Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Ақша қаражаттары және есеп айырысу есебі





Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз. Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіп отырады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:

· Ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезінде есептеу;

· Кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелдігін және олардың тиімді пайдалануын бақылау;

· Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу;

Ақша қаражаты - бұл кәсіпорынның кассасындағы қолма-қол ақша қаражатарының сомасы, банктердегі есеп айырысу шотындағы, валюталық шоттағы және өзге шоттардағы ақша қаражаттары, бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, жинақ ақша сертификаттары, вексельдер) және кәсіпорынның өзге де ақша қаражаттары. Ақша қаражаттары ең тез қолданылатын активтер қатарына жатады. Тез қолданылатын себебі, ақшалай есептесу арқылы кез келген операцияны жүргізуге болады және міндеттемелерді орындау үшін ұзақ уақыт талап етілмейді. Ақшалай қаржының болуы,алашақтары барлармен, бюджетпен, қызметкерлермен дер кезінде есептесіп отыруға мүмкіндік береді.

Ақша қаражатының есебін жүргізу үшін, шоттардың үлгілік жоспарындағы 1010-1060 шоттарының тобы пайдаланылады.

1000 Ақша қаражаттары

1010 Кассадағы ақша қаражаты

1020 Жолдағы ақша қаражаты

1030 Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты

1040 Карт-шоттардағы ақша қаражаты

1050 Жинақ шоттардағы ақша қаражаты

1060 Өзге ақша қаражаттары

Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары бұл банк пен клиенттері арасындағы келісімшарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі.

Ақша қаражаттары баланста бастапқы құны бойынша есептеледі.

Кәсіпорынның ақша қаражаттары негізінде нақты және нақты емес деп 2-ге бөлінеді.

Нақты ақша – ол кассалық операциясы арқылы орындалады.

Нақты емес ақша – ол банктік аударым арқылы орындалады.

Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді:

-Қолма қол ақшаны аударуды;

-Төлем тапсырманы ұсынуды;

-Чектерді беруді;

-Вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді;

-Төлем карточкасын пайдалануды;

-Тікелей дебиттік банк шоттарына аударуды;

-Тапсырма - талап төлемдерін ұсынуды;

-Инкассалық жарлығын ұсынуды;

-Республиканың заң актілерімен белгіленгенбасқа да әдістерін пайдаланады.

Ақшасыз есеп айырысу нысандары :

-Төлем тапсырма;

-Төлем тапсырма төлемдері;

-Чек;

-Вексель;

-Кеден мен салық қызмет органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.

Ақша қаражаттарының қозғалысы – ол түсу мен шығудың нәтижесіндегі операциялық, инвестициялық және қаржылық орындалатын қызметтерді айтамыз.

Бухгалтерлік есептің 4 стандарты «Ақша қаражаттарының қозғалыстағы есебі» бойынша ақша қаражаттары ақша құралдары сияқты, олар кәсіпорын кассасында және банк мекемесінің есеп шотында сақталады.

Әрбір мемлекеттік кәсіпорын қолма-қол ақшамен есеп айырысу үшін кассаға ие болу керек. Касса дегеніміз – арнайы жабдықталған, бөлінген ақшаларды қабылдауға, беруге, уақытша сақтауға арналған бөлме. Ақша қаражаттарының сақталуы, шығындалуы және есепке алынуы касса да «Кассалық операцияларды жүргізу ережелерімен» бекітілген,ол шаруашы лық жүргізуші субьектілерімен және кәсіпорынның есеп саясаты негізінде жасалынады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасы жұмысшы қызметкерлерге есептелінген еңбекақы бойынша есеп айырысу үшін, күнделікті көлік құралдарына қажетті шығындарды төлеп отыру үшін, кеңсе тауарларын сатып алу үшін, сондай ақ ұйымның хат және басқа да құжаттарды пошта арқылы жөнелтуі үшін есеп айырысуға арналған.

Кассадағы операциялар есебі 1010 - «Кассадағы қолма-қол ақша» бөлімшесінің активті жинақтаушы шоттарында:

«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша» және «Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша» шоттарында жүргізіледі.

«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшаның» есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі (24 БЕС).

Кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері КО-1 құжаты (қосымша №1)бойынша жүзеге асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны қабылдағаны туралы түбіртек беріледі. Төлемдерге ақшаны қабылдаған кезде кассир «Төлем таңбаларын анықтау тәртібін» басшылыққа алуға міндетті.

Негізінде кассалық кіріс ету ордеріне:

· Ұйымның аты;

· Ақша төлеуші заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөні;

· Қандай мақсатқа және не үшін ақша төлеп жатқандығы;

· Сол ақшаның төленген уақыты (күні, айы, жылы);

· Кассир мен бас бухгалтердің қолдары қойылуы қажет.

Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерімен КО-2 құжаты (қосымша №2) немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттамен рәсімделеді. Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол қоюы міндетті емес. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмірін, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетіледі.

Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде ақшаны алуға сенім білдірілген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: «Сенімхат бойынша» деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне немесе ведомостьқа қоса тіркейді.

Касса операцияларының есебін кассир КО-4 формамен (қосымша №3) белгіленген Касса кітабында жүргізіледі, ол нөмірленуге, тігілуге және оған сүргі салынуға тиіс; ондағы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.

Касса кітабының әрбір парағы тең екі бөліктен тұрады. Олардың бірін кассир бірінші дана ретінде толтырады және ол кітапта қалады; екіншісі көшіргі қағаз арқылы бергі және сыртқы бетін толтырады. Ол кассирдің есебі ретінде парақтың жыртпалы бөлігі болып табылады.

Касса операциялары шағын болса, онда касса есебі 3-5 күнде бір рет жасалуы мүмкін. Касса кітабында ақшаның кімнен алынғаны және кімге берілгені жөніндегі құжаттың нөмірі, корреспонденцияланған шоты, сомасы көрсетіледі. Күн сайын, жұмыс күнінің аяғында кассир берілген ақшаның жиынтығын шығарады және күн аяғындағы қалдықты есептейді. Өшіру мен ескертілмеген түзетулер енгізуге кітапта жол берілмейді. Түзетулерге кассир мен бас бухгалтердің қол қойылуы керек.

Кассирдің есебінде корреспонденцияланатын шоттарға белгі жасалады, содан соң оның деректері «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша» шотының дебеті мен кредиті бойынша машинограммаға немесе есеп регистрлеріне көшіріледі.

Касса бойынша операциялардың, яғни «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша» шоттың кредиті мен дебеті есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияға кассир есебінің түсуіне қарай жүргізіледі. Бірыңғай корреспонденцияланған шоттардың сомалары біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне және Бас кітаптағы «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша» шоттың қалдығына сәйкес келуге тиіс.

Кассаны түгендеу тәртібі және оның нәтижелерін бухгалтерлік есепте көрсету. Кассадағы ақшалай қаражатты касса деп, саналатын ақшалай қаражаттың бар-жоғын айқындау және қатаң есептегі банктерді парақтау, санап шығу жолымен түгендейді. Түгендеу қорытындыларын «Ақшалай қаражаттың бар-жоғын түгендеу актісімен» рәсімдейді.

Кассаны түгендеу кассалық операцияларды жүргізудің шаруашылық жүргізуші субъектінің басшысы бекіткен және жете дайындалған Ережелерге сәйкес өткізіледі. Қатаң есептегі құжаттар мен бланкілер кассаларын түгендеу, әдетте кенеттен, кассир мен бас бухгалтердің қатысуымен, кассада сақталатын басқа құндылықтарды тексеріп және қолма-қол ақшаны түгел парақтап санау арқылы жүргізіледі. Түгендеу басталғанға дейін олар мөрленіп жабылады. Кассир түгендеу сәтінде кассалық есеп жасап, ақшалай қаражаттың қалдығын кассалық кітап бойынша шығарады. Кассирден барлық кірістік және кассада кіріске алынбаған және есептен шықпаған сома жоқ деген қолхат алынады. Ақша саналғаннан соң кассадағы ақшалай қаражатты түгендеу актісі жасалады. Алынған түгендеу қорытындысы бухгалтерлік есептің мәліметтерімен кассалық кітап бойынша салыстырылады. Актіде кассирдің табылған бұрмалаулар туралы түсініктемесі мен түгендеу қорытындысы бойынша бұдан былайғы шешім туралы түсініктемесі мен түгендеу қорытындысы бойынша бұдан былайғы шешім туралы субъект басшысының қарары (резолюция) жазылады.

Акт ұйым кассасында тұрған ақшалай құжаттардың, ақшаның бар-жоғын түгендеу нәтижелерін көрсету үшін қолданылады. Комиссия ұйым кассасындағы тұрған ақшалай құжаттарды, барлық ақшаны түгел қайтадан есептеу жолымен ақшаның бар болуын тексереді. Акт екі дана болып жасалынады және түгендеу комиссиясы мен материалдарға жауапты адам қол қояды. Бір данасы ұйым бухгалтериясына беріледі, екіншісі материалдық жауапкершілікті адамда қалады. Түгендеу басталғанға дейін ақша, ақшалай қаражаттардың сақталуы үшін жауап беретін материалдарға жауапты адамнан қолхат алынады. Қолхат форманың тақырыптық бөлігіне кірген. Материалдарға жауапкер адам құжаттарды тапсырған материалдарға жауапты.

Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары бұл банк пен клиенттері арасындағы келісімшарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі.

Ағымдық және жинақ шоттарыжеке және заңды тұлғалардың заңды тұлғалардың жекелеген бөлімшелерінің банктік шоттары.

Ағымдағы шотқа оның иесіне тиесілі төлемдерінің негізгі мақсаты – тауарларды, қызмет көрсетулерді, материалдық құндылықтарды өткізуден түскен түсімдер, банкте несие алу және т.б. түседі.

Ағымдағы шоттан жабдықтаушылардың алған тауарлық-материалдық қорлар үшін қойған шоттары төленеді, бюджетпен есеп айырысулар, еңбекақыға, зейнетақыға, жәрдемақыға, және шаруашылық қажеттіліктерге қолма-қол ақша беру жүргізіледі. Ағымдағы шотқа соманы есептеп жазу немесе есептен шығару жөніндегі операцияларды шоттың жазбаша өнімі негізінде ақшамен немесе олардың (жабықтаушылардың, мердігерлердің төлем құжаттарын төлеу) келісімімен, шаруашылық істері жөніндегі алқаның, соттардың, салық және қаржы органдарының шешімі бойынша даусыз тәртіппен өндірілетін төлемдерден басқасы, жүргізіледі. Ағымдық шоттағы қаражат жеткіліксіз немесе мерзімінде төленбеген барлық құжаттар қаржы түскен мүмкіндігіне қарай төленеді.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда, мекемелерде шетелдік валютадағы ақша қаражаттарының қозғалысы Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есепке алудың №9 «Шетелдік валютдағы операцияларды есепке алу» - деп аталатын стандартына сәйкес жүргізіледі.

Бұл стандарттың мақсаты субъект жасаған шетелдік валютадағы операцияларды және субъектінің қаржы есептемесіндегі осы операциялармен байланысты ашылымдарды көрсету әдістемесін айқындау болып табылады. Осы стандарт субъектінің қаржы есебін Қазақстан Республикасының ұлттық валютасынан, яғни, қазақстандық теңгеден басқа валютаға аудару мақсатында оны қайта қарауды көздемейді.

Шетелдік валютадағы операция дегеніміз субъект мынадай істер атқарған кездегі шетелдік валютамен жасалған мәмілелер:

а) шетелдік валютаға мүлік сатып алады немесе сатады;

б) төленуге немесе алуға тиісті сомалар шетелдік валютамен белгіленген несиелерді алады немесе береді;

в) активтерді шетелдік валютаға ауыстырып, басқа жолмен сатып алады немесе сатады, шетелдік валютамен өзіне міндеттемелер алады немесе осы міндеттемелер бойынша есеп айырысады.

Шетелдік валютадағы операциялар бухгалтерлік есепке алудағы бастапқы көрсету кезінде операция жасалған мерзімдегі бағам бойынша қайта есептеу жолымен Қазақстан теңгесімен бағаланады.

Шетелдік валютадағы операцияларды есепке алудың әдістемелік ұсынымдары:

1. Бухгалтерлік есепке алудың бұл стандарты барлық субъектілер үшін шетелдік валютадағы операцияларды және қаржы есептемесіндегі осы операциялармен байланысты ашылымдарды бухгалтерлік есепке алуда көрсету әдістемесін белгілейді.

2. Бұл стандарт шетелдік валютадағы мүлік құны мен міндеттемені теңгеге қайта есептеуден тұратын шетелдік валютадағы операцияларды бухгалтер есепке алудың ерекшеліктерін реттейді.

4. Шаруашылық операцияларын бағалау және қаржы есебін жасау, ұсыну ұлттық валюта – қазақстандық теңгемен жүргізілетіні ескеріліп, бұл стандарт субъектінің қаржы есебін осы валютаны басқа валютаға ауыстыру мақсатында қайта қарамайды.

5. Шетелдік валютада жургізілген операциялар бойынша бухгалтерлік есеп алудағы жобалар бухгалтерлік есепке алу шотында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген бағам бағам бойынша қайта есептелген қазақстандық теңгеде көрсетілуі тиіс. Бұл орайда шетелдік валютадағы операция бухгалтерлік есепке алуда бастапқы көрсету үшін операция жасалған күндегі бағамды қолдану арқылы бағаланады.

 

2.3 Негізгі құрал-жабдықтар мен материалды емес активтер есебі.

Негiзгi құралдар-деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес негізгi құралдардегенiмiз­ кәсіпорында өнім өндіру, тауарларды тасымалдау немесе қызмет керсету үшiн басқа кәсiпорынға жалға беру үшiн немесе әкiмшiлiк мақсаттар үшiн пайдаланатын және бiр кезеңнен (бiр жылдан) apтық мерзiм iшiнде пайдаланады деп болжанатын материалдық активтер.

Негiзгi құралдарға: қозғалмайтын мүлiк, жер учаскiлерi, үйлер мен ғимараттар, өткiзгiш тeтіктep, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары мен қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық екпе ағаштары, шаруашылықтың ішкі жолдар, тағыда басқалар жатқызылады.

ТОО «Салтанат»-ның негізгі құралдары мыналар болып табылады:

1. Машина және құрал- жабдықтар;

2. Көлік құралдары;

3. Компьютерлер, переферийлі құрылғылар, мәліметтерді өңдеу бойынша құрал – жабдықтар;

4. Офистік жиһаз, өндірістік керек - жарақтар

Негiзгi құралдар объектiсi төмендегi шарттарға сай келгенде ғaнa актив ретiнде танылуға (есепке алуға) тиiстi: егер кәсiпорынның активпен байланысты келешек экономикалық пайда алатындығына аса үлкен ықтималдылықпен сендiру мүмкін емес болса және егер кәсiпорын үшiн активтiн өзiндiк (бастапқы) құнын сенiмдi түрде бағалау мүмкін болса.

Негiзгi құралдар есебiн ойдағыдай жүргiзу үшiн алдымен оларды жүйелеп топтастыру қажет. Бұл жүйелеп топтастырудың экономиканың барлық салаларында бiріңғай болғаны жөн.

Негізгі құралды иемдену кезіндегі іс жүзіндегі шығындарына жататындар:

· Сатып алу бағасы, оның ішінде импорттық пошлиналар және орны толтырылмайтын салықтар;

· Активті тасымалдау және жұмыс қалпына келтірумен байланысты барлық шығындар (тасымалдауға кететін бастапқы шығындар, монтаж шығындары және т.с.с.);

Кәсіпорын өзі өндіріп шығарған негізгі құралдардың құны активті иемдену принциптерімен тағайындалады. Мұнда құнның ішіне барлық негізгі құралды дайындауға кеткен шығындар (материалдар, еңбекақы, құрылыс жүргізуге алынатын рұқсат құны, територияны дайындау және т.б.), сонымен қатар жабдықтаушылар қызметі кіреді.

Негізгі құралдардың бухгалтерлік есептегі бірлігі инвентарлық объект болып табылады. Ол белгілі бір жүмыстарды және белгілі бір өзіндік фунцияларды атқарады. Әрбір инвентарлық объектке негізгі құралдардың сақталуын қамтамасыз ету үшін жеке бір инвентарлық номер беріледі. Егер негізгі құрал істен шықса, онда алдағы 5 жыл бойы негігі құралдарға бұл номер тағайындалмайды.

Барлық негiзгi құралдар өздерiнiң өндiрiс процесiне қатысу сипатына байланысты өндiрiстiк және өндiрiстiк емес болып eкі топқа бөлiнедi.

Өндiрiстiк негiзгi құралдар-деп өндiрiсте қызмет eтетін, яғни пайдаланылатын негiзгi құралдарды айтады. Оларға: өндiрiске арналған үйлер, ғимараттар, өткiзгiш тeтіктep, құрылыс машиналар, көлік тасымалдау құралдары, әp турлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуiш аспаптар және тағы басқалары жатқызылады.

Өндiрiстiк емес негiзгi құралдардың-қатарына шаруашылықтың өндiрiстен басқа салаларында пайдаланылатын негiзгi құралдар жатқызылады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру және мәдениет салаларында пайдаланатын негiзгi құралдар, тағы басқа негізгі құралдар жатады.

Иелiгiне қарай негiзгi құралдар меншiктi және жалға алынған болып белiнедi. Меншiктi дегенiмiз-субъектiге тиесiлi және оның көpiнic табатын негiзгi құралдар. Белгiленген мерзiмге шарт бойынша басқа субъектiлерден алынған негiзгi құралдар, жалға алынған құралдар болып табылады. Пайдалану сипатына қарай негiзгi құралдар жұмыс icтeп тұрған, iстемей тұрған (тоқтатылып қойған) және қop ретiнде тұрған болып бөлiнедi. Қолданыстағы жұмыс icтeп тұрған негiзгi құралдар, әpeкeт етiп тұpғaн болып саналады. Жұмыс iстемей тұрғандар жұмыстар тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын құралдар-жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс iстей тұpғaн құрал-жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерiн ауыстыру үшiн тоқтатылған объектiлер есептеледi.

Заттық құрамына қарайнегiзгi құралдар мүлiктiк және мүлiктiк емес болып бөлiнедi. Мүлiкке (заттай) көрінісі бар, яғни caнaуғa және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүлiктiк еместерге пайдаланатын жер, орман алабы, су ресурстары ( ғимараттардан басқа күрделi ) қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар жатады.

№6 «Негізгі құралдар есебі» БЕС мен №16 «Негізгі құралдар ҚЕБХС-на сәйкес негізгі құралдар мыналар бойынша бағаланады:

Бастапқы (тарихи) құны-негiзгi құралды сатып алуға немесе салуға кеткен нақты өндіріс шығындарынан, cоған қоca өтелмеген салық пен алымдардан, сондай-ақ орнату, жеткiзiп беру, монтаждау, пайдалануға қоcy шығындары, несие ушiн пайыздар, және т.б шығындарынан тұpaды.

Ағымды құн ұл негiзгi құралдардың белгiлi бiр мерзiмдегi нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.

Баланстық құн-бұл бухгалтерлiк есепте және қаржылық есеп беру де көрсетiлетiн жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негiзгi құралдарын бастапқы немесе ағымдағы құны.

Сату (өткiзу) құны-бiрiн-бiрi жақсы бiлетiн және мәмілеге келуге дайын тәуелсiз жақтардын (тараптардың) негiзгi құралдарды өзара айырбастауын мүмкiндiк беретiн құн.

Жою құны-тиiмдi қызмет ету мерзiмi бiткен негiзгi құралдарды жою кезiнде пайдалану мумкiндiгi бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердiң, металасынақтарының жеке басқа да материалдық құндылықтардың құны.

Амортизацияланған құн - негiзгi құралдардың бастапқы және болжанған жою құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелi түрде амортизациаланып жолмен нормативтiк қызметiне немесе барлық пайдалы кезеңiне субъектiнiң шығысы ретiнде таратылады.

Негiзгi құралдар өндiрiс процесiне қатысуымен, жылдар мерзiмiнiң әcepiмен, табиғат күшiнiң әcep eтyiмен пайдалану процесiнде бiртiндеп тозады. Тозудың eкi тypi болады: табиғи және моральдық.

Негiзгi құралдардың табиғи тозуы олардың өндiрiс процесіне қатысу нәтижесінен және негізгі құралдардың пайдалануға тiкелей қатыспай- aқ, түрлi сыртқы факторлардың әсepiнeн: ылғалдан, атмосфералық құбылыстар нәтижесiнен, металдардың тот басуынан, eскipyiнeн пайда болады.

Негiзгi құралдардың сапалық тозуы техникалық прогреске, өндіріс әдістерін жеңілдетуге және жаңартуға байланысты болып келедi. Техника мен технологияны жетiлдiру жұмыс істеп тұpғaн негізгі құралдардың ұcaқ өнімдерінің арзандауына ықпал етедi. осыған орай, пайдаланылу дағы негiзгi құралдар өздерiнiң құнының белiгiн жоғалтып құнсызданғандай болады.

Амортизация (латынның «өтеу» деген сөзiнен)-тозудың құндық көpiнiciн бiлдiредi.

Амортизациялық аударымдар әрбiр есептiк кезеңнiң шығысы ретiнде танылады.

Жаңадан пайдалануға берiлген негiзгi құралдар бойынша амортизация есептеу келiп түскен айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнінен басталады, ал шығып кеткен негiзгi құралдар бойынша­ шыққан айдың кейiнгi айдың бiрiншi күнінен бастап тоқталады. толығымен амортизациялануға негiзгi құралдар бойынша амортизация есептеу қорлардың құны өнімнің құнына толықтай aуысқан айдан кейiн болатын айдың бiрiншi куні тоқтатылады. Келесi негiзгi құралдар бойынша амортизация есептелiнбейдi: жер, өнім беретiн малдар, кiтапхана қорынa, мұражай құндылықтарына, ескерткiш архитектурасы мен өнер, оpтaқ пайдаланатын автомобиль жолдары. Негiзгi құралдардың тозуын есептеу үшiн 13 «Негiзгi құралдардың тозуы» бөлiмшесi қолданылады.

Негiзгi құралдардың амортизациясын есептеудiң әр түрлi әдiстерi бар. Шаруашылық жургiзушi субъектiнiң БЕС-ке сәйкес дербес тұpғыдa, өздерiнiң есеп саясатында амортизация есептеудiң тәсiлi бойынша жасалынады, олар:

· құнның бiр қалыпты жолымен есептен шығару;

· құнның орындалған жұмыстың көлемiне пропорционалды (өндірістік) етіп есептен шығару;

· жеделдетіп есептен шығару;

· қалдығын азайту жолымен есептен шығару;

· құнның сандардың жиынтығы бойынша (кумулятивтік) есептен шығару.

Негiзгi құралдардың түрлерi бойынша амортизацияны есептеудiң әрқилы әдiстерi пайдаланады. Бұл кезде негiзгi құралдардың бiр түpi бойынша бiр ғaнa тәсiлi пайдаланады.

Таңдап алған амортизацияны есептеу әдiсi субъектiнiң есептiк саясатымен анықталуы тиiс және ол бiр есептiк жылдан екеншi бiр есептiк жылға өтyi мүмкін. Жөндеуге және эксплуатацияға кеткен негізгі құралдардың бастапқы құны өзгермейді және ол ағымдағы шығындар болып саналады. Егер де амортизацияны есептеу әдiсi өзгермейтiн болса, онда оның себебiн ашу керек.

Негізгі құралдардың амортизациялық аударымдары келесі көрсеткіштер арқылы анықталады:

· Негізгі құралдардың бастапқы құнымен;

· Пайдалы қызмет мерзімімен;

· Амортизация аудару әдісімен.

Амортизациялық топ Пайдалы қызмет мерзімі (жыл) Амортизацияның жылдық нормасы (%)
Ғимараттар  
Үймереттер 10-30
Машиналар және жабдықтау 5-30 20 - 3
Транспорттық құралдар 5-10 20 -10
Офистік жиһаз 7-8 14 – 12
Көшірме техникасы 3-4 30 – 25
Өндірістік инвентарь және саймандар 3-5 30 - 20
Басқалар 5-10 20 - 10

Негiзгi құралдардың нaқты бар - жоғын aнықтаy және олардың сақталуына бақылау жасау мақсатында субъектi басшылары нормативтердi, зандарды және басқа актiлердi, сондай-ақ есеп саясатын басшылыққа ала отырып оқтын-оқтын негізгі құралдарға мүліктік түгендеу жургізіп отырады.

Негізгі құралдардың ликвидация кезінде оны есептен шығару актілері, директордың бекітілуімен қосымша құжаттар толтырылуы қажет.

Есептен шығару кезіндегі пайда немесе шығын қаржылық нәтижеге апарылады.

Негізгі құралдардың синтетикалық есебі, амортизациясы және құнсыздануы келесі шоттарда жүреді:

 

Шот Атауы
2400 «Негізгі құралдар»
Негізгі құралдар
Негізгі құралдардың амортизациясы
Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын залалдар

Бухгалтерлiк есептiң 24 «Бухгалтерлiк қызметтiң жұмысын ұйымдастыру» деп аталатын стандартқа сәйкес әрбiр шаруашылық жургiзушi субъект өз бетiнше жүйелi түрде түгендеу жұмысын жүргiзiп отыруды белгiлейдi.

Негiзгi құралдарды түгелдеу жылдық қаржылық есеп беру мен баланстарды жасау алдында, жылына ең аз дегенде 1 рет, қараша айында жүргiзiледi

Материалдық емес активтер - бұл өндiрiсте ұзақ мерзiм бойына пайдалану үшiн немесе тауарларды, сатуғa, әкiмшiлiк мақсатқа және басқа субъектiге жалға беруге арналған табиғи нысаны жоқ ақшалай емес активтер.

МЕА шартты түрде 4 топқа бөлінеді:

1) Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа «Ноу-хау», 1С пен мәліметтер базасын бағдарламалық жабдықтау, ұйымдастыру шығындары, белгілі бір формуланы пайдалану, өнеркәсіптік үлгілер және т.б жатады.

2) Қолдану құқықтарымен байланысты материалдық емес активтер: жаңалық құқығы, өндірістік ақпаратты қолдану құқықтары, копирайт (көшіру құқығы), лицензиялар және т.б жатады.

3) Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер: тауар таңбалары, тауарлардың шыққан жерлері және т.б жатады.

4) Материалдық емес активтердің басқа да түрлері: бұл тобына фирма бағасы (Гудвилл), интелектуалдық меншік және т.б кіреді.

Өндiрiспен байланысты материалдық емес активтер.Бұл топқа «ноу-хау», ЭЕМ мен мәлiметтер базасын бағдарламалық жабдықтау, интегралды микросхемалар технологиясы, ұйымдастыру шығындары, белгiлi бiр формуланы пайдалану технологиясы, немесе өнiмнiң сыртқы бейнесi, өнеркәсiптiк үлгiлерi, сервитуттары және т.б. жатады.

«Ноу-хау» - құжаттама өндiрiстiк озық тәжiрибесiн құжатталған түрiнде көрсетiлген нысан және т.б. түрiнде көрінетін техникалық бiлiмдерiн айқындау үшiн халықаралық қатынастарда қолданылатын термин. «Ноу-хау» техникалық құжаттама түрiнде рәсiмделген бiрақ патенттелмеген, белгiлi бiр өндiрiстiң түрiн ұйымдастыруға қажеттi өндiрiстiк тәжiребиесiнiң техникалық, коммерциялық және басқа да қыр­сырларын көpceтeтін бiлiм жиынтығы.

Патенттер. Патент оның ұстаушысының патент қамтымаған нәрсесін, процесiн немесе қызмет түpiн және дәл сондай әрекеттi басқа тұлғаның жүзеге асыруына тыйым салатын, бақылайтын, сататын, өндiретiн және пайдаланатын құқық болып табылады. Патенттiң күшi оны берген мемлекеттiң аумағында ғана жүредi.

Лицензия (еркiндiк,құқық деген латын сөздерiнен алынған)­-қандай да бiр операцияларды жүзеге асыруға құзырлы мемлекеттiк органдардың берген рұқcaты.

Материалдық емес активтердің басқа да түрлерi. Материалдық емес активтердің бұл тобына «фирма бағасы» (гудвилл), меншiк және тағы басқалары кіреді.

Гудвилл. Гудвилл бухгалтерлiк есеп тұрғысынан қарағанда, ол компанияларды бiрiктiрiп немесе сатып алған кезде кәсiпорынның сатып алынған бағасын және оның дербес бiрлiк болып тұрған кезiндегi баланстық қалдық құнының (мiндеттемелердi қоспағанда) арасындағы айырма.

Материалдық емес активтердің нақты бары мен қозғалысын есепке алу 2700 «Материалдық емес ативтер» бөлімшелерінің шоттарына жазылады. Материалдық емес активтердің келіп түсуі мен шығарылуы «Материалдық емес активтерді қабылдау-беру актісінде» (№МЕА - 1) көрсетіледі. Актіде (кәсіпорында жасалған күні),обьектінің сипаттамасы, оның бастапқы құны, амортизация нормасы және басқа қажетті мәліметтер көрсетіледі.

Материалдық емес активтердің амортизациясын есепке алуға 2740 «Материалдық емес активтердiң амортизациясы» деп аталатын бөлiмшесiнiң шоттары арналған.

Материалдық емес активті сатып алғаннан кейін оның келесі шығындары оның баланстық құнын көбейтеді, сонда келесі шарттар орындалуы тиіс:

· Бұл шығындар активке алдағы кезеңде экономикалық пайда әкелуі мүмкіндігі бастапқы анықталған нормалардан көп болуы мүмкін;

· Бұл шығындар бағалануы және активтерге апарылуы мүмкін.

Материалдық емес активтің ликвидациялық құны нөлге тең болады, егер:

· Пайдалы қызмет мерзімінің соңында оны иемдену туралы келісімнің болмауы;

· Берілген материалдық емес активке активті нарықтың болмауы.

Материалдық емес активтерді мүлiктiк түгелдеу кезiнде кәсiпорынның меншiк құқығы бар. Материалдық емес активтердің нақты бары жоғын, олардың баланста дұpыc және уақытында көрсетілуін, материалдық емес активтердің тозуын есептеудің дұpыстығын, моральдік тозуға ұшыраған активтерді тексереді. Материалдық емес активтерді түгендеу кезінде мыналарды тексеру қажет:

-материалдық емес активтердің есепте өз уақытында және дұрыс бейнеленуі;

-материалдық емес активтерді қолдануға құқығын дәлелдейтін құжаттардың болуы;

Материалдық емес активтер заңды және жеке тұлғаларға сатылғанда, моральдық тозуға ұшырағанда, заңды және жеке тұлғаларға тегін берілгенде, басқа субьектілердің жарғылық қорларына үлес ретінде салынғанда және т.б. жағдайда баланстан шығады. Материалдық емес активтің есептен шығуы кезінде есептен шығару актісі деген құжет толтырылады. Актке кәсіпорынның инвентаризациялық коммисия мүшелері қолдарын қояды және директормен бекітіледі.

 








Date: 2016-01-20; view: 1532; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.025 sec.) - Пожаловаться на публикацию