Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Азіргі теория бойынша Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы дәлелдемелер мен фактілер





3. Атмосфера, гидросфера, топырақ беті ластануының

1. Табиғаттағы су айналымы — жер шарындағы судың күн қуаты мен салмақ күшінің әсерінен үздіксіз тұйық айналу процесі. Су жер шарындағы мүхиттар мен құрлықтардың бетінен буланады, су булары ауа ағындары мен жоғары көтеріледі де, қоюланып тамшыға айналады және атмосфералық жауын-шашын түрінде мұхитқа немесе құрлыққа қайта оралады, ал құрлықтан мұның біразы өзендер арқылы мұхиттарға қайтадан ағып барады (судың үлкен тұйық айналымы). Бұдан басқа жергілікті немесе құрлық ішіндегі су айналымы болады.Су ресурстарының “мұхит-атмосфера-жер-мұхит” системасындағы айналым процестерінде тамаша бір қасиеті - өздігінен қайта қалпына келу қабілеті. Сондықтан табиғатты қорғаудың аса маңызды міндеттерінің бірі табиғи сулардың осы қасиетін сақтап қалуға барынша мүмкіндік жасау.Су-ғажайып зат. Су бір мезгілде 3 түрлі күйінде кездеседі Мұз-судың қатты күйі,оның сұйыққа айналуымен булануы қатар жүреді.

Биосферада су айналымы геологиялық және биотикалық айналымдарды байланыстыруда басты рөл атқарады. Су биосферада үздіксіз бір күйден екінші күйге ауыса отырып, үлкен және кіші су айналымын жүзеге асырады. Буланған суды ауа ағындары жүздеген километр алқапқа таратады. Ол жер бетіне жауын- шашын түрінде түсіп, тау жыныстарынан бұзылуына себепші болады, оларды өсімдіктер мен организмдердің пайдалануына жарамды етеді, топырақтың беткі қабатын шайып кетеді, онда еріген химиялық қосылыстар мен органикалық бөлшектер мұхиттар мен теңіздерге ағып барады. Жер бетінен 1 минутта 1 млрд тоннадай судың буланатыны есептеп шығарылған. Алосыншама мөлшердегі судың булануына жұмсалған энергия атмосфераға қайтып оралады. Дүниежүзілік мұхит пен құрлық арасындағы су айналымы Жердегі тіршіліктің сақталуындағы аса маңызды буын болып есептеледі және өсімдіктер мен жануарлардың өлі табиғатпен өзара әрекеттесуінің негізгі шарты болып табылады. Мұндай әрекеттен литосфера біртіндеп бұзылып, оның бөлшектері мұхиттар мен теңіздер тұңғыйығына барып шөгеді. Кіші су айналымы экожүйенің шегінде өтетіндіктен, гидросферан, топырақ, атмосфера, өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер арасындағы айналым рөлін атқарады.

2.Тіршіліктің пайда болуы туралы теориялар.Тіршіліктің пайда болуы жайында, негізінен, бір-біріне қарама- карсы екі көзкарас қалыптасқан. Оның біріншісі — тіршілік өлі табиғаттан пайда болған деген абиогенездік теорияға келіп тіреледі. Екінші көзқарас — биогенездік теория. Бұл көзқарас бойынша тіршіліктің өздігінен пайда болуы мүмкін емес. Тіршіліктің пайда болуы жайындағы бұл екі көзқарас арасындағы өзара келіспеушілік пікір осы күнге дейін жалғасып келеді.Тіршіліктің өздігінен пайда болмайтынын дәлелдеу үшін 1860 жылы француз ғалымы, микробиолог Луи Пастер (1822—1895 жж.) арнайы тәжірибе жасады. Ол ұшы латынның S-әрпі тәрізді шыны түтікті қолданды. Л.Пастер шыны ішіндегі қоректік ортаны кайнатып, оны иір иінді түтікпен жалғастырды да, түтіктің ұшын ашық қалдырды. Түтік ішіне ауаның еркін кіруіне мүмкіндік жасалды. Микроорганизмдердің споралары шыны түтіктің иір иініне жиналып, қоректік ортаға түспегендіктен, шыны ішіндегі ерітінді ұзақ уақыт таза қалпында сақталды. Л.Пастер қарапайым ғана тәжірибесі арқылы ағза тек тірі ағзадан ғана пайда болады деген биогенездік теорияның дұрыстығына көз жеткізді.

Абиогенез теориясын жақтаушылар Л.Пастер тәжірибесінің дәлелділігін мойындамады. Олардың бір тобы жер бетіндегі тіршілік мәңгілік әрі оны жаратушы күш бар деген пікірді ұсынды. Бұл көзкарас креационизм (латынша «creatio» — жаратушы) деп аталады. Осы көзқарасты К.Линней, Ж.Кювье, т.б. колдады. Жер бетіне тіршілік тұқымы басқа ғаламшарлардан метеориттер арқылы үнемі таралып тұрады деген де көзқарастар болды. бұл көзқарас ғылымда панспермия теориясы (грекше «pan» — барлық және «sperma» — тұқым) деген атпен белгілі. «Панспермия теориясын» 1865 жылы алғаш неміс ғалымы Г.Рихтер ұсынған. Оның пікірі бойынша жер бетінде тіршілік бейорганикалық заттардан пайда болмайды, яғни тіршілік басқа ғаламшарлардан таралған. Бұл көзқарасты сол кездегі көрнекті ғалымдар Г.Гельмгольц, Г.Томсон, С.Аррениус, П.Лазарев, т.б. қолдады.Тіршілік мәңгі, ол ғарыш кеңістігінде кеңінен таралған. XX ғасырдың бас кезінде швед ғалымы С.Аррениус (1859—1927 жж.) панспермия тұжырымын колдады. «Ол тіршілік ғарыш кеңістігінде күн сәулелерінің қысымы арқылы бір аспан денелерінен екіншісіне ауысып отырады,»— деп түсіндірді. бұл тұжырымды қолдаушылар тіршілік Жерге метеориттер арқылы келуі мүмкін деген пікірде болды.

Тіршілік жер бетінде мәңгілік деген теорияны 1880 жылы неміс ғалымы В. Прейер ұсынды. бұл көзқарасты аса көрнекті орыс ғалымы В.И. Вернадский де жақтады. бұл теория: «Тірі организмдер мен өлі табиғаттың арасында ешқандай айырмашылық жоқ»,— деген пікірге келіп тіреледі. Тіршіліктің пайда болуы деген ұғым тікелей тірі азғалар туралы деректердің кеңеюімен жене тереңдей түсуімен тығыз байланысты. Бұл салада неміс ғалымы Э. Пфлюгердің (1875 ж.) нәруызды заттардың шығу тегін зерттеуінің маңызы зор. Ол нәруыздың цитоплазма құрамының негізгі бөлігі екендігіне ерекше мән беріп, тіршіліктің пайда болуын материалистік тұрғыдан түсіндіруге тырысты.

Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі кездегі көзқарас биопоэз теориясы деп аталады (биохимиялық эволюция теориясы деп те атайды). Бұл теорияны 1947 жылы ағылшын ғалымы Дж. Бернал ұсынды. Дж. Бернал биогенездің үш кезеңін ажыратты. Оның: бірінші кезеңі — биологиялық мономерлердің абиогендік жолмен пайда болуы.Екінші кезеңі — биологиялық полимерлердің түзілуі.Үшінші кезеңі — менбраналы құрылымдар мен алғашқы ағзалардың (протобионттардың) пайда болуы.

Қазіргі кездегі биология ғылымының жетістіктеріне сәйкес тіршілік деген ұғымға көптеген анықтамалар беріліп жүр. Солардың ішінде орыс ғалымы М.В.Волькенштейннің берген анықтамасы ғылыми тұрғыдан дұрыс деп есептеледі. Бұл анықтама бойынша: «Жер бетінде тіршілік ететін тірі организмдер — нәруыздар мен нуклеин қышқылдарының биополимерлерінен тұрады және олар өзін — өзі реттеп отырады. Тірі организмдер артына өзі тектес ұрпақ қалдырып, тіршілік үнемі жалғасып отырады». Бұл анықтама әлем кеңістігіндегі басқа да ғаламшарларда жер бетіндегі тіршіліктен өзгеше тіршіліктің болуын жокка шығармайды.

Соңғы ғылыми деректер бойынша Жердің жасы — 4,6 млрд жыл. Ғаламшардың терең қабаттарында заттардың өте баяу, бірақ төтенше күшті балқымалы қозғалыстары үнемі өтіп жатады. Жанартаудың атқылау белсенділігі, тау түзілу және континенттердің ығуы осыған байланысты жүзеге асады. Бұдан басқа ғаламшарлар қойнауында физикалық қана емес, орасан зор химиялық үдерістер жүріп жатады. Ғалымдар бүгінгі күні ғаламшарымыздың геологиялық белсенділігі біртіндеп жоғала бастауы жанартау өрекетінің көмескіленуімен толық дәлелдеді. Қоршаған ғарышка жылу беру төмендеп кетті. Қазіргі замандағы жанартау газының 15%-ы — көміркышкыл газына, 75%-ы — су буы, калған 10°/о-ында метан СН4, аммиак NH3, күкірт косылыстары H2S және SO2, сондай-ақ «қышқыл тұман» және инертті газдардың үлесіне тиеді. Миллер өз тәжірибелерінде дәл осы қоспаларды пайдаланды. Мұндай атмосфераның қазіргі заманғыдан өте маңызды айырмашылығы бар, онда оттегі мен озон болмайды. Сондықтан тотығу (бүлдіру) үдерістері ағзалык және өзге заттардың оттегімен қосылуы болмайды. Ал озон кабатынсыз (қағарғысыз) ультракүлгін сәуле шашу түріндегі орасан мол Күн радиациясынан Жер беті быт-шыт болар еді. қойнауының бөлiктерi.

3.Атмосфераның ластануының екі жолы бар: Табиғи ластану және антропогенді ластану. Табиғи ластануға жанаратау атқылауы,тау жыныстарының үгілуі,шаңды дауылдардың тұруы,орман өрттері,теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі,өлекселердің шіру процестері жатады.Сонымен қатар атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, ауру тудыратын бактериялар, саңырауқұлақтар, споралар, өсімдік тозаңы, космостан келетін шаң тозаң жатады. Атмосфераны антропогенді ластағыш заттардың негізгі көздері — өнеркәсіп, автокөліктер, жылу энергетикасы, мұнай, газ, көмір өндіру, өндеу орындары, космос және энергетика, үй құрылыс комбинаты, асфальт зауыты, ауыр машина жасау зауыты т.б. өндіріс салалары. Бұл аталған обьектілерден атмосфераға түскен заттар ауа құрамындағы компоненттердің қатысумен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды.

Гидросфераны ластаушы негізгі көздер:

· Өндіріс орындарынан шыққан зиянды қалдықтар

· Миниралды тыңайтқыштар мен химиялық заттар арқылы ауыл шаруашылығы сулары

· Атмосферадағы ластаушы заттар

· Мұнай өндіруші және өңдеуші кәсіпорындардан шыққан ағынды сулар.

топырақты ластаушыларының негізгі көздері мыналар:

· пестицидтер;

· минералдық тыңайтқыштар;

· өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы қалдықтары;

· атмосфераға өнеркәсіп орындарынан бөлінетін газды-түтінді заттар;

· Мұнай және Мұнай өнімдері.

· Радиоактивті ластануы

· Өндірістік коммуналдық ақаба сулармен.

Егістіктерде пестецидтер,гербицидтер,миниралды тыңайтқыштардың өлшемсіз қолдану нәтижесінде топырақта өте улы:мышьяк,кадмий,сынап,селен,қорғасын,мырыш,фтор,

кобальт,бор,никель,мыс,молибден,хрром,стронций,барий,марганец,вольфрам жинақталады.

 

Билет №23

Date: 2016-06-09; view: 1801; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию