар туберкулезін диагностикалау алгоритмі. Анықтау тәсілдері. Балаларда туберкулезді анықтаудағы алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының дәрігер рөлі.

 

12. Туберкулиндиагностика. Туберкулин түрлері. Манту сынамасы. Техникасы. Көрсетпелері. Қарсы көрсетпелері. Жұқпалы аллергия және вакцинациядан кейінгі туберкулин реакциясының ажырату диагностикасы.

 

13. Туберкулез жұқпасының ерте кезеңі. Түсінік. Патогенезі. Туберкулин сынамасының виражы. Жұқпалы және поствакциналды аллергияның диагностикасы.

 

14. Біріншілік туберкулез. Туберкулез инфекциясының алғашқы кезеңінің ерекшеліктері. Косспецификалы реакциялардың клиникалық әйгіленімдері. Біріншілік туберкулездің клиникалық формалары.

 

15. Казеозды пневмония. Патогенезді және патологиялық анатомиясы. Клиникасы, диагностикасы және ажырату диагностикасы. Емдеуі және бітімі.

 

16. Өкпенің шашыранды туберкулезі. Патогенезі және патологиялық анатомиясы. Ерте және кеш диссеминация кезіндегі шашыранды туберкулез ерекшеліктері. Клиникалық формалары. Клиникасы, диагностикасы және ажырату диагностикасы. Емдеуі және бітімі.

 

17. Мезентериялық лимфалық түйіндер туберкулезі. Патоморфологиялық сипаттамасы. Жіктемесі. Клиникалық көрінісі, ағымы. Лапароскопияның диагностикалық құндылығы. Аурудың диагностикасындағы бактериологиялық және гистологиялық зерттеудің рөлі. Мезентериялық лимфалық түйіндер туберкулезінің диагностикасы, ажырату диагностикасы мен емі.

18. Перифериялық лимфалық түйіндер туберкулезі. Патоморфологиялық сипаттамасы. Жіктемесі. Клиникалық көрінісі, ағымы. Аурудың диагностикасындағы цитологиялық, бактериологиялық және гистологиялық зерттеудің рөлі. Перифериялық лимфалық түйіндер туберкулезінің диагностикасы, ажырату диагностикасы мен емі.

 

19. Біріншілік туберкулез комплексі. Патогенезі және патологиялық анатомиясы. Клиникасы, диагностикасы және ажырату диагностикасы. Емдеуі және бітімі. Біріншілік туберкулездің асқынулары.

20. Ошақты туберкулез. Туберкулез инфекциясының салдарлық кезеңінің ерекшеліктері. Ошақты туберкулездің клиникалық-рентгенологиялық формалары. Диагностикасы мен емі, нәтижелері, диспансерлік бақылау. Ошақты туберкулездің ажырату диагностикасы.

 

21. Өкпе туберкулемасы. Патогенезі және патологиялық анатомиясы. Клиникасы, диагностикасы және ажырату диагностикасы. Емдеуі және бітімі.

 

22. Өкпенің кавернозды туберкулезі. Патогенезі және патологиялық анатомиясы. Клиникасы, диагностикасы және ажырату диагностикасы. Емдеуі және бітімі.

 

23. Өкпенің циррозды туберкулезі. Патогенезі және патологиялық анатомиясы. Клиникасы, диагностикасы және ажырату диагностикасы. Емдеуі және бітімі.

 

24. Кеудеішілік лимфа түйіндері туберкулезі. Патогенезі және патологиялық анатомиясы. Клиникасы, диагностикасы және ажырату диагностикасы. Емдеуі және бітімі.

 

25. Туберкулез плевриті. Патогенезі және патологиялық анатомиясы. Клиникасы, диагностикасы және ажырату диагностикасы. Емдеуі және бітімі.

26. Туберкулез менингиті. Балалардың туберкулез менингитінің даму факторлары, аурудың патогенезі. Ағымының патоморфологиялық және клиникалық ерекшеліктері. Туберкулез менингитінің патоморфозы. Диагностикасы, ажырату диагностикасы. Емі. Профилактикасы. Диспансерлік бақылау.

27. Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі, қалыптасу себептері, эпидемиялық маңызы, клиникалық әйгіленімдері, ағымы, емі мен ажырату диагностикасы.

 

28. Өкпенің инфильтративті туберкулезі. Патогенезі және патологиялық анатомиясы. Клиникасы, диагностикасы және ажырату диагностикасы. Емдеуі және бітімі.

29. Өкпе туберкулезі және қантты диабет. Аурудың патогенетикалық ерекшеліктері мен олардың ауру ағымына тигізетін өзара әсері. Қантты диабетке шалдыққан балалар туберкулезінің клиникалық және рентгенологиялық белгілері. Туберкулездің ерте анықталуы, диабетке шалдыққан науқастарды емдеу мен алдын алу.

 

30. Өкпе туберкулезі мен асқазан жара ауруы. Олардың ауру ағымына тигізетін өзара әсері. Өкпе туберкулезі және өкпенің бейарнамалы аурулары. Өкпенің бейарнамалы ауруларына шалдыққан балалар туберкулезі дамуының патогенентикалық механизмдері. Аурудың клиникалық-рентгенологиялық ерекшеліктері, ағымы. Туберкулездің ерте анықталуы, емі мен профилактикасы.

31. Өкпе туберкулезі және АИТВ-инфекциясы. АИТВ-инфекциясына шалдыққан балалар туберкулезі дамуының патогенетикалық механизмдері. Туберкулездің ерте анықталуы, емі мен профилактикасы.

 

32. Жүкті әйелдер туберкулезі және босанғаннан кейін кезеңдегі туберкулез. Жүкті әйелдер туберкулезі және босанғаннан кейінгі кезеңдегі туберкулез ағымының диагностикасы, клиникасы, ерекшеліктері.

 

33. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарынын (ПМСП) туберкулезге қарсы жұмысы мен санэпид қадағалау қызметі. Туберкулез ауруын балалар арасында анықтауға педиатр-дәрігердің рөлі. Балалар арасындағы туберкулезге қаупті топтары. Туберкулезді ерте анықтау іс-шаралары. Фтизиатрға жолдама беру көрсетпелері.

 

34. Қазақстан Республикасының туберкулезге қарсы ұйымдары. Туберкулезге қарсы диспансер және оның структурасы мен жоспары.

 

35. Диспансердегі контингенттер санағы. Диспансерлік ұйымдардың туберкулез ауруындағы әртүрлі контингенттерді бақылау.

 

36. Спецификалық профилактика – БЦЖ вакцинациясы, вакцинацияға дейінгі және ревакцинациясы. Көрсетімдері мен қарсы көрсетімдері, өткізілуін ұйымдастыру мен техникасы, нәтижелілігін бағалау. БЦЖ вакцинациясы мен ревакцинациясының жанама реакциялары, шаралары, диагностикасы, емі мен диспансерлік бақылау.

 

37. Санитарлық және әлеуметтік туберкулез профилактикасы. Туберкулез инфекциясы ошағы туралы түсінік. Ошақ типтері. Туберкулез ошағында өткізілетін іс-шаралар. Әртүрлі қауіп топтарына жататын туберкулездің химиопрофилактикасы. Санитарлық-ағарту жұмысы.

 

38. Балалар туберкулезін емдеудің халықаралық стандарттары. Бақыланатын, бейімделген химиотерапияның маңызы. Туберкулезбен ауратын балалардың жалпы химиотерапиясының принциптері.

 

39. Туберкулез науқастардың химиотерапиясы. Туберкулезге қарсы препараттардың жіктелісі, жағымсыз әсері. Қолдану әдістері. Дозасы. Науқастардың санаттары және емдеу схемасы. МБТ дәрілік тұрақтылығы.

 

40. Туберкулезбен науқастардың патогенетикалық емі. Коллапсотерапия. Түрлері. Көрсетпесі. Өкпе туберкулезімен науқастардың хирургиялық емі. Операцияның негізгі түрлері. Көрсетпелері.

 

41. Өкпе туберкулезінің асқынулары. Қан түкіру және өкпеден қан кету. Спонтанды пневмоторакс. Клиникасы, диагностикасы мен емі.

 

42. Өкпе туберкулезінің асқынулары. Жүрек-өкпелік жеткіліксіздік. Созылмалы өкпелік жүрек, даму сатылары, клиникалық әйгіленімдері. Диагностикасы мен емі. Ішкі органдар амилоидозы, клиникалық әйгіленімдері. Диагностикасы мен емі.

 

Date: 2016-06-09; view: 1604; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию