Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Диагностикалық препараттарды сақтау, тасымалдау және пайдалану тәртібі





 

50. ДП-ны сақтауға арналған қойма бөлек тұрған ғимараттарға немесе медицина ұйымы ғимаратының бірінші қабатында, құрғақ, желдетілетін жертөледе орналастырылады. ДП-ны сақтауға арналған қойманы тікелей зертханаларда орналастыруға болады.

Жылыту, желдету, жасанды және табиғи жарықтандыруға қойылатын талаптар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен «Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерді ұстау мен пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес қамтамасыз етіледі.

51. ДП-ны сақтауға арналған қойма жұмыс күнінің соңында жабылады және ДП сақтауға жауапты адам сүргі салады.

52. ДП жарықтың әсерінен қорғалады.

53. ДП-ны сақтау минус 20 0С-қа дейінгі температурада сақталатын, төменгі температура кезінде сақтау талаптарын қажет ететін ДП-ны қоспағанда плюс 20С-тан плюс 8 0С-қа дейінгі температурада жүзеге асырылады.

54. ДП-ны сақтау кезінде оларды түрлері бойынша, жарамдылық мерзімін және сериясын ескере отырып, тоңазытқыш жабдығының стеллаждарында немесе сөрелерінде орналастырылады.

55. Тоңазытқыш жабдығында ақау пайда болған немесе электр энергиясының ажырауы жағдайында, медициналық ұйымның басшысы шұғыл іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді, ол ДП-ны уақытша орналастыру болжанатын ұйымның басшысымен келісіледі.

56. Жылына бір реттен сиретпей тоңазытқыш жабдықтарын білікті маман техникалық жағдайын бағалауды, ескертулерді жою жөніндегі анықталған ескертулер мен ұсыныстарды қамтитын, жауапты адамда сақталатын техникалық қарап тексеру актісін міндетті түрде жасай отырып, жоспарлы профилактикалық техникалық қарап тексеруден өткізеді.

57. ДП қоймадан ДП қабылдап алушының өтінімі бойынша алуға сенімхат ұсынылған кезде беріледі.

58. ДП-ны тасымалдау тоңазыту элементтері бар термоконтейнерлерде жүзеге асырылады.

59. ДП-ны қабылдау кезінде жүк дереу тоңазытқыш камераға орналастырылады. Деректер осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ДП-ны есепке алу журналына енгізіледі.

60. Жарамдылық мерзімі аяқталған, жарамсыз болу белгілері (түсінің өзгеруі, бөгде элементтердің, тұнбаның, сыйымдылықта сызаттың болуы, көлемінің болмауы немесе жеткіліксіздігі) бар ДП есептен шығарылады және есептен шығару және жою актісі ресімделе отырып, жойылады.

61. ДП-ны беру немесе жөнелту кезінде құжаттама екі данада ресімделеді, оның біреуі қабылдап алушыға, екіншісі денсаулық сақтау ұйымының бухгалтериясына беріледі.

62. ДП-ны сақтауды және пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдарда:

1) есепке алу және есеп беру құжаттамалары (қабылданған, берілген ДП құжаттары, ДП-ны алуға өтінім, сенімхаттар, қабылданған және жұмсалған ДП туралы айлық есептер, шығынға жазу және жою актілері);

2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органының аумақтық бөлімшесінің жүргізген тексерулер актілері;

3) ДП-ны пайдалану жөніндегі ұсынымдар болады.

 

Date: 2015-12-13; view: 795; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию