Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Оқушылардың мәнерлеп оқуға үйрету тәсiлдерiнiң ғылыми-теориялық негiздерi





Бастауыш мектеп оқушыларының мәнерлеп оқу икемдiлiгi мен дағдыларын арттыру мәселесiне шолу. Мәнерлеп оқу икемдiлiгi мен дағдыларын арттыру үшiн Л.А. Горбушина былай дейдi: «Бастауышта оқушыларды оқытқанда бiлiм, бiлiк және дағды қалыптасады, оқушылар алғаш мектеп табалдырығын аттағаннан бастап тақырыптың образдық мазмұнын түсiнуi керек, оларды көркем әдебиет оқуға талпындыру, кiтап оқуға деген құлшынысын арттыру, ал оқудың өзi мәдениеттi жоғарылатады, яғни оқушылардың бiлiмiн байытып, қөзқарасын үлкейтедi».

Оқу сауат ашу кезеңiнiң өзiнде-ақ шағын көркем мәтiндердi мәнерлеп оқу түрiнде басталып, одан кейiн оқушылар түсiнiгiне лайық көркем шығармалар (ертегi, жұмбақ, әңгiме т,б,) тiлдiк материалмен интеграциялап оқытылады.

Тiл сабақтарында сөйлеу мәдениетiн жетiлдiру үшiн тiл дамыту жұмысының бiр бөлiмi мәнерлеп оқуға үйрету болып табылады. Сондықтан мектеп мұғалiмдерiне, соның iшiнде бастауыш сынып мұғалiмдерiне тiл дамытудың арнаулы саласы мәнерлеп оқу дағдыларын меңгерту мақсатында маңызды мiндет жүктеледi.

Ғалым педагогтардың оқушылардың мәнерлеп оқу икемдiлiгi мен дағдылардын арттыру туралы көзқарастары. Қазiргi кезеңде бастауыш сыныптағы оқу сабағының түбегейлi мақсаты оқушылардың жеке басын қалыптастыра отырып, әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелеу, рухани дүниесiн кеңейту, ақыл-ой мен ұлттық сана-сезiмiн дамытуға ықпал ету, кiтап оқуға деген мұқтаждығын қалыптастыру.

Осы мақсатты орындауға келгенде оқу, сабағының алдына мынандай мiндеттер жүктеледi:

· оқушылардың оқу икемдiлiгi мен дағдыларын қалыптастыру және жетiлдiру;

· көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту;

· шығарманың түпкi мазмұн-мәнiн түсiнуiн, эмоциялық қабылдауын (кейiпкерлердiң көнiл-күйiне ортақтасу күйiну, сүйiну т.б.) қамтамасыз ету;

· мәтiндегi сөздер мен сөз тiркестерiн, сөйлем мен сөйлеу үлгiлерiн үйрете отырып, ана тiлiмiздегi сол мағыналарының түрленуiне көнiл аударту;

· ауызекi және жазба тiлде байланыстырып сөйлеуiн (ойын еркiн жеткiзу, сауатты да мәндi жаза бiлу) дамыту;

· өзiндiк ой-пiкiрiн айта бiлуге баулу.

Бастауыш саты – оқушыда, оның интеллектiсi дамуының iргетасы оқу әрекетi қалыптасуының қуатты жүретiн кезеңi. Осы жөнiнде көрнектi ғалым педагог В.В. Давыдов өз еңбегiнде бастауыш мектепте оқушылардың оқу әрекетiн қалыптастыруға жағдай жасау керек дейдi. Ондағы негiзгi мазмұн теориялық бiлiм және оны бағыттайтын (негiздейтiн) икемдiлiк пен дағды бастауыш оқудың мектеп реформасының алдына қойылған шешушi мiндеттердiң бiрi.

Бiрiншiден, оқу-әрекетi бастауыш сынып оқушыларының әрекетi ретiнде жан-жақты дамудың негiзi болып табылады.

Екiншiден, мәнерлеп оқу, сауатты жазу, дұрыс санай бiлу икемдiлiгi мен дағдылары оқушылардың белгiлi бiр теориялық бiлiмi негiзiнде дамиды деп қарастырады.

Ал атақты педагог Д.Б.Эльконин мәнерлеп оқуға үйрету процесі ауызша сөйлеу негiзiн басқаруды қайта құру, яғни автоматталғаннан қарапайымға ауысу, ары қарай автоматталатын саналы үрдiс ретiнде түсiнiктi болу керек дейдi.

Мәнерлеп оқу икемдiлiгi мен дағдысын арттыруда К. Бозжанова мыналарды ескеру қажет дейдi.

Бiрiншiден, оқушының дұрыс және мүдiрмей оқуын қамтамасыз ету. Олай етпеген жағдайда оқушының мәтiндi толық түсiнуiн қамтамасыз ету мүмкiн емес. Сонымен бiрге, сабақта қолданылатын әдiс, тәсiл оқудың техникасын жетiлдiрумен бiрге баланың кiтапқа, оны оқуға ынтасын арттыратындай, ал көптеген жағдайда бiр мәтiндi әлденше рет жалықпай оқуға дағдыландыратынай болуы керек.

Екiншiден, оқу сабағында оқушының ойлау қабiлетiн, қызығушылығын, бiр затты екiншiсiмен салыстырып, бiрiн екiншiсiне қарама-қарсы қойып байқаушылығын, т.б. касиеттерiн дамыту керек.

Үшiншiден, оқушының шығармашылық қиялына әсер ете бiлу керек.

Әдiскер Ш. Әуелбаев және С. Рахметова пiкiрлерi бойынша «Ана тiлi» сабақтарында мұғалiм балалардың қаншалықты сапалы, дұрыс оқуларын бақылай отырып анықтай алады дейдi.

Сапалы оқу ауызша және жазбаша тапсырмалар арқылы тексерiледi. Мәтiндi асығыстықтан шала түсiнген оқушымен арнайы сабақ өткiзiледi.

Мәтiндi сапалы қабылдау арнайы берiлетiн тапсырмалар арқылы тексерiлуi мүмкiн. Хабарлама сипатындағы мәтiн үш немесе төрт бөлiкке бөлiнедi де, араластырылады. Оқушы оны оқып, әр бөлiктi жүйесiмен бiрiктiруi тиiс. Мұны әрi тез, әрi дұрыс орындаған оқушы сапалы қабылдауға жақсы дағдыланған болып есептеледi.

Мәнерлеп оқи алмау сапалы оқуға олақтылықтан туады, яғни демдi дұрыс ала алмау немесе дикция кемiстiгi. Ал мәтiндi шала ұғынудың өзi де түрлi-түрлi жағдайларға байланысты ақыл-ой дамуының жеткiлiксiздiгi, сөздiк қорының тапшылығы, оқушының ұкыпсыздығы т.б.

Л.С. Горбушина оқушыларды мәнерлеп оқуға үйретуде мiндеттердiң жалпылылығымен және орындалуында оның күрделiгiне байланысты бiртiндеп, тiзбектеп орындау керек дейдi.

Ал С. Желдербаеваның пiкiрi бойынша мәнерлеп оқуға жаттықтыру барысында мұғалiм әңгiмелеу үлгiсiнiң бiрнеше түрлерiн магнитофон таспасына жазып алып тыңдауға болады дейдi. Балалардың саяхат кезiндегi немесе белгiлi бiр кинофильмнен алған әсерлерiн әңгiмелетiп отырып, магнитофонға жазып алып, оны қағазға түсiрiп, сол әнгiменi айтқан баланың өзiне қайта оқытса, екеуi екi бөлек дүние болып шығады. Өйткенi, оқушы өзiнiң еркiн сөйлескен әңiмесiнің мәтiнiн қағаздан оқығанда сөйлеу кезiндегi эмоциялық әсерiнен айырылып қалады. Бұндай кезде сөйлеу аппаратының қызметi де, дауыс та оқушы дағдысы мен икемдiлiгiне бағынады.

В.П. Острогорский: «Мәнерлеп оқу дегенiмiз – үйренуге болатын өнер», - деп көрсетедi. Мәнерлеп оқу икемдiлiгi мен дағдыларын арттыру үшiн алдымен мынандай үш мақсат орындалуы тиiс деп көрсетедi.

1. Мәтiндi оқуда мазмұнына қарамай құлаққа жағымды, естiлетiндей, түсiнiктi болу;

2. Тыңдаушыларға оқылып тұрған мәтiндi түсiнiктi етiп оқу;

3. Тыңдаушыларға оқылып тұрған мәтiндi естiлетiн және түсiнiктi етiп ғана қоймай, тыңдаушы оның мазмұнын сезiнiп, қиялдауына әсер ету керек.

С.Тiлешова оқушылардың ауызекi сөйлеу тiлiне қатысы бар жұмыстың бiрi – көркем мәтiндi мәнерлеп оқу деп көрсетедi. Өйткенi, көркем шығарманың мазмұнын сапалы меңгерiп оқудың нәтижесiнде, оқушы мәтiннiң идеялық мазмұнын, көркемдiк қасиетiн терең түсiнiп, одан жан-жақты әсер алады. Мәтiндi оқу аркылы оқушылар әдеби шығармалардың сөз өнер екендiгiн, ана тiлiнiң байлығын, өткiрлiгiн, адамның жан дүниесiн тебiрентерлiк құдiреттi күшiн, эмоциялық қасиетiн, көркемдiк формаларын толық ұғынып, бағалай бiлуге үйренедi.

Оқушыны мәнерлеп оқуға үйретсек оны мәдениеттi сөйлеуге үйрете аламыз деген педагог М.Балақаев.

Сонымен, көптеген ғалым педагогтардың еңбектерiн зерттей келе оқушылардың мәнерлеп оқу икемдiлiгi мен дағдыларын арттыру туралы көзқарастарын қарастырдық.

Он тоғызыншы ғасырдан бастап оқушылардың мәнерлеп оқу икемдiлiгi мен дағдыларын арттыру мәселесi ғалым педагогтардың назарынан түспей, қазiргi таңда өзектi мәселе екендiгiне көзiмiз жеттi.

Әлi де бұл мәселе толығымен зерттелмеген және зерттеудi қажет етедi.

Ғалым психологтардың оқушылардың мәнерлеп оқу икемдiлiгi мен дағдыларын арттыруда кезiгетiн проблемаларды жою туралы пiкiрлерi. Оқытуды дамытудың тиiмдiлiгi ең алдымен мектеп оқушыларының оқу әрекетiндегi белсендiлiгiн арттырудан көрiнедi.

Оқу процесінiң сапасы мен оның тиiмдiлiгi педагогикалық, психологиялық және физиологиялық сыңайдағы көптеген факторларға байланысты. Осы тараптан оқушылардың мәнерлеп оқу икемдiлiгi мен дағдыларын арттырудағы проблемаларды қарастырамыз. Әйгiлi психологтар С.Л.Рубинштейн, В.А. Крутецкий, В.В.Давыдов және т.б. оқушылардың бойындағы мынандай психологиялық проблемаларды көрсеткен:

· ақыл-ой белсендiлiгiнiң жеткiлiксiздiгi;

· ойлау қабiлетiнiң нашарлығы;

· есте сақтауының нашарлығы;

· мәтiндi дұрыс қабылдамауы;

· түсiнiгiнiң төмендiгi.

Физиологиялық факторлары:

· тiл кемiстiгi;

· дұрыс естiмеуi;

· нашар көруi.

Педагогикалық кедергiлер:

· сөздiк қорының тапшылығы.

Осы проблемаларды жою жөнiнде көптеген психолог, педагог, физиологтардың пiкiрлерiн қарастырып өтейiк.

Психологтардың айтуынша (А.Н Леонтьев, В.А. Крутецкий, А.А. Люблинская және т.б.), зейiн дегенiмiз ақыл-ой процесінiң бағытын, тұрақталуын қамтамасыз ететiн адамның iшкi белсендiлiгi.

Оқушылардың ақыл-ой белсендiлiгiнiң жеткiлiксiздiгi – олардың сабаққа зейiн қоймауының негiзгi себептерiнiң бiрi. Осыған байланысты әрбiр оқушымен жеке жұмыс жасау мәселесi туындайды. Осы тұрғыдан мұғалiм оқушылардың сабақты тыңдай бiлу икемдiлiгiн жаттықтыру жұмысын бастамас бұрын, олардың жұмыс iстеу қабiлетiне қарай үш топқа бөлетiндiгiн есте сақтау керектiгiн айтады. Бiрiншi топқа зейiнi тұрақты, қоғамдық жұмыстарға белсендi қатысатын, екiншi топқа жұмыс iстеу қабiлетi орташа, үшiншi топқа зейiнi тұрақсыз оқушылар жатады, соңғылардың саны аз, белсендiлiгi де төмен. Сондықтан үшiншi топтағы оқушыларға ерекше көңiл бөлiнедi:

1. Әңгiменi оқушылардың жасына қарайғы ерекшелiктерiн ескере отырып құрып, түсiнiктi етiп баяндау. Қайталау, дауыс ырғағын келтiре оқу, тақтаға жазу аркылы негiзгi ойды нақтылау.

2. Оқушылардың оқу материалын қабылдау белсендiлiгiн арттыру үшiн мұғалiм тiл байлығын пайдаланып, кейбiр жайлардың ерекшелiгiн дауыс ырғағы арқылы бiлдiру.

3. Тұрақты зейiндi қалыптастыру жолында пысықтау үлкен роль атқарады. Қайткен күнде де оқушыларға «сылбыр» жұмыс iстеуге мүмкiндiк беруге болмайды деп тұжырымдайды.

Ғалым Л.В. Занковтың зерттеулерi бойынша, бастауыш сыныптарда оқушылардың шамасы келетiн қиындық дәрежесi жоғары сабақтар өткiзу, олардың ақыл - ойының даму процесін тездетедi деп қарастырады [31].

Оқушылардың мәнерлеп оқу икемдiлiгi мен дағдыларын арттыруда Ф.И. Гоноболин мәтiндi дұрыс есте сақтау үшiн мынандай төмендегiдей ұсыныстар бередi:

· игермелiк материалдарға бар зейiн қою;

· оқу материалын жақсы ұғынып, оны бұрыннан белгiлi нәрселермен байланыстыра бiлу қажет;

· оқылатын мәтiннiң жоспарын жасап, ондағы негiзгi ойды бөлектеп, мәтiндi бiрнеше бөлiмге бөлген жөн;

· алған бiлiмдi iс жүзiнде қолдануға тырысқан жөн. Бұл оны есте сақтаудың бiрден-бiр оңды тәсiлi деп бередi [22].

Ал психолог Ә.Алдамұратовтың пiкiрi бойынша есте сақтау үшiн:

· арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу;

· есте қалдырудың қоғамдық, тәжiрибелiк мәнiнiң адам қажетiне байланысты болуы;

· есте қалдыруды жоспарлап, оқылған материалдарының жемiсi мен оның iшiнен есепке түсерлiк түйiндi мәселелердiң iзiн, мәнiн бiлу;

· сол мән-мағыналарды түсiну үшiн оларды ойлау процесімен тығыз ұштастыру.

· өз еңбегiн, оқуын дұрыс ұйымдастыру;

· сапалы түрде қайталап, пысықтап отыру керек дейдi.

Мұндай талаптарды орындау адамның ақыл-ой кенi болып саналатын ес пен жадына сақтауын дамытып отыруға пайдалы ықпал етпек.

Сонымен, көптеген ғалым психологтардың еңбектерiн ғылыми теориялық тұрғыдан зерттей келе мәнерлеп оқу икемдiлiгi мен дағдыларын арттыруда кездесетiн мынандай проблемаларды анықтап алдық:

· ақыл-ойының жеткiлiксiздiгi;

· есте сақтауының нашарлығы;

· ойлау қабiлетiнiң нашарлығы;

· мәтiндi дұрыс қабылдамауы;

· түсiнiгiнiң төмендiгi;

· зейiн қойып тыңдамаушылығы;

· тiл кемiстiгi;

· дұрыс естiмеуi;

· нашар көруi;

· сөздiк қорының тапшылығы;

· денсаулығының нашарлығы;

· сабаққа деген ынтасының төмендiгi;

· көңiл күйiнiнiң нашарлығы.

· оқушылардың мәнерлеп оқу икемдiлiгi мен дағдыларын арттыруда жоғарыда берiлген проблемаларды мынандай жолдармен жоюға болады:

· әрбiр оқушымен жеке жұмыс жүргiзу, яғни зейiнi тұрақсыз, белсендiлiгi төмен оқушылармен жұмыс жүргiзу;

· есте сақтауды мнемоникалық әрекеттер арқылы қалыптастыру;

· ойлау әрекетiнiң жасампаздық қасиетiн арттыру;

· логикалық тапсырмалар беру арқылы;

· көрнекi құралдар қолдану арқылы;

· қабылданған нәрселердiң мәнжайын, жалпы ерекше қасиеттерiн түсiнудi дамыту арқылы;

· оқушылардың байқағыштық қасиеттерiн жетiлдiру арқылы;

· ауызекi сөз бен көргендерiне бағыт беру жөне т.б.

Қорыта келе, мәнерлеп оқуға үйрету жалпы бiлiм беретiн мектептерде әр түрлi аспектерде iске асырылатын оқыту әдiстерiнiң негiзгi түрлерiнiң бiрi екенi айкындалды.

Сонда, мәнерлеп оқу дегенiмiздiң өзi дауыс ырғағы арқылы автордың ойын бiлдiру, мазмұндық ой екпiнiн дұрыс қоя бiлу, ақырында оқығанды түсiнiп, кейiпкердiң көңiл-күйiн сезiне оқи бiлу.

Сонымен, бұл бөлiмдi аяқтай келе мәнерлеп оқуға үйрету жұмыстарына байланысты ғылыми-теориялық әдебиеттердi зерттей келе, бiз мынандай қорытындыға келдiк. Мәнерлеп оқу ғылыми әдебиеттерде көптен берi орын алып, зерттелiнiп келген. Бүл мәселеге К.Д. Ушинский, В.А. Крутецкий, С. Рахметова, С. Желдербаева, С. Мұқанов, Ә. Алдамұратов, Қ. Жарықбаев, А.С. Выготский, А.Әуелбаев, Д. Н. Богоявленский, Г.К. Бочарев, И.Д. Буртавой,.А. Буяльский, В.П. Острогорский, Д.Б. Эльконин, С.А. Рубинштейн және тағы басқалар көңiл аударған.

Ғалым педаготардың пiкiрiнше, мәнерлеп оқуды меңгерту арқылы оқушылар әдеби шығармалардың сөз өнерi екендiгiн, ана тiлiнiң байлығын, өткiрлiгiн, адамның жан-дүниесiн тебiрентерлiк құдiреттiкүшiн, эмоциялық қасиетiн, көркемдiк формаларын толық ұғынып, бағалай бiлуге үйренедi.

Ал ғалым психологтар оқушылардың мәнерлеп оқу дағдылары мен икемдiлiктерiн арттыру үшiн алдымен оқушылардың зейiнiн, есте сақтауын, ақыл-ойын, қиялын және т.б дамытуға көнiл бөлу керек дейдi.

 

Date: 2016-01-20; view: 2970; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию