Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ндіріске арналған шығындар басқа белгілердің қатары бойынша жіктелуі мүмкін





№ р/с Жіктеу тобы Шығындар
1. Өндіріс процесіндегі экономикалық рөл бойынша - негізгі - үстеме
2. Өнімнің өзіндік құнына салу тәсілі бойынша - тікелей - жанама
3. Құрамы бойынша (біртектілік) - бір элементті - кешенді
4. Өндіріс көлеміне қатысы бойынша - өзгермелі - тұрақты
5. Пайда болу кезеңі бойынша - ағымдық - біруақыттық  
6. Өндіріс процесіне қатысуы бойынша (басқару қызметі бойынша) - өндірістік - әкімшілік - коммерциялық
7. Тиімділігі бойынша - өндірілетін - өндірілмейтін
8. Бақылау мүмкіндігі бойынша - реттелетін - реттелмейтін
9. Орташалау деңгейі бойынша - жалпы - орташа
10. Пайданы генерациялау кезеңіне шығынды рет – ретімен көшіру - өнімге - кезеңге

Қысқа мерзім кезеңінде өндірістің жалпы, тұрақты және айнымалы шығындары анықталады.

Жалпы шығындар (ТС) – бұл өндіріске кеткен барлық шығындар және тұрақты, айнымалы шығындардан тұрады.ТС = ҒС + VС

Тұрақты шығындар (ҒС) - өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындар. Бұларға салықтар, жалға беру, төлемдер, сақтандыру, амортизация және т.б.

Айнымалы шығындар (VС) – бұлар өнім көлемі өзгерсе бірге өзгеретін шығындар. Олар шикізатқа, жалақыға, энегияға, транпортқа, материалдарға кеткен шығындар.

Өндірістік шығындарды талдағанда жалпы шығындармен қатар орташа және шекті шығындарды талдаймыз. Өндірістің орташа жалпы шығындары (АТС) өнімнің бір данасын шығаруға кеткен жалпы шығындарды көрсетеді. Бұл шығын өнеркәіпте басқаруға көмектеседі. Бұл шығын арқылы бір өнім өндіргенде келеін пайданы табамыз.

АТС(АС) =ТС/Q

Орташа жалпы шығындарды (АТС) 2 түрге бөлуге болады (АҒС).

а) орташа тұрақты шығындар: АҒС=ҒС/ Q

б) орташа айнымалы шығындар: АVС=VС/ Q

Өндірістің шекті шығыны (МС) жалпы шығындардың өзгеруіне өнім көлемінің өзгеру қатынасына тең болады және өнімнің қосымша данасын шығарғандағы кететін қосымша шығындарды көрсетеді.

МС= ТС/ Q

Өнім шығару көлемі өскен кезде тұрақты шығындар (ҒС) өзгермейді. Сондықтан жалпы шығындардың (ТС) өсуі айнымалы шығындардың (VС) өсуіне тең болады.

МС= VС/ Q

Фирманың шаруашылық қызмет процесінде өндірістік тұрақты шығындар құрылымында қалдық және старттық шығындар туады.

Қалдық шығындар -өнімді өткізу мен өндірістің тоқтауымен болатын тұрақты шығындардың бөлігі. Неғұрлымшаруашылық қызметінің тоқтау уақыт ұзақ болған болған сайын, соғұрлым қалдық шығыннның көлемі аз. Бұл жағдайда фирмада жұмысшы күшін жалдау мен ғимараттарды жалға беру туралы түрлі шарттар мен келісімдерден құтылу мүмкіндіктері пайда болады.

Старттық шығындар -өндірісті қайта қосумен және өнімді өткізумен байланысты туатын тұрақты шығындардың бөлігі.

Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.

Аталған шығындар, өнім және қызмет көрсетуге аударылған, өзіндік құнға қосылғандар оларды өткізу бағасында өткеріледі. Осылайша, өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын көрсетеді.

Date: 2016-01-20; view: 1320; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию