Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Александр Сергеевич Петровтан, 18.07.1974 ж.т





Мына мекенжайда тұрады: Ақтөбе қ.,

11 шағын аудан, 23-үй, 203-пәтер

Жұмыс орны: «экспресс –Актобе» ЖШС

лауазымы: жүргізуші

тел.: 8/7132/555555,

ұялы.тел.: 8777 555 55 55

ЖСН: 8787654654687

(кәмелетке толмаған адамның ата-анасы:Сергей Александрович Петров, 11.01.2001 ж.т.)

Мына мекенжайда тұрады: Ақтөбе қ.,11 шағын аудан, 23-үй, 203-пәтер

 

ӨТІНІШХАТ

(ҚР ҚПК 144-бабының 2-бөлігіндегі тәртіпте)

 

Біз кәмелетке толмаған, ҚР ҚПК 188-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасауда күдікті, онымен бірге мына мекенжайдағы: Ақтөбе қ.,11 шағын аудан, 23-үй, 203-пәтерде тұратын Сергей Александрович Петровтың ата-анасы Сізден біздің ұлымызға қатысты кәмелетке толмаған адамды ата-анасының қарауына беру түрінде бұлтартпау шарасын таңдауды сұраймыз.

Біз кәмелетке толмаған адамның қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатынсыз оның үйден тысқары болуын шектеу және басқа жерлерге баруын болдырмау бойынша тиісті мінез-құлқын және қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша оның келуін қамтамасыз ету бойынша міндеттенеміз және кепілдік береміз.

 

Кәмелетке толмаған адамның ата-анасы__________________ А.С.Петров

(қолы)

___________________ Н.И.Сидорова

(қолы)

Қосымша: неке туралы және туу туралы куәліктердің нотариалды куәландырылған көшірмелері 2 парақ. 18.01.20__ ж.


Кәмелетке толмаған адамға қатысты ата-анасының қарауына беру түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы

ҚАУЛЫ

20__ жылғы 18 қаңтар Ақтөбе қ.

 

Ақтөбе қ. ІІБ Елек ПБ ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты А.К.Дәкешев № 15151003100152 қылмыстық істің материалдарын қарастырып,

 

Кәмелетке толмаған адамның

тегі, аты, әкесінің аты:Петров Сергей Александрович

Туған жылы, айы, күні: 11.01.2001 ж.т.

Туған жері: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ.

Тұрғылықты жері:Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы,

11 шағын аудан, 23-үй, 203-пәтер

Ұлты: орыс

Азаматтығы: ҚР.

Білімі: №15 орта мектептің оқушысы, 8-сынып

Соттылығы: бұрын сотталмаған

АНЫҚТАЛДЫ:

15.01.20__ жылы шамамен сағат 11:00-де 11.08.2001 ж.т.Сергей Александрович Петров №15 орта мектептің киім шешетін орнында тұрып ұрлық жасау, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатымен қасақана пиғылмен кәмелетке толмаған С.Штальдің қысқы күртесінің қалтасынан оның анасы А.Штальға тиесілі «Самсунг Галакси С5» маркалы ұялы телефонды еркін қолжеткізу жолымен шығарған.

Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде кәмелетке толмаған С. Штальдің заңды өкілі – А.Штальға 75 000 теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілді.

18.01.20__ ж. кәмелетке толмаған С. Петровтың әрекеті оның заңды өкілдерінің – ата-анасының және адвокатының қатысуымен ҚР ҚПК 188-бабының 1-бөлігі бойынша қайта сараланды, яғни бөтеннің мүлкін ұрлау-жасырын жымқыру.

ҚР ҚПК 136-бабының 1-бөлігіне сәйкес күдікті қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынып жүр не iстi объективтi тергеп-тексеруге немесе сотта талқылауға кедергі келтіреді не қылмыстық әрекетпен айналысуды жалғастырады деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болған кезде, сондай-ақ қылмыстық процестi жүргізетін орган үкiмнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн өз өкiлеттiктерi шегiнде осы адамға ҚПК-тің 137-бабында көзделген бұлтартпау шараларының бiрiн қолдануға құқылы.

18.01.20__ж. Ақтөбе қ. ІІБ Елек ПБ-ға кәмелетке толмаған С. Петровтың ата-анасы жазбаша өтінішхатпен жүгінді. Кәмелетке толмаған адамның қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатынсыз оның үйден тысқары болуын шектеу және басқа жерлерге баруын болдырмау бойынша тиісті мінез-құлқын және қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша оның келуін қамтамасыз ету туралы жазған өз өтінішхатында олардың ұлына қатысты кәмелетке толмаған адамды ата-анасының қарауына беру түрінде бұлтартпау шарасын таңдауды сұрады.

Жоғарыда жазылғанды, сондай-ақ кәмелетке толмаған С. Петровтың ата-анасы олардың ұлы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағандығынан сенім білдіруге лайықты, кәмелетке толмаған адамның тәрбиесімен айналысатындығы, онымен бірге тұратындығы жағдайларды есепке ала отырып кәмелетке толмаған адамға қатысты кәмелетке толмаған адамды ата-анасының қарауына беру түрінде бұлтартпау шарасы қолданылуы мүмкін.

Жазылғанның негізінде ҚР ҚПК 136, 140, 144, 198-баптарын басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

 

1. Кәмелетке толмаған 11.01.2001 жылы туған Сергей Александрович Петровқа қатысты ата-анасының қарауына беру түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылсын, бұл туралы күдіктінің ата-анасынан жазбаша міндеттеме қабылдансын.

2. Кәмелетке толмаған күдікті С. Петров ата-анасының қарауына берілсін: Наталия Ивановна Сидорова, 12.03.1975 ж.т. және Александр СергеевичПетров, 18.07.1974 ж.т.

3. Кәмелетке толмаған С. Петровтың ата-анасын кәмелетке толмаған адам күдікті болып отырған қылмыстық құқық бұзушылық сипаты туралы және қарау бойынша өздеріне алған міндеттерді бұзған жағдайдағы олардың жауапкершілігіміз туралы хабарлансын.

4. Осы қаулының көшірмесі С. Петровтың ата-анасына берілсін және осымен бір уақытта ҚР ҚПК көзделген бұлтартпау шарасы туралы шешімге шағымдану тәртібі түсіндірілсін.

5. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын.

 

Ақтөбе қ. ІІБ Елек ПБ ТБ тергеушісі

Полиция аға лейтенанты (қолы) А.К.Дәкешев

Қаулымен таныстық, біздің кәмелетке толмаған ұлымыз күдікті болып отырған қылмыстық құқық бұзушылық сипаты туралы және қарау бойынша өзімізге алған міндеттерді бұзған жағдайдағы жауапкершілігіміз туралы бізге хабарланды.

_________________ анасы: Н.Сидорова

_________________ әкесі: А.Петров

 

Кәмелетке толмаған күдіктіні ата-анасының қарауына алуы және кәмелетке толмаған адамның тиісті мінез-құлқын және қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша оның келуін қамтамасыз ету, оның ішінде қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатынсыз оның үйден тысқары болуын шектеу және басқа жерлерге баруын болдырмау бойынша міндеттеме туралы

ҚОЛХАТ

 

 

20__ жылғы 18 қаңтар Ақтөбе қ.

 

 

Ақтөбе қ. ІІБ Елек ПБ ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты А.К.Дәкешев ҚР ҚПК 144-бабының 3-бөлігіне сәйкес мына мекенжайда: Ақтөбе қ., 11-шағын аудан, 23-үй, 203-пәтерде тұратын С. Петровтың ата-анасы: Н. Сидоровадан және А. Петровтан кәмелетке толмаған адамды ата -анасының қарауына қабылдауы туралы қолхатты қабылдады. Оған сәйкес:

Біз, С.Петровтың ата-анасы: С.Сидорова және А.Петров біздің кәмелетке толмаған ұлымыздың тиісті мінез-құлқын және қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша оның келуін қамтамасыз ету, оның ішінде қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатынсыз оның үйден тысқары болуын шектеу және басқа жерлерге баруын болдырмау бойынша міндеттенеміз және жауап береміз.

Біздің кәмелетке толмаған ұлымыз күдікті болып отырған қылмыстық құқық бұзушылық сипаты туралы және қарау бойынша өзімізге алған міндеттерді бұзған жағдайдағы жауапкершілігіміз, сондай-ақ бізге қабылданған міндеттемені орындамаған жағдайда ҚР ҚПК 160-бабында көзделген ақшалай жаза салынуы мүмкін екендігі туралы бізге хабарланды.

Бұдан басқа, ҚР ҚПК 140-бабының 4-бөлігіне сәйкес С. Петров алдын алу үшін ҚР ҚПК 141, 142, 143, 144, 145 және 146-баптарында көзделген шаралар қолданылған әрекеттерді ол жасаған жағдайда оған бұлтартпаудың анағұрлым қатаң шарасы қолданылатындығы ескертілді.

Біздің кәмелетке толмаған ұлымыз күдікті болып отырған қылмыстық құқық бұзушылық сипаты түсіндірілді, қабылданған міндеттемені орындауға міндеттенеміз және кепілдік береміз:

_________________ анасы: Н.Сидорова

_________________ әкесі: А.Петров

 

Ақтөбе қ. ІІБ Елек ПБ ТБ тергеушісі

Полиция аға лейтенанты (қолы) А.К.Дәкешев

«__» қаңтар 20__ ж.

 

 

Күдікті

Бақтияр Жүсіпұлы Саржановқа

кепілді қолдану

САНКЦИЯ БЕРЕМІН

Ақтөбе қаласының прокуроры

әділет аға кеңесшісі

___________ Г.И. Әміров

20__ ж. «___»___________

 

Бұлтартпау шарасын қолдану туралы

Қ А У Л Ы

20__ жылғы 12 қаңтар Ақтөбе қ.

 

Ақтөбе қ. ІІБ Елек ПБ ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты А.К.Дәкешев № 15151003100098 қылмыстық істің материалдарын қарап,

 

Тегі, аты, әкеісінің аты: Бақтияр Жүсіпұлы Саржанов

Туған жылы, айы және күні: 15.03.1986 ж.т.

Туған жері: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ.

Тұрғылықты жері: Ақтөбе қ., Сәтпаевк-сі, 24-үй,

52-пәтер. Тел.: 8 707 516 07 37

Ұлты: қазақ

Азаматтығы: ҚР

Білімі: орташа

Партияда болуы: партияда емес

Жұмыс орны, лауазымы: уақытша жұмыс істемейді

Отбасылық жағдайы: үйленген, 2 бала тәрбиелеуде

Үкіметтік марапаттаулары: жоқ

Депутат болып сайланған ба: сайланбаған

Паспорт немесе басқа құжаттары: жеке куәлігі №1542656146 ҚР ІІМ 21.05.2005 жылы берген

Қорғаушы қажет пе: қамтамасыз етілген

Қандай тілде жауап бергісі келеді: орысша.

Әскери міндетке қатысы: әскери міндетті

Соттылығы: бұрын сотталмаған

АНЫҚТАЛДЫ:

05.01.20__ жылы шамамен 17:00 сағатта Б.Саржанов Ақтөбе қаласы Ломоносов көшесі бойынша орналасқан Темір жол вокзалының жанында Д.О. Сәрсенбаевтің сенімін қасақана пайдалану және алдау жолымен соңғысына тиесілі мүлікті иеленді, осылайша Д.О.Сәрсенбаевқа 23 000 теңге сомаға материалдық залал келтірген.

07.01.20__ ж. Б. Саржановтың әрекеті ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі бойынша қайта сараланған.

Күдіктіге ҚР ҚПК 64-бабының 9-бөлігінде көзделген құқықтары түсіндірілген кезде Б. Саржанов оған кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы қолдаухат жазды.

Осыған байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Саржанов онда құны 2 000 000 теңге тұратын «Лада – Приора» маркалы, м/н D 654 RER В автокөліктің барын растайтын құжаттарды ұсынды.

ҚР ҚПК 136-бабының 1-бөлігіне сәйкес күдікті қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынып жүр не iстi объективтi тергеп-тексеруге немесе сотта талқылауға кедергі келтіреді не қылмыстық әрекетпен айналысуды жалғастырады деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болған кезде, сондай-ақ қылмыстық процестi жүргізетін орган үкiмнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн өз өкiлеттiктерi шегiнде осы адамға ҚПК-тің 137-бабында көзделген бұлтартпау шараларының бiрiн қолдануға құқылы.

Саржанов жасаған әрекет ауырлығы аз қылмыс санатына жатады.

Жоғарыда жазылғанды, сондай-ақ Б. Саржановтың бұрын сотталмағандығы, оң мінездемеге ие екендігі, келтірілген материалдық залалады өтеуге дайын екендігі және кепіл түрінде бұлтартпау шарасын қолдану туралы қолдаухаты есепке алына отырып Б. Саржановқа қатысты бұлтартпаудың көрсетілген шарасы қолданылуы мүмкін.

Жазылғанның негізінде, ҚР ҚПК 136, 140, 145, 198-баптарын басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Қазақстан Республикасының азаматы, Ақтөбе қаласының тұрғыны 15.03.1986 ж.т. күдікті Б.Саржановқа қатысты кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылсын.

2.Б. Саржановқа меншік құқығына тиесілі «Лада-приора» маркалы м/н D 654 RER автокөлік түріндегі кепіл Халық банкінің №00001312151515 депозиттік шотына енгізілуі тиіс елу есе айлық көрсеткіште айқындалсын.

3. Б. Саржановқа меншік құқығына тиесілі «Лада-приора» маркалы м/н D 654 RER автокөлікке тыйым салынсын.

 

Осы қаулының көшірмесі 20__ ж. "___" қаңтарда маған берілді және ҚПК 31-бабының 1-бөлігіне сәйкес қабылданған шешімге шағымдану тәртібі түсіндірілді.

 

Ақтөбе қ. ІІБ Елек ПБ ТБ тергеушісі

Полиция аға лейтенанты (қолы) А.К.Дәкешев

«__» қаңтар 20__ ж.

 

Кепілді қабылдау туралы

Date: 2015-12-13; view: 1075; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию