Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Интернеттің теориялық негіздері





Компьютер арқылы мәлімет тасымалдау тәжірибелері 1950 жылдары басталып, ол әуелгі кезде лабораториялық эксперимент түрінде қарастырылған еді. Содан он шақты жылдар өткен соң, АҚШ қорғаныс министрлігінің Перспективалық Жұмыстар агенттігі (DARPA – Defense Advanced Research Project Agency) қаржысына мемлекеттік деңгейдегі алғашқы компьютерлік желі жасалып шықты. Агенттіктің атына байланысты ол ARPANET деп аталды. ARPANET желісі 1969 жылы жұмыс істей бастады. Осы желі жаңа компьютерлер тораптарының (түйіндерінің) қосылуына қарай кеңейтіліп, 80 жылдарда ірілендірілген тораптар негізінде аймақтық желілер жасалып, ARPANET жүйесі жалпы архитектурасының төменгі деңгейлері іске қосыла бастады. Интернеттің нақты дүниеге келуі 1983 жыл болып саналады. Дүниежүзілік желі негізін құрайтын, бүгінге дейін кең пайдаланып келе жатқан TCP/IP байланыс хаттамасының сол стандартталған мерзімі Интернеттің бастау алған күні болып табылады.

TCP хаттамасы. TCP(transfer control protocol) хаттамасына сәйкес жөнелтілетін мәліметтер шағын пакеттерге (дестелерге) бөлінеді де, олардың әрқайсысы белгілі бір тәртіппен таңбаланады. Бұлай таңбалау тәсілі мәліметтерді керекті компьютерге жеткізгеннен кейін қайтадан біріктіруге мүмкіндік береді.

IP хаттамасы.IP (Internet Protocol) адрестік хаттама болып табылады. Оған сәйкес Дүниежүзілік желіге қосылған әрбір компьютердің өзіндік ерекше адресі (IP-адрес) болуы тиіс. Осы адреске қарай TCP пакеттері керекті компьютерге тез жеткізіледі. Адрес нүктемен бөлінген төрт саннан тұрады. Соларға байланысты желі тораптары арасында қажетті байланыс орнатылады да, мәлімет «жақын» немесе «алыс» орналысқан бір компьютерге жөнелтіледі. Бұл тырнақшадағы сөздер ара қашықтықты емес, мәліметті жылдам жеткізуге болатын нүктелер мүмкіндігін көрсетеді. Қай компьютердің «жақын» немесе «алыс» екендігін арнайы құралдар маршрутизаторлар анықтайды.

Интернеттегі қызмет түрлері.Интернетте қызмет түрлері (баптары) өте көп, олардың әрқайсысының өз хаттамасы болады. Олар қолданбалы хаттамалар деп аталады. Қолданбалы хаттамаларға сәйкес мәлімет алмасу арнайы клиенттік программалар «немесе жай клиент) арқылы орындалады.

Терминалдық режим.Интернетті алдыңғы кезде алыстағы компьютерді басқару үшін қолданған болатын, мұны Telnet қызмет бабы деп атаған еді. Алыстағы компьютерге осы жұмысқа сәйкес хаттама арқылы қосылып, оның жұмысын басқаруға болады. Мұндай басқару түрін консолды немесе терминалды басқару деп де атайды. Көбінесе Telnet қызмет бабы техникалық объектілерді алыстан басқару мақсатында қолданылады.

Электрондық пошта (E-Mail)қызметімен интернетте арнайы пошта серверлері айналысады. Сервер ролін компьютер немесе арнайы программалық жабдықтама атқарады. Пошта серверлері әр тұтынушыдан (клиенттерден) мәлімет алып, оларды адрестеріне ссәйкес алушыларға жақын орналасқан пошта серверлеріне жөнелтеді. Сондай серверлерді келген мәліметтер жиналып тұрады да, адресат серверімен байланысқан кезде олар өзіне арналған мәліметтерді қабылдап алады.

Пошта қызметі SMTP және POP3 сияқты екі хаттама арқылы жұмыс атқарады. Алғашқысы – мәліметті компьютерден жақын жердегі серверге жөнелтеді де ал екіншісі – адресатқа жақын маңдағы серверге келіп түскен мәліметті керекті компьютерге жіберуді қамтамасыз етеді.

Тарату тізімдері (Mail List).Әдетте электрондық пошта екі компьютер арасында мәлімет тасымалдайды. Ал көптеген мәліметтер бір адамға емес, көпшілікке арналады да, олар алдын ала жазылған тізім бойынша таратылады. Мұндай тізімдер серверлерде жиналып тұрады, сол серверлерге арнайы тақырыптық мәліметтер де тұрақты түрде келіп түседі, сонан соң олар жазылған тізім бойынша газет-журналдар тәрізді таратылады.

Телеконференция қызметі (Usenet).Телеконференция қызметі келіп түскен мәліметті осы тақырыптағы конференцияға қатысушылардың бәріне, яғни белгілі бір топқа жөнелтеді. Мұндай топтар жаңалықтар тобы деп те аталады.

Көптеген мамандар өз мамандықтарына қатысты тақырыптар аймағында өтіп жатқан телеконференциялар мәліметтерін тұрақты түрде қарап отырады. Мәліметтерді осындай тәсілмен шолып өту информация мониторингі деп те аталады..

Кейбір топтарда конференция тақырыбына келіп түскен мәліметтерді алдын- ала қарап шығып сұрыптау ісі жүргізіледі. Тақырыпқа сәйкес келмейтіндері (көбінесе жарнамалар) алып тасталынады. Мұндай конференциялар модельденетін топтарға жатады. Модельдеуді жүргізуші модератор ролін адам немесе алдын ала белгіленген өзекті сөздерге байланысты мәліметті сұрыптаудан өткізетін программа да атқара алады. Егер программа қолданылса, онда автоматты модерация жүргізілді деп айтылады.

World Wide Web – бұл Web-серверлерде сақталатын, өзара байланыстағы миллиондаған электрондық құжаттардан тұратын біртұтас информациялық кеңістік. Web кеңістігін құрайтын жеке құжаттардың бір беті Web-парақ деп аталады. Белгілі бір тақырып бойынша біріктірілген Web-парақтар жиыны Web-тораптарды немесе Web-сайттарды құрайды.

Web-парақтарды көруге арналған программалар броузерлер болып аталады. Кейде броузер сөзін броузер, көрсеткі деп те айта береді. Броузер құжатты оны жасаған автордың мәтін ішіне енгізілген арнайы командаларына сәйкес экранда бейнелеп көрсетеді. Сондай командалар тәгтер деп аталады. Тәгтер құжатты броузер арқылы қарағанда, мәтінді безендіріп форматтап береді, бірақ өздері көрінбейді. Құжат авторы тәгтерді алғаш жазған кезде оларды латын әріптерімен теріп бұрыштық жақшаларға (<body>) алып отырады. Күрделі тәгтердің бұрыштық жақшаларға алынған түйінді сөздерге қосымша атрибуттары (анықтауыш, сипаттама) немесе параметрлері болады. Осындай тәртіппен құжаттың алғашқы нұсқасы тәгтермен біріктіріліп HTLM тілінің ережелеріне сәйкес жазылады, ал құжат экранға шыққанда тәгтерсіз тек мәтін ғана көрініп тұрады. Құжат HTLM (HyperText Markup Language)-гипермәтінді белгілеу тілінде жазылатындықтан, Web-құжат немесе HTLM форматындағы құжат деп айтылады.

Сонымен HTLM тәгтері арқылы жазылатын Web-парақтардың ең маңызды ерекшелігі – олардың гипермәтіндік сілтемелері болуында. Мәтіннің бір сөзімен немесе суретімен басқа Web-құжатты гиперсілтеме арқылы байланыстырып қоюға болады. Осылай бір құжаттан екінші құжатқа гиперсілтеме көмегімен ауысып отыру мүмкіндігін Web-серфинг Web-навигация деп атайды.

Дүниежүзілік Web кеңістігіндегі кез келген файл адресі ресурстың ықшамдалған көрсеткіші-URL арқылы анықталады. Сонымен, Интернеттегі әрбір мәліметтің IP-адресі және URL көрсеткіші арқылы берілген домендік адресі болады. Соңғы адрес белгілі бір мағынасы бар сөз тіркесімен – символдармен беріледі.

Домен аттары қызметі (DNS).Файлдарды тасымалдау жұмысы желі арқылы программалық файлдарды алу кезінде, көлемді құжаттарды немесе солардың сығылған архивтік файлдарын тасымалдауда жиі қажет болады. FTP қызметінің дүниежүзілік желіде өз серверлері бар, оларда мәліметтер архиві орналасқан.

IRC қызметі. IRC (Internet Relay Chat) қызметі нақты уақыт кезеңінде бірнеше кісі тікелей әңгімелесіп қарым-қатынас жасауы үшін қажет. Кейде IRC қызметін чат-конференция немесе жай чат деп атайды. IRC жүйесінде қатынасып сөйлесу тек бір канал аралығында және бұл жұмысқа бірнеше адам ғана қатынасады.

ICQ қызметі.Бұл қызмет осы сәтте Интернетке қосылып отырған кісінің желілік IP-адресін іздеуге арналған. Бұл қызметті пайдалану үшін оның орталық серверінде тіркеліп, жеке идентификациялық нөмер алу қажет.

Интернетке әрбір қосылған сайын сіздің компьютеріңізде тұрған ICQ программасы сіздің ағымдағы IP-адресіңізді анықтап, оны қызмет орталығына жібереді де және ол адресті сіздің әріптестеріңізге жібереді. Байланыс орнатылғаннан кейін ары қарай қатынасу IRC қызметі сияқты жалғаса береді.

Интернетке қосылу. Негізгі түсініктер. Интернетте жұмыс істеу үшін:

- компьютерді Дүниежүзілік желінің бір торабына физикалық түрде қосу керек;

- тұрақты немесе уақытша негізде IP-адрес алу керек;

- өзіңіз жұмыс істейтін Интернет қызмет түрлерінің клиенттік программаларын орнатып, олардың параметрлерін де тағайындап қою қажет.

Модемді орнату.Компьютерге қосылу тәсіліне байланысты сыртқы және ішкі модемдер болады. Сыртқы модемдер жүйелік блоктың сыртқы қабырғасындағы тізбекті портқа жалғанады. Ішкі модемдер компьютердегі аналық тақшаның бір тарақшасына қосылып тұрады.

Провайдер компьютеріне қосылу.Кез келген адамға Интернетте қызмет көрсету істерін жүзеге асыратын, яғни онымен тікелей қатынас құру жұмыстарын атқаратын заңды тұлғаны (мекеме немесе жеке тұлға) провайдер – provider деп атайды. Интернетте жұмыс істеу үшін алдымен провайдер компьютеріне қосылу керек. Ол үшін Желімен алыстан қатынасу (Удаленный доступ к сети) программасының параметрлерін алдын ала Менің компьютерім – Желімен алыстан қатынасу – Жаңадан байланысу (Мой компьютер>Удаленный доступ к сети>Новое соединение) командалары арқылы тағайындап алу қажет.

Интернеттен информация алу. World Wide Web жүйесінің негізгі түсініктері.Интернет серверлеріндегі қол жеткізуге болатын құжаттардың гипермәтіндік форматта жазылған. Осындай құжаттарды желі бойынша тасымалдауды жүзеге асыратын Интернеттегі қызмет түрін World Wide Web деп атайды. WWW құжаттары бір орталықтан басқарылмайды, олар келіп түсіп жатқан мәліметтермен күнбе-күн толықтырылып отырады. Мұндағы барлық құжаттар Интернетке тұрақты қосылып тұрған қуатты компьютерлерде – Web серверлерде сақталады.

Web-арналар. Web тораптар берілген уақытта жаңартылған информацияны тіркелген клиенттерге автоматты түрде жеткізіп отырады. Осындай өздігінен информация беріп тұратын Web- тораптар арналар деп аталады.

Web-парақтар. World Wide Web жүйесіндегі жеке бір бетке орналасқан құжат Web- парақ деп аталады. Әдетте мәтіннен, графикалық иллюстрациядан, мультемедиялық және басқа да объектілерден тұратын күрделі құжат. Web- парақтар жасау үшін HTML тілі пайдаланылады. Web- парақтар жиыны Web-торапты құрайды.

Интерактивті Web-тораптар тұтынушыдан форма түрінде информация алғаннан кейін сұратылған Web-парақтарды арнайы программалар (CGT сценарийлері), динамикалық HTML және басқа да құралдар көмегімен желі бойынша жібереді.

Гиперсілтемелер. Құжаттар арсындағы байланыс гипермәтіндік сілтемелер (немесе жай гиперсілтеме) арқылы орнатылады. Гиперсілтеме-басқа бір Web-құжат адресімен байланысып, ерекшеленіп белгіленіп тұрған құжат фрагменті (мәтін немесе иллюстрация).

Құжаттар адресі. Интернет (Web-парақтар) құжаттары адресін жазу үшін URL адресі деген форма пайдаланылады. URL адресін цифрлар түріндегі IP-адреске түрлендіруді домендер аты қызметі (Domain Name Servise, DNS) жүргізеді.

Web-парақтарды көру құралдары. HTML тілі құжаттарды тек форматтап қана қоймайды, олардың логикалық құрылымын сипаттауды да жүзеге асырады. Алдын-ала дайындалған құжатты бір компьютерде форматтап көрсетуді арнайы программа-броузер (ағылшыншасы browser) орындайды. Қазіргі кездегі ең кең таралған броузерге Internet Explorer программасы жатады.

Internet Explorer 5.0 программасымен жұмыс істеу. Бұл программа Интернетке пайдалануға болатын құжаттармен, Intranet корпорациялық желі ресурстарымен және компьютердегі файлдармен де бірдей тәсілмен қатынас құруды қамтамасыз етеді. Егер компьютер интернетке жалғанбай тұрса, программа ске қосылысымен экранға байланыс орнатуды басқаратын диалог терезесі шығады.

 

Internet Explorer программасының меню жолы мен аспаптар тақтасы

Web-парақтарды ашу және көру. Мәліметтерді көру мен оны басқару ісі басқа программалардағыдай меню жолы, аспаптар тақтасы (7 сурет) және де ашылған құжаттағы екпінді элементтер, мысалы, гиперсілтемелердің көмегімен атқарылады.

Гиперсілтемелермен жұмыс істеу. Интернет ішіндегі мәліметтердің бірінен біріне ауысу URL адрестерін енгізу арқылы емес, гиперсілтемелерді пайдалану жолымен орындалады. Тышқан курсорын гиперсілтемеге жеткізгенде, оның формасы сұқ саусағы көтерілген қол бейнесіне айналады, ал гиперсілтеменің өзі броузер параметрлеріне байланысты көбінесе түсін өзгертеді.

Web-парақтарда графика арқылы да сілтеме жасауға болады (суреттермен бейнеленген сілтеме) немесе бір суреттегі бірнеше бөлікке бөліп, солардың әрқайсысын гиперсілтеме ретінде пайдаланатын бейне- карталарды да қолдану мүмкіндктері бар. Ашық тұрған Web- парақтардағы сілтемелерді біртіндеп көріп шығу үшін TAB пернесін басқан ыңғайлы. Гиперсілтемелердің басқа да қосымша мүмкіндіктерін пайдалану үшін жанама менюді қолданған жөн.

Бірнеше терезелермен жұмыс істеу. Internet Explorer программасында жаңа терезе ашу үшін Файл-Жасау-Терезе командаларын орындау керек. Әрбір терезе бір құжатты көрсетіп, олардың әрқайсысы бір-бірінен тәуелсіз жұмыс істей береді.

Броузер параметрлерін тағайындау. Программаның жұмысына қажетті параметрлерді тағайындау мынадай факторларға:

- компьютер монитор мүмкіндІктеріне;

- Интернетпен мәлімет алмасу жылдамдығына;

- Ағымдағы web- құжат мазмұнына;

- Жеке тұтынушының талаптарына және т. б. Байланысты олады.

Программа параметрлерін тағайындау Сервис – Свойства обозревателя командасы арқылы жүзеге асады. Оның диалог терезесінде (8 сурет) бірнеше ішкі беттер бар және олардың әрқайсысында бірсыпыра батырмалар орналасқан. Егер экранда бейнеленетін құжаттарды толық бақылап отыру керек болса, онда Жалпы – Безендіру (Общие-Оформление) батырмасын пайдаланған абзал. Ол арқылы броузерде берілген форматтау параметрлерін тағайынау Қосылу (Подключения) ішкі беті арқылы орындалады. Интернетте жұмыс істейтін программаны таңдау Программалар ішкі беті арқылы орындалады.

Web- құжаттың ішінде вирус немесе басқа қаупі бар нәрселер болса, олардан қорғану Қаіпсіздік (Безопасность) ішкі беті арқылы жүзеге асырылса, мазмұнына байланысты көруге шек қойылатын мәліметтер болған жағдайда Мазмұны (Содержание) ішкі беттерін пайдалану қажет.

World Wide Web құжатары ішінен информация іздеу. Іздеу жүйесі осы жұмысқа арналған Web- торап болып табылады. Іздеу каталогтары тақырыптар бойынша іздеуге арналған.

 

 

Іздеу индексі берілген түйінді сөздер бойынша іздеу ісін ұйымдастырады.

Іздеу каталогтары базасына кіретін мәліметтер құрылымын реттеуді адамдар жүргізеді, ал іздеу индекстері үшін база жасау автоматты түрде орындалады.

Web- порталды «World Wide Web-ке кіретін терезе» деп қарастыруға болады.

Тақырыптық порталдар іздеу жұмысын тақырыптарды жіктеу арқылы жүргізуді де ұсынуы мүмкін.

Internet Explorer 5.0 программасында іздеу жұмысын іздеу жүйелеріне кірмей- ақ орындауға болатын арнайы мүмкіндіктер бар. Бірақ іздеуге тапсырма берген әрине ыңғайлы.

Іздеудің тағы бір мүмкіндігі Microsoft компаниясының минипорталын пайдалану болып табылады.

Қандай информация табу керектігін – Web парақты ма, белгілі бір адамның адресін бе, мекеменің немесе компанияның Web-торабының алғашқы бетін бе, бұрын іздеген мәлімет пе немесе географиялық карта ма- осы жағын іздеу тәсілі анықтайды.

Интернеттен файлдар қабылдау.Интернеттегі керекті файлды дискіге жазып алу керек пе, әлде тек көріп шығамыз ба- алғашқыда Internet Explorer 5.0 программасы арқылы осыны көрсетіп, файлды жүктеу шеберін іске қосамыз. Файлдың жүктеліп жатқаны арнайы терезеде көрсетіліп тұрады. Файлдың жүктелу процесі осы мезетте Web-парақтарды көруге немесе Интернеттегі басқа операцияларды қатар орындауға еш кедергісін тигізбейді. Кез келген тұтынушыға қажет болатын файлдар көбінесе FTР-топтарында сақталады. FTР-торабымен байланысу үшін оның URL адресін браузердің Адрес өрісінде көрсетсе болғаны. Internet Explorer 5.0 программасы келісім бойынша FTР-торабына анонимді түрде тікелей қосылуды қамтамасыз етеді.

Мәліметтерді жөнелту және қабылдау.Электрондық пошта адресі екі бөліктен тұрады. Домендік адрес шартты түрде URL адресіндегі сщңғы екі бөлікке сәйкес келеді, олар негізінде осы компьютер кіретін жергілікті желі адресін көрсетеді. Адрестің екінші бөлігі (адрестегі бірінші жазу,ол «@» символының алдында тұрады) осы жергілікті желідегі нақты тұтынушыны (компьютерді) көрсетіп тұрады. Осы тұтынушыға арналған мәліметтер пошталық серверде жиналып тұрады да, сол тұтынушы компьютерінен келіп түскен сұраныс бойынша жіберіледі.

Телеконференция (немесе жаңалық топтары) нақты тұтынушыға бағытталмай, көпшілікке таратылатын мәліметтер болып табылады.

Outlook Express программасымен жұмыс істеу. Есепке алу жазбасын құру.Электрондық пошта мен телеконференциялар мәліметтері пошталық серверде және жаңалықтар серверлерінде жинақталып сақталып тұрады, олармен жұмыс істеу үшін Microsoft Outlook Exspress программасы қолданылады.Ол Internet Explorer 5.0 броузерінен Сервис› Пошта мен жаңалықтар (Почта и новости) командасы арқылыбірден іске қосыла алады. Outlook Express программасында есепке алу жазбасы Сервис›Есепке алу жазбасы (Учетные записи)командалары арқылы жасалады.

Электрондық пошта мәліметтерін даярлау.Жіберілетін мәліметті,яғни хатты жөнелтуден бұрын жазып даярлап алу керек.Оны даярлап түзету кезінде пошталық сервермен байланысудың қажеті жоқ.Электронды поштаның даярланған мәліметтері Outlook Express программасының ішкі бумаларында орналасады.

Хаттарға жауап әзірлеуі.Келіп түскен хабарды жеке терезеде ашып, оған төмендегі түрде жылдам жауап әзірлеуге болады:

· Хат иесіне жауап беру (Ответить отправителю) батырмасы келген хат авторына жауап дайындау үшін керек.

· Барлығына жауап беру (Отправить всем) батырмасы келген хат авторына және осындай хат алған жандардың барлығына жауап дайындау үшін керек.

· Жөнелту (Переслать) батырмасы келіп түскен хабарды басқа біреулерге (корреспондентке) жіберу үшін пайдаланылады.

Телеконференция мәліметтерін оқу. Телеконференция мәліметтерін оқу механизмі де электрондық поштадағы келген хаттарды оқу тәрізді орындалады.

Адрестік кітаппен жұмыс істеу.Адрестік кітап көмегімен мынадай істерді атқаруға болады:

· мәліметтерді жіберген адамдардың адрестерін есте сақтау;

· олардың адрестерін хатқа қайта жазу жұмысын автоматтандыру;

· енгізілген адрестердің дұрыстығын тексеруді ұйымдастыру;

· хатты бірнеше адамдарға жіберуді жеңілдету.

 








Date: 2015-12-13; view: 655; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.012 sec.) - Пожаловаться на публикацию