Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Топырақтың пестицидтермен және ауыр металлдармен ластануын бақылау



1.Уыттылық- улағыш заттың адамдар мен жануарларға зақымдау әсерінің күші. Өте шағын ұрыстық мөлшерде және өте аз уақытта зақым келтіретін улағыш заттар ең уытты болып табылады. Улағыш заттың уыттылық мөлшері мг/мин/л немесе мг/сек/л-мен өлшенеді. Улағыш заттардың уыттылыгын сипаттау үшін олардың өлімге душар ететін және өлімсіз зақым келтіретін мөлшерлерін анықтайды. Улағыш заттың өлімге душар ететін мөлшері неғұрлым аз болса, ол соғұрлым уытты болып келеді.

Уыттылық дегеніміз кейбір заттардың ағзаның физиологиялық қызметін бұзуға қабілеттілігі,өз кезегінде аурулар душар етеді немесе ауыр жағдайда өлімге соқтырады.Шын мәнінде улану заттардың қмірмен сәйкес келмеуінің өлшемі.Тірі ағзаларда элементтердің аса көп болуы және осы реакциялардың болуына ықпал ететін негізгі элементтер:

· Ag,Au,Br,Cd,Ca,F,Hg,I,Pb,UO2 – мембрана жасушаларының сіңіруін өзгертеді

· As,Sb,Se,Te,W,F – өмірлік маңызды метоболиттермен бәсекеге түседі

· Cs,Zi,Rb,Se,Sr – жағдайды барынша нашарлатады,өмірлік аса маңызды иондардың орнын басады немесе алмастырады.

Уыттылық дәрежесі-уыттылық мөлшерінің,мөлшерін сипаттау,заттардың санымен,жекелеген уытты күштің пайда болуына себепші.

2. Биогеоценоз (био..., гео... және гр. koіnos — жалпы) — тіршілік ету жағдайлары ұқсас, белгілі аумақта өсетін өзара байланысты түрлердің (популяциялардың) тыныс-тіршілік ортасы.Биогеоценоз терминін 1940 ж. орыс ғалымы В.Н. Сукачев ұсынған. Ғылыми әдебиетте биогеоценозды экологиялық жүйе деп те атайды. Дара бастың зат алмасу және энергия қабылдау процестері биогеоценоз популяциялары арасындағы байланыстардың негізін құрайды. Қоректену әдісіне қарай барлық тірі организмдер автотрофты организмдер және гетеротрофты ағзалар болып бөлінеді.



Биогеоценоздағы зат айналымы тіршіліктің пайда болу процесінде қалыптасып, тірі табиғат эволюциясының дамуы нәтижесінде күрделене түседі. Сондай-ақ, биогеоценозда зат айналымы болу үшін экожүйеде анорганикалық заттардан органикалық заттар түзетін және Күн сәулесінің энергиясын басқа түрге өзгертіп, сол органикалық заттарды пайдаланып, оларды қайтадан анорганикалық қосылыстарға айналдыратын организмдер болады. Биогеоценоздың негізін продуценттер, консументтер, редуценттер құрайды.

Биогеоценозды және онда өтіп жатқан процестерді сипаттайтын көрсеткіштер:

· түрдің алуан түрлілігі (осы биогеоценозды құрайтын өсімдіктер мен жануарлардың түрлерінің саны);

· популяция тығыздығы (бір түрдің аудан немесе көлем бірлігіне келетін дара бастар саны);

· биомасса.

Биогеоценоз 2-ге бөлінеді.

Табиғи биогеоценоз (тоған, орман, т.б.) — табиғи сұрыпталу нәтижесінде қалыптасатын өздігінен реттелетін күрделі де тұрақты биологиялық жүйе.

Жасанды биогеоценоз — түрлі агрономиялық әдістерді қолдану нәтижесінде алынған агроценоздар. Бұған қолдан жасалатын шалғындықтар, егістіктер мен жайылымдар, қолдан отырғызылатын ормандар жатады. Биогеоценоз эволюциясы (Эволюция биогеоценоза) — экожүйедегі түрлердің және олардың арақатынастарының үздіксіз бір мезгілде өзгеру және бір түрдің түсіп қалып, бұрын болмаған екінші басқа бір түрлердің пайда болу құбылыстары. Ғасырлар бойғы эволюция нотижесінде қазіргі биосфера қалыптасты. Бұл уақыттар ішінде тек түрлер ғана өзгеріп қоймай, сонымен қатар түрлерге осер ететін сыртқы және ішкі факторлар да ор түрлі өзгерістерге ұшырағаны анық. Эволюция барысында биогеоценоздар планетаның экожүйесіндегі және оның аумақтық бөліктеріндегі өзгерістерге бейімделеді.

3. Антропогендік әсердің бір салдары — топырақ жамылғысынын қарқынды ластануы. Ластанушылар ролін металдар мен олардын қосылыстары, радиоактивті элементтер, ауыл шаруашылығында қолданатын тыңайтқыштар мен улы химикаттар атқаруда.



Топыраққа қауіпті ластаушылардың бірі сынап пен онын қосылыстары жатады. Сынап қоршаған ортаға улы химикаттармен, металдық сынап және оның қосылыстары бар өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен түсуде.

Топырақ үшін қауіпті ластаушылардың тағы бірі — қорғасын. Бір тонна қорғасын балқытқан кезде қалдықтармен бірге қоршаған ортаға 25 кг қорғасын бөлінеді. Жоғарыда айтылғандаи, қорғасын қосылыстары бензиннің құрамында да кездеседі Сондықтан автокөліктер қорғасынмен ластаудың көзі болып табылады . Әсіресе қорғасынның мөлшері автокөліктер көп жүретін үлкен көшелер бойындағы топырақ құрамында көп болады.

Қара және түсті металлургия орталықтарының төңірегіндегі топырақтар темірмен, мыспен, мырышпен, марганецпен, никелмен, алюминимен және басқа да металдармен ластанған. Көптеген жерлерде олардың концентрациясы шекті мөлшерден ондаған есе асып түседі.

Билет №27








Date: 2016-06-09; view: 167; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.01 sec.) - Пожаловаться на публикацию